Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына, Риддер қаласының төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі комиссиясының 2022 жылғы 6 қарашадағы кезектен тыс отырысының № 7 хаттамасына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға басшылық жасауды және жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу өзіме қалдырылсын.
Тармақ 3
3. «Риддер қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы шешімнің мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) Риддер қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында осы шешімді орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.