О координационном совете по вопросам качества продукции и услуг Күшін жойған
Басқа 0
Өнімнің және қызметтердің сапа мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңес туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес және облыста өндірілетін өнімнің сапасын және бәсекелестік қабілетін арттыру бөлігіндегі Қазақстан Республикасының «Тұтынушы құқығын қорғау», «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы», «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын орындауға көмек көрсету мақсатында, Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өнімнің және қызметтердің сапасы мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Өнімнің және кызметтердің сапа мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңес ты ереже бекітілсін (қосымша).
Тармақ 3
3. Өнімнің және қызметтердің сапа мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңесінің жеке құрамы белгіленген тәртіпте Қостанай облыстық маслихаты
сессиясының бекітуіне ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімиятының «Өнімнің және қызметтердің сапа мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» 2001 жылғы 10 мамырдағы № 56 қаулысының күші жойылсын.
Басқа 5. Өнімнің және қызметтердің сапа мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңесі туралы ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2003 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 217 қаулысына
қосымша
Өнімнің және қызметтердің сапа мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңесі туралы ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережесі
1. Жалпы ережесі
Тармақ 1
1. Өнімнің және қызметтердің сапа мәселелері жөніндегі үйлестіруші кеңесі (бұдан әрі кеңес) кеңес беруші-кеңесуші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес Қостанай облысының әкімиятымен құрылады.
Тармақ 3
3. Кеңесті облыс әкімнің орынбасары басқарады.
Тармақ 4
4. Кеңес өз қызметінде қолданылып жүрген заңнаманы және осы ережені басшылыққа алады.
Тармақ 5
5. Кеңес мәжілісі кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі, хаттамамен бекітіледі. Кеңес ұсынымдылық сипаттағы шешімдерді қабылдайды.
Тарау 2. 2. Негізгі міндеттер
2. Негізгі міндеттер
Тармақ 6
6. Өндірушілер мен жеткізушілердің, олардың шығаратын немесе жеткізетін өнімнің (үрдістер, қызметтер) сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін арттыру.
Тармақ 7
7. Аймақтық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің сапа саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарын орындауға көмек көрсету.
Тармақ 8
8. Қостанай облысында сапаның бірігей мемлекеттік саясатын жүргізу.
Тармақ 9
9. Сапа бағдарламасына сәйкес Қостанай облысында сапа мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың қызметін үйлестіру.
Тармақ 10
10. Облыстағы кәсіпорындарда сапаны басқарудың қәзіргі заманғы әдістерін енгізуге және аймақта өндірілетін өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу.
Тармақ 11
11. Облыстағы кәсіпорында өнім мен қызмет көрсетудің сапасын арттыру жұмыстарын көтермелеу.
Тармақ 12
12. Сапаға деген жаңаша (қарым-қатынас) қалыптастыру мақсатында аймақ тұрғындарын сапа мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз ету.
Тармақ 13
13. Облыста өткізілетін өнім мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының, сонымен облыстық, қалалық және аудандық әкімияттардың біріккен қарым- қатынастарын іске асыру.
Тарау 3. 3. Қызметтері
3. Қызметтері
Тармақ 14
14. Сапа жөніндегі кеңес мүшелері мен жұмысшы топтарының талқылауына шығарылған өнімнің (үрдістер мен қызметтердің) сапасына байланысты мәселелер мен сұрақтарды өз құзырының шеңберінде шешу.
Тармақ 15
15. Өнімнің, үрдістер мен қызметтердің сапасы бойынша облыста өткізілетін
бағдарламалар, ағымдағы және перспективадағы жоспарларға ұсыныстар еңгізу.
Тармақ 16
16. Сапа бойынша нақты шараларды өткізу үшін жұмысшы топтарды құру (сапа мәселелері жөніндегі конкурстар, көрмелер, біліктілігін арттыру курстары, рейдтік тексерулер, бағдарламалар, ағымдағы жоспарлар құру және тағы сондай-сондай).
Тармақ 17
17. Кеңес құрған сапа жөніндегі жұмысшы топтардың қызметін үйлестіру.
Тармақ 18
18. Өнімнің және қызметтердің сапасын арттыру жөніндегі жұмыстарды көтермелеу шараларын жасау (жеңілдікті несиелеу, сапа мәселерін белсенді түрде шешетін кәсіпорындарда мемлекеттік тапсырыстар орналастыру).
Тармақ 19
19. Көршілес, сонын ішінде ресейлік аймақтармен сапа жөніндегі мәселелер бойынша қарым-қатынасты қамтамасыз ету.
Тармақ 20
20. Өнім мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылаушы органдардың қызметінің нәтижелері бойынша аймақтағы сапа жөніндегі істердің жағдайын үнемі сараптау.
Тармақ 21
21. Кеңес өз қызметін жүмыс жоспарына сәйкес іске асырады.
Тарау 4. 4. Міндеттер мен құқықтар
4. Міндеттер мен құқықтар
Тармақ 22
22. Сапа жөніндегі кеңестің мүшелері:
Тармақша 1
1) кеңес қызметіне белсене қатысуға;
Тармақша 2
2) кеңес ұйымдастыратын шараларға қатысуға;
Тармақша 3
3) кеңес қабылдаған шешімдерді орындауға;
Тармақша 4
4) кеңес жүктеген міндеттерді уақтылы орындауға;
Тармақша 5
5) Қостанай облысында өткізілетін өнімдердің, үрдістер мен қызметтердің сапасына қатысты ақпаратты кеңеске тапсыруға міндетті.
Тармақ 23
23. Сапа жөніндегі кеңестің мүшелері:
Тармақша 1
1) өнімдер мен қызметтердің сапасына қатысты сұрақтарды, мәселелер мен ұсыныстарды кеңестің қарастыруына ұсынуға;
Тармақша 2
2) жұмысшы топтардың кызметіне кеңес өкілеттілігіндегі қызметтердің, сонымен бірге басқа ұйымдардың мамандарын тартуға құқықтары бар.
Тарау 5. 5. Жауапкершілік
5. Жауапкершілік
Тармақ 24
24. Сапа жөніндегі кеңес мүшелері осы ережелермен жүктелген міндеттер мен қызметтерді атқаруда әкімияттың және облыс әкімінің алдында жауапкершілікке ие болады.