О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования банковской деятельности Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағының бір жүз жиырма екінші, бір жүз жиырма үшінші, бір жүз жиырма бесінші, бір жүз жиырма алтыншы, бір жүз жиырма жетінші, бір жүз жиырма сегізінші, бір жүз жиырма тоғызыншы, бір жүз отызыншы, бір жүз отыз бірінші, бір жүз отыз екінші, бір жүз отыз үшінші, бір жүз отыз төртінші, бір жүз отыз бесінші, бір жүз отыз алтыншы, бір жүз отыз жетінші, бір жүз отыз сегізінші, бір жүз отыз тоғызыншы, бір жүз қырық бірінші, бір жүз қырық екінші, бір жүз қырық үшінші, бір жүз қырық төртінші және бір жүз қырық бесінші абзацтарын, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 3-тармағының тоқсан тоғызыншы, бір жүз бірінші, бір жүз төртінші, бір жүз елу сегізінші, бір жүз алпыс бірінші, бір жүз алпыс төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Тізбенің 3-тармағының бір жүзінші, бір жүз бесінші, бір жүз елу тоғызыншы, бір жүз алпыс екінші, бір жүз алпыс бесінші, бір жүз алпыс тоғызыншы абзацтары 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады және 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Басқа 8. Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 28 қазандағы
№ 78 Қаулыға
қосымша
Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Басқа 1. Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Ислам банктері үшін пруденциялық нормативтердің нормативтік мәндеріне және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесіне
2-қосымша
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Басқа 2. Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
2-қосымша
Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне
5-қосымша
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша мөлшерленген банк активтерiнiң кестесi
Басқа 3. Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндері
Қазақстан Республикасының банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
3-қосымша
Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне
5-1-қосымша
Борыштық жүктеме коэффициентін есептеу кезінде кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша салымдардың кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерлеу коэффициенттерінің мәндері
Басқа 4. Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
4-қосымша
Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне
15-қосымша
Қолжетімді тұрақты қорландыру міндеттемелерінің кестесі
Басқа 5. Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесі
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының пруденциялық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне
5-қосымша
Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелеріне, капиталының мөлшеріне
16-қосымша
Талап етілетін тұрақты қорландыру активтерінің кестесі