Об утверждении Типового договора участия в Фонде гарантирования страховых выплат Қолданыста
Басқа 0
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шартын бекіту туралы
"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру ) ұйымдарына жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Басқа 7. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты
Алматы қаласы "___"___________ 2003 жыл
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қорына
қатысудың үлгі шартын
бекіту туралы"
2003 жылғы 24 қыркүйектегі
N 345 қаулысымен бекітілген
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысудың үлгі шарты
Алматы қаласы "___"___________ 2003 жыл
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын Төраға ___________ арқылы және ___________ сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (бұдан әрі – сақтандыру ұйымы - қатысушы) Жарғы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туарлы ереже) негізінде іс-әрекет жасайтын Төраға (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының басшысы (бұдан әрі – Филиалдың басшысы) ___________ арқылы, бұдан әрі Тараптар деп аталады, төмендегілер туралы шарт жасады:
Осы шартта пайдаланылатын ұғымдардың «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған түсіндірмелері бар.
Осы шарттың Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу тәртібін айқындайтын ережелері «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.
Тарау 1. 1-тарау. Шарттың мәні
1-тарау. Шарттың мәні
Тармақ 1
1. Осы Шарттың мәні сақтандыру ұйымы - қатысушының Заң және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес бастапқы біржолғы және қосымша жарналарды (көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы - қатысушы үшін), міндетті, төтенше жарналарды төлеу арқылы Қорға қатысуы, шартты міндеттемелерді қалыптастыруы және өзіне сақтанушылардың құқықтарын қосымша қорғау бойынша осы шартта айқындалған міндеттемелер қабылдауы болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Міндетті жарналарды төлеу тәртібі
2-тарау. Міндетті жарналарды төлеу тәртібі
Тармақ 2
2. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор жыл сайын уәкілетті органның келісуімен белгілеген міндетті жарналар ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде міндетті жарналарды төлеуге міндетті.
Тармақ 3
3. Сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті жарна сомасын «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары – сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, шартты міндеттемелерді қалыптастыру мен есепке алу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 387 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8329 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 387 қаулы) сәйкес дербес есептейді.
Тармақ 4
4. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары-қатысушылар міндетті жарналарды есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотқа дербес төлейді.
Міндетті жарналарды «өмірді сақтандыру» саласында қызметті жүзеге асыратын қатысушы сақтандыру ұйымдары «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктегі Қордың шотына, әрбір тоқсанның қорытындысы бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей дербес жүргізеді.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары – қатысушылардың бастапқы біржолы қосымша жарналарды төлеу тәртібі
2-1-тарау. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары – қатысушылардың бастапқы біржолы қосымша жарналарды төлеу тәртібі
Тармақ 4-1
4-1. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор жыл сайын уәкілетті органның келісуімен белгілеген қосымша жарналар мөлшерлемесіне сәйкес айқындалған мөлшерде қосымша жарналарды төлейді.
Тармақ 4-2
4-2. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы - қатысушы қосымша жарнаның сомасын № 387 қаулыға сәйкес дербес есептейді.
Тармақ 4-3
4-3. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы-қатысушы қосымша жарналарды Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін ашылған шотына есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей әр тоқсанның қорытындысы бойынша дербес төлейді.
Тармақ 4-4
4-4. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы-қатысушы «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары-сақтандыру ұйымдары төлеу үшін бастапқы біржолғы жарна мөлшерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 184 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4855 болып тіркелген) белгіленген мөлшерде бастапқы біржолғы жарна төлейді.
Тармақ 4-5
4-5. Бастапқы біржолғы жарна төлеуді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға лицензиясы бар сақтандыру ұйымы-қатысушы осы шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) күннен кешіктірмей зиянды өтеу резервінің қаражатын есепке алу үшін Қордың Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған шотына жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі
3-тарау. Төтенше жарналарды төлеу тәртібі
Тармақ 5
5. Сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Заңда белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлеуге міндетті.
Тармақ 6
6. Қордың сақтандыру ұйымы - қатысушысы төтенше жарналарды Қордан төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламаны алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде төлейді. Төтенше жарналарды төлеу жөніндегі хабарламада сақтандыру ұйымы - қатысушы төлейтін төтенше жарна мөлшері болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Қор төтенше жарналарды мерзімді төлемдер түрінде төлеу мүмкіндігін белгілей алады. Мұндай жағдайда сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді. Мерзімді төлемдерді төлеу тәртібі шарт тараптарының қосымша келісімінде айқындалады.
Тармақ 8
8. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға төтенше жарналарды төлеген кезде осы сақтандыру ұйымы - қатысушының шартты міндеттемелері ол төлеген төтенше жарналар сомасына азаяды.
Тарау 4. 4-тарау. Шарттың міндеттемелерін қалыптастыру
4-тарау. Шарттың міндеттемелерін қалыптастыру
Тармақ 9
9. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қор алдында өзінің шартты міндеттемелерін Қор жыл сайын уәкілетті органның келісуімен белгілеген шартты міндеттемелер ставкасына сәйкес айқындалған мөлшерде қалыптастыруға және есебін жүргізуге міндетті.
Тармақ 10
10. Сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелердің мөлшерін № 387 қаулыға сәйкес дербес есептейді.
Тармақ 11
11. «Жалпы сақтандыру» саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымы - қатысушы шартты міндеттемелерді есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он) күнінен кешіктірмей сақтандырудың әрбір кепілдік берілген түрі бойынша тоқсан сайын қалыптастырады және қалыптасқан шартты міндеттемелер ағымдағы тоқсан аяқталғанға дейін өзгермейді.
Тарау 5. 5-тарау. Қордың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуі. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
5-тарау. Қордың таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуі. Кепілдік төлемдерін жүзеге асыру талаптары мен тәртібі
Тармақ 12
12. Қор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы - қатысушыға берілетін сақтандыру портфелін Заңның 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтерін, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын және зиянды өтеу резервінің қаражатын инвестициялау қағидаларына сәйкес инвестициялау нәтижесінде сатып алынған активтермен төлеуді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Қор таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру портфеліне ақы төлеуді сақтандыру портфелін табыс ету туралы шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Қор кепілдік төлемдерін Заңның 15 және 15-1-баптарында және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6287 болып тіркелген «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының кепілдік төлемдерін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі
№ 62 қаулысында белгіленген тәртіпте және талаптар бойынша жүзеге асырады.
Тарау 6. 6-тарау. Кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту жағдайлары және негіздемелері
6-тарау. Кепілдік төлемін жүзеге асырудан бас тарту жағдайлары және негіздемелері
Тарау 7. 7-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасау тәртібі және талаптары
7-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушыларымен міндетті сақтандыру шарттарын жасау тәртібі және талаптары
Тарау 8. 8-тарау. Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
8-тарау. Өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Тарау 9. 9-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелерін орындаған Қорға кредитор құқықтарының көшуі
9-тарау. Мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелерін орындаған Қорға кредитор құқықтарының көшуі
Тарау 10. 10-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
10-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 27
27. Қор:
Тармақша 1
1) сақтандыру ұйымы - қатысушыдан Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген тәртіппен міндетті, қосымша әрі төтенше жарналарды төлеуге талап етуге;
Тармақша 2
2) уәкілетті органнан сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың қаржылық жай-күйі, сақтандыру ұйымы - қатысушы жасаған сақтандыру шарттарының саны туралы және сақтандыру құпиясын құрайтын мәліметтер мен Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны қоспағанда, басқа да қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;
Тармақша 3
3) сақтандыру ұйымдарының тек жазбаша келiсiмiмен ғана олардың қызметi туралы ақпаратты жария етуге құқылы;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган берген ақпаратқа сәйкес міндетті жарналарды және шартты міндеттемелерді, сондай-ақ қосымша жарналарды есептеудің дұрыстығын айқындауға құқылы.
Тармақ 28
28. Қор:
Тармақша 1
1) сақтандыру ұйымы – қатысушымен қатысу шартын жасасуға;
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымдары - қатысушыларға қатысу шартына сәйкес жылдық қаржылық есептілік ұсынуға;
Тармақша 3
3) жыл сайын аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті жариялауға;
Тармақша 4
4) сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібіне, сондай-ақ олардың шартты міндеттемелерді қалыптастыруына бақылау жасауға;
Тармақша 5
5) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының міндеттемелері бойынша кредиторларға Заңда көзделген тәртіппен кепілдік төлемін жасауға;
Тармақша 6
6) аудит жүргізуге;
Тармақша 7
7) сақтандыру ұйымдарының оған мәлім болған Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңдарын бұзу фактілері жөнінде уәкілетті органға хабарлауға;
Тармақша 8
8) бүлінген мүлікті бағалауды жүргізу шығыстарын қосқанда, сақтандыру ұйымы – қатысушының сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша іс-шараларды жүзеге асырумен байланысты болған шығыстарды Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде өтеуге;
Тармақша 9
9) мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру ұйымы – қатысушыға берілетін сақтандыру портфеліне ақы төлеуге;
Тармақша 10
10) өзінің қызметін жүзеге асыру барысында оған мәлім болған сақтандыру ұйымының қызметі туралы барлық ақпаратты тек қызметтік мақсатта пайдалануға міндетті.
Тармақ 29
29. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген өзге құқықтарға ие болады және өзге міндеттерді көтереді.
Тармақ 30
30. Сақтандыру ұйымы - қатысушы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таратылатын қазақ және орыс тілдеріндегі мерзімді баспа басылымдарында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы ақпаратты жариялауға;
Тармақша 2
2) Қордан кредиторларға кепілдік төлемдерін жасауға қатысты ақпаратты алуға;
Тармақша 3
3) Қордан жылдық қаржылық есептілікті талап етуге құқылы.
Тармақ 31
31. Сақтандыру ұйымы - қатысушы қатысу шартына сәйкес:
Тармақша 1
1) міндетті, қосымша және төтенше жарналарды төлеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен шартты міндеттемелерді қалыптастыруға;
Тармақша 2
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесінші күнінен кешіктірмей, Қорға осы Үлгі шарттың 1 және (немесе) 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша мәліметтер ұсынуға;
Тармақша 3
3) Қорға №387 қаулымен белгіленген нысан бойынша, тәртіпте және мерзімде міндетті, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің мөлшерлемелерін есептеу үшін қажетті ақпаратты ұсынуға;
Тармақша 4
4) Қорға Қордың директорлар кеңесі айқындайтын мерзімде және көлемде ақпарат, оның ішінде сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын оның міндеттемелері бойынша мәліметтер ұсынуға;
Тармақша 5
5) Қорды өзінің төлем қабілетсіздігі туралы және уәкілетті органның санкцияларды қолдану фактілері туралы хабардар етуге;
Тармақша 6
6) Қорға сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтандыру қызметінің тоқтатылғаны туралы хабарлау;
Тармақша 7
7) сотқа мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз берілгені туралы, сондай-ақ соттың сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдағаны туралы Қорды хабардар етуге;
Тармақша 8
8) уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын лицензиядан айыруы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізуі туралы Қорды хабардар етуге;
Тармақша 9
9) Заңда көзделген жағдайларда және тәртіпте мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысынан (сақтандырылғаннан, пайда алушыдан) сақтандыру жағдайының басталуы және кепілдік төлемін төлеу туралы хабарламасын (өтінішін) қабылдауға және сақтандыру жағдайы мен келтірілген зиян мөлшерін айқындау бойынша жұмысты жүзеге асыруға;
Тармақша 10
10) сақтанушыларды (сақтандырылушыларды), сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру шартын жасасуға ниеті бар тұлғаларды Қордың басқару органы бекіткен нысан бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне өзінің қатысуы туралы хабардар етуге;
Тармақша 11
11) өзінің ресми интернет-ресурсында сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.
Тармақ 32
32. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Шартта көзделген өзге құқықтарға ие болады және өзге міндеттерді көтереді.
Тарау 11. 11-тарау. Қатысу шартының қолданылуы
11-тарау. Қатысу шартының қолданылуы
Тармақ 33
33. Қатысу шарты оны жасасқан күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 34
34. Қатысу шарты:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жалпы негіздерде;
Тармақша 2
2) сақтандыру ұйымы – қатысушы кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін тоқтатқан және сақтандырудың осы түрлері бойынша жасалған сақтандыру шарттарының қолданылуы тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 35
35. Кепілдік берілетін сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымы – қатысушының осы шартты бұзуды талап етуге құқығы жоқ.
Тарау 12. 12-тарау. Қатысу шартын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі
12-тарау. Қатысу шартын бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 36
36. Бастапқы, міндетті, қосымша не төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайда сақтандыру ұйымы - қатысушы төлеу күнін қосқанда, мерзімі өткен әрбір жұмыс күні үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,1 пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Тармақ 37
Тармақ 38
38. Егер осы Шарттың 36-тармағында көзделген тұрақсыздық айыбының сомасынан асатын мөлшердегі төтенше жарналарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау не орындамау үшінші тұлғалардың алдындағы Қордың жауапкершілігіне апарып соқтырса, онда сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға тұрақсыздық айыбының сомасынан асатын бөлікте өтеуін төлейді.
Тармақ 39
39. Сақтандыру ұйымы - қатысушы осы Шартты бірнеше мәрте бұзған жағдайда Қор сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сақтандыру ұйымы - қатысушыға инспекторлық тексеру жүргізу және (немесе) оған қадағалап ден қою шаралары мен санкцияларды қолдану туралы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.
Тармақ 40
40. Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған тәртіптегі Заңмен оған жүктелген міндеттер мен функцияларды ұсынуға Қор жауапкершілікте болады.
Тарау 13. 13-тарау. Ерекше шарттар
13-тарау. Ерекше шарттар
Тармақ 41
41. Тараптардың бірде-біреуі шарт бойынша міндеттемелердің ішінара немесе толық орындалмауына, егерде ол осы шартты жасағаннан кейін пайда болатын осы шарт бойынша міндеттемелерді тараптардың орындауы мүмкін болмайтын дүлей күштің: өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және басқа да табиғи апаттардың, сондай-ақ соғыс, әскери күштер, мемлекеттік өкімет органдарының актілері мен іс-қимылдарының салдарынан болып табылатын болса, жауапкершілікте болмайды.
Тармақ 42
42. Егер осындай міндеттемелердің кез келгені осы шартта белгіленген мерзімде міндеттемелердің орындалуына тікелей әсер етсе, онда бұл мерзімдер сәйкес міндеттемелердің қолданылу уақытына өлшемді түрде өзгереді.
Тармақ 43
43. Осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындау мүмкін болмайтын жақтар өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін міндеттемелердің басталуы және тоқтатылуы туралы басқа тарапқа тез хабарлауы тиіс. Өз міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін міндеттемелердің басталуы және тоқтатылуы туралы басқа тараптың хабар беру мерзімі үш айдан аспауы тиіс.
Тармақ 44
44. Осы шарт бойынша сақтандыру ұйымы - қатысушының құқықтары мен міндеттері үшінші тұлғаға берілмейді.
Тармақ 45
45. Осы Шарт бойынша барлық ақпаратты Тараптар ауыстыру түріндегі жазбаша хабарламамен береді.
Тармақ 46
46. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен толықтырулар қосымша келісімдермен ресімделеді және екі тараптың уәкілетті өкілдері қол қояды.
Тарау 14. 14-тарау. Дауларды шешу
14-тарау. Дауларды шешу
Тармақ 47
47. Осы Шарт бойынша туындаған даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Егер Тараптар келісімге келе алмаған кезде даулар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес шешіледі.
Тармақ 48
48. Осы Шарт қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данадан 4 (төрт) дана етіп жасалған, әрқайсысының заң күші бірдей.
Тарау 15. 15-тарау. Тараптардың орналасқан жері, банктік деректемелері және тараптардың қолдары
15-тарау. Тараптардың орналасқан жері, банктік деректемелері және тараптардың қолдары
Қор: Сақтандыру ұйымы - қатысушы:
_______________________________ ________________________________
(заңды мекенжайы, бизнес (атауы, заңды мекенжайы,
сәйкестендіру нөмірі, бизнес сәйкестендіру нөмірі,
телефон нөмірі, факс, е-maіl) телефон нөмірі, факс, е-maіl)
_______________________________ ________________________________
Банктік деректемелері (банктің Банктік деректемелері (банктің
атауы, ағымдық шоттың №) атауы, ағымдық шоттың №)
Қор: Сақтандыру ұйымы - қатысушы:
Төраға ____________ Төраға (Филиалдың
басшысы) __________
Басқа 1
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
қорына қатысудың үлгі шартына
1-қосымша
Нысан
Сақтандыру сыйлықақыларының, міндетті жарналар, қосымша жарналар мен шартты міндеттемелердің есептелген сомасы жөніндегі мәліметтер
____________________________________________________________________
(сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)
Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша
(теңгемен)
Кепілдік берілген сыныптың атауы
Сақтандыру сыйлықақылары
Сақтандыру шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, сақтанушыларға қайтарылған (қайтарылуы тиіс) сақтандыру сыйлақылары
Есептелген міндетті жарналар сомасы
Есептелген шартты міндеттемелер сомасы
Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есептелген шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен)
Есептелген қосымша жарналар сомасы
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_________________
_____________ ___________
(қолы) (күні)
Басқа 2
Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру
қорына қатысудың үлгі шартына
2-қосымша
Нысан
Сақтандыру резервтерінің, міндетті жарналардың және шартты міндеттемелердің сомасы бойынша мәліметтер
____________________________________________________________________
(сақтандыру ұйымы - қатысушының атауы)
Есепті кезең: 20 __ жылғы _______ тоқсандағы жағдай бойынша
(теңгемен)
Кепілдік берілетін сақтандыру түрінің атауы
Сақтандыру резервтері
Есептелген міндетті жарналар сомасы
Есептелген шартты міндеттемелер сомасы
Қорға қатысудың басынан бастап кезең ішінде есептелген шартты міндеттемелердің жалпы сомасы (өспелі жиынтығымен)
өткен тоқсанның басына
есепті тоқсанның басында
айырмашылығы
өткен тоқсанның басына
А
1
2
3
4
5
6
Бірінші басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
_____________ _________________ __ _________
(қолы) (күні)