О прокуратуре Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Прокуратура туралы Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1
1-бап. Прокуратураның мақсаты Прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Бап 2
2-бап. Прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізі Прокуратура органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.
Бап 3
3-бап. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің қағидаттары
Тармақ 1
1. Прокуратура өз өкілеттіктерін заңдылық, басқа мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан тәуелсіз болу, Қазақстан Республикасының Президентіне ғана есеп беру, жариялылық қағидаттарында жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдары өз функциялары мен өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде олардың қызметіне қандай да бір араласуға тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың қызметіне араласуға, олардың қызметін тексеруді тағайындауға, заңда көзделмеген негіздер бойынша ақпарат не құжаттар сұратуға құқылы емес.
Тармақ 4
4. Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бөлігіндегі, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңдарының талаптарына қайшы келмейтіндей шамада жария түрде әрекет етеді.
Бап 4
4-бап. Прокуратураның мақсаттары мен міндеттері Прокуратура адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында мынадай міндеттерді:
Тармақша 1
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді;
Тармақша 2
2) заңдылықтың бұзылуын, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ олардың салдарларын анықтауды және жоюды;
Тармақша 3
3) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын өзге де міндеттерді жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰЗЫРЕТІ
2-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰЗЫРЕТІ
Бап 5
5-бап. Прокуратура органдарының жүйесі
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, оған бағынысты ведомстволар, білім беру ұйымы, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдары, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралар прокуратура органдарының бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құрайды. Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген өзге де прокуратура органдары құрылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдарының қызметі төмен тұрған прокурорлардың жоғары тұрған прокурорларға және Бас Прокурорға бағынуы негізінде жүзеге асырылады. Прокурорлардың бағыныстылығы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) төмен тұрған прокуратуралар үшін жоғары тұрған прокурорлардың жұмысты және қызметті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі нұсқауларын орындау міндеттілігі;
Тармақша 2
2) төмен тұрған прокурорлардың қызметтік міндеттерін орындағаны үшін жоғары тұрған прокурорлар алдында жауапты болуы;
Тармақша 3
3) төмен тұрған прокурорлардың өкілеттіктерін қажет болған жағдайларда жоғары тұрған прокурорлардың жүзеге асыруы;
Тармақша 4
4) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлар актілерінің күшін жоюы, оларды кері қайтарып алуы, тоқтата тұруы немесе өзгертуі;
Тармақша 5
5) жоғары тұрған прокурорлардың төмен тұрған прокурорлардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), актілеріне жасалған шағымдарды шешуі.
Тармақ 3
3. Бас Прокурор осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен төмен тұрған прокурорлардың бағыныстылығының өзге де нысандарын белгілеуі мүмкін.
Тармақ 4
4. Прокуратура органдары қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзге мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.
Тармақ 5
5. Прокуратураның ведомстволарын, мекемелерін, білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың мәртебесі мен құзыретін айқындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Прокуратура органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де ұйымдар құрылуы мүмкін.
Тармақ 7
7. Прокуратура органдарының өз нышандары болады, олардың сипаттамасын Бас Прокурор бекітеді.
Бап 6
6-бап. Прокуратура органдарының құзыреті Прокуратура органдары жүктелген міндеттер шегінде:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес: мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізудің; сотқа дейінгі тергеп-тексерудің, қылмыстық қудалаудың, жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметінің; атқарушылық іс жүргізудің; заңды күшіне енген сот актілерінің; қылмыстық жазаларды орындаудың және мемлекеттік мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолданудың; мемлекеттік құқықтық статистиканың және арнайы есепке алудың; Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін сақтаудың заңдылығын жоғары қадағалауды; инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы;
Тармақша 2
2) сотта мемлекет мүдделерін білдіруді;
Тармақша 3
3) қылмыстық қудалауды;
Тармақша 3-1
3-1) осы Конституциялық заңға және Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес заңсыз иемденілген активтерді анықтау және мемлекетке қайтару жөніндегі қызметті (бұдан әрі – активтерді қайтару); 3-2) инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті;
Тармақша 4
4) қылмыстық-құқықтық салада, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастықты, шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда қылмыстық қудалау, активтерді қайтару мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын, оның ішінде активтерді қайтаруға байланысты азаматтық талап қоюды шетелдік соттарға беру жөніндегі мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруді, халықаралық шарттар жасасуды, қылмыстық-құқықтық саладағы және активтерді қайтару саласындағы, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келісуді;
Тармақша 5
5) нормашығармашылық қызметке қатысуды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құзыретті жүзеге асырады.
Бап 7
7-бап. Бас прокуратура
Тармақ 1
1. Бас прокуратураны Бас Прокурор басқарады.
Тармақ 2
2. Бас прокуратура:
Тармақша 1
1) прокуратура органдарының функцияларды тиімді орындауын қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдарына жүктелген функциялар мен өкілеттіктер шегінде олардың қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді;
Тармақша 2
2) заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде, сондай-ақ Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып талдайды;
Тармақша 3
3) прокуратура органдарының қызметін жетілдіреді;
Тармақша 4
4) нормашығармашылық қызметке қатысады;
Тармақша 5
5) шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда қылмыстық қудалау, активтерді қайтару мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, халықаралық шарттар жасасады, қылмыстық-құқықтық саладағы, инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі және активтерді қайтару саласындағы халықаралық шарттардың жобаларын келіседі;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 8
8-бап. Бас Прокурор және оның орынбасарлары
Тармақ 1
1. Бас Прокурорды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Президенті алты жыл мерзімге тағайындайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Президенті лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) ол Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді;
Тармақша 4
4) қылмыс орнында немесе ауыр және аса ауыр қылмыс жасағанда ұстау жағдайларын қоспағанда, оны өз өкілеттігі мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз ұстауға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен қолданылатын әкімшілік жазалауға, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Тармақ 1-1
1-1. Конституцияға сәйкес бір адам бір реттен артық Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалмайды.
Тармақ 2
2. Бас Прокурордың бірінші орынбасары және орынбасарлары болады.
Тармақ 3
3. Бас Прокурордың бірінші орынбасары мен орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Бап 9
9-бап. Бас Прокурордың өкілеттіктері Бас Прокурор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды заңда белгіленген шектерде және нысандарда жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) прокуратура органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Президентіне Бас прокуратура туралы ережені, оның құрылымын, прокуратура органдарының жалпы штат санын бекіту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен, прокуратура органдарының жалпы штат санының лимиті шегінде прокурорлардың және прокуратура органдарының өзге де жұмыскерлерінің штат санын белгілейді;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Президентіне прокуратура органдары ведомстволарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсынулар енгізеді;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Президентінің келісуімен білім беру ұйымының басшысын, Бас әскери прокурорды, Бас көлік прокурорын, облыстардың прокурорларын және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 7
7) прокурорларды және прокуратура органдарының өзге де жұмыскерлерін, зейнеткерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтарын беруге ұсынады, оларды ведомстволық наградалармен наградтайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында елдегі заңдылықтың жай-күйі және прокуратура органдарының қызметі туралы есеп береді;
Тармақша 8-1
8-1) инвестициялық омбудсменнің функцияларын жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады;
Тармақша 10
10) бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың жанынан құрылатын үйлестіру кеңестері туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 11
11) Бас Прокурордың Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде тікелей көзделген өкілеттіктерін қоспағанда, прокуратура органдары жүйесінде өз өкілеттіктерін беретін лауазымды адамдарды айқындайды;
Тармақша 12
12) Бас прокуратураның алқасы мен консультативтік-кеңесші органдарын құрады, олардың құрамы мен жұмыс регламентін айқындайды;
Тармақша 13
13) ведомстволардың, білім беру ұйымының, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдарының, облыстардың прокуратуралары мен оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың, сондай-ақ прокуратура органдары жүйесіне кіретін мемлекеттік мекемелер мен өзге де ведомстволық бағынысты ұйымдардың құрылымдарын бекітеді;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін ережелерді қоспағанда, прокуратура органдары жүйесінің мемлекеттік мекемелері мен білім беру ұйымының ережелерін (жарғыларын) бекітеді;
Тармақша 15
15) барлық прокурорлардың және өзге де жұмыскерлердің орындауы үшін міндетті болатын бұйрықтар, өкімдер шығарады, прокуратура органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі мәселелерін реттейтін ережелерді, нұсқаулықтарды, регламенттерді және өзге де құқықтық актілерді бекітеді;
Тармақша 16
📌 Ескертпе. 16) тармақша осы Конституциялық заңның 48-бабына сәйкес 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі. 16) Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жүгінеді;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін заңды күшіне енген сот актілеріне, негіздер болған кезде, наразылық білдіреді;
Тармақша 18
18) азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сот практикасының мәселелері жөнінде соттарға түсіндірме беру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінеді;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген тәртіппен сот актісінің орындалуын тоқтата тұрады;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қолсұғылмаушылық құқығы бар адамдарды одан айыру және әкімшілік, қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша ұсыну енгізеді;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметi және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актiлерді келіседі;
Тармақша 22
22) мынадай: Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасымен және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасымен реттелмеген бөлікте прокуратура органдарында жеке тұлғалардың және заңды тұлғалар өкілдерінің жолданымдарын қарау және оларды жеке қабылдау; прокуратура органдары жүзеге асыратын, заңдылықтың сақталуын тексеруді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, күшіне енген актілерді бағалауды жүргізу; прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік заңнамасының, Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасының нормаларын қолдану; мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу; құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен мәліметтерді қалыптастыру, оларға қол жеткізу, оларды пайдалану, сақтау, қорғау және жою тәртібін айқындау; Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, прокурорларды және өзге де жұмыскерлерді лауазымға тағайындау және лауазымнан босату; ақшалай үлес, жәрдемақылар және өзге де төлемдер төлеу; құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулер жүргізу, оларды үйлестіру және мониторингтеу тәртібін айқындау; прокуратура органдарының білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібін айқындау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; инвесторлардың құқықтарын қорғау;
Тармақша 23
23) осы Конституциялық заңға, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
Тармақша 24
24) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 10
10-бап. Прокурордың өкілеттіктері
Тармақ 1
1. Прокурор өз құзыретіне сәйкес:
Тармақша 1
1) заңдылықтың сақталуын тексеруді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, күшіне енген актілерді бағалауды жүргізуге;
Тармақша 1-1
1-1) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді, активтерді заңсыз иемденуге, шығаруға қарсы іс-қимыл жасау және оларды қайтару үшін ақпаратқа мониторинг пен талдауды жүргізуге;
Тармақша 2
2) осы Конституциялық Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын, сондай-ақ Бас Прокурор айқындайтын тәртіппен прокуратура актілерін енгізуге;
Тармақша 3
3) Үкіметтің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіруге;
Тармақша 4
4) меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін актілеріне, егер бұл актілер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған және адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қозғаса, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңында көзделген негіздер болған кезде және тәртіппен, тыйым салу немесе шектеу сипатындағы шаралардың дереу күшін жоюды, заңсыз актінің қолданысын толығымен немесе ішінара тоқтата тұруды талап етуге;
Тармақша 6
6) прокуратура органдарындағы материалдар, жолданымдар бойынша сараптамалар тағайындауға, уәкілетті органдардан тексеру жүргізуді талап етуге және олардың нәтижелері туралы хабарлауды міндеттеуге;
Тармақша 7
7) жүктелген функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін, заңдылықтың сақталуын тексеруге қатысуға және қорытынды беруге өзге де органдар мен ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды, сарапшыларды, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды тартуға;
Тармақша 8
8) қауіпсіздікті және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерін заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тартуға;
Тармақша 9
9) жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және қаралатын жолданым мәселелері бойынша лауазымды адамдарды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін шақыруға және олардан түсініктер алуға;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті сақтай отырып, жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау, сондай-ақ жолданымды қарау мәселелері бойынша ақпаратты, материалдар мен құжаттарды, сондай-ақ азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істерді, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді, атқарушылық іс жүргізуді талап етіп алдыруға және алуға;
Тармақша 11
11) дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге, атқарушылық іс жүргізуге және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол жеткізуге;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында техникалық тіркеу құралдарын қолдануға;
Тармақша 13
13) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру қызметін, жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың басшылары мен қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті болатын, сотқа дейінгі тергеп-тексеру, жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері мәселелері бойынша нұсқаулар беруге;
Тармақша 14
14) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша адамдарды, әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды жеткізудің, ұстаудың, сондай-ақ күзетпен қамауда отырған не бас бостандығы өзге де шектелген адамдарды ұстау тәртібі мен шарттарының заңдылығын тексеруге;
Тармақша 15
15) күзетпен қамауда отырған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайына әсер ететін, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігі актілерінің заңдылығын тексеруге, заңсыз шешімдерінің күшін жоюға;
Тармақша 16
16) қылмыстық-атқару жүйесі органдарының сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру туралы актілерін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қарауға;
Тармақша 17
17) тергеп-тексеру органдарының күдікті адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішхаттарын Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес қарауға;
Тармақша 18
18) заңды күшіне енбеген сот актісін қайта қарау туралы жоғары тұрған сотқа өтінішхат келтіруге;
Тармақша 19
19) наразылық білдіру өз құзыретінің шегінен шыққан жағдайларда, заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтінішхатпен жоғары тұрған прокурорға жүгінуге;
Тармақша 20
20) қадағалауды жүзеге асыру кезінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуіне бастамашылық жасауға;
Тармақша 21
21) қадағалауды жүзеге асыру кезінде жасырын тергеу әрекеттері, жедел есепке алу істерін, материалдарды, құжаттарды, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, басқа да қажетті мәліметтерді сұратуға және алуға;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді санкциялауға, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын, оның ішінде байланыс желілерінде жүзеге асырудың заңдылығына тексеру жүргізуге;
Тармақша 23
23) қадағалауды жүзеге асыру кезінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру барысында заңдылықтың бұзылуын анықтау және оның жолын кесу мақсатында прокуратура органдарының мамандарын және өзге де мамандарды арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес тартуға;
Тармақша 24
24) заңдылықтың бұзылуын жою мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың басшыларынан өздеріне бағынысты органдарда тексеру жүргізуді талап етуге;
Тармақша 25
25) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғауға және тоқтатуға;
Тармақша 26
26) атқарушылық құжаттарды жазып берудің және оларды орындаудың заңдылығын тексеруге;
Тармақша 27
27) активтерді қайтару, инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіруге және жүзеге асыруға;
Тармақша 28
28) адамдарды ұстап беру, қылмыстық істер бойынша, активтерді қайтару туралы істер бойынша, өзара құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды не психикалық бұзушылықтары (ауруы) бар адамдарды беру туралы халықаралық шарттарды, сондай-ақ олармен байланысты құқықтық актілерді орындауға, прокуратура органдарының құзыретіне жататын қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың жобаларын келісуге;
Тармақша 29
29) шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда қылмыстық қудалау, активтерді қайтару, инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекет мүдделерін білдіруге;
Тармақша 30
30) осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Прокурор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
Тармақша 2
2) заңдылықтың бұзылуын жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға;
Тармақша 3
3) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін іске асыру үшін негізсіз кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) және прокуратура актілерінің қабылдануына жол бермеуге;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, өз қызметін жүзеге асыру барысында алынған құжаттардың, мәліметтердің және өзге де ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға;
Тармақша 6
6) заңды күшіне енген сот актілерімен келіспеу туралы өтінішхаттарды Қазақстан Республикасының процестік заңнамасында көзделген тәртіппен қарауға;
Тармақша 7
7) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды қабылдау және тіркеу кезінде заңдылықтың сақталуын тексеруге;
Тармақша 8
8) заңсыз жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтатуға;
Тармақша 9
9) заңсыз ұстап алынған және құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың үй-жайларындағы және жеке бас бостандығын шектейтін өзге де орындардағы, гауптвахталардағы, мәжбүрлеу сипатындағы шараларды орындайтын мекемелердегі, арнаулы мекемелердегі және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарды дереу босатуға;
Тармақша 10
10) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын адамдардың заңсыз қаулылары мен шешімдерінің күшін жоюға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Бап 11
11-бап. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы
Тармақ 1
1. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы Бас прокуратураның құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастыруды және арнайы есепке алуды жүргізуді;
Тармақша 2
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектiлерi беретiн мемлекеттiк құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәлiметтерiнiң тұтастығын, объективтiлiгiн, анықтығын, жеткiлiктiлiгiн қадағалауды, сондай-ақ осы саладағы ақпаратты жинау, тiркеу, өңдеу, жинақтау, жиынтықтау және сақтау әдiстемесiн айқындауды;
Тармақша 3
3) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау, сондай-ақ қадағалау нысандарын тіркеу және (немесе) есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіруді;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосының, оның аумақтық және оларға теңестірілген органдарының құрылымын Бас Прокурор бекітеді.
Тармақ 3
3. Осы салада мемлекеттік құқықтық статистиканы жүзеге асырудың, арнайы есепке алуды жүргізудің және қадағалаудың құқықтық негізі мен қағидаттары осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында айқындалады.
Бап 11-1
11-1-бап. Прокуратура органдарының активтерді қайтару жөніндегі ведомствосы
Бап 11-2
11-2-бап. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы
Тармақ 1
1. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы заңдылықты жоғары қадағалауды, инвесторлардың құқықтарын қорғауды, олардың бұзылуының жолын кесуді және алдын алуды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоның құрылымын Бас Прокурор бекітеді.
Тармақ 3
3. Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырудың құқықтық негізі мен қағидаттары осы Конституциялық заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.
Бап 12
12-бап. Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдарының білім беру ұйымы болып табылады және:
Тармақша 1
1) ішкі істер және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлауды ұйымдастыруды және жүргізуді;
Тармақша 2
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған қызметкерлерін кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін және кәсіптік деңгейін арттыруды;
Тармақша 3
3) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіруді және жүргізуді;
Тармақша 4
4) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды;
Тармақша 5
5) құқық қорғау органдарының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, құқық қорғау қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Бап 13
13-бап. Әскери прокуратура органдары
Тармақ 1
1. Әскери прокуратура органдары осы Конституциялық заңда көзделген қадағалау шектері мен нысандарын сақтай отырып:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
Тармақша 2
2) мемлекеттің қорғанысы мен әскери қауіпсіздігі саласындағы өзге де мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Әскери прокуратура органдарының өзге де құзыреті осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.
Бап 14
14-бап. Көлік прокуратурасы органдары
Тармақ 1
1. Көлік прокуратурасы органдары осы Конституциялық заңда көзделген қадағалау шектері мен нысандарын сақтай отырып, көлік саласындағы мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, өзге де ұйымдардың қызметінде, сондай-ақ көлік пен көліктік инфрақұрылым объектілеріне қатысты заңдылықты қадағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Көлік прокуратурасы органдарының өзге де құзыреті осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалады.
Бап 15
15-бап. Облыстық және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлар мен прокуратуралар
Тармақ 1
1. Облыстардың прокуратураларын және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратураларды тиісті прокурорлар басқарады.
Тармақ 2
2. Облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлар:
Тармақша 1
1) облыстық және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) барлық бағынысты прокурорлар мен өзге де жұмыскерлер үшін міндетті болатын бұйрықтар, өкімдер шығарады;
Тармақша 3
3) прокуратура алқасын құрады, оның жұмыс регламентін және алқа мүшелерінің мәртебесін айқындайды;
Тармақша 4
4) заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті үйлестіру кеңестерін басқарады;
Тармақша 4-1
4-1) инвестициялық прокурорлар болып саналады;
Тармақша 5
5) осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 16
16-бап. Аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) өзге де прокурорлар мен прокуратуралар
Тармақ 1
1. Аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратураларды Бас Прокурор тағайындайтын тиісті прокурорлар басқарады.
Тармақ 2
2. Аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокурорлар:
Тармақша 1
1) аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокуратуралардың қызметіне басшылық жасайды;
Тармақша 2
2) барлық бағынысты прокурорлар мен өзге де жұмыскерлер үшін міндетті болатын өкімдер шығарады;
Тармақша 3
3) осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. ЖОҒАРЫ ҚАДАҒАЛАУ ШЕКТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ. СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІН БІЛДІРУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ. ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ. ПРОКУРОР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ
3-тарау. ЖОҒАРЫ ҚАДАҒАЛАУ ШЕКТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ. СОТТА МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІН БІЛДІРУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ. ЖОЛДАНЫМДАРДЫ ҚАРАУ. ПРОКУРОР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІКТЕРІ
Бап 17
17-бап. Жоғары қадағалау шектері мен нысандары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының атынан жоғары қадағалау заңдылықтың сақталуын тексеруді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, күшіне енген актілерді бағалауды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Заңдылықтың сақталуын тексеруді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, күшіне енген актілерді бағалауды тағайындау және жүргізу тәртібі осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Бас Прокурордың актілерінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Қарсы барлау қызметі, күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету салаларындағы жоғары қадағалау Қазақстан Республикасының қарсы барлау қызметі туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасының күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамасының ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Бап 18
18-бап. Заңдылықтың сақталуын тексеру
Тармақ 1
1. Заңдылықтың сақталуын тексеру:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы;
Тармақша 2
2) Бас Прокурордың тапсырмасы;
Тармақша 3
3) осы баптың 2-тармағында көзделген негіздер бойынша тағайындалады.
Тармақ 2
2. Бас Прокурордың орынбасарларының, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдары басшыларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлардың, аудандық және оларға теңестірілген (қалалардың, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокурорлардың заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау және жүргізу туралы шешімдері:
Тармақша 1
1) физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға қарай құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың;
Тармақша 2
2) кәмелетке толмаған адамдардың;
Тармақша 3
3) адамдардың шектелмеген тобының;
Тармақша 4
4) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардапты болғызбауға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің;
Тармақша 5
5) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, квазимемлекеттік сектор субъектілері, олардың лауазымды адамдары және оларға теңестірілген адамдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне, инвесторларға қатысты заңдылықтың сақталуын тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша не олармен келісу бойынша жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы жүргізетін заңдылықтың сақталуын тексеру осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде ведомство мен оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары басшыларының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3-1
3-1. Прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы жүргізетін заңдылықтың сақталуын тексеру прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы бірінші басшысының шешімі бойынша осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың актілерінде белгіленген шекте жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізу туралы қаулы шығарылады, ол құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік органда тіркеледі. Заңдылықтың сақталуын тексеру отыз жұмыс күнінен аспайтын уақыт ішінде жүргізіледі. Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған кезде, сондай-ақ заңдылықтың сақталуын тексеру көлемінің ауқымды болуына байланысты оны жүргізу мерзімі ерекше жағдайларда отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Сараптама тағайындалған жағдайларда, сондай-ақ шет мемлекеттерден мәліметтер мен құжаттар алу қажет болған кезде – оларды алғанға дейін, сондай-ақ тексеру жүргізуге кедергі келтіретін өзге де жағдайларда заңдылықтың сақталуын тексеру тоқтатыла тұруы мүмкін. Заңдылықтың сақталуын тоқтатыла тұрған тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады. Заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулыларды тіркеу тәртібі және оны жүргізу мерзімдері Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасы, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасы, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы, Қазақстан Республикасының жедел іздестіру және қарсы барлау қызметі салаларындағы заңнамасы шеңберінде жүргізілетін тексеруге қолданылмайды.
Тармақ 5
5. Заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыру кезінде прокурор:
Тармақша 1
1) егер құжаттар, ақпарат заңдылықтың сақталуын тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап етуге;
Тармақша 2
2) заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізудің белгіленген мерзімдерінен асыруға;
Тармақша 3
3) заңдылық пен қоғамдық тәртіпке, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін орны толмас зардаптың туындауымен қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, тексерілетін субъектінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруге құқылы емес.
Тармақ 6
6. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруге қолданылмайды.
Бап 19
19-бап. Тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлардың заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыруы кезінде:
Тармақша 1
1) заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізу үшін келген адамдарды: тексерілетін субъектіге заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулы бермеген; құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі мемлекеттік органда тіркеу міндетті болатын кезде мұндай тіркеусіз заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізген; осы Конституциялық заңның 18-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімдер өткен; заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілмеген адамдар заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізген; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кезде мемлекеттік құпияларға жіберу туралы рұқсатты растайтын құжат болмаған жағдайларда объектіге кіргізбеуге;
Тармақша 2
2) мынадай: жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру нысанасына немесе заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулыда көрсетілген кезеңге қатысы жоқ; мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтермен және құжаттармен танысуға құқық беретін тиісті рұқсат немесе құжат болмаған кезде осындай мәліметтер мен құжаттарды ұсынбауға;
Тармақша 3
3) заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулыға, сондай-ақ прокуратура органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Тармақ 2
2. Тексерілетін субъектілер не олардың уәкілетті өкілдері прокурорлардың заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізуі кезінде:
Тармақша 1
1) прокуратура органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін субъектінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті. Прокуратура органдарының лауазымды адамдарының режимдік объектілердің аумағына және үй-жайларына кіруі тексерілетін ұйымда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер туралы талаптар ескеріле отырып қамтамасыз етіледі;
Тармақша 2
2) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, прокуратура органдарының лауазымды адамдарына заңдылықтың сақталуын тексеру нәтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін ұсынуға;
Тармақша 3
3) заңдылықтың сақталуын тексеруді тағайындау туралы қаулымен және оның нәтижелері туралы анықтамамен танысуға және оларды қол қойып алуға;
Тармақша 4
4) заңдылықтың сақталуын тексеруді жүзеге асыратын адамдар үшін қажетті жағдайларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 20
20-бап. Заңдылықтың жай-күйін талдау Заңдылықтың жай-күйін талдау прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармай, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының статистикалық деректерін, мәліметтерін, азаматтық және қылмыстық істердің, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істердің материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпарат көздерін зерделеу арқылы жүргізіледі. Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді. Заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері бойынша осы Конституциялық заңға сәйкес прокурорлық қадағалау не ден қою шаралары қабылданады. Прокурор мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардан заңдылықтың жай-күйін талдауды жүргізуге байланысты ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды талап етіп алдыруға құқылы.
Бап 21
21-бап. Күшіне енген актілерді бағалау
Тармақ 1
1. Прокуратура күшіне енген актілерді бағалауды:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды адамдарының актілері мен шешімдерін;
Тармақша 2
2) меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін, егер бұл актілер мен шешімдер физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға қарай өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдарға, кәмелетке толмаған адамдарға, адамдардың шектелмеген тобына, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты мәселелер бойынша инвесторларға қатысты болса не жария сипатқа ие болса;
Тармақша 3
3) сот (судья) үкімдерін, шешімдерін, қаулыларын және өзге де актілерін, сондай-ақ қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді зерделеу арқылы жүргізеді.
Тармақ 2
2. Заңды күшіне енген сот актілерін бағалау Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бап 22
22-бап. Сотта мемлекет мүддесін білдіру
Тармақ 1
1. Прокуратура органдары Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен сотта мемлекет мүддесін білдіреді.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдары, егер құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамның және азаматтың құқықтарын, инвестициялар және инвестициялық қызмет саласындағы мәселелер бойынша инвесторларды қорғау осыны талап етсе, сондай-ақ қоғамның немесе мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа талап қоюмен (арызбен) жүгінуге құқылы.
Тармақ 3
3. Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхат келтіру негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында айқындалады.
Бап 23
23-бап. Қылмыстық қудалау Прокуратура Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Бап 24
24-бап. Жолданымдарды қарау
Тармақ 1
1. Прокуратура органдары жолданымдарды:
Тармақша 1
1) егер олар физиологиялық ерекшеліктеріне, психикалық ауытқуларына және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмаса, адамның және азаматтың, кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ адамдардың шектелмеген тобының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;
Тармақша 2
2) адамның және азаматтың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін, егер бұл мүдделерді қорғауды құзыретіне тиісті өкілеттіктер жатқызылған уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не мұндай орган болмаған жағдайларда;
Тармақша 3
3) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, инвесторлардың қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру үшін;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына және ұлттық қауіпсіздігіне төнген қатерді болғызбау мақсатында;
Тармақша 5
5) жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша;
Тармақша 7
7) Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша қарайды.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы мен оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары жолданымдарды осы Конституциялық заңның 11-бабында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген құзырет шеңберінде қарайды.
Тармақ 3
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданымды қарау мерзімі ол прокуратура органдарына келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 4
4. Жолданымды дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, мекемелерден, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардан ақпарат алу қажет болған жағдайларда жолданымды қарау мерзімі прокуратура органы басшысының не оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылады. Жолданым бойынша заңдылықтың сақталуын тексеру тағайындалған жағдайда қарау мерзімдері оны жүргізу мерзімі ескеріле отырып айқындалады. Жолданым иесіне аралық жауап жіберіледі. Түпкілікті жауап жолданым иесіне тексеру нәтижелері бойынша ол аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 5
5. Жолданымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жолданым иесіне мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.
Тармақ 6
6. Иесі бүркемеленген жолданымда дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қатер туралы мәліметтер қамтылған жағдайларды қоспағанда, мұндай жолданымдар прокуратура органдарында қаралуға жатпайды.
Тармақ 7
7. Жолданымға берілетін жауап жолданым иесіне оның қабылданған шешімге шағым беру құқығы түсіндіріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасалып, мемлекеттік тілде немесе жолданым берілген тілде мазмұны жағынан негізделген және уәжделген болуға тиіс.
Тармақ 8
8. Егер қайта берілген жолданымдарда жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар келтірілмесе, ал алдыңғы жолданымның материалдары бойынша жолданым иесіне белгіленген тәртіппен жауаптар берілсе, жолданымдарды қарау тоқтатылады.
Тармақ 9
9. Осы баптың талаптары қаралу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларындағы заңнамасында, Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында белгіленген жолданымдарға қолданылмайды.
Бап 25
25-бап. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне және прокуратура органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды сотқа дейін реттеу
Тармақ 1
1. Прокуратура шешімдеріне, актілеріне не прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым шешімнің, актінің қабылданғаны немесе әрекеттің жасалғаны (әрекетсіздік) туралы адамға белгілі болған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей прокуратура органдарына беріледі және оны жоғары тұрған прокурор қарайды. Шағымды қарау мерзімі жиырма жұмыс күнін құрайды. Шағым жасау мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда, шағымды қарайтын прокуратура органы мерзімді шағым берген адамның өтінішхаты бойынша, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қалпына келтіруі мүмкін.
Тармақ 2
2. Шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарау нәтижелері прокурордың шешіміне, актісіне және әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасау үшін негіз болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағының талаптары қаралу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметі салаларындағы заңнамасында белгіленген шағымдарға қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың талаптары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген шағымдарға қолданылмайды.
Бап 25-1
25-1-бап. Инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу
Тармақ 1
1. Инвесторлар мен мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу (бұдан әрі – инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу) үшін прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы Бас прокурор айқындайтын тәртіппен Дауларды сотқа дейінгі реттеу комиссиясын (бұдан әрі – Комиссия) құруға құқылы. Дауларды реттеу рәсіміне қатысу ерікті болады және сотқа жүгіну құқығын шектемейді.
Тармақ 2
2. Инвестордың инвестициялық қызметке байланысты дауды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші инвесторға өзінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылғаны туралы белгілі болған немесе белгілі болуы тиіс күннен бастап үш айдан кешіктірілмей прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның, мекеменің, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарының, инвестициялық прокурорлардың инвесторлардың қатысуымен болатын дауларды сотқа дейінгі реттеу туралы өтініші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі өтерден кемінде бір ай бұрын прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосына беріледі. Жолданым көрсетілген мерзімнен кеш берілген жағдайда прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы жолданымды қарауға қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оның негізінде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды шығарады. Заңдылықтың бұзылғаны анықталған кезде прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы қорытынды негізінде прокурорлық қадағалау және ден қою актілерін шығаруға құқылы.
Тармақ 5
5. Даулар сотқа дейінгі тәртіппен реттелмеген жағдайда, тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Бап 26
26-бап. Прокурор қызметінің құқықтық кепілдіктері
Тармақ 1
1. Прокурорға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтіру немесе оған заңсыз шешім қабылдату мақсатында қандай да бір нысанда ықпал ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 2
2. Прокурордың жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау, қаралатын жолданымдар және өзінің өзге де өкілеттіктерін жүзеге асыру шеңберіндегі талаптары мен сұрау салулары жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың, мекемелердің, меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың, олардың лауазымды адамдарының орындауы үшін міндетті.
Тармақ 3
3. Жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау және қаралатын жолданымдар мәселелері бойынша мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер, олардың лауазымды адамдары, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдар прокурордың талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге белгіленген талаптарды сақтай отырып, прокурор белгілеген, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды беруге міндетті. Прокурор мемлекеттік құпияларды, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 4
4. Адам өмірі, денсаулығы, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері, инвесторлар құқықтарының қорғалуы, қоғам мен мемлекет мүдделері үшін орны толмас зардапты, заңдылық пен құқықтық тәртіптің жаппай бұзылуын, өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне төнетін қатерді болғызбау мақсатында сұратылатын ақпарат, құжаттар мен өзге де материалдар дереу беріледі.
Тармақ 5
5. Прокурордың талап етуі бойынша органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тексеруге, қорытынды беруге қатысу үшін ғалымдар, сарапшылар, мамандар бөлуге міндетті.
Тармақ 6
6. Прокурор өзінің іс жүргізуіндегі материалдардың, актілердің, сот істерінің және жолданымдардың мәні бойынша қандай да бір түсініктеме бермейді. Материалдарды танысу үшін біреуге ұсыну Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Іс жүргізуінде жатқан прокурордың рұқсатынсыз заңдылықтың сақталуын тексеру мен істердің материалдарын жария етуге ешкімнің құқығы жоқ.
Тармақ 7
7. Жүргізілетін заңдылықтың сақталуын тексеру, күшіне енген актілерді бағалау, қаралатын жолданымдар шеңберінде прокурордың талап етуі бойынша өзі белгілеген уақытта жеке және лауазымды адамдар, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдардың өзге де өкілдері түсініктемелер беру үшін келуге міндетті.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар, дағдарыстық ахуал немесе осындай жағдайлар кезінде алдын алу мүмкін болмайтын мән-жайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, прокуратура органдарына шақыру уақтылы келу үшін жеткілікті мерзімдерде хабарлама (хабархат) жіберу арқылы жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Хабарлама (хабархат) телефонограммамен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық пошта мекенжайы бойынша мәтіндік хабармен, телеграммамен немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хатпен не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
Тармақ 10
10. Шақырылған адам шақыру бойынша белгіленген мерзімде келуге кедергі келтіретін себептер туралы шақырған прокурорды алдын ала хабардар етуге міндетті.
Тармақ 11
11. Жеке және лауазымды адамдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мекемелердің және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың өзге де өкілдері дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда Бас Прокурордың, оның орынбасарларының, прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы, прокуратура органдарының мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы ведомствосы мен оның аумақтық және оларға теңестірілген органдары, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдары басшыларының, облыстар прокурорларының және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлардың, олардың орынбасарларының, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокурорлардың, олардың орынбасарларының уәжді қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін.
Тармақ 12
12. Прокурордың күштеп әкелу (мәжбүрлеп жеткізу) туралы қаулысын ішкі істер органы орындайды.
Тармақ 13
13. Күштеп әкелу (мәжбүрлеп жеткізу) түнгі уақытта жүргізілмейді.
Тармақ 14
14. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, ал он сегіз жасқа толмаған адамдар олардың заңды өкілі хабардар етілмей, жүкті әйелдер, сондай-ақ дәрігердің куәландыруы тиіс денсаулық жағдайына байланысты өзінің болатын орнын тастап кете алмайтын немесе тастап кетпеуге тиісті адамдар күштеп әкелінуге жатпайды.
Тармақ 15
15. Прокурордың заңды талаптарын орындамау не прокурордың талап етуі бойынша дәлелсіз себептермен келмей қалу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 27
27-бап. Прокуратура органдарының жауапкершілігі
Тармақ 1
1. Прокурорлар өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Прокурорлардың және өзге де жұмыскерлердің әрекеттерімен келтірілген залал Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өтеледі.
Тарау 4. 4-тарау. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНДАҒЫ АЛҚАЛАР. НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
4-тарау. ПРОКУРАТУРАНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТІ. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНДАҒЫ АЛҚАЛАР. НОРМАШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Бап 28
28-бап. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіру
Тармақ 1
1. Құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік органдардың заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі қызметін үйлестіруді прокуратура органдары осы органдардың өзара іс-қимылын, өзара ақпарат алмасуды және ортақ міндеттерді іске асыру кезінде олардың іс-қимылдарының келісілуін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады. Прокуратура органдары көрсетілген қызметті Бас прокуратураның, бас әскери және көлік прокуратураларының, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралардың жанынан құрылатын тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру кеңестерінің шеңберінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Үйлестіру кеңестерінің шешімдерін қатысушы мемлекеттік органдар бірлескен, ведомстволық құқықтық актілер шығару және (немесе) тиісті іс-шараларды жүзеге асыру арқылы іске асырады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Бап 29
29-бап. Прокуратураның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жөніндегі өзара іс-қимылы
Тармақ 1
1. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, инвесторлардың, қоғам мен мемлекеттің Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын мүдделерін қорғау және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура:
Тармақша 1
1) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, мекемелермен, олардың лауазымды адамдарымен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен және меншік нысандарына қарамастан өзге де ұйымдармен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен өзара іс-қимыл жасайды және оның қызметіне жәрдем көрсетеді.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдарының шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы қылмыстық-құқықтық ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ активтерді қайтару, инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру, оның ішінде қылмыстық процестен тыс білдіру шеңберінде жүзеге асырылады.
Бап 30
30-бап. Прокуратура органдарындағы алқалар
Тармақ 1
1. Прокуратура органдарында алқалар құрылады.
Тармақ 2
2. Алқа жұмысының регламентін, оның құрамын прокуратура органдарының бірінші басшылары айқындайды.
Тармақ 3
3. Алқа отырыстарында прокуратура органдары қызметінің мәселелері, сондай-ақ Бас Прокурордың, прокуратура органдары бірінші басшыларының қалауы бойынша мүдделі адамдардың қатысуымен алқалы түрде қарауды талап ететін, заңдылықты бұзушылықтардың анықталуына байланысты өзге де мәселелер қаралады.
Тармақ 4
4. Алқаның шешімдері оның мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және бағынысты прокурорлар мен өзге де жұмыскерлер үшін міндетті болып табылады.
Бап 31
31-бап. Нормашығармашылық қызметке қатысу Прокуратура органдары заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) прокуратураның құзыреті мен функцияларын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келіседі;
Тармақша 2-1
2-1) прокуратура органдарының инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствосы инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің жаңа нысандары мен құралдарын қатаңдатуға не енгізуге байланысты заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды келіседі және береді;
Тармақша 3
3) нормашығармашылық қызметте Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындайды.
Тарау 5. 5-тарау. ПРОКУРАТУРА АКТІЛЕРІ
5-тарау. ПРОКУРАТУРА АКТІЛЕРІ
Бап 32
32-бап. Прокуратура актілерінің жүйесі
Тармақ 1
1. Прокуратура актілерінің жүйесін мыналар құрайды:
Тармақша 1
1) прокурорлық қадағалау актілері: наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну, қаулы, ұйғарым;
Тармақша 2
2) прокурорлық ден қою актілері: өтінішхат, арыз (талап қою), жолданым, Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берілмейтіні туралы түсіндірме;
Тармақша 3
3) прокуратура органдарын ұйымдастыру және олардың қызметі мәселелерін реттейтін актілер: бұйрықтар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер және басқалар.
Тармақ 2
2. Прокурорлық қадағалау және ден қою актілері заңдылықтың сақталуын тексеруді, заңдылықтың жай-күйін талдауды, күшіне енген актілерді бағалауды жүргізу, жолданымдарды қарау және осы Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды орындау нәтижелері бойынша енгізіледі және олар жіберілген органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қарауы, орындауы үшін міндетті.
Тармақ 3
3. Прокуратура актілерін қарамау, сол сияқты тиісінше қарамау, орындамау не прокурордың заңды талаптарын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 4
4. Прокурорлық қадағалау және ден қою актілері енгізілгеннен кейін бұзушылық жасаған адамдарды жауаптылыққа тарту мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын тәртіппен осы акт бойынша шешім қабылданғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Бап 33
33-бап. Наразылық
Тармақ 1
1. Прокурор Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін заңды күшіне енген актілерге, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың, лауазымды және өзге де уәкілетті адамдардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық келтіреді.
Тармақ 2
2. Наразылық заңсыз акт, шешім қабылдаған мемлекеттік органға, мекемеге, ұйымға, лауазымды немесе өзге де уәкілетті адамға немесе жоғары тұрған органға не жоғары тұрған лауазымды адамға келтіріледі. Мемлекеттік органның, мекеменің, ұйымның, лауазымды немесе өзге де уәкілетті адамның заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) наразылық осындай тәртіппен білдіріледі.
Тармақ 3
3. Прокурордың наразылығы күнтізбелік он күн ішінде тиісті органның немесе лауазымды адамның қарауына жатады. Прокурор наразылық бойынша шешім дайындау және қабылдау қажеттілігіне қарай оны қараудың өзге де мерзімін, бірақ үш жұмыс күнінен кем болмайтын мерзім белгілеуге құқылы. Наразылықты қарау нәтижелері туралы прокурорға жазбаша нысанда дереу хабарланады. Наразылық қаралғанға дейін оны келтірген не жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін. Орган немесе лауазымды адам наразылықтың қаралатын уақыты мен орны туралы прокурорды хабардар етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Наразылықта прокурор заңсыз актінің күшін жоюды не оны Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келтіруді, сондай-ақ лауазымды адамның заңсыз әрекетін (әрекетсіздігін) тоқтатуды және бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.
Тармақ 5
5. Наразылық бойынша шешім қабылданғанға дейін Бас Прокурор, Бас Прокурордың орынбасарлары, әскери және көлік прокуратуралары органдарының басшылары, облыстық және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокурорлар наразылық білдірілген актінің не әрекеттің орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Жоғары аудиторлық палатаның актілері (жүргізілген тексеру қорытындылары бойынша) прокурорлардың наразылық білдіруіне жатпайды.
Тармақ 7
7. Заңды күшіне енген сот актілеріне наразылық келтіру, сондай-ақ олардың орындалуын тоқтата тұру негіздері, тәртібі, мерзімдері Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында айқындалады.
Бап 34
34-бап. Санкция (келісім)
Тармақ 1
1. Прокурор заңда белгіленген жағдайларда құқықты шектейтін сипаттағы жекелеген әрекеттерді жасауға, заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді алуға санкция (келісім) береді.
Тармақ 2
2. Санкцияны (келісімді) не оны беруден бас тартуды прокурор санкция (келісім) сұратуға негіз болған материалдар зерделенгеннен кейін лауазымды адамның қаулысына бұрыштама және қол қойып ресімдейді. Санкция (келісім) беруден бас тартылған жағдайда оның себептері мен негіздері көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді алуға байланысты жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, осы бапта көрсетілген әрекеттерге санкция (келісім) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы да куәландырылуы мүмкін.
Бап 35
35-бап. Нұсқау
Тармақ 1
1. Прокурор:
Тармақша 1
1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
Тармақша 2
2) жедел-іздестіру қызметі және жасырын тергеу әрекеттері;
Тармақша 3
3) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеру жүргізу;
Тармақша 4
4) атқарушылық іс жүргізу;
Тармақша 5
5) жазаларды орындау;
Тармақша 6
6) прокуратураның талап етуі бойынша жүргізілетін тексерулер;
Тармақша 7
7) мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша;
Тармақша 7-1
7-1) инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де мәселелер бойынша жазбаша нұсқаулар береді.
Тармақ 2
2. Прокурордың өз құзыреті шегінде берген нұсқаулары орындау үшін міндетті.
Бап 36
36-бап. Ұсыну
Тармақ 1
1. Прокурор өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) заңдылықтың бұзылуын жою туралы;
Тармақша 2
2) қылмыстық және өзге де құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда ұсыну енгізеді.
Тармақ 2
2. Ұсыну онда көрсетілген заңдылықтың бұзылуын жою жөніндегі шараларды қабылдай отырып, лауазымды адамның немесе органның – күнтізбелік отыз күн ішінде, ал адамның және азаматтың өмірі мен денсаулығы, мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың басталуы мүмкін болған жағдайларда прокурор белгілеген мерзімде қарауына жатады. Прокурор ұсыну қаралған кезде қатысуға құқылы. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам прокурорды ұсынудың қаралатын уақыты мен орны туралы ұсыну қаралатын күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге тиіс. Ұсынуды қарау нәтижелері және қабылданған шаралар туралы ұсыну қаралған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде прокуратураға хабарланады.
Бап 37
37-бап. Қаулы
Тармақ 1
1. Прокурор:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда;
Тармақша 2
2) тәртіптік іс жүргізуді қозғау туралы;
Тармақша 3
3) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы;
Тармақша 4
4) жедел-іздестіру іс-шараларын және жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату туралы;
Тармақша 5
5) актінің қолданысын тоқтата тұру туралы;
Тармақша 6
6) заңдылықтың сақталуын тексеруді жүргізу туралы;
Тармақша 7
7) мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ олардың лауазымды және өзге де адамдары негізсіз жүзеге асыратын тыйым салу не шектеу сипатындағы әрекеттер мен шаралардың күшін жою туралы;
Тармақша 8
8) күзетпен ұсталатын, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебіне алынған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесінің органдары қолданған тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою туралы;
Тармақша 9
9) лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтата тұру туралы;
Тармақша 10
10) сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою туралы;
Тармақша 11
11) прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда қаулы шығарады.
Тармақ 2
2. Прокурордың қаулысы онда белгіленген мерзімдерде міндетті түрде орындалуға жатады. Қаулыға шағым жасау оның қолданысын тоқтата тұрмайды.
Бап 37-1
37-1-бап. Ұйғарым
Тармақ 1
1. Заң бұзушылықты жою туралы ұйғарымды прокурор заң бұзушылыққа жол берген не жол берілген бұзушылықты жоюға құқылы мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, олардың лауазымды және оларға теңестірілген адамдарына, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарға шығарады.
Тармақ 2
2. Заң бұзушылық айқын сипатта болған, инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келуі не инвестициялық қызметті жүзеге асыруға теріс әсер етуі мүмкін болған және ол дереу жойылмаған жағдайда, прокурор заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарым нормативтiк құқықтық актiлерге шығарылмайды.
Тармақ 3
3. Ұйғарымда Конституцияның, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің бұзылған нормаларына нұсқаулар, құқық бұзушылықтың сипаты және бұзушылықты жою жөніндегі шаралар туралы нақты ұсыныстар қамтылуға тиіс.
Тармақ 4
4. Ұйғарым прокурор белгiлеген мерзiмде мiндеттi түрде орындалуға тиiс. Ұйғарымның орындалуы туралы прокурорға дереу хабарланады.
Тармақ 5
5. Прокурордың ұйғарымын орындамау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді.
Тармақ 6
6. Ұйғарымға жоғары тұрған прокурорға не сотқа шағым жасалуы мүмкiн. Ұйғарымға шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
Тармақ 7
7. Жоғары тұрған прокурор немесе сот шағым бойынша шешiм қабылданғанға дейiн ұйғарымның орындалуын тоқтата тұруы мүмкін.
Бап 38
38-бап. Өтінішхат Заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарау туралы өтінішхатты прокурор Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізеді.
Бап 39
39-бап. Арыз (талап қою)
Тармақ 1
1. Прокурор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде арызбен (талап қоюмен) сотқа жүгінуге құқылы.
Тармақ 2
2. Прокурорлық қадағалау актілері қабылданбаған не олар қараусыз қалдырылған кезде прокурор органдардың және лауазымды адамдардың актілерін, шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздігін) заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінеді.
Бап 40
40-бап. Үндеу Бас Прокурор және оның орынбасарлары, әскери прокуратура және көлік прокуратурасы органдарының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген (астананың және республикалық маңызы бар қалалардың) прокурорлар, аудандық және оларға теңестірілген (қалалық, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған) прокурорлар заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында лауазымды адамдарға, мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға үндеу жасауға құқылы. Үндеу бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып немесе өзге де жария тәсілмен таратылады.
Бап 41
41-бап. Заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы түсіндіру Құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде прокурор жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға жол берілмейтіні туралы жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндіреді және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық туралы ескертеді.
Бап 42
42-бап. Прокуратура актілерін жариялау
Тармақ 1
1. Бас Прокурордың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптары сақтала отырып, ресми жариялануға жатады.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдары өз қызметінің жариялылығын қамтамасыз ету үшін адамның және азаматтың конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де құқықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін бұзатын органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне прокуратура актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жариялай алады.
Бап 43
43-бап. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау
Тармақ 1
1. Прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне жоғары тұрған прокурорға не сотқа осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Прокурордың актілері мен әрекеттеріне шағым жасау олардың орындалуын тоқтата тұрмайды. Сот не жоғары тұрған прокурор прокурордың актілеріне немесе оның әрекеттеріне шағым бойынша шешім шығарғанға дейін олардың орындалуын тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 3
3. Жоғары тұрған прокурор жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымы бойынша не өз бастамасымен төмен тұрған прокурордың актілерінің күшін жоя алады, оларды кері қайтара алады, тоқтата тұра алады немесе өзгерте алады.
Тармақ 4
4. Прокурордың активтерді қайтару мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және актілеріне шағым жасау «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
6-тарау. ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ КАДРЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Бап 44
44-бап. Прокуратура органдары кадрларының құрамы
Тармақ 1
1. Прокуратура органдарының кадрларын прокурорлар және өзге де жұмыскерлер құрайды.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдары жүйесінде қызметте тұрған, офицерлік құрамның сыныптық шені немесе әскери атағы берілген Қазақстан Республикасының азаматы прокурор болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери қызметшілері, азаматтық қызметшілер өзге де жұмыскерлерге жатады.
Тармақ 4
4. Прокуратура органдары жүйесінің сыныптық шендер немесе әскери атақтар, сондай-ақ оларға сәйкес келетін шекті сыныптық шендер немесе әскери атақтар берілетін лауазымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 5
5. Прокурорлар осы Конституциялық заңда көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді.
Тармақ 6
6. Әскери прокуратура органдарының прокурорлары, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери қызметшілері осы Конституциялық заңда көзделген ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес қызмет өткереді, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген мәртебеге ие болады және құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады.
Тармақ 7
7. Прокуратура органдарының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Әскери міндетті прокурорлар прокуратура органдарында арнайы есепте тұрады.
Бап 45
45-бап. Прокуратура органдарын қаржылық қамтамасыз ету
Тармақ 1
1. Прокуратура органдарының жүйесін қаржылық қамтамасыз ету бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес активтерді қайтаруға қатысты қызмет бөлігінде Арнаулы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Прокуратура органдарының қазынашылық органдарында тиісті шоттары болуы мүмкін.
Тармақ 3
Бап 46
46-бап. Прокурорларды және өзге де жұмыскерлерді материалдық қамтамасыз ету және әлеуметтік қамсыздандыру
Тармақ 1
1. Прокурорлар мен өзге де жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 65-бабының 8) тармақшасында көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін бірыңғай қаржыландыру және еңбекақы төлеу жүйесі негізінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Прокурорларды зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Прокуратура органдарынан еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алу құқығымен шығарылған прокуратура органдары зейнеткерлерінің, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) және қызметке жарамсыз деп танылған прокурорлардың салтанатты іс-шаралар мен ресми қабылдауларда нысанды киім киіп жүруіне құқығы бар.
Бап 47
47-бап. Қызметтік куәліктер және мөр
Тармақ 1
1. Бас Прокурорға, Бас Прокурордың орынбасарларына, прокуратура органдары ведомстволарының бірінші басшыларына белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі береді.
Тармақ 2
2. Бас Прокурор, прокуратура органдарының басшылары бағынысты прокурорларға белгіленген үлгідегі қызметтік куәліктерді береді.
Тармақ 3
3. Қызметтік куәлік прокурордың жеке басын, оның сыныптық шенін немесе әскери атағын, лауазымын, атыс қаруын және өзге де қаруды алып жүру және сақтау құқығын растайтын құжат болып табылады.
Тармақ 4
4. Прокуратура органдарының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде өз атауы жазылған мөрлері болады.
Тарау 7. 7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 48
48-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Конституциялық заң, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 9-баптың 16) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 2
2. Осы Конституциялық заңның 11-бабының 1-тармағы 3) тармақшасының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
Тармақша 3
«3) қылмыстық істерді тергеп-тексеру, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мемлекеттік бақылау және қадағалау нысандарын тіркеу және есепке алу процестеріне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіруді;».
Тармақ 3
3. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.