Об обеспечении безопасности при использовании сжиженного газа в быту Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрмыста сұйық газды пайдалану қауіпсіздігін сақтау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды шешімнің қолдану мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты – Ақтөбе облыстық әкімдігінің 24.03.2006 № 07-4/670 хаты. Тұрмыста сұйық газды пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың жүргізілуіне қарамастан, пайдалану ұйымдары бақылау органдарымен бірлесе отырып, көпқатарлы үйлердің пәтерлерінде газ баллондарын қолдануды тоғармай келеді. Мұнын өзі құрылыс нормалары мен "Газбен жабдықтау" 2.04.08-87 Тәртібін өрескел бұзған болып саналады. Бірсыпыра аудандарда Мәртөк, Қаргалы және де басқа Ақтөбе облысы аумағында газ баллон қондырғыларын пайдаланған кезде техникалық қауіпсіздігі үшін және тигізер зардабына жауап бермейтін тәуелді мемлекеттер достық елдерінен тиісті құжаттарсыз сұйық газ баллондарын әкелуге жол беріліп келеді. Облыс шаруашылығында газды ішкі үй құрылысында пайдалану жабдықтары меншік түрінің өзгеруіне, олардың бірнеше кооперативке және басқа меншік түріне болуына байланысты қожайынсыз қалды, бұрынғы колхоз бен совхоздардағы газ шаруашылықтарының бірыңғай қызметтері тарап кеткен. Сұйық газды пайдалануға байланысты тұрмыс пен өндірістегі аварияға жол бермеу және алдын-алу, қауіпсіздік жұмыстарының деңгейін арттыру мақсатында, облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға /С. В. Крутько/ көпқатарлы үйлерде газ баллондарын пайдалану фактісін ашу жөнінде комиссия құру тапсырылсын.
Тармақ 2
2. Ақтөбе облысы бойынша кеден басқармасы /М. Ш. Өтегенов/ Ақтөбе облысы Ішкі істер басқармасы /Ж. М. Тасыбаев/ Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы" № 2200 1995 жылғы 17 мамырдағы Жарлығына сәйкес тәптіштелген, осы іс жөнінде мемлекеттік лицензиясы жоқ Ақтобе аумағына басқа елден келген сүйық газды енгізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Облыстық төтенше жағдай жөніндегі бсқармасына /С. В. Крутько/ "Ақтөбе газ толтыру стансасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестікке /О. В. Мусиев/ жаппай ақпарат құралдары арқылы үнемі газды тұрмыста пайдалану мәселесі бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Сұйық газды пайдаланатын аудандардың әкімдеріне бұрынғы газ шаруашылық қызметтерді елді мекендерде қайта тірілту ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасына /С. В. Крутько/ жүктелсін.