Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Агенттіктің интернет-ресурсында орналастырылуын етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің Аппарат басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 0. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Төраға 2022 жылғы 19 қазандағы № 4 Бұйрығымен бекітілген Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттінің (бұдан әрі - Агенттік) кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде зерттеулер жүргізудің, консалтингтік қызметтер көрсетудің және мемлекеттік тапсырманы орындаудың құнын айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) орындаушы – Агенттіктің зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік тапсырмасын республикалық бюджет қаражаты есебінен орындайтын заңды тұлға;
Тармақша 2
2) зерттеу – шетелдік тәжірибені ескере отырып, зерттеу нысанасын зерделеуге және жан-жақты талдауға, кейіннен бар проблемаларды шешуде пайдалану үшін анық деректер алуға, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді шешу және мемлекеттік саясатты іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеуге бағытталған іс-шара;
Тармақша 3
3) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – мемлекеттік орган қызметі процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау жөніндегі; жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін, одан әрі іс-қимылды түзеу бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу бойынша көрсетілетін қызметтер.
Тарау 2. 2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің және мемлекеттік тапсырманың (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) құнын айқындау кезінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес орындаушының көрсетілетін қызметтер құнының есебінде көрсетілген, негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
Тармақ 4
4. Орындаушының тікелей шығыстарына қызмет көрсетумен тікелей байланысты шығыстар жатады. Орындаушының жанама шығыстарына тұтастай орындаушының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ қызмет көрсету процесінде тікелей тұтынылмайтын шығыстар жатады. Жанама шығыстардың сомасы тиісті қаржы жылына арналған әрбір бюджеттік кіші бағдарлама бойынша қызметтер көрсетуге бөлінген бюджет қаражаты сомасының 30 пайызынан аспайды.
Тармақ 5
5. Шығыстарды есепке алудың тікелей әдісі қызмет құнын айқындаудың есебін жүргізу үшін негіз болып табылады. Қызметтер құны мынадай формула бойынша айқындалады: Рқыз = Рт + Рж мұнда, Рқыз – қызмет көрсетуге арналған шығыстар; Рт – тікелей шығыстар; Рж – жанама шығыстар.
Тармақ 6
6. Көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау кезінде орындаушының тікелей және жанама шығыстарына жатпайтын, сондай-ақ негіздейтін құжаттармен расталмаған шығыстар ескерілмейді.
Тармақ 7
7. Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтер құнына сыйлықақы төлемдеріне, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған шығыстар, өкілдік шығыстар кірмейді.
Тармақ 8
8. Орындаушы Агенттік тұлғасындағы Тапсырыс берушіге кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде көрсетілетін қызметтер құнының есебін негіздейтін құжаттарымен бірге ұсынады.
Басқа 0-1
Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларына қосымша ________________________________________________ (көрсетілетін қызметті орындаушының атауы) ________________________________________________ (зерттеудің, консалтингтік көрсетілетін қызметтің, мемлекеттік тапсырманың атауы) 20___ жылға арналған көрсетілетін қызметтер құнының есебі Бюджеттік бағдарламаның, бюджеттік кіші бағдарламаның атауы ________________________________________________ № р/с Шығыстар баптарының атауы 1 бірліктің бағасы, теңгемен Саны Сомасы, теңгемен Қысқаша негіздеме 1 2 3 4 5 6 20__ жылға БАРЛЫҒЫ 1. Тікелей шығыстар: 1.1. Еңбекақы төлеу қоры (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың жалақысы) 1.2. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар және жұмыскерлер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру 1.3. Іссапар шығыстары (штат кестесіне сәйкес қызмет көрсетуге тікелей қатысатын персоналдың) 1.4. Сарапшыларды (бірлесіп орындаушыларды) тартуға арналған шығыстар (жиынтығында орындалатын жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің екіден бірінің көлемінен аспайды) 1.6. Тауарлар мен материалдарды сатып алу (кеңсе тауарлары мен шығыс материалдары, дипломдар мен төсбелгілер) 1.7. Үй-жайды жалға алуға арналған шығыстар және пайдалану шығыстары 1.8. Аударма қызметтеріне, инфографикаға және типографиялық қызметтерге арналған шығыстар 1.9. Цифрлық кітапханаларға және электрондық дерекқорларға қосылу бойынша шығыстар 1.10. Пошта байланысы, интернет, телефония (ұялы байланыс қызметтерін қоспағанда), хостинг және доменге, интернет-ресурстарды әзірлеуге және күтіп-ұстауға арналған шығыстар 1.11. Зерттеу материалдарын жариялаумен байланысты шығыстар 2. Жанама шығыстар: 2.1. Әкімшілік-басқару персоналының жалақысы 2.2. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар 2.3. Қаржы-шаруашылық шығыстар (материалдарды, қорларды сатып алу, негізгі құралдардың амортизациясы, салықтар мен алымдар, байланыс қызметтеріне, көлік қызметтеріне, пайдалану қызметтеріне ақы төлеу, іссапар шығыстары және әкімшілік жұмыскерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі шығыстар) Бірінші басшы _________________ ________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі) (болған жағдайда) Бас бухгалтер _________________ ________________________________ (аты, әкесінің аты, тегі) (болған жағдайда)