О передислокации Агентства Республики Казахстан по чрезвычайным ситуациям в город Астану Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін Астана қаласына көшіру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) 40 адамнан тұратын орталық аппаратын 2003 жылдың соңына дейін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласында Агенттікті орналастыру үшін қызметтік үй-жайлар бөлінуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Агенттік Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп бір ай мерзімде Агенттіктің қажетті ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын Астана қаласына көшіру және оларды қаржыландыру туралы белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 4
4. Агенттікке:
Тармақша 1
1) орталық аппаратты көшіру және республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаражатты толық көлемде игеру жөнінде қажетті ұйымдастыру және практикалық іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 2
2) орталық аппараттың көшірілген қызметкерлеріне елорданы Астана қаласына көшіруге байланысты республикалық бюджетте 051 "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігін Астана қаласына көшіру" бағдарламасында көзделген қаражат есебінен кепілдіктер мен өтемақылар төлеуді жүзеге асыру тапсырылсын.
Тармақ 5
5. Агенттік қызметкерлеріне тұрғын-үй беру және сатып алу Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 377-26 және 1998 жылғы 3 тамыздағы N 736-56 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі