Об образовании областной комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Қолданыста
Басқа 0
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде облыстық комиссия құру туралы
"Табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 554 қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын (1 қосымша).
Тармақ 2
2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi облыстық комиссия туралы" ереже бекiтiлсiн (2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi жергiлiктi комиссияларды құрсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары К.А.Төлебаевқа жүктелсiн.
Облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқарма бастығы
Басқа 5. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ
АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНIНДЕГI КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
"Төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөнiнде облыстық комиссия құру
туралы" облыс әкiмиятының 2003 жылғы
8 қазандағы N 511 қаулысына 1 қосымша
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ
АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖОЮ ЖӨНIНДЕГI КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары,
комиссия төрағасы.
Тармақ 2
2. Ақылбек Жәкенұлы Әмiрәлин - облыс әкiмiнiң орынбасары комиссия
төрағасының орынбасары.
Тармақ 3
3. Әли Әбдiкәрiмұлы Бектаев - облыс әкiмiнiң орынбасары комиссия
төрағасының орынбасары.
Тармақ 4
4. Уәлихан Мелдебекұлы Ережепов - облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқармасының бастығы
комиссия төрағасының орынбасары
(келiсiмi бойынша).
Тармақ 5
5. Нұрұллаев Мухамад Алланұлы - облыстық төтенше жағдайлар
жөнiндегi басқарманың төтенше
жағдайларға шұғыл жауап қату және
оларды жою жөнiндегi iс-шараларды
жоспарлау бөлiмiнiң бастығы,
комиссия хатшысы (келiсiмi
бойынша).
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРI:
Тармақ 6
6. Әлiмхан Досыбайұлы Әбжанов - Оңтүстiк Қазақстан облыстық IIББ
бастығының орынбасары (келiсiмi
бойынша).
Тармақ 7
7. Пернебай Әбубәкiров - Оңтүстiк Қазақстан облыстық
индустрия және сауда
департаментiнiң бастығы.
Тармақ 8
8. Бауыржан Сейiтмұратұлы Ахметов - Оңтүстiк Қазақстан облыстық
құрылыс және көркейту
басқармасының бастығы.
Тармақ 9
9. Қыдырәлi Оспанұлы Байдәулетов - Оңтүстiк Қазақстан облыстық
аумақтық қоршаған ортаны қорғау
басқармасының бастығы (келiсiмi
бойынша).
Тармақ 10
10. Асылбек Асқарбекұлы Бекжiгiтов - Оңтүстiк Қазақстан облыстық МӨҚҚ
Бас басқармасының бастығы.
Тармақ 11
11. Жақып Құттыбекұлы Бөкенбаев - "Түркiстанэнерго" ААҚ бастығы.
(келiсiмi бойынша).
Тармақ 12
12. Нышан Желдiбайұлы Желдiбаев - "ҚТЖ" ҰК ЖАҚ Шымкент тасымалдау
бөлiмшесi филиалының директоры
(келiсiмi бойынша).
Тармақ 13
13. Атжан Қалыбек - облыстық телерадиокомпанияның
төрағасы (келiсiмi бойынша).
Тармақ 14
14. Сағидулла Ашуұлы Мақашев - "ОҚ газ шаруашылық
басқармасы" ЖШС директоры
(келiсiмi бойынша).
Тармақ 15
15. Сейiтжан Кәрiмұлы Мәмбетов - "Қазақавтожол" РМК Оңтүстiк
Қазақстан облыстық филиалының
директоры (келiсiмi бойынша).
Тармақ 16
16. Жұмағұл Бекенбайұлы Медетов - Облыстық санитарлық эпидемиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Тармақ 17
17. Мақсат Сайлаубайұлы Мырзбаев - Оңтүстiк Қазақстан облыстық
көлiк және коммуникациялар
басқармасының бастығы.
Тармақ 18
18. Александр Федорович Недопако - Шымкент әскери гарнизонының
бастығы (10216 ә/б) (келiсiмi
бойынша).
Тармақ 19
19. Хамитжан Полатұлы Полатов - "Оңтүстiксушар" РМК директоры
(келiсiмi бойынша).
Тармақ 20
20. Шерхан Пертайұлы Раздықов - "Қазақтелеком" ОТД бас директоры
(келiсiмi бойынша).
Тармақ 21
21. Кондрат Рахымұлы Рахымов - Шымкент қалалық обаға қарсы
стансасының бастығы (келiсiмi
бойынша).
Тармақ 22
22. Нұрсұлу Нұрғалиқызы Тасмағамбетова - Оңтүстiк Қазақстан облыстық
денсаулық сақтау департаментiнiң
бастығы.
Тармақ 23
23. Жарылқасын Тұрабайұлы Тұрабаев - облыстық энергетика және
коммуналдық шаруашылық
басқармасының бастығы.
Тармақ 24
24. Серiк Ордабекұлы Тұрбеков - Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылық министрлiгiнiң
Оңтүстiк Қазақстан облыстық
аумақтық басқармасының
бастығы (келiсiмi бойынша).
Тармақ 25
25. Исмат Тұрсынқұлұлы Тұрсынқұлов - Оңтүстiк Қазақстан облыстық
ауыл шаруашылығы
департаментiнiң бастығы.
Тармақ 26
26. Асқар Зауытбекұлы Тұрысбеков - "Шымкент әуежайы" ААҚ директоры
(келiсiмi бойынша).
Тармақ 27
27. Сүрия Мұхтарқызы Өтебаева - облыстық санитарлық эпидемиялық
бақылау басқармасының
бастығының орынбасары.
Басқа 33. Облыстық төтенше жағдайларды алдын алу және
жою жөнiндегi комиссияның ережесi
"Төтенше жағдайларды алдын алу және
жою жөнiнде облыстық комиссия құру
туралы" облыс әкiмиятының 2003 жылғы
8 қазандағы N 511 қаулысына
2 қосымша
Облыстық төтенше жағдайларды алдын алу және
жою жөнiндегi комиссияның ережесi
1 . Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссия, табиғи зiлзала нәубетiне, iрi аварияларға әкелiп соқтыратын шұғыл жағдайларда және басқа да табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тез және тиiмдi әрекеттерге үнемi дайындықта тұруын қамтамасыз ету, жұқпалы аурулардың кең таралуын және көпшiлiк халықтың улануын, малдардың iндетiн және өсiмдiк ауруларын таратпау және жою және жайылтпау бағытында бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүргiзу мақсатында құрылған. Табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын жоюды ұйымдастыру және басшылық ету, iрi апаттар мен катастрофалардың зардаптарын жоюда меншiк түрiне қарамастан шаруашылық нысандарына көмек көрсету, төтенше жағдайлардағы әрекеттерге басқару органдарын және тартылатын күштiң үнемi дайындықта тұруын қамтамасыз ету үшiн, сонымен бiрге осы апаттардан, катастрофалардан және табиғи зiлзала нәубетiнен шығынды азайтуға бағытталған шаралардың жүргізілу үшiн.
Комиссияны облыс әкiмiнiң орынбасары басқарады.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссия төрағасының өзiнiң қызмет бабы бойынша өкiмi, облыс аумағында орналасқан барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдармен iс шараларды орындау үшiн мiндеттi.
Керек жағдайда комиссия тиiстi салалы органдармен қабылданатын шешiмдi келiседi немесе оларға қабылданған шешiмдер туралы хабардар етедi.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясы:
Тармақша 1
1) барлық аудандық комиссияларымен болуы мүмкiн авария, катастрофа, стихиялық және экологиялық апаттардың салдарынан халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны және шаруашылық нысандарын қорғау, жұқпалы аурулардың кең таралуын және халықтың жаппай ауруын, малдың iндетiн және өсiмдiк ауруларын алдын алу, жою және таратпауға бағытталған iс-шараларды орындауға қызметтердi үйлестiру жөнiнде әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету сұрақтары бойынша тығыз әрекет жасайды;
Тармақша 2
2) жұқпалы аурулардың кең таралуын және халықтың жаппай улануын, малдың iндетiн және өсiмдiк ауруларын алдын алу, жою және таратпауға бағытталған, шекара және облыс аумағын аса қауiптi тыйым салынған жұқпалы ауруларды кiргiзбеу және таратпауда барлық басқару органдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың (заңды тұлға) қызметтерiн үйлестiредi; 3) төтенше жағдайларда iс-әрекеттерiн үнемi дайындықта болуын қамтамасыз ету бойынша және құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде облыс аумағында орналасқан әскери бөлiмдердiң басшыларымен бiрлесе отырып, жүзеге асырылады;
Тармақша 4
4) жағдайлардың ерекшелiгiн есепке ала отырып, әр түрлi төтенше жағдайлар бойынша болуы мүмкiн зардаптарды болжау және бағалау бойынша, оларды жою үшiн қажеттi күш және құралдарды ескерiп, болуы мүмкiн шығынды анықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) авария, катастрофа, стихиялық және экологиялық апаттарды алдын алуға, олар туындаған жағдайда қирату зардаптарын азайтуға және олардың жүзеге асуына бағытталған іс-әрекет ету жоспарын әзірлеу және іс-шараларды жүзеге асыру бойынша тиісті шаруашылық нысандарға нұсқау береді;
Тармақша 6
6) төтенше жағдайлардағы әрекеттердi қадағалау және бақылау құралдары, хабарлау-есептеу жүйесi, байланыс орталығы және берiлген осы алдын алу жүйесi және халыққа хабар беру және басқарушы органдарға, хабарлау есептеу жүйесi, төтенше жағдайлар кезiндегi iс қимылдар оларға қадағалау және бақылау құралдарының қосылуымен құралады;
Тармақша 7
7) өз құзыретінің шегінде облыстық гидрометеорологиялық орталығымен өзара іс-әрекетті іске асырады;
Тармақша 8
8) төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою, зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша iс-шараларда тәжiрибесi бар қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың қатысуы үшiн, жағдай жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң зардабын жою үшiн қажеттi iздеу-құтқару және авариялық-қалпына келтiру күш және құралдарының құрамын анықтайды;
Тармақша 10
10) облыстық жүйедегi авариялық-құтқару қызметтерiнiң төтенше жағдайларды алдын алу және төтенше жағдайлар кезiндегi әрекеттерi, оларды есеппен орынды орналастыру және шұғыл жою мүмкiншiлiгi бойынша басқару формасымен әдiсiн және бiрлесiп әрекет ету тәртiбiн анықтайды;
Тармақша 11
11) қаржы және материалдық - техникалық қорын пайдалану, шұғыл қажеттi жағдайға олардың резервтерiн құру, сонымен қатар күш және құралдарды күту мен жабдықтау жөнiндегi шығындарды жабу үшiн, апат, катастрофа, табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын жоюға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге жарату тәртiбiн анықтайды.
Тармақ 3
3. Болуы мүмкiн апаттар, катастрофалар және табиғи зiлзала нәубетiне дайындық кезiнде және олардың туындау қауiпi кезiнде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссияға келесi мәселелердi анықтау жүктеледi;
Тармақша 1
1) қауiп көзiн табу, болуы мүмкiн апаттар, катастрофалар және табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын бағалау және болжау;
Тармақша 2
2) жұқпалы аурулар эпидемиясына және адамдардың жаппай улануына, малдың iндетiне және өсiмдiк ауруларына жол бермеуге, аса қауiптi және тыйым салынған жұқпалы ауруларды кiргiзбеу мен таратпаудың алдын алуына бағытталған шешiмдердi жасау;
Тармақша 3
3) облыстық басқару органдарын, авариялық-құтқару қызметтерін үнемі дайындықта тұруын қамтамасыз ету; болуы мүмкін апаттар, катастрофалар және табиғи зілзала нәубетінің зардаптарын жою жөніндегі құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін, күш және құралдар топтарын құру жөнінен шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) шаруашылық нысандарын апаттан қорғауға, табиғи зiлзала нәубетiнiң алдын алуға, потенциалды қауiптi нысандарының сенiмдiлiгiн жоғарлатуға және төтенше жағдайларда облыстағы шаруашылық нысандарының жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық iс-шаралар жүйесiн өңдеу;
Тармақша 5
5) апат, катастрофа және табиғи зілзала нәубеті туындаған кезде қауіпті, олардан болуы мүмкін шығынды азайтуға, дайындық және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларға бағытталған шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) жұқпалы аурулар мен жаппай улануды алдын алу және жоюға бағытталған заңды тұлғалар мен азаматтардың әрекетiн әдiстемелiк басқару және үйлестiру;
Тармақша 7
7) облыс аумағында қауіпті аурулармен ауру туралы ақпаратты жинауды және талдауды ұйымдастыру, облыс әкіміне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қауіпті жұқпалы инфекциялар бойынша эпидемиялық, эпизоотиялық және эпифитотиялық жағдай туралы хабардар ету;
Тармақша 8
8) әрекет етушi шаруашылық механизмiне қауiпсiздiк сұрақтарын қосу, алдын алу iс-шараларын өткiзуге қаржы және материалдық-техникалық қорын түсу көзiн және пайдалану тәртiбiн, төтенше жағдайлардағы әрекеттерге арналған күш және құралдарды күту мен жабдықтауға шығындарды жабу, сонымен қатар апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң салдарынан болған зардаптарды және зардап шеккендерге көмек көрсетуге кеткен шығынды экономикалық органдар мен бiрлесiп анықтау;
Тармақша 9
9) төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның жеке құрамын, төтенше жағдайлардағы әрекетке дайындау, болуы мүмкiн апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын жоюға үнемi дайындықта болуын қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын жою кезiнде төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясына келесi мәселелерi жүктеледi:
Тармақша 1
1) қол астындағыларын және тартылатын органдардың, күш және құралдардың, төтенше жағдайларда олардың басшыларын әрекетке дайындыққа келтiру, төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шаралардың орындалуы, эпидемияға, эпизоотияға, эпифитотияға қарсы iс-шаралардың орындалу барысы туралы мезгiл-мезгiл тыңдау өткiзу;
Тармақша 2
2) жағдайды, оқиға масштабын, апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң шығын мөлшерiн және басқа да зардаптарын бағалау, сонымен қатар осы зардаптарды болжау;
Тармақша 3
3) апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетi, эпидемия салдарынан халықты қорғауды, оның төтенше жағдайларда тiршiлiгiн қамтамасыз ету, эпидемия және эпизоотияға қарсы iс-шараларының жүргiзiлуiне байланысты карантиндi шектеу шараларын енгiзу және ашу бойынша шұғыл шаралар қабылдау;
Тармақша 4
4) апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң ауданынан халықты көшiру және оларды қауiпсiз жерлерге орналастыру жөнiндегi iс-шараларды басқару;
Тармақша 5
5) апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетi кезiнде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) материалды - мәдениеттi бағалы заттарды, шаруашылық жануарларын, өсiмдiктердi құтқару, осы қорларға келтiрiлетiн шығынды, оқиғаның экологиялық зардаптарын азайту жөнiндегi жұмыстарды басқару;
Тармақша 7
7) апат, катастрофа және табиғи зілзала нәубетінің ауданында болу режимін орнату, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жалпы шараларды ұйымдастыру, ауру ошағынан тыс жерлерге адамдарды және жануарларды алып шығуға, жүктерді тасымалдауға қойылған шектеулерді сақтау және басқа карантиндік іс-шараларды орындау;
Тармақша 8
8) апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарға әскердi тарту барысында, әскери басшылар органдарымен бiрлескен әрекетiн жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) денсаулық сақтау және малдәрiгерлiк органдарының аса қауiптi жұқпалы аурулар ошағына жiберiлген арнайы медициналық, малдәрiгерлiк және фитосанитарлық құрылымдарының, аурулардың таралуына жол бермеу және олардың шығу салдарын жою үшiн шұғыл топтарының, сонымен қатар қауiптi жұқпалы аурулардың таралуын жою жөнiнде медициналық және малдәрiгерлiк-санитарлық халықты құлақтандыру үшiн бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану жөнiндегi iс-әрекетiн үйлестiру.
Тармақ 5
5. Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссияға берiлетiн құқық:
Тармақша 1
1) өзiнiң қызмет бабы бойынша, апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң салдарынан халықты қорғауды қамтамасыз ету, барлық облыс аумағында осылардан шығынды азайту және осы зардаптарды жою жөнiндегi шұғыл шаралар жүргiзуге шешiм қабылдайды;
Тармақша 2
2) адамдар, жануарлар және өсiмдiктер арасында жұқпалы аурулардың таралуын алдын алу мақсатында карантиндiк-шектеу шараларын енгiзу туралы шешiмдер қабылдайды;
Тармақша 3
3) комиссияның қызмет бабына қатысты сұрақтары бойынша меншiк түрiне қарамастан және ведомстволық тиiстiлiгiне қарай қалалар мен аудандардың, шаруашылық нысандарының, ұйымдардың басшыларын тыңдайды;
Тармақша 4
4) шаруашылық нысандарынан, ұйымдардан және мекемелерден комиссия қарауында жатқан сұрақтардың жұмыстар үшiн қажеттi материалдарды сұрау, адамдар, жануарлар және өсiмдiктердiң жұқпалы аурулармен ауру жағдайлары туралы ақпаратты алу, жұқпалы аурулардан және тамақтан уланудан сақтандыру жөнiндегi жұмыстардың жағдайына тексеру жүргiзедi;
Тармақша 5
5) қоршаған ортаға және адамдарға әр түрлi химиялық және радиациялық заттардан қауiпсiздiгiн және зиян келтiру сұрақтары бойынша, аса маңызды жобаларды сараптама (соның iшiнде алдын ала) жүргiзу үшiн, шаруашылық нысандарының жетекшi мамандарын тартады;
Тармақша 6
6) комиссиясының құзыретіне бабына кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялардың жұмысын бағыттау;
Тармақша 7
7) жұқпалы аурулардан сақтандыру жөнiндегi қабылданған шаралар, санитарлық-сақтандыру, эпидемияға, эпизоотияға және эпифитотияға қарсы iс-шаралардың орындалуы туралы құжаттарды сұрау және комиссия мәжiлiсiнде басшыларды тыңдайды;
Тармақша 8
8) апат, катастрофа және табиғи зілзала нәубетінің туындау қаупін, олардан болуы мүмкін шығынды төмендету және олардың зардаптарын жоюға дайындық мәселелері бойынша облыс аумағындағы меншік түріне және ведомстволық тиістілігіне қарамастан кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға ұсыныс енгізеді;
Тармақша 9
9) жұқпалы аурулардың эпидемиясына, эпифитотиясына және эпизоотиясына немесе адамдар арасында жаппай тамақтан улану жағдайына жол берген кінәлі лауазымды адамдарды, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы тиісті органдарға материалдар жібереді;
Тармақша 10
10) өмiрге және халықтың денсаулығы мен табиғи ортаға потенциалды қауiптi шаруашылық нысандарын мақсатты орналастыру туралы қорытындыны дайындау мен жасауда қатысады;
Тармақша 11
11) жергiлiктi сипаттағы апат, стихиялық және экологиялық апаттар туындаған кезде, керек жағдайда солардың зардаптарын жою жөнiнде нысандардағы комиссияның жұмысына қатысу үшiн, өздерiнiң өкiлдерiн және мамандарын жiберу, ал iрi көлемдi апат, катастрофа және экологиялық апаттарда солардың зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарды басқаруды тiкелей өзiне алады, осы кезде оған барлық толық орындау билiгi берiледi;
Тармақша 12
12) облыс аумағында орналасқан меншiк түрiне қарамастан және ведомстволық тиiстiлiгiне қарай барлық басқару органдарынан, кәсiпорындардан, мекемелерден және ұйымдардан апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiне байланысты ақпараттарды, сонымен қатар зардаптарын жою барысы туралы шұғыл ақпараттарды комиссияға ұсынуы талап етедi;
Тармақша 13
13) қауiп немесе апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң туындағаны туралы халыққа хабарлау үшiн уақтылы хабарлау және халықты қорғау мақсатында, шаруашылық нысандарында азаматтық қорғаныс күштерiнiң хабарлау құралдарын, радио мен хабарлау және теледидар, жол полициясының жылжымалы құралдарын пайдаланады;
Тармақша 14
14) қажет болған жағдайда жеке, маңызды функциялар немесе төтенше жағдайлар түрлері жөнінен комиссиялар құрады, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне ұсыныс жасайды.
Iрi көлемдi апаттар, катастрофалар және табиғи зiлзала нәубетi кезiнде төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi облыстық жүйедегi тиiстi шаруашылық нысандардың күш және құралдарын алдын ала келiсiмiнсiз жұмылдыру құқығы арқылы, олардың әсер етуiн төмендету және зардаптарын жою жөнiндегi жұмыстарды облыстық комиссия өзi тiкелей басқарады.
Облыстық жүйеге кiрмейтiн күш және құралдарды жұмылдыру, қарамағында күш және құралдарды бар тиiстi мекемелермен келiсiм бойынша жұмылдырылады;
Облыстық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссия, iздеу-құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын басқаруды, сонымен қатар ведомстволық аумақтағы апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетi кезiнде, облыстағы бар барлық күш және құралдарды арнайы бiр мақсат үшiн жұмылдыру құқығы арқылы, зардап шеккен халыққа көмек көрсетудi ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның қызметi - апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң туындау қаупiн болдырмау, олардан шығынды азайту және олардың зардаптарын жоюға дайындықта тұру жөнiнде, жұқпалы аурулардың таралуын сақтандыру және туындауын алдын алу бойынша iс-шаралар көрсетiлген берiлген комиссияның жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның жұмыс жоспары комиссия төрағасымен бекiтiледi.
Тармақ 7
7. Облыстық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссия өздерiнiң мәжiлiсiн үнемi төраға бекiткен жылдық жоспарына сәйкес, сонымен қатар эпидемиялық, эпизоотиялық және эпифитотиялық жағдайларда кезексiз мәжiлiсiн өткiзедi. Комиссия мүшелерi мәжiлiске қатысады, ал комиссия мүшесi белгiлi себептермен қатыса алмаған жағдайда жұмыста мiндетiн атқарушы немесе оның орынбасары қатысады. Қалалар мен аудандардағы төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссия төрағалары, олардың қызметтерiне жататын сұрақтар қаралу кезiнде, олардың мүшелерi қатарында комиссия мәжiлiсiне қатысады.
Шешiм комиссия төрағасымен немесе оның орынбасарымен қабылданады және орындаушыларға тиiстi нұсқау және тапсырма түрiнде жеткiзiледi.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағасы, комиссияға жүктелген тапсырмалар мен мiндеттердi орындауда жеке жауапкершiлiкте болады, комиссия мүшелерi арасында мiндеттерiн бөледi және комиссия аппаратының жұмысын ұйымдастырады.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссия төрағасына төтенше жағдайлардағы әрекеттердi тiкелей басқаруды жүзеге асыру кезiнде, берiлетiн құқық:
Тармақша 1
1) төтенше жағдайларды алдын алу немесе жою үшiн олардың бағыныштылығына қарамастан кез-келген көлiк, құтқару, қалпына келтiру, медициналық және басқа да күш пен құралдарды жұмылдырады;
Тармақша 2
2) осы мақсатта, барлық қажеттi материалдық техникалық, медициналық, азық-түлiк және басқа да ресурстар мен қорларды қолданады;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлар аймағында шаруашылық нысандарының, ұйымдар мен мекемелердiң жұмысын тоқтатуға дейiн (облыс әкiмiнiң келiсiмi бойынша) қатаң жұмыс тәртiбiн орнатады, азаматтық халықтың iс әрекетi және тұру тиiстi тәртiбiн енгiзедi.
Тармақ 9
9. Апат, катастрофа немесе табиғи зiлзала нәубетi туындаған кезден бастап, төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссия қатаң жұмыс тәртiбiне өтедi, нақты жұмыс тәртiбiн оқиғаның сипатына және көлемiне қарай комиссия төрағасы орнатады.
Төтенше жағдайлар кезiнде комиссияның орналасу жерi жұмыстың жүргiзiлу жерiнде нәтижелi басқару қажеттiлiгiне байланысты анықталады, олар мобильдi шұғыл топтарының көмегiмен жүзеге асырылады.
Шұғыл жағдайларда, жаттығу және оқу-жаттығу өткiзу кезiнде орталықтандырылған шақыру жүйесi және қалааралық сымтетiк станциясы бойынша комиссия мүшелерiнiң жиналуы хабарланады.
Тармақ 10
10. Апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын жою жұмыстарын жүргiзу үшiн төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссия төмендегi құрылымдарды жұмылдыра алады:
Тармақша 1
1) авариялық-құтқару қызметтерiнiң құрылымдары, соның iшiнде қалалар мен аудандардың (тиiстi азаматтық қорғаныс басшыларының өкiмi бойынша);
Тармақша 2
2) азаматтық қорғанысының штаттық мамандандырылған құрылымы (тиiстi кәсiпорындар мен мекеме басшыларының өкiмi бойынша);
Тармақша 3
3) барлық меншiк түрiндегi кәсiпорындар мен мекеме жұмысшылар және қызметкерлерi (тиiстi басшыларының өкiмi бойынша).
Тармақ 11
11. Керек жағдайда, апат, катастрофа және табиғи зiлзала нәубетiнiң зардаптарын жоюға қатысатын кәсiпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде, жалпы төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның басшылығымен жұмыс iстейтiн шұғыл топтары құрылады.
Тармақ 12
12. Облыстық төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құзырына төмендегiлер кiредi:
- төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi алдын алу шараларын және ескерiлмеген жұмыстарын жүзеге асыру үшiн тиiстi жоспарланған кезеңге облыстың экономикалық және әлеуметтiк дамуына қаралған арнайы қаржы және материалдық-техникалық резервi.
Комиссия бөлген қаржыны жұмсау және резервтi пайдалану, комиссия төрағасының ұсынуымен және арнайы жергiлiктi атқару органының шешiмiмен пайдаланылады.
Төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөнiндегi комиссияның құрылуы, меншiк түрiне қарамастан, шаруашылық нысандарынан, ұйымдар мен мекемелерден, төтенше жағдайлардағы әрекетке дайындығы және олардың зардаптарын жоюдағы жауапкершiлiгi алынбайды.