Об утверждении Правил и сроков организации наставничества для лиц, впервые поступающих на правоохранительную службу в органы по финансовому мониторингу (службу экономических расследований) Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Кадр жұмысы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы 2022 жылғы 3 қарашадағы № 38 бұйрыққа қосымша Қаржылық мониторинг органдарында (Экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы қағидалар қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) (бұдан әрі – ЭТҚ) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру ережелері мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаларды бейімдеу – құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын адамның кәсіптік дағдыларды игеру, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке баулу, ЭТҚ қызметіне бейілділікті қалыптастыру процесі;
Тармақша 2
2) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға – ЭТҚ қызметіне алғаш рет тұрған және оны келіп түскен күннен бастап бір жыл ішінде өткеретін адам. Осы қағидаларда пайдаланылатын барлық өзге терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес түсіндіріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның атқаратын лауазымы бойынша өзіне жүктелген жедел-қызметтік міндеттерді өз бетінше және сапалы орындауы үшін кәсіби білімді және тұрақты практикалық дағдыларды меңгеру, таңдаған мамандығына қызығушылықты дамыту, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, қызметтің қиындықтарына моральдық-психологиялық орнықтылықты нығайту, тәртіптілік және Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтау мақсатында бейімдеу рәсімінен өтуі қажет.
Тармақ 4
4. Қалыптасу барысында құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға бейімделудің келесі кезеңдерінен өтеді:
Тармақша 1
1) кәсіптік бейімдеу – өзіне қатысты тәлімгерлік жүзеге асырылатын адамның кәсіптік білім мен дағдылар жүйесін, оларды практикада тиімді қолдану қабілетін меңгеру процесі;
Тармақша 2
2) лауазымдық бейімдеу – өзіне қатысты тәлімгерлік жүзеге асырылатын адамның қызметтік іс-әрекет жағдайлары мен режиміне бейімделу, лауазымдық міндеттерін сапалы орындау дағдыларын меңгеру арқылы атқаратын лауазымына бейімделу процесі;
Тармақша 3
3) тұлғааралық бейімделу – кәсіби қызығушылықтар мен бейімділіктер негізінде әріптестермен белгілі бір қатынастар құру жолымен топқа қатыстылық сезімін қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл ретте қарым-қатынас құрылымы, байланыс жүйесі, ұжымның нормалары мен құндылықтары, ұжымдағы жеке тұлғаның мәртебесі объективті факторлар ретінде қарастырылады.
Тармақ 5
5. ЭТҚ-ға құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаларды бейімдеуді ұйымдастыру кадр қызметіне, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) аппарат басшысына, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттері (бұдан әрі – аумақтық органдар) бағыт бойынша басшыларының орынбасарларына жүктеледі, олар:
Тармақша 1
1) жаңадан қабылданған немесе тағайындалған қызметкерді жеке құрамға ұсынады, тәлімгер тағайындау туралы бұйрықты жариялайды;
Тармақша 2
2) оларға жас қызметкерлермен жұмыс жоспарларын құрастыруда әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді, олардың орындалуына пәрменді бақылауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) тәлімгердің жас қызметкермен бірге қызмет атқаруы, олардың қызметтік міндеттерін орындауы, заңнаманы, қосымша әдебиетті зерделеуі үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 4
4) тәлімгерлікті ұйымдастырудың озық тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, тәлімгерлік жұмысты одан әрі жетілдіру, оның қызметтік міндеттерді шешудегі рөлін арттыру және заңдылықты сақтау туралы ұсыныстар енгізеді.
Тармақ 6
6. Тәлімгерлік ұзақтығы құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаға бір жыл ұзақтығына белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзіміне құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға немесе тәлімгер дәлелді себептермен жұмыста болмаған кезеңдер есептелмейді.
Тармақ 8
8. Тәлімгерлер белгілі бір кәсіби тәжірибесі бар және келесі талаптарға сәйкес келетін ЭТҚ қызметкерлерінің ішінен таңдалады:
Тармақша 1
1) «1-сыныпты маман-тәлімгер» біліктілік санатының болуы;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл еңбек сіңірген;
Тармақша 3
3) тәртіптік жазалардың болмауы. Көрсетілген талаптарға сәйкес келетін тәлімгердің кандидатурасы болмаған кезде тәлімгер ретінде құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның тікелей басшысы бекітіледі.
Тармақ 9
9. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту кадр қызметінің ұсынысы негізінде, Агенттік төрағасының не аумақтық орган басшысының бұйрығымен жас қызметкерді ЭТҚ-ға қызметке қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғамен жұмыс нәтижелері тәлімгердің пікірінде көрсетіледі, олар кадр мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында бағаланады. Қарау нәтижелері бойынша Комиссия тарапынан келесі шешімдердің бірі шығаралады:
Тармақша 1
1) теріс пікірлерге байланысты алты ай мерзімге қосымша тәлімгерлікке жолдау;
Тармақша 2
2) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның кейбір сипаттамаларын жетілдіру бойынша ұсыным беру;
Тармақша 3
3) тәлімгерлік нәтижелерін мақұлдау. Комиссия Агенттік (Департамент) басшылығына тәлімгерлердің жұмысын жетілдіру, тәлімгерліктің үздік тәжірибесін тарату, ведомстволық ақпараттық алаңдарда тәлімгерлер жұмысының нәтижелерін, тәлімгерлер туралы пікірлер жариялау бойынша ұсыныстар дайындау.
Тармақ 10
10. Тәлімгерлікті тоқтату Агенттік төрағасының не аумақтық орган басшысының бұйрығымен келесі жағдайларда жүргізіледі:
Тармақша 1
1) тәлімгерді қаржылық мониторинг органдарынан шығару;
Тармақша 2
2) тәлімгерді немесе құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаны басқа аумақтық органға ауыстыру (тағайындау) не басқа құқық қорғау органына іссапарға жіберу;
Тармақша 3
3) тәлімгерді немесе құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаны қызметтің басқа ерекшелігіне байланысты басқа лауазымға ауыстырған жағдайларда жүргізіледі. Бұл ретте құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру мерзімі өзгермейді.
Тармақ 11
11. Тәлімгер олардың алдына қойылған міндеттерге сәйкес:
Тармақша 1
1) Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаға таңдалған кәсіптің дағдыларын игеруге көмек көрсетеді, оған лауазымдық нұсқаулықты түсіндіреді, жеке мысалда қызметтік міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау тәсілдері мен әдістерін көрсетеді, жіберілген қателіктерді анықтайды, уақтылы жояды және бірлесіп талдайды;
Тармақша 2
2) сезімталдық пен ұқыптылық танытады, тәкаппарлыққа жол бермейді, құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның жұмыс нәтижелеріне дұрыс нысанда баға береді;
Тармақша 3
3) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның ерікті, моральдық-адамгершілік және іскерлік қасиеттерін, оның қызметке, ұжымға, азаматтарға деген көзқарасын, тұрмыстық жағдайларын, хоббиін, бейімділігін, бос уақыттық қарым-қатынас шеңберін жан-жақты зерделейді, әлеуметтік мәселелерді талқылауға белсенді қатысады және қызмет атқару кезінде моральдық-психологиялық тұрақтылықты нығайтады;
Тармақша 4
4) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның қызметтік және қоғамдық қызметіне, қызметтен тыс мінез-құлқына байланысты мәселелерді талқылауға қатысады, ЭТҚ басшысына оны көтермелеу, тәрбиелік және тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
5) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаны ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады;
Тармақша 6
6) тоқсан сайын осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бейімделу кезеңі өткеннен кейін кері қайтарып алуды жасайды;
Тармақша 7
7) тыңдаушылардың жеке құрамымен және өзге де оқытылатын аудиториясымен сабақ өткізу кезінде дәріскер ретінде қатысады (азаматтық оқу орындары, кәсіптік даярлау жүйесіндегі сабақтар);
Тармақша 8
8) кадр мәселелері жөніндегі комиссия отырысында құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғаның бейімделу процесі, тәртібі мен мінез-құлқы және оның қалыптасуына өзінің жеке ықпалының нәтижелері туралы есеп береді. Бір тәлімгерге екіден артық қызметкер бекітілмейді.
Тармақ 12
12. Құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлға:
Тармақша 1
1) қызметтің теориялық және практикалық дағдыларын меңгереді;
Тармақша 2
2) заңнаманы және ұсынылған әдебиеттерді дербес зерделейді, белгіленген мерзімде жеке жоспарда көзделген іс-шараларды орындайды;
Тармақша 3
3) қажетті дағдыларды меңгереді, азаматтармен, әріптестермен, қоғам өкілдерімен кәсіби, сауатты, әдепті қарым-қатынас орнатады;
Тармақша 4
4) тәлімгерден жұмыстың барлық озық нысандары мен әдістерін, қойылған міндеттерді практикалық шешуді мұқият үйренеді және тәлімгердің нұсқаулары мен ұсынымдарын уақтылы орындайды;
Тармақша 5
5) ұжымның ар-намысын бағалайды, қызметте және қызметтен тыс өзін абыроймен ұстайды, ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады.
Тармақ 13
13. Осы қағидалардың ережесі аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына алғаш рет қабылданатын адамдарға қолданылмайды.
Басқа 1. Бейімделу кезеңіндегі жас қызметкердің жұмысы туралы ПІКІР
Қаржылық мониторинг органдарында (экономикалық тергеу қызметі) құқық қорғау қызметіне алғаш рет қабылданатын тұлғалар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдеріне қосымша Нысан Бейімделу кезеңіндегі жас қызметкердің жұмысы туралы ПІКІР __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Лауазымы_________________________________________________________ ЭТҚ қызметке қабылдау күні_________________________________________ Пікір жазу күні_____________________________________________________ № р/б Си­патта­ма­ла­ры Ай­қын­ды­лық дә­ре­же­сі Өте еле­улі Еле­улі Ор­та­ша Әл­сіз Өте әл­сіз 1. Сырт кел­бе­тін ұқып­ты ұстау 2. мақ­сат­ты­лық 3. та­бан­ды­лық 4. бо­рыш се­зі­мі 5. жа­у­ап­кер­ші­лік 6. адал­дық 7. тәр­тіп­ті­лік 8. өзіне сын көз­бен қа­рау 9. өзіне де­ген та­лап­шыл­дық 10. ұй­ым­шыл­дық 11. ұқып­ты­лық 12. жи­нақ­ты­лық 13. шы­ғар­ма­шы­лық қи­ял 14. ой-өріс 15. ең­бек сүй­гіш­тік 16. тың­дау және қа­рым-қа­ты­нас жа­сау қа­бі­ле­ті 17. әдеп­ті­лік 18. адам­дар­мен оңай және тез бай­ла­ныс ор­на­та бі­лу 19. жо­ға­ры тұр­ған қыз­мет­кер­лер­мен дұ­рыс қа­рым-қа­ты­нас құ­ра бі­лу 20. әріп­те­сте­рі­мен дұ­рыс қа­рым-қа­ты­нас құ­ра бі­лу 21. өз бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру­ға ұм­ты­лу 22. оқу қа­бі­ле­ті 23. ши­е­ле­ні­сті жағ­дай­лар­да ұстам­ды­лық, бай­сал­ды­лық 24. өз жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру қа­бі­ле­ті 25. жұ­мыс қа­бі­лет­ті­лі­гі 26. жұ­мыс­та­ғы ба­ста­ма­шы­лық 27. жұ­мыс­та­ғы дер­бес­тік 28. нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді зер­де­леу са­па­сы 29. нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­мен жұ­мыс іс­тей бі­лу 30. нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді жұ­мыста қол­да­на бі­лу 31. функ­ци­я­лық мін­дет­тер­ді орын­дау 32. қыз­мет­тік тәр­тіп­ті сақ­тау 33. ең­бек тәр­ті­бін сақ­тау Өзге мәліметтер: _________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Жас қызметкерді тәрбиелеу үшін не істеу керек: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ҚОРЫТЫНДЫ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Тәлімгер «КЕЛІСЕМІН» _________________________ тікелей басшысы 20__ ж. «___» __________ Ескертпе: Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін пікір, бейімделудің жеке жоспары, тәлімгер күнделігі жас қызметкердің жеке ісіне тігіледі.