Об утверждении плана приема учащихся в учебные заведения начального профессионального образования области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстық бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу орындарында оқушылар қабылдау жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 31 бабындағы 2-тармақтың 10-тармақшасына Қазақстан Республикасы “Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік органдарды басқару туралы” Заңының 27 бабындағы 1-тармақтың 15-тармақшасына сәйкес, сондай-ақ 2003-2004 оқу жылына бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу орындарына оқушылар қабылдау туралы облыстық білім департаментінің ұсынысын қарап, облыс Әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2003-2004 оқу жылына бастауыш кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдарына (кәсіптік мектептерге) № 1 қосымшаға сәйкес мамандықтар бойынша 2500 оқушы қабылдау жөніндегі жоспар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2003-2004 оқу жылына орта кәсіптік білім беру мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына (колледждерге) № 2 қосымшаға сәйкес мамандықтар бойынша 750 оқушы қабылдау жөніндегі жоспар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Облыстық білім департаментіне (Т. Естенов) орта кәсіптік білім беру мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың келісім-шаргы негізінде оқушыларды қабылдау жоспарын бекіту тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің кеңесшісі С.Мұқановқа жүктелсін.
Басқа 5