Об Уполномоченном по правам человека в Республике Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайын және қызметін ұйымдастыруды айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл қызметінің мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оларды сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің міндеттері адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал ету болып табылады.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл қызметінің қағидаттары мен құқықтық негізі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде заңдылық, әділдік, бейтараптық, объективтілік, жариялылық, ашықтық, айқындық қағидаттарын және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген басқа да қағидаттарды басшылыққа алады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және өзге де міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бап 3
3-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл қызметінің кепілдіктері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уəкілді қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамақта ұстауға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтары шектеулерге жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің заңды қызметіне араласу не кедергі келтіру
осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгіленген жауаптылыққа алып келеді және Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жыл сайынғы баяндамасында көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы куә ретінде жауап алуға жатпайды.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге өз қызметін жүзеге асыруы кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығына кепілдік беріледі.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметтік куәлігін көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағындағы мекемелер мен басқа да объектілерге кедергісіз баруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерге, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барған уақытында өткізу және объектішілік режимдердің белгіленген талаптарын сақтайды.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай режимі енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Бап 4
4-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл лауазымына
тағайындау
тәртібі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге тағайындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына
тағайындалатын
адам мынадай талаптарға сай болуға тиіс:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы бар болуы және соңғы он жылда оның аумағында тұрақты тұруы;
Тармақша 2
2) жоғары білімі болуы;
Тармақша 3
3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы;
Тармақша 4
4) отыз жастан кіші болмауы;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тілді еркін білуі;
Тармақша 6
6) әрекетке қабілетті болуы.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына кіріскен кезде мынадай мазмұнда ант береді:
«Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына кірісе отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасын басшылыққа ала отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын адал әрі абыроймен қорғауға, сондай-ақ өз міндеттерімді әділдікпен және ар-ожданмен атқаруға салтанатты түрде ант етемін. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүддесі үшін тәуелсіз, бейтарап, объективті әрекет етуге міндеттенемін.».
Бап 5
5-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілді лауазымынан босату
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымынан босатады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді атқарып отырған лауазымынан босату үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген талаптар мен шектеулерді сақтамау;
Тармақша 2
2) оған қатысты соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуі;
Тармақша 3
3) оны әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп тану туралы не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі;
Тармақша 4
4) қайтыс болу;
Тармақша 5
5) заңды күшіне енген сот шешімімен оны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кету;
Тармақша 9
9) өз тілегі бойынша лауазымнан босату туралы өтініш беру;
Тармақша 10
10) осы Конституциялық заңда белгіленген лауазымда болу мерзімінің аяқталуы.
Бап 6
6-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің қызметіне байланысты шектеулер
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) саяси қызметпен айналысуға;
Тармақша 2
2) өкілді органның депутаты болуға;
Тармақша 3
3)
оқытушылық, ғылыми,
шығармашылық қызметті қоспағанда, ақы төленетін басқа да қызметпен айналысуға;
Тармақша 4
4) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;
Тармақша 5
5) коммерциялық ұйымның ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, оны басқаруға қатысуға;
Тармақша 6
6) мүдделер қақтығысы болған кезде лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) өзінің қызметтік жұмысын материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттік мүлік пен қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға;
Тармақша 8
8) азаматтар мен заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметтерін жеке мақсаттарда пайдалануға;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдардың жұмыс істеуіне және лауазымдық міндеттерді орындауға кедергі келтіретін әрекеттерге, оның ішінде ереуілдерге қатысуға құқылы емес.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде өзінің саяси партиядағы, кәсіптік одақтағы мүшелігін тоқтатады.
Егер Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымға
тағайындалған
кезде саяси партияда, кәсіптік одақта тұрған жағдайда, ол тағайындалған күннен бастап он күн ішінде
олардан шығуға міндетті.
Тарау 3. 3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ
3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 7
7-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің құзыреті
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының
Құрылтайына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеу және қорғау мәселелері бойынша заң жобаларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;
Тармақша 2
2) өз қызметі туралы жыл сайынғы баяндаманы, сондай-ақ арнаулы баяндамалар дайындауды және таратуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2-1
2-1) Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндаманы дайындауды және үш жылда бір рет таратуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыстарына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының жұмыс органдарының отырыстарына және Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының қатысуымен өтетін өзге де іс-шараларға шақыру бойынша қатысады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттары сессиясының жалпы отырыстарына қатысуға құқылы;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, алқалы мемлекеттік органдар мен мемлекеттік органдарда құрылатын өзге де органдардың отырыстарына шақыру бойынша қатысады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және өзге де мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, өзге де ұйымдарға және лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзушылықтардың профилактикасына және қалпына келтіруге бағытталған шараларға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстар береді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасы
Құрылтайының
депутаттарына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына осы Конституциялық заңда көрсетілген міндеттерге сәйкес ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 8
8) азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметін үйлестіреді;
Тармақша 9
9) осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдарды қарайды;
Тармақша 10
10) адамның құқықтары мен бостандықтары саласындағы халықаралық шарттарды ратификациялау немесе Қазақстан Республикасы үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдірудің өзге де тәсілі туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының шарттық міндеттемелерін орындау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының органдары мен комитеттеріне, сондай-ақ өңірлік мекемелерге ұсынылатын ұлттық баяндамаларды дайындауға және талқылауға уәкілетті органдардың шақыруы бойынша қатысады және көрсетілген органдар мен комитеттердің рәсімдеріне сәйкес осы мәселелер бойынша тәуелсіз пікірін білдіреді;
Тармақша 12
12) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын көтермелеуге және қорғауға жәрдемдесу мақсатында халықаралық, өңірлік және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ басқа мемлекеттердің ұлттық құқық қорғау мекемелерімен, оның ішінде келісімдер (меморандумдар) жасасу арқылы ынтымақтастық жасайды;
Тармақша 13
13) адамның және азаматтың құқықтары жөнінде оқу және зерттеу бағдарламаларын әзірлеуге жәрдемдеседі, оларды білім беру ұйымдары мен өзге де ұйымдарда іске асыруға қатысады;
Тармақша 14
14) мыналарды:
шағымдарды қарау қағидаларын;
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы сараптама кеңесі туралы ережені;
ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеу қағидаларын;
алдын ала бару үшін ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардан топтар қалыптастыру қағидаларын;
алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің рәмізі мен туының ережесі мен сипаттамасын бекітеді;
Тармақша 15
📌 Ескертпе. 15) тармақша осы Конституциялық заңның 23-бабына сәйкес 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
15) адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінеді;
Тармақша 16
16) шет мемлекеттің шақыруы бойынша басқа мемлекеттерде адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылаушы ретінде әрекет етуге құқылы;
Тармақша 17
17) мемлекеттік органдардан, ғылыми мекемелерден және өзге де ұйымдардан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелері бойынша сараптамалық және талдамалық зерттеулер болған жағдайда, оларды сұратады;
Тармақша 18
18) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны орындауға арналған алдын ала баруға жататын ұйымдар мен мекемелерге кедергісіз барады;
Тармақша 19
19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны орындауға арналған тиісті ұйымдар мен мекемелердегі адамдардың келісімімен кино-, фото- және бейнетүсіруді, олардан сұхбат алуды, оның ішінде аудио- және бейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргізеді;
Тармақша 20
20) мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдары мен азаматтары арасындағы дауды реттеу бойынша қоғамдық диалогқа қатысады және өз қызметінің мақсаттарын, міндеттері мен қағидаттарын басшылыққа ала отырып, ұсынымдар береді;
Тармақша 20-1
20-1) «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ұлттық баяндамашының функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің баяндамалары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына нормативтік құқықтық актілерді талдау, шағымдарды қарау және осы Конституциялық заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асыру нәтижелерін қамтитын өз қызметі туралы баяндаманы жыл сайын ұсынады.
Тармақ 1-1
1-1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тиісті ұсынымдармен Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ахуал және қабылданатын шаралар туралы баяндаманы дайындауды және үш жылда бір рет таратуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың жекелеген мәселелері бойынша арнаулы баяндамалар дайындап, тарата алады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамалары уәкілетті мемлекеттік органдарға құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қарау үшін жіберіледі.
Уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баяндамасын алған күннен бастап үш ай ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған баяндаманы қарау нәтижелері туралы хабарлайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл осы бапта көрсетілген баяндамаларды дайындау және тарату тәртібін бекітеді.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баяндамаларды дайындауға ұйымдар мен мамандарды шарт негізінде тартуға құқылы.
Тармақ 6
6. Баяндамалар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің интернет-ресурсында жариялануға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен таратылуға жатады.
Бап 9
9-бап. Ұлттық превентивтік тетік
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметін үйлестіру мақсатында:
ұлттық превентивтік тетікке қатысушыларды іріктеуді, оқытуды және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы олардың қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімдерін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
Үйлестіру кеңесін құруды және оның Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауларға қарсы комитетінің Азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және басқа да ұлттық құқық қорғау мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды;
мамандарды тартады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың жыл сайынғы жинақталған баяндамасын дайындауға және жариялауға жәрдемдеседі, оны уәкілетті мемлекеттік органдармен талқылауды және онда көрсетілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті ұйымдастырады.
Тармақ 3
3. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың алдын ала бару нәтижелері жөніндегі есептерінің негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын бұзған лауазымды адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізу не қылмыстық іс қозғау туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға жүгінуге құқылы.
Бап 10
10-бап. Адамның және азаматтың құқықтары мен
бостандықтары саласындағы құқықтық оқыту,
қоғамдық бірлестіктермен, сарапшылармен
және мамандармен өзара іс-қимыл
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары саласындағы құқықтық оқытуға жәрдемдеседі, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, халықтың Қазақстан Республикасының заңнамасын, аса маңызды халықаралық актілерді білу деңгейін арттыруға қатысады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы білімді ілгерілету, ғылыми-қолданбалы зерттеулерді ұйымдастыру, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы білім мен дағдыларды тұрақты түрде арттыру мақсатында ғылыми-білім беру орталығын және өзге де ұйымдарды құруға бастамашылық жасай алады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ілгерілету және көтермелеу жөніндегі ақпараттық науқандар мен жобалар шеңберінде мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Бап 11
11-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын
жетілдіру мен халықаралық шарттарын
жасасу жөніндегі ұсыныстар
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметі шеңберінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» және «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» заңдарында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру немесе халықаралық шарттарын жасасу жөнінде ұсыныстар әзірлейді және мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарын қарайды.
Бап 12
12-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкіл жанындағы консультативтік-кеңесші
органдар, сондай-ақ оның мемлекеттік органдар
мен ұйымдар жанындағы консультативтік-кеңесші
органдарға қатысуы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанынан адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдардан тұратын консультативтік-талдамалық функциялары бар сараптама кеңесі құрылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық превентивтік тетікке қатысушылардың қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар өкілдерінің, азаматтардың қатысуымен жұмыс топтарын және комиссиялар құра алады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз бастамасымен немесе шақыру бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдар жанындағы консультативтік-кеңесші және байқаушы органдарға өзі дербес немесе өз өкілдері арқылы қатыса алады.
Тарау 4. 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АДАМНЫҢ БҰЗЫЛҒАН
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСУІ
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ
ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ АДАМНЫҢ БҰЗЫЛҒАН
ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСУІ
Бап 13
13-бап. Шағымды қарау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке өздері және (немесе) өкілдері (бұдан әрі – шағым иелері) арқылы берген шағымдарын келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде өз құзыреті шегінде қарайды.
Азаматтың құқықтарын қорғау мақсатында және оның жазбаша келісімімен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қоғамдық бірлестіктер жүгіне алады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасы Президентінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағымдарды қарамайды.
Тармақ 3
3. Шағымда арыз берушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және тұрғылықты жері немесе жұмыс орны туралы мәліметтер, арыз берушінің пікірі бойынша оның құқықтары мен бостандықтарын бұзған немесе бұзатын шешімдердің немесе әрекеттердің (әрекетсіздіктің) мәнін баяндау қамтылуға тиіс.
Шағымға арыз берушінің дәлелдерін растайтын құжаттар және өзге де материалдар қоса беріледі.
Тармақ 4
4. Шағымды алып, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) шағымдарды қарау қағидаларына сәйкес шағымды қарауға қабылдайды;
Тармақша 2
2) арыз беруші өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдалана алатын тәсілдер мен құралдарды түсіндіреді;
Тармақша 3
3) құзыретті мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға анықтауға жататын мән-жайларға тексеру жүргізу туралы жолданымдар жібереді;
Тармақша 4
4) шағымды қарауға қабылдаудан бас тартады, оған уәжін білдіруге тиіс. Шағымды қарауға қабылдаудан бас тартуға шағым жасалмайды.
Тармақ 5
5. Шағымды қарау мерзімі Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы арыз берушіге мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қабылданған шешім туралы арыз берушіні және шешімдеріне және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған тиісті мемлекеттік органдарды, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарын, лауазымды адамдарды хабардар етеді.
Бап 14
14-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің шағымды қарау кезіндегі құқықтары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл шағымды қарау кезінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарынан, өзге де ұйымдардан және лауазымды адамдардан, соттың іс жүргізуіндегі істер мен материалдарды қоспағанда, шағымды қарау үшін қажетті құжаттарды, материалдар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мәселелеріне қатысты құжаттарына белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
Тармақша 3
3) шағым берушілерді, оның ішінде мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып, жедел қабылдауды (бірлескен қабылдауларды) ұйымдастыруға;
Тармақша 4
4) егер адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жаппай бұзушылық туралы мәліметтер болса не мұндай бұзушылықтың қоғамдық маңызы бар болса немесе бұл өз құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың құқықтық құралдарын өзі дербес пайдалана алмайтын адамдардың мүдделерін қорғау қажеттігіне байланысты болса, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына қатысты мәселелерді өз бастамасымен қарауға;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына және ұйымдарға, лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша ұсынымдар мен өтінішхаттар жіберуге құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге мемлекеттік не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Бап 15
15-бап. Шағымды қарау ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Шағымды қарау кезінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл шешімдеріне немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органына немесе лауазымды адамға қарау процесінде анықталуға жататын кез келген мәселелер бойынша өз түсіндірмелерін беру мүмкіндігін беруге міндетті.
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл шағым нысанасы болған мән-жайларды анықтауға жәрдем көрсету үшін мемлекеттік органға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органына немесе лауазымды адамға жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдары мен өтінішхаттары алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады, қарау нәтижелері туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарланады.
Қосымша зерделеу жүргізу қажет болған жағдайларда, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынымдары мен өтінішхаттарын қарау мерзімін олар жіберілген субъект күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартады, бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 3
3. Шағымды қарау кезінде алынған материалдар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл түпкілікті шешім шығарғанға дейін жария етуге жатпайды.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл шағымды қарау процесінде арыз берушінің және басқа да адамдардың жеке өмірі туралы өзіне белгілі болған мәліметтерді олардың жазбаша келісімінсіз жария етуге құқылы емес.
Бап 16
16-бап. Шағымды қарау нәтижелері
Шағымды қарау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өзі қабылдаған шешімге қарай:
Тармақша 1
1) арыз берушінің құқықтары мен бостандықтары олардың әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзылған мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, лауазымды адамдарға, мемлекеттік қызметшілерге адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру үшін қабылдануға тиіс шараларға қатысты ұсынымдар жібереді;
Тармақша 2
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзған адамға қатысты тәртіптік немесе әкімшілік іс жүргізуді не қылмыстық құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру туралы өтінішхатпен уәкілетті мемлекеттік органға немесе лауазымды адамға жүгінеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерімен немесе әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) адамдардың шектелмеген тобының бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінеді. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жіберетін талап арызға (талап қоюға) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж салынбайды.
Бап 17
17-бап. Шағымдарды қарау қорытындысын жинақтап-қорыту
Тармақ 1
1. Шағымдарды қарау қорытындысын жинақтап-қорыту нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдарға, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ лауазымды адамдарға адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге қатысты жалпы сипаттағы өз ескертулері мен ұсыныстарын жібереді;
Тармақша 2
2) егер Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының немесе лауазымды адамдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзатын шешімдері немесе әрекеттері (әрекетсіздігі) олардың жетілдірілмеуіне немесе оларда орын алған олқылықтарға не Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе өзге де міндеттемелеріне қайшы келуіне байланысты жасалады деп пайымдаса, құқықтық актілерді қабылдаған (шығарған) субъектілерге оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстармен өтініш жасайды.
Тармақ 2
2. Ерекше қоғамдық маңызы бар не Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жаппай бұзылуына байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мынадай шаралар қабылдайды:
Тармақша 1
1) тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне,
Қазақстан Республикасының Құрылтайына
немесе Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданым жібереді;
Тармақша 2
2) сот практикасы мәселелері бойынша түсіндірме беру ұсынысымен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінеді;
Тармақша 3
3) осы Конституциялық заңға сәйкес өзге де шаралар қабылдайды.
Бап 18
18-бап. Мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, олардың
лауазымды адамдарының міндеттері
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қажетті материалдарды, құжаттарды, мәліметтер мен түсіндірмелерді ұсынуға міндетті.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл сұратқан материалдар, құжаттар, мәліметтер, егер оның сұрау салуында басқа мерзім көрсетілмесе, сұрау салу алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оған жіберілуге тиіс. Бұл ретте сұрау салуда көрсетілген мерзім екі жұмыс күнінен кем болмайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және оның
астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы
өкілдері өз өкілеттіктері шеңберінде мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және лауазымды адамдардың жедел қабылдауына кіру құқығын пайдаланады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің талап етуі бойынша аталған органдар мен лауазымды адамдар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге немесе оның өкілдеріне дереу жәрдем көрсетуге міндетті.
Тармақ 4
4. Уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, мекемелер және ұйымдар, олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге немесе оның
астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы
өкіліне арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін немесе жазаны атқаруға арналған тиісті ұйымдар мен мекемелердегі адамдарға кедергісіз бару және олармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл немесе оның
астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы
өкілі аталған адамдармен, сондай-ақ тиісті ақпарат бере алатын кез келген басқа адаммен әңгімелесуді куәларсыз, жеке немесе қажет болған кезде аудармашы арқылы өткізеді. Аудиожазбаларды, фото- және бейнетүсірілімдерді пайдалана отырып әңгімелесулер өткізу тиісті ұйымдар мен мекемелердегі адамдардың келісімімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әңгімелесулерін өзге тұлғалардың тыңдауына және аудиожазуына тыйым салынады.
Тарау 5. 5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МЕН ОНЫҢ АСТАНАДАҒЫ, ОБЛЫСТАҒЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАДАҒЫ ӨКІЛІНІҢ, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
5-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ МЕН ОНЫҢ АСТАНАДАҒЫ, ОБЛЫСТАҒЫ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАДАҒЫ ӨКІЛІНІҢ, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бап 19
19-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің
астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы өкілі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің
астанадағы, облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы
өкілі (бұдан әрі – өкіл) болады, оны Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.
Тармақ 2
2. Өкіл мемлекеттік қызметші болып табылады және Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдіктерінің қызметіне басшылық жасайды.
Өкілдің функционалдық міндеттерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бекітеді.
Тармақ 3
3. Өкіл өз өкілеттігін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атынан өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде және оның тапсырмасы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.
Бап 20
20-бап. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету үшін жұмыс органы – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық (бұдан әрі – Ұлттық орталық) құрылады, ол мемлекеттік мекеме болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы көрсетілген мөрі мен бланкілері, сондай-ақ банктік мекемелерде тиісті шоттары болады.
Тармақ 2
2. Ұлттық орталық туралы ережені Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің құрылымын Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл бекітеді.
Тармақ 3
3. Ұлттық орталықтың басшысы мен оның орынбасарларын Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 4
4. Ұлттық орталық Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сондай-ақ оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің осы Конституциялық заңның 3-тарауында көзделген қызметін жүзеге асыру үшін жәрдем көрсетеді.
Тармақ 5
5. Ұлттық орталықтың қызметкерлері өз қызметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасы негізінде жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Бап 21
21-бап. Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, оның өкілдерінің, сондай-ақ жұмыс органының қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ақшалай қамтылымы, оған медициналық және әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ оның қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету мемлекеттік лауазымдарды атқаратын, бірақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшесінен төмен емес лауазымды адамдар үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген кепілдіктер деңгейінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Республикалық бюджетте жыл сайын жеке бюджеттік бағдарламамен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, оның өкілдерінің, сондай-ақ жұмыс органының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті қаражат көзделеді.
Тармақ 4
4. Қаржылық есептілікті Ұлттық орталық Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.
Бап 22
22-бап. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары
жөніндегі уәкілдің және Ұлттық орталық
басшысының актілері
Тармақ 1
1. Осы Конституциялық заңды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Ұлттық орталықтың басшысы бұйрықтар шығарады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде лауазымының атауы көрсетілген белгіленген үлгідегі өз бланкісі болады.
Тарау 6. 6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ
Бап 23
23-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Конституциялық заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-баптың 15) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» 2021 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.