Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 830 · қабылданған 22.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173176/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 830 ·22.10.2022
22.10.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 830 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов и структурных элементов некоторых приказов Министерства внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
830
Қабылданған күні
22.10.2022
Көрсетілген редакция
22.10.2022 173176_598660.kaz
Соңғы өзгеріс
22.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030307
ЭКБ идентификаторы
173176
Редакция идентификаторы
173176_598660
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:19

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

2.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің тізбесі

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 22 қазандағы
№ 830 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған
кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының
құрылымдық элементтерінің тізбесі

1 1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №246 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі тізілімінде №7032 болып тіркелді).

2

2. «Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы №941 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12442 болып тіркелді).

3 3. «Ішкі істер органдарына қызметке тұруға және бос орындарға орналасуға байланысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №990 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12596 болып тіркелді).

4

4. «Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №1000 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12555 болып тіркелді).

5

5. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14305 болып тіркелді).

6

6. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы №246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйегіндегі №676 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17890 болып тіркелді).

7 7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы №28 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18208 болып тіркелді).

8 8. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы №110 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20047 болып тіркелді).

9

9. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарына қызметке орналасу кезінде конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20183 болып тіркелді).

10

10. «Ішкі істер органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыруға арналған мамандықтар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы №941 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 25 тамыздағы №594 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21220 болып тіркелді).

11

11. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы №726 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 1, 2, 3-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21516 болып тіркелді).

12

12. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы №632 бұйрығымен бекітілген өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 1, 6-тармақтары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24865 болып тіркелді).

13

13. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №246 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22654 болып тіркелді).

Қолданыстағы