Об утверждении Правил применения обязательных требований в отношении отдельных колесных транспортных средств, производимых на территории Республики Казахстан, и проведения оценки их соответствия Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 45 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізіліміндегі Қазақстан Республикасының дайындаушысы шығарған, қозғалтқыштың жұмыс көлемі 50 см3 асатын, ең жоғары конструктивті жылдамдығы 50 км/сағ асатын М, N санаттарындағы доңғалақты көлік құралдарына және оның O санатындағы тіркемелеріне, сондай-ақ өздігінен жүретін шассилерге (бұдан әрі – көлік құралы) қолданылады.
«Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат Қазақстан Республикасының көлік құралдарын дайындаушының тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілер тізілімінде тұрғанын растайтын құжат болып табылады.
«Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (018/2011 КО ТР) (бұдан әрі – 018/2011 КО ТР) 1-бөлімінің 1-тармағының екінші абзацына сәйкес осы Қағидалардың талаптары бойынша сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдары Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеуге қойылады.
Мұндай көлік құралын тіркеу туралы куәлікте мынадай жазба көрсетіледі: «КҚ тек ҚР аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі.».
Көлік құралдарының құрауыштары 018/2011 КО ТР талаптарына сәйкес сәйкестікті растауды бағалаудан өтеді.
Егер көлік құралдарының құрауыштары көлік құралдарын құрастыру өндірісіне жеткізуге арналған (жеке элементтер ретінде сәйкестігін растау БҰҰ қағидаларында көзделген құрауыштардан басқа) немесе пайдаланылып жүрген көлік құралдарына арналған ауыстырмалы (қосалқы) бөлшектер ретінде болса, мұндай құрауыштар сәйкестікті растау бағалауынан өтпейді. Бұл мақсаттар үшін көлік құралына Қазақстан Республикасы көлік құралын/шасси типін мақұлдау болуы тиіс.
Тармақ 2
2. Қағидаларда 018/2011 КО ТР белгілеген ұғымдар пайдаланылады, сондай-ақ мыналарды білдіретін кейбір терминдер қолданылады:
Тармақша 1
1) айналымға шығару – мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралын (шассиді) шектеусіз пайдалануға және оған иелік етуге рұқсат беру;
Тармақша 2
2) арнайы көлік құралы – арнайы жабдықты талап ететін арнайы функцияларды орындауға арналған көлік құралы;
Тармақша 3
3) базалық көлік құралы – тұтас немесе шанақ немесе шасси түріндегі оның негізгі құрауыштары басқа көлік құралын жасау үшін пайдаланылған айналысқа шығарылған көлік құралы;
Тармақша 4
4) бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын көлік құралын мемлекеттік тіркеу;
Тармақша 5
5) Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидалары (БҰҰ қағидалары) – 1958 жылғы 20 наурызда Женевада жасалған Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық нұсқамаларды қабылдау туралы және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара тану шарттары туралы келісімге (бұдан әрі – 1958 жылғы келісім) сәйкес қабылданған техникалық нұсқамалар және 1958 жылғы Келісімге қосымша болып табылады;
Тармақша 6
6) дәлелдемелік материалдар – техникалық реттеу объектісінің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін анықтауға мүмкіндік беретін ақпарат қамтылған құжаттар;
Тармақша 7
7) бірлі-жарым көлік құралы – Қазақстан Республикасында сериялық өндіріс жағдайында жасалған, конструкциясына айналымға шығарылғанға дейін жеке тәртіппен өзгерістер енгізілген; немесе жеке тәртіппен сериялық өндірістен тыс құрастыру жиынтығынан жасалған көлік құралы;
Тармақша 8
8) көлік құралы – адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған M, N, О санаттарындағы доңғалақпен жүретін құрылғы;
Тармақша 9
9) көлік құралының (шассидің) типі – техникалық сипаттамада тіркелген конструктивтік белгілері ортақ, бір дайындаушы жасаған көлік құралдары (шасси);
Тармақша 10
10) көлік құралын дайындаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік – қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын заңды не жеке тұлға ретінде немесе дара кәсіпкер ретінде тіркелген көлік құралын дайындаушыға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгенін растайтын құжат;
Тармақша 11
11) қауіпсіздікті қамтамасыз ету – техникалық реттеу объектісін азаматтардың өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекеттік және коммуналдық мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтірудің жол берілмейтін қаупі жоқ жағдайға келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік – айналымға шығарылатын бірлі-жарым көлік құралдарының осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сынақ зертханасы беретін көлік құралының сәйкестігін бағалау туралы құжат;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының көлік құралы/шасси типін мақұлдау – айналымға шығарылатын көлік құралдарының (шассидің) осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын, сертификаттау жөніндегі орган беретін көлік құралының (шассидің) сәйкестігін бағалау туралы құжат;
Тармақша 14
14) сертификаттау жөніндегі орган – Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген, көлік құралының (шассидің) типін мақұлдауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мәлімдеген сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдар;
Тармақша 15
15) сынақ зертханасы – құзыреті ISO 17025 стандартының талаптарына сәйкес келетін, Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген, бірлі-жарым көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мәлімдеген аккредиттелген сынақ зертханалары.
Тарау 2
2-тарау. Көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды белгілеу және қолдану
Тармақ 3
3. Көлік құралдарына қатысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптар және көлік құралдарын сәйкестендіруге қойылатын талаптар белгіленеді.
Көлік құралдарының қауіпсіздік талаптарын іске асыру осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарын орындаумен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 4
4. Көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу кезінде қауіпсіздік жөніндегі мынадай талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі, олар сәйкестік туралы декларациямен расталуға тиіс:
Тармақша 1
1) көлік құралдарын бұрын пайдаланылған құрауыштардан дайындауға жол берілмейді;
Тармақша 2
2) М1 және N1 санаттарындағы көлік құралдарына көлік құралы проекциясының сыртқы контурына сәйкес келетін бампер сызығына қатысты тіреу үстінің көлденең бетіне қарай алға шығып тұратын, болаттан немесе беріктік сипаттамасы осыған ұқсас басқа да материалдардан жасалатын конструкцияларды орнатуға жол берілмейді (бұл талап көлік құралының штаттық жинақтамасында көзделген және (немесе) белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалаудан өткен конструкцияларға, сондай-ақ салмағы 0,5 кг аз, фараларды ғана қорғауға арналған металл торларға, мемлекеттік тіркеу белгісіне және оны бекіту элементтеріне қолданылмайды);
Тармақша 3
3) көлік құралдарында қолданылатын кондиционерлердің, сондай-ақ тоңазытқыш жабдығының құрамында тізбесі Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде бекітілген озонды бұзатын заттар мен материалдардың болуына жол берілмейді;
Тармақша 4
4) рульдік басқару оң жақта орналасқан көлік құралдарын айналымға шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Көлік құралының сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде типті ресми бекіту туралы хабармен немесе сәйкестік сертификатымен, немесе 018/2011 КО ТР талаптары шеңберінде ресімделген көлік құралының (шассидің) типін мақұлдаумен расталатын мынадай қауіпсіздік жөніндегі талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:
Тармақша 1
1) көлік құралын жарықтандыру, жарық сигнализациясы және дыбыстық сигнал құрылғыларымен жарақтандыру (№ 28-00; 48-02 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 2
2) тежегіш жүйелерінің тиімділігі (№ 13Н-00 (M1, N1); № 13-07 (M2, M3, N, O) БҰҰ қағидалары).
Көлік құралдарын тежегіштердің бұғаттауға қарсы жүйесімен, бағдар орнықтылығы жүйесімен жабдықтамауға болады;
Тармақша 3
3) сыртқы шығыңқы жерлердің жарақат қауіпсіздігі (№ 26-03, 61-00 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 4
4) көлік құралының өрт қауіпсіздігі (№ 34-01 (М 1), 34-02 (М, N, О); 67-01; 110-00; 118-00 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 5
5) көлік құралы конструкциясының жүргізуші мен жолаушыларға жол-көлік оқиғасы кезінде және дәл содан кейін орын алатын жарақат салуын азайту қабілеті, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан кейін көлік құралының жүргізушісі мен жолаушыларын техникалық құралдарды қолданбай эвакуациялау мүмкіндігі (№ 12-03; 14-07; 16-04; 17-08; 25-04; 29-02; 43-00; 58-02; 66-02; 73-00; 80-01; 93-00 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 6
6) істен шығуы жол-көлік оқиғасының туындауына әкеп соғуы мүмкін көлік құралының құрамдауыштарын пайдаланудың белгіленген қағидаларын сақтау кезіндегі сенімділік (№ 11-02; 30-02; 54-00; 55-01 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 7
7) жүргізушінің орнынан Қазақстан Республикасында қабылданған жол жүрісі талаптары үшін барлық бағыттарда сыртқы кеңістіктің көрініп тұруы (№ 46-01; 125-00 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 8
8) көлік құралының сыртқы шуы (№ 51-01 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 9
9) рульдік басқару (№ 79-01 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 10
10) көлік құралдарының қоршаған ортаға ластаушы заттар шығарындыларының шекті мәндері (№ 24-03; 49-01 (0-экологиялық сынып), 49-02 (1 және 2-экологиялық сыныптар), 49-04 (3-экологиялық сынып), 49-05 (4 және 5-экологиялық сыныптар); 83-02 (0 және 1-экологиялық сыныптар), 83-04 (2-экологиялық сынып), 83-05 (3 және 4-экологиялық сыныптар), 83-06 (5-экологиялық сынып) БҰҰ қағидалары);
Тармақша 11
11) М2 және М3 санаттарындағы көлік құралдарына қойылатын жалпы қауіпсіздік талаптары (БҰҰ № 36-03, 52-01 қағидалары, № 107-01 БҰҰ қағидаларын баламалы қолдануға жол беріледі).
Арнаулы жолаушылар көлік құралдарына, М2G және М3G санатты автобустарға, салт-жоралғы қызметтерін көрсетуге арналған автобустарға, сондай-ақ отыратын орындарының саны аз М2 және М3 санатты көлік құралдарына қатысты № 36-03 БҰҰ қағидаларының 5.1, 5.3, 5.6.1.1, 5.7.5-5.7.8, 5.10-тармақтарының, № 52-01 БҰҰ қағидаларының 5.1, 5.3, 5.6.1.1, 5.6.3.1, 5.7.1.1-5.7.1.7, 5.7.5-5.7.8, 5.9, 5.10-тармақтарының, № 107 БҰҰ қағидаларына 3-қосымшаның 7.2, 7.6.1.1, 7.6.3.1, 7.7.1.1-7.7.1.7, 7.7.5-7.7.8, 7.11, 7.12-тармақтарының талаптары қолданылмайды, бұл ретте «Қазақстан Республикасы көлік құралы типін мақұлдау» үшін мұндай көлік құралдарын жолаушыларды коммерциялық тасымалдау үшін пайдалануды шектеу туралы жазба жасалады;
Тармақша 12
12) жедел және арнайы қызметтердің арнайы және арнаулы көлік құралдары бояуының, айырым белгілерінің, жазуларының, арнайы жарық және дыбыс сигналдарының түстік-графикалық схемалары;
Тармақша 13
13) қажетті дәлдікпен өлшеу және қажет болған жағдайларда көлік құралының қозғалыс параметрлерін тіркеу және олар туралы жүргізушіні хабардар ету (№ 39-00; 89-00 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 14
14) электр жетегі бар көлік құралдарының қауіпсіздігі (№ 100-00 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 15
15) көлік құралын санкциясыз пайдаланудан қорғаудың қажетті деңгейі (№ 18-02; 116-00 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 16
16) көлік құралы конструкциясы бөліктерінің сыртқы электромагниттік сәулелену көздерінің әсеріне төзімділігі және олардың электромагниттік үйлесімділігі (№ 10-01 БҰҰ қағидалары);
Тармақша 17
17) 018/2011 КО ТР 5-қосымшада көзделген көлік құралдарына қатысты қолданылатын габарит және салмақ шектеулеріне сәйкес келуі;
Тармақша 18
18) 018/2011 КО ТР 6-қосымшада көзделген арнаулы және арнайы көлік құралдарына қойылатын қосымша талаптар.
Арнайы және арнаулы көлік құралдарына қатысты осы Қағидалардың қауіпсіздік көрсеткіштерінің талаптарына түзетулерді ескере отырып, 018/2011 КО ТР 6-қосымша талаптарының орындалуы қосымша бағаланады.
Тармақ 6
6. Дайындаушы әрбір көлік құралына (шассиге) кемінде 30 (отыз) жыл бойы бірегей болып табылатын сәйкестендіру нөмірін жазады.
Көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірімен таңбалауға қойылатын талаптар, дайындаушының көлік құралына сәйкестендіру нөмірін жазуы және көлік құралдарын дайындаушының тақташаларына қойылатын талаптар 018/2011 КО ТР 7-қосымшаға сәйкес регламенттеледі.
Көлік құралдары үшін Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдау нөмірі көлік құралы мен шассиді дайындаушының тақташасына немесе көлік құралы мен шассиді дайындаушының тақташасының жанында орналасатын арнайы тақташаға жазылады. Қажет болса, дайындаушы тақташасындағы таралу және түзету индекстерін көрсетпеуге болады.
Тарау 3
3-тарау. Көлік құралдарының типтері мен бірлі-жарым көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізу тәртібі
Тармақ 1. 1-параграф. Көлік құралдары типтерінің сәйкестігін бағалау
1-параграф. Көлік құралдары типтерінің сәйкестігін бағалау
Тармақ 7
7. Осы Қағидалардың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын көлік құралдарының осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкестігі расталады.
Тармақ 8
8. Көлік құралдары типтерінің сәйкестігін растауды сертификаттау жөніндегі орган ұсынылған дәлелдемелік материалдарға сараптама жүргізу және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды ресімдеу арқылы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды сертификаттау жөніндегі орган сериялық айналымға шығарылатын көлік құралдарына ресімдейді және бекітеді.
Көлік құралдары (шасси) типтерінің осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу кезінде дәлелдеу материалы ретінде өтініш беруші 018/2011 КО ТР талаптары шеңберінде ресімделген типті ресми бекіту туралы хабарды, көлік құралының (шассидің) типін мақұлдауды, сәйкестік сертификаттарын, сәйкестік туралы декларацияларды ұсынуға құқылы.
Тармақ 9
9. Отандық дайындаушы атынан өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі сертификаттау жөніндегі органға Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды ресімдеу үшін қажетті мынадай құжаттармен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді:
Тармақша 1
1) сертификаттау жөніндегі орган бекіткен нысан бойынша көлік құралы (шасси) типінің жалпы техникалық сипаттамасы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралдарын өндіруді жүзеге асыратын көлік құралын дайындаушыға берілген көлік құралын дайындаушыға халықаралық сәйкестендіру кодының берілгені туралы куәлік;
Тармақша 3
3) «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификат;
Тармақша 4
4) дайындаушының сапа менеджменті жүйесінің сертификаты;
Тармақша 5
5) дәлелдемелік материалдар (типін ресми бекіту туралы хабарлама немесе сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар, көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау (бар болса).
Тармақ 10
10. Сертификаттау жөніндегі орган өтінім тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды ресімдеуге келісім береді немесе негізді түрде бас тартады.
Тармақ 11
11. Көлік құралының (шассидің) типін бағалауды жүргізуге келісім бергеннен кейін сертификаттау жөніндегі орган күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды ресімдейді және бекітеді.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдаудың қолданылу мерзімі бекітілген сәттен бастап бір жылды құрайды.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдаудың күші оның қолданылу кезеңінде айналымға шығарылған көлік құралдарына олардың кейіннен өткізілу мерзіміне қарамастан қолданылады.
Тармақ 14
14. Осы Қағидалар немесе 018/2011 КО ТР бойынша сәйкестікті бағалаудан өткен базалық көлік құралдарын пайдалана отырып жасалған көлік құралдары типінің сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші көлік құралдарын дайындаушы мен базалық көлік құралдарын дайындаушы арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің аражігін ажырату туралы құжаттарды ұсына алады. Бұл жағдайда ол айналымға шығарылған кезде қолданыста болатын 018/2011 КО ТР бойынша базалық көлік құралының типін мақұлдау (шасси типін мақұлдау) немесе Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдау дәлелдемелік материалдар ретінде пайдаланылады. Бұл ретте базалық көлік құралдарын пайдалана отырып жасалатын көлік құралдарына қатысты базалық көлік құралының сәйкестігін бағалау кезінде сәйкестігі расталған талаптар қолданылуы мүмкін.
Тармақ 15
15. Өтініш беруші үшін көлік құралдарын дайындаушы мен базалық көлік құралдарын дайындаушы арасындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің аражігін ажырату туралы құжаттарды ұсыну мүмкін болмаған жағдайда сертификаттау жөніндегі орган базалық көлік құралының конструкциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың бағаланып отырған қауіпсіздік талаптарына әсерін анықтау мақсатында Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды ресімдеу үшін негіз болған базалық көлік құралдарына арналған дәлелдемелік материалдарға сараптама жүргізеді. Сараптама нәтижесі бойынша тиісті сараптама хаттамалары ресімделеді, олар Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды ресімдеу кезінде дәлелдемелік материалдар болып табылады.
Тармақ 16
16. Сертификаттау жөніндегі орган Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдау бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге жібереді және көшірмесін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға береді.
Тармақ 17
17. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдау сертификаттау жөніндегі органның мөр бедерімен бекіту жолымен қағаз жеткізгіште сертификаттау жөніндегі органның бланкісінде ресімделеді.
Тармақ 2. 2-параграф. Бірлі-жарым көлік құралының сәйкестігін бағалау
2-параграф. Бірлі-жарым көлік құралының сәйкестігін бағалау
Тармақ 18
18. Бірлі-жарым көлік құралын айналысқа шығарар алдында олардың сәйкестігін бағалауды сынақ зертханасы әрбір көлік құралын осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының талаптары бойынша конструкцияның техникалық сараптамасы нысанында сәйкестендіргеннен кейін жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Тексеруге тек жиынтықты көлік құралдары ғана тартылады.
Тармақ 20
20. Егер бірлі-жарым көлік құралы 018/2011 КО ТР сәйкес көлік құралының типін мақұлдау берілген типке жататын болса (тексеру сәтіндегі оның қолданылу мерзіміне қарамастан), онда Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік аталған көлік құралының типін мақұлдау негізінде ресімделеді.
Тармақ 21
21. Отандық дайындаушы атынан өтініш беруші немесе оның уәкілетті өкілі сынақ зертханасына Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеу үшін қажетті бірлі-жарым көлік құралының жалпы техникалық сипаттамасымен, көлік құралын дайындаушы халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікпен, «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген индустриялық сертификатпен және дәлелдемелік материалдармен (типті ресми бекіту туралы хабарлар немесе сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар, көлік құралының типін мақұлдау (бар болса) қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Тармақ 22
22. Сынақ зертханасы өтінім тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеуге келісім береді немесе негізді түрде бас тартады.
Тармақ 23
23. Бірлі-жарым көлік құралының сәйкестігін бағалауды жүргізуге келісім бергеннен кейін сынақ зертханасы күнтізбелік бес күн ішінде бірлі-жарым көлік құралын сәйкестендіруді жүзеге асырады, осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген талаптардың орындалуына тексереді, көлік құралы конструкциясына техникалық сараптама жүргізеді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеуді және бекітуді жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сынақ зертханасы оны өтініш берушіге жібереді және көшірмесін техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға береді.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік осы Қағидаларға сәйкес сынақ зертханасының бланкісінде сынақ зертханасының мөр бедерімен бекіту жолымен қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларына сәйкестікті куәландыратын құжаттар нөмірлерінің құрылымы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
________________________
Басқа 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ/ШАССИ ТИПІН МАҚҰЛДАУ
Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілетін доңғалақты
көлік құралдарына қатысты міндетті
талаптарды қолдану және
олардың сәйкестігіне бағалау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ/ШАССИ ТИПІН МАҚҰЛДАУ
№________________
Қолданылу мерзімі ___________бастап ________дейін
СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАН ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ, АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
МАРКАСЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ
АТАУЫ
ТИПІ
БАЗАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
/ШАССИ
басқа дайындаушының базалық көлік құралы/шассиі пайдаланылған кезде ғана (көлік құралының типін бағалау туралы қорытынды ресімделген кезде)
ЖАСАУ НҰСҚАСЫ (мыналардың ішінен көрсетілсін: кабинасы және қозғалтқышы бар шасси, рамалық конструкциялы автобустар үшін шанақсыз автобус шассиі, қаңқалық конструкциялы автобустар үшін шанақсыз автобус шассиі, арнайы кабинасы бар көлік құралдарын жасауға арналған кабинасы жоқ жүк шассиі, ішінара жиналған кабинасы бар жүк шассиі (артқы қабырғасы жоқ), үй-автомобильдерді жасауға арналған кабинаның алдыңғы бөлігі бар шасси үй-автомобильдерді жасауға арналған кабинасы жоқ шассидің алдыңғы бөлігі, тіркеме шассиі немесе басқалар)
шасси үшін
МОДИФИКАЦИЯЛАР
САНАТЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫБЫ
ӨТІНІШ БЕРУШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ
ДАЙЫНДАУШЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ
ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ
бар болса
018/2011 КО ТР 1-бөлімінің 1-тармағының екінші абзацының талаптарына сәйкес келеді.
Осы Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдаудың күші айналымға сериямен шығарылатын көлік құралдарына (шассиге) қолданылады.
Сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қолы
__________________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мөрі
Сарапшы-аудитордың қолы
____________________________________________________________________,
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мөрі
Қосымша ақпарат: Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдау «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің __________жылғы_______ №______ қаулысының негізінде ресімделді.
___________________
Басқа 2. Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды/Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік алуға өтінім
Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілетін доңғалақты
көлік құралдарына қатысты міндетті
талаптарды қолдану және
олардың сәйкестігіне бағалау
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдауды/Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік алуға өтінім
Тармақ 1
1. _________________________________________________________________ атынан
өтінім берушінің атауы мен мекенжайы
______________________________________________________ негізінде әрекет ететін
жарғының, сенімхаттың немесе бұйрықтың нөмірі
__________________________________________________________________________
басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
дайындаушы бола отырып, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес
________________________________________________________________
маркасы, типі, санаты (VIN)
қолданылу мерзімі 1 жыл Қазақстан Республикасы көлік құралының/шассиінің типін мақұлдауды / Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік беруді сұраймын.
Тармақ 2
2. Аталған көлік құралдарына бұрын берілген көлік құралының типін мақұлдау туралы мәліметтер _______________________________________.
Тармақ 3
3. Дайындаушыда өндірістің қажетті жағдайларының болуы __________________
Тармақ 4
4. Өтінімге Қағидаларда көзделген, өтінім берген сәтте өтінім берушіде бар барлық құжаттар қоса беріледі, оның ішінде:
өтініш берушінің атауы және мекенжайы:
деректемелер:
өтініш берушінің телефоны:
электрондық мекенжай:
Өтінім беруші Жеке қолы Қолтаңбаның толық жазылуы
________________________
Басқа 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілетін доңғалақты
көлік құралдарына қатысты міндетті
талаптарды қолдану және
олардың сәйкестігіне бағалау
жүргізу қағидаларына
3-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ КОНСТРУКЦИЯСЫНЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
№ ________________
АККРЕДИТТЕЛГЕН СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ, АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
МАРКАСЫ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ
АТАУЫ
ТИПІ
БАЗАЛЫҚ КӨЛІК ҚҰРАЛЫ
/ШАССИ
басқа дайындаушының базалық көлік құралы/шассиі пайдаланылған кезде ғана (Қазақстан Республикасы көлік құралы/шасси типін мақұлдау ресімделген кезде)
СӘЙКЕСТЕНДІРУ НӨМІРІ
(VIN)
ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЫЛЫ
САНАТЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ СЫНЫБЫ
ӨТІНІШ БЕРУШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ
ДАЙЫНДАУШЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ
ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ
бар болса
КӨЛІК ҚҰРАЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
Доңғалақ формуласы / жетекші доңғалақтар (O санатынан басқа)
Ось/доңғалақтар саны (O санаты үшін)
Көлік құралын құрастыру схемасы (O санатындағы көлік құралдарын қоспағанда)
Қозғалтқыштың орналасуы
Шанақ типі / есіктер саны (М санаты үшін)
Отыруға арналған орындар саны (М санаты үшін, M1 санаты үшін – қатарлар бойынша таратып)
Жолаушылар сыйымдылығы (М2 және M3 санаттары үшін)
Кабина (N санаты үшін)
Тиеу кеңістігінің орындалуы (N және O санаттары үшін)
Габариттік мөлшері, мм
ұзындығы
ені
биіктігі (контейнер тасығыштар үшін - тиеу, ең жоғары рұқсат етілетін)
Базасы, мм
Алдыңғы/артқы доңғалақтардың ізі, мм
Көлік құралының жарақталған күйдегі салмағы, кг
Көлік құралының техникалық рұқсат етілген ең жоғары салмағы, кг
Гибридті көлік құралының сипаттамасы:
сыртқы көзден қуат алу көзделген немесе көзделмеген; көзделген жұмыс режимдері (атап көрсету): тек іштен жану қозғалтқышы, тек біріктірілген электр қозғалтқышы (осы жұмыс режимінің қысқаша сипаттамасы)
Іштен жану қозғалтқышы (маркасы, типі)
цилиндрлердің саны мен орналасуы
цилиндрлердің жұмыс көлемі, см3
ең жоғары қуаты, кВт (мин.-1)
Отын
Қорек жүйесі (типі)
Пайдаланылған газдарды шығару және бейтараптандыру жүйесі
Электромобильдің электр қозғалтқышы (типі)
Жұмыс кернеуі, В
Ең жоғары 30 минуттық қуат, кВт
Энергия жинақтау құрылғысы
(тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток жағдайында – синхронды немесе асинхронды, фазалар саны)
(тек электромобильдер мен гибридті көлік құралдары үшін)
(батарея, конденсатор, сермер/генератор)
Трансмиссия (типі)
(трансмиссия схемасының сипаттамасы)
Электр машинасы: (маркасы, типі)
(әр электр машинасының сипаттамасы: негізгі функция (қозғалтқыш немесе генератор), тұрақты немесе айнымалы ток
Жұмыс кернеуі, В
Ең жоғары 30 минуттық қуат,
кВт
Ілініс (маркасы, түрі)
Берілістер қорабы (маркасы, типі)
Аспа
Алдыңғы (сипаттамасы)
Артқы (сипаттамасы)
Рульдік басқару (сипаттамасы)
Тежегіш жүйелері
Жұмыс (сипаттамасы)
Қосалқы (сипаттамасы)
Тұрақ (сипаттамасы)
Шиналар
өлшемді белгілеу
Көлік құралының жабдығы
018/2011 КО ТР 1-бөлімінің 1-тармағының 2-абзацының талаптарына сәйкес келеді.
Ресімделген күні _____________________
Сынақ зертханасының басшысы (оның орынбасары) ________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мөрі
Қосымша ақпарат: Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік «Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің __________жылғы_______ №______ қаулысының негізінде ресімделді.
_______________________
Басқа 4. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларына сәйкестікті куәландыратын құжаттар нөмірлерінің құрылымы
Қазақстан Республикасының аумағында
өндірілетін доңғалақты
көлік құралдарына қатысты міндетті
талаптарды қолдану және
олардың сәйкестігіне бағалау
жүргізу қағидаларына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларына сәйкестікті куәландыратын құжаттар нөмірлерінің құрылымы
1-секция
2-секция
3-секция
4-секция
5-секция
ҚБ KZ.
X.
XXXXХХ.
XXXXX.
XX
Мұнда:
1-секция – Қағидалардың белгіленуі.
2-секция – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану қағидаларына сәйкестікті куәландыратын құжаттың 1 бас әріптен тұратын коды (А – Қазақстан Республикасы көлік құралы типін мақұлдау, Е – Қазақстан Республикасы шасси типін мақұлдау, K – Қазақстан Республикасы көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік).
3-секция – Қағидаларға сәйкестікті куәландыратын құжатты ресімдеген және берген ұйымның коды.
4-секция – 00001-ден бастап (құжаттың әрбір түрі бойынша жеке (2 - секция) Қағидаларға сәйкестікті куәландыратын құжаттың реттік нөмірі.
5-секция – Қағидаларда көзделген жағдайлар үшін құжатты қайта қарау коды. Бірінші позицияда құжатты қайта қарау типін білдіретін бас әріп тұрады (Р – тарату, И – түзету). Екінші позицияда 1-ден бастап құжатты қайта қараудың реттік нөмірін көрсететін сан тұрады. Егер құжат қайта қараудың бірнеше типіне ұшыраса, олардың коды құжатты тарату кезінде құжатты түзетудің алдыңғы кодтары көрсетілмейтіні ескеріле отырып рет-ретімен көрсетіледі. Егер құжат қайта қаралмаса, қайта қарау коды және оның алдындағы нүкте құжаттың нөмірінде көрсетілмейді. Құжатты қайта қарау коды кириллица әріптерін пайдалана отырып басылады.
____________________________