Об утверждении Правил цифровой трансформации государственного управления Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » _______ № қаулысымен бекітілген Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 43-3-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қағидалар мемлекеттік органдардың және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау процесіне өзге де қатысушылардың қызметін қамтиды.
Тармақ 3
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) цифрлық трансформация – цифрлық технологияларды енгізуді, реинжинирингті және деректерді пайдалануды қамтитын іс-шаралар кешені;
Тармақша 2
2) цифрлық трансформациялаудың жол картасы – қаржыландыру көздері мен көлемі туралы ақпаратты қоса алғанда, мемлекеттік орган жоспарлы кезеңде цифрлық трансформациялау арқылы қол жеткізуді жоспарлаған саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын және мемлекеттік басқару жүйесінің нәтижелілігі мен тиімділігінің оларға сәйкес келетін тиісті көрсеткіштерін (олардың мәндерін қоса алғанда) айқындайтын құжат;
Тармақша 3
3) цифрлық трансформациялау іс-шараларының жоспары – цифрлық трансформациялаудың жол картасының ажырамас бөлігі болып табылатын және саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарының әрқайсысын кезең-кезеңімен іске асыруды айқындайтын, оны іске асыру мерзімдері мен оған жауапты тұлғалар көрсетілген құжат;
Тармақша 4
4) реинжиниринг – ұйым қызметінің тиімділігін, сапасын және нәтижелілігін арттыру мақсатында ағымдағы жұмыс процесін түрлендіру;
Тармақша 5
5) деректерді басқару – деректерді анықтаумен, жасаумен, жинаумен, жинақтаумен, сақтаумен, таратумен, жоюмен, қолдаумен, сондай-ақ олардың талдамасын, сапасын, қолжетімділігін, қорғалуын қамтамасыз етумен байланысты процесс;
Тармақша 6
6) бизнес-процесс – белгілі бір оқиғаның басталуы түрткі болатын, әрбір іс-әрекетке бекітілген бизнес-рөлдерді орындаушылар жүзеге асыратын, өзара байланысты әрекеттердің дәйектілігі, ол өзіне тән логикаға сәйкес нысаналы ортада алдын ала белгілі жиынтықтан нәтиже алуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) бизнес-рөл – белгілі бір әрекеттерді орындау үшін орындаушыларға жүктелетін міндеттердің, өкілеттіктердің және жауапкершіліктердің жиынтығы;
Тармақша 8
8) бизнес-процестердің иесі – реинжинирингті жүзеге асыруға жауапты болып табылатын мемлекеттік орган;
Тармақша 9
9) мемлекеттік органдарда бизнес-процестерінің реинжинирингін жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – әдістеме) – уәкілетті орган бекіткен және мемлекеттік органның бизнес-процестерінің ағымдағы нұсқаларын талдау және сипаттау, бизнес-процестердің нысаналы нұсқаларын қалыптастыру, сондай-ақ бизнес-процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу рәсімдерін сипаттайтын құжат;
Тармақша 10
10) процестің ағымдағы нұсқасы («қандай күйде» нұсқасы) – талдау жүргізілген кезде қолда бар, бизнес-процесті орындаудың объективті түрде қадағаланатын және бекітілетін нұсқасы;
Тармақша 11
11) процестің нысаналы нұсқасы («қандай болады» нұсқасы) – бизнес-процестің іске асыру үшін таңдалған нұсқасы, ол үшін реинжиниринг шеңберінде ағымдағы нұсқадан өту тәсілдері мен әдістері әзірленетін болады;
Тармақша 12
12) процестің оңтайлы нұсқасы («қандай болуға тиіс» нұсқасы) – қолданылатын тиімділік көрсеткіштерінің жүйесі тұрғысынан бизнес-процестің реинжиниринг мақсаттарына қол жеткізу үшін ең жақсы нұсқасы. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тармақ 4
4. Цифрлық трансформациялау шеңберінде мынадай қағидаларды басшылыққа алу қажет:
Тармақша 1
1) мәннің нысаннан басымдығы – нәтижеге қол жеткізу бойынша жұмыс нысанынан нақты және өлшенетін нәтиженің басым болуы;
Тармақша 2
2) бастапқы бойынша цифрландыру – мемлекеттік органдардың азаматтармен, бизнеспен және бір-бірімен цифрлық форматта жан-жақты өзара іс-қимыл жасауының басымдығы;
Тармақша 3
3) басқарушылық жауапкершілік – нақты басшының құзыреті аясына кіретін шешімдерді қабылдау және мәселелерді келісуді жоғары тұрған деңгейге және алқалы органдарға беруге жол берілмейтіні;
Тармақша 4
4) үздіксіз жетілдіру – мемлекеттік аппараттың бюрократияны қысқартуға, жүйелі реинжинирингке және ішкі рәсімдер мен процестерді оңтайландыруға ынталандыратын ұйымдастырушылық мәдениетін қалыптастыру және қолдау;
Тармақша 5
5) регламенттеудің оңтайлылығы – мемлекеттік органдардың қызметтерін регламенттеудің оңтайлы қажетті деңгейін белгілеу, жеткілікті түрде негізделмеген жаңа бюрократиялық талаптарды, есептілік пен бақылау түрлерін енгізуге жол бермеу.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың мақсаттары:
Тармақша 1
1) инфрақұрылымды жаңғырту және «электрондық үкімет» архитектурасының негізінде платформалық шешімдерге көшу есебінен цифрлық мемлекет құру;
Тармақша 2
2) процестер санын қысқарту есебінен азаматтармен және басқа да мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл арналарын жетілдіру;
Тармақша 3
3) мемлекеттік басқарудың алгоритмдік реттеу жүйелеріне көшу;
Тармақша 4
4) деректер негізінде шешім қабылдаудың жаңа сапасы мен мәдениеті;
Тармақша 5
5) көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа барынша көшіру;
Тармақша 6
6) тарихи деректерді толық цифрландыру және қағаз құжаттарды жоққа шығару;
Тармақша 7
7) жеке және заңды тұлғалардан «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінде бар деректерді сұратуға толық тыйым салу қағидаттарын іске асыру болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың функционалдық құрылымы
2-тарау. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың функционалдық құрылымы
Тармақ 6
6. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың функционалдық құрылымына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды іске асыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия);
Тармақша 2
2) Цифрлық үкімет офисі (бұдан әрі – офис);
Тармақша 3
3) уәкілетті орган;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдар.
Тармақ 7
7. Комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасында цифрландыру және инновациялық технологиялар мәселелеріне қатысты ұсыныстар әзірлеу, мониторинг жүргізу және оларды іске асыру болып табылады. Комиссияның жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген оның ережесінде айқындалады.
Тармақ 8
8. Офис өз функцияларын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен бекітілген ережеге, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган офистің жұмыс органы болып табылады және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, сондай-ақ:
Тармақша 1
1) цифрлық трансформациялау стратегиясының жобаларын қарайды және оларды келісу туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) цифрлық трансформациялау жол картасының іске асырылуына, оның ішінде оны жүргізу қорытындылары бойынша мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) мониторинг жүргізу қорытындысы бойынша қажетіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей офистің отырысына цифрлық трансформациялаудың іске асырылу барысы және офистің шешімін талап ететін мәселелер туралы ақпарат енгізеді;
Тармақша 4
4) цифрлық үкіметті қолдау орталығын тарта отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын олардың цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың цифрлық трансформациялау іс-шараларының жоспарын іске асыру нәтижелерін бағалауды ұйымдастырады.
Тармақ 10
10. Уәкілетті органның жанында:
Тармақша 1
1) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауды ұйымдастырушылық және әдіснамалық сүйемелдеу функциялары жүктелген цифрлық үкіметті қолдау орталығы (бұдан әрі – орталық).
Тармақша 2
2) «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, деректерді талдау, цифрлық мемлекетке көшуді ескере отырып, «электрондық үкімет» архитектурасын құру жүктелген «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторы (бұдан әрі – сервистік интегратор);
Тармақша 3
3) «электрондық үкіметтің» өзіне бекітілген ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қызметін қамтамасыз ету, оның ішінде деректерді талдау және пайдалану үшін «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдамалық жүйесінің қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттандыру объектілері арасында ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жүктелген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) жұмыс істейді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар басшыларының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары қатарынан цифрлық трансформациялаудың жол карталарын әзірлеуге және іске асыруға жауапты тұлғаларды айқындайды;
Тармақша 2
2) бірінші басшының бұйрығымен мемлекеттік орган жанынан цифрлық трансформациялау офисін құрады, сондай-ақ оның құрамы мен ережесін бекітеді;
Тармақша 3
3) осы Қағидаларға сәйкес цифрлық трансформациялаудың жол карталарын әзірлеуді, келісуді, бекітуді және іске асыруды жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) цифрлық трансформациялаудың жол карталарының жобаларын уәкілетті органға келісуге жібереді;
Тармақша 5
5) міндеттерді бөлу туралы бұйрықтарға сәйкес жетекшілік ететін саладағы деректерді басқаруға стратегиялық бағыттарға және деректерді басқару саясатын айқындауға жауапты бас офицердің функцияларын мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына жүктейді;
Тармақша 6
6) реинжинирингті жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдағы құрылымдық бөлімшелер, ведомстволық бағынысты ұйымдар арасында функциялар мен өкілеттіктерді бөледі;
Тармақша 8
8) бизнес-процестердің электрондық тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, деректерді басқару, «электрондық үкімет» архитектурасын дамыту, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту, пайдалану, сатып алу, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер саласындағы ұйымдастырушылық, техникалық, құқықтық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік орган басшысының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары:
Тармақша 1
1) цифрлық трансформациялаудың жол картасын әзірлейді, басқарады және олардың іске асырылуын, оның ішінде цифрлық трансформациялау іс-шараларын іске асыруды еңбек, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
Тармақша 2
2) цифрлық трансформациялаудың жол картасын жалпы іске асырудың тұтастығы мен кешенділігін, оның мақсаттарына және тиімділігі мен нәтижелілігі көрсеткіштерінің мәндеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) цифрлық трансформациялаудың міндеттерін, оның ішінде бизнес-процестерді қамтамасыз ету үшін қызмет процестерін оңтайландыруға бастама жасайды және цифрлық трансформациялау жол картасының нысаналы индикаторлары мен олардың тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуге әсер ететін бизнес-процестердің реинжинирингі жөніндегі қызметті басқарады;
Тармақша 4
4) цифрлық трансформация офисін жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органды цифрлық трансформациялау офисі:
Тармақша 1
1) цифрлық трансформациялаудың жол картасын кешенді басқаруды, сондай-ақ осы үшін қажетті құжаттар мен шешімдер жобаларын дайындауды қоса алғанда, цифрлық трансформациялаудың жол картасын іске асыру бойынша жедел қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) ақпараттық және әдіснамалық қолдауды, мемлекеттік органда құрылымдық бөлімшелерді, ведомстволық бағынысты ұйымдарды оқытуды, оларды цифрлық трансформация, цифрлық трансформациялаудың жол картасы қозғайтын бизнес-процестерді реинжиниринг барысында үйлестіруді және кейіннен нормативтік құқықтық актілердің қажетті жобаларын әзірлеуді, автоматтандыруды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) цифрлық трансформациялау іс-шараларының жоспарына сәйкес цифрлық трансформациялау жол картасының іске асырылу барысын бақылауды, сондай-ақ цифрлық трансформациялау жол картасының іске асырылуын мониторингтеу мен бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті есептік материалдар мен құжаттарды дайындауды жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттік орган басшысының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының мемлекеттік органды цифрлық трансформациялау офисімен, құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен өзара іс-қимыл регламентін мемлекеттік органдар дербес айқындайды.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау құрылымына кіретін органдар берілген өкілеттіктер шегінде әрекет етеді. Бұл ретте олардың өзара іс-қимылы шеңберінде мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау құрылымына кіретін төмен тұрған органдардан жоғары тұрған органдарға шешімдер қабылдау сатысының сақталуы қамтамасыз етіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Саланы цифрлық трансформациялаудың жол картасын әзірлеу, келісу және бекіту
3-тарау. Саланы цифрлық трансформациялаудың жол картасын әзірлеу, келісу және бекіту
Тармақ 16
16. Осы Қағидалар ресми жарияланған сәттен бастап 3 (үш) ай ішінде мемлекеттік органдар цифрлық трансформациялаудың үш жылдық кезеңге арналған жол карталарының жобаларын әзірлейді.
Тармақ 17
17. Цифрлық трансформациялаудың жол картасын әзірлеген кезде оны әзірлеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) цифрлық трансформациялау жол картасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының мақсаттарымен және міндеттерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті салаларда іске асырылатын тапсырмаларымен, көрсетілген құжаттарда белгіленген нысаналы көрсеткіштердің (индикаторлардың) мәндерімен және іске асырылу мерзімдерімен, сондай-ақ «электрондық үкімет» архитектурасымен өзара байланысын;
Тармақша 2
2) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарының және олардың қол жеткізілуі мен іске асырылуы бюджет немесе бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етілген, сондай-ақ қол жеткізілуі мен іске асырылуы қосымша қаржыландыруды талап ететін нысаналы индикаторларының, цифрлық трансформация нәтижелілігінің көрсеткіштері мен олардың мәндерінің бөлек көрсетілуін;
Тармақша 3
3) цифрлық трансформациялау іс-шараларының жоспарларын әзірлеуді;
Тармақша 4
4) деректерді басқару талаптарына сәйкес деректерді басқаруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттары және олардың нысаналы индикаторлары, цифрлық трансформациялаудың нәтижелілік көрсеткіштері мен олардың мәндері олардың орындылығы, негізділігі және тиімділігі ескеріле отырып қалыптастырылады. Цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттары мен олардың санын мемлекеттік органдар маңызды, нақты, уақыты дәл белгіленген, өлшенетін және қол жеткізуге болатын нысаналы индикаторлар бойынша айқындайды.
Тармақ 19
19. Мемлекеттік органдарды цифрлық трансформациялау нәтижелілігінің көрсеткіштері мынадай өлшемшарттардың өлшенуін көздейді:
Тармақша 1
1) азаматтардың мемлекеттік, оның ішінде цифрлық көрсетілетін қызметтерге қанағаттануын арттыру және мемлекетпен өзара іс-қимыл кезінде бизнес шығындарын азайту;
Тармақша 2
2) мемлекеттік басқарудың, экономика және әлеуметтік салалардың шығындарын төмендету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттыру;
Тармақша 4
4) цифрлық трансформация есебінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету;
Тармақша 5
5) ақпараттандыру объектілерінің сенімділік пен қауіпсіздік деңгейін арттыру, цифрлық егемендік.
Тармақ 20
20. Цифрлық трансформациялау жобаларын іске асырудың ықтимал тәуекелдерін төмендету, бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін қамтамасыз ету үшін цифрлық трансформациялаудың жол картасына қажетті, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік басқару салаларындағы пилоттық жобаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда енгізіледі. Цифрлық трансформациялаудың жол картасына цифрлық трансформациялаудың жол картасының іс-шараларын қосымша сипаттау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтер, деректер тізбесі, цифрлық трансформацияның нәтижелілігі көрсеткіштерінің қолжетімділігі мен цифрлық трансформациялау жол картасының тиісті іс-шараларын іске асыру қажеттігінің негіздемесі, цифрлық трансформациялаудың жол картасын әзірлеу кезінде пайдаланылған Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының тізбесі, цифрлық трансформациялаудың жол картасын іске асырудың ықтимал тәуекелдері мен тәуекелдерді басқару сипаттамасы да қоса беріледі.
Тармақ 21
21. Мемлекеттік органдар цифрлық трансформациялаудың міндеттерін шешу және индикаторлар мақсаттарына қол жеткізу кезінде ұйымдастырушылық бірлікті қамтамасыз ету мақсатында өздеріне ведомстволық бағынысты ұйымдарды, сондай-ақ бизнес-процестері цифрлық трансформациялаудың міндеттерін қозғайтын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін цифрлық трансформациялау міндеттері мен нысаналы индикаторларын ескере отырып, цифрлық трансформациялаудың жол картасын әзірлейді.
Тармақ 22
22. Цифрлық трансформациялаудың жол картасын іске асыруға кезекті қаржы жылына және жоспарлы кезеңге арналған бюджет қаражатын жоспарлауды мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 23
23. Цифрлық трансформациялаудың жол карталарының жобалары мемлекеттік органдар бекіткенге дейін офис басшысымен міндетті түрде келісіледі.
Тармақ 24
24. Офистің жұмыс органы цифрлық трансформациялаудың жол картасының жобасы келісуге келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оның осы Қағидаларға сәйкестігі, сондай-ақ мемлекеттік орган мәлімдеген цифрлық трансформациялау нәтижелілігі көрсеткіштері мәндерінің қолжетімділігі тұрғысынан қарауды жүзеге асырады. Офистің жұмыс органы цифрлық трансформациялаудың жол картасы жобасын қарау үшін орталықты тартады. Цифрлық трансформациялаудың жол картасының жобасын қарау нәтижесі офис басшысының цифрлық трансформациялаудың жол картасының жобасын келісу не пысықтау қажеттігі туралы шешімі негізінде ресімделеді. Мемлекеттік орган цифрлық трансформациялаудың жол картасын келісу туралы шешім алған жағдайда жол картасын цифрлық трансформациялаудың жол картасының жобасын әзірлеуді жүзеге асырған мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік органдар цифрлық трансформациялаудың жол карталары бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оны «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында, ресми интернет-ресурста, сондай-ақ жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырады.
Тарау 4. 4-тарау. Саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың жол карталарын іске асыру
4-тарау. Саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың жол карталарын іске асыру
Тармақ 1. 1-параграф. Саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру
1-параграф. Саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру
Тармақ 26
26. Цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарының мақсаттарына қол жеткізу мемлекеттік орган басшысының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
Тармақ 27
27. Цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру цифрлық трансформация іс-шараларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерін қозғайтын цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру осы тараудың 2-параграфына сәйкес әзірленген цифрлық трансформация іс-шараларының жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 29
29. Егер цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, оның ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеген жағдайда мұндай нормативтік құқықтық актілердің жобаларын уәкілетті орган орталықты тарта отырып, оларды цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Тармақ 30
30. Цифрлық трансформация іс-шаралары жоспарларының іске асырылу барысы жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.
Тармақ 31
31. Цифрлық трансформациялау жол карталары іс-шараларының іске асырылуына ішкі мониторингті мемлекеттік орган басшысының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары немесе ол уәкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Цифрлық трансформациялау жол карталары, оның ішінде іс-шаралар жоспарлары іс-шараларының іске асырылуын сыртқы мониторингін уәкілетті орган іс-шаралардың орындалуын қадағалау, олардың іске асырылу барысын, мерзімдерін, сапасын, мемлекеттік орган басшысының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары қызметінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізілуін бағалау мақсатында орталықты тарта отырып жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша не ол белгілеген кезеңділікте орталық цифрлық трансформациялау жол картасын не оның жекелеген стратегиялық бағыттарының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады.
Тармақ 34
34. Уәкілетті орган цифрлық трансформациялау жол картасының іске асырылуын бағалау нәтижелерін офистің қарауына жарты жылда бір реттен сиретпей шығарады.
Тармақ 35
35. Цифрлық трансформациялаудың жол картасының іске асырылуын бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау кезінде ескеріледі.
Тармақ 2. 2-параграф. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингін талап ететін саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру тәртібі
2-параграф. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің реинжинирингін талап ететін саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру тәртібі
Тармақ 36
36. Реинжиниринг бекітілген әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің ағымдағы нұсқасының сипаттамасы;
Тармақша 2
2) бизнес-процестердің нысаналы нұсқасын қалыптастыру.
Тармақ 37
37. Цифрлық трансформациялаудың жол картасы бекітілгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде бизнес-процестердің иесі мемлекеттік органның бизнес-процестерінің реинжинирингі бойынша қойылған міндеттерді және туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін жобалау командасын қалыптастырады. Жобалау командасын қалыптастыруды мемлекеттік орган – бизнес-процестердің иесі жүзеге асырады.
Тармақ 38
38. Реинжинирингтің жобалық командасына мыналар кіреді:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардың бизнес-процестер иесінің өкілдері: жобалау командасының жетекшісі – тиісті салада қажетті біліктілік деңгейі бар уәкілетті тұлға; бизнес-процестерді жүзеге асыруға, сондай-ақ бизнес-процестің әдіснамасы мен басшылығын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері; тиісті аяларда (салаларда) сараптамалық білімі бар мемлекеттік органның қызметкерлері;
Тармақша 2
2) орталық өкілдері: «электрондық үкіметтің» ағымдағы және нысаналы архитектурасына, оның ішінде деректерге, ақпараттандыру объектілеріне талдауды жүзеге асыратын IT-архитектор; ұсынылған деректер негізінде зерттеушілік бизнес-талдауды жүзеге асыратын бизнес-талдаушы (IT-талдаушы). Жобалау командасы қалыптастырылғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде бизнес-процестердің иесі – мемлекеттік орган мүдделі ұйымдарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту мақсатында бизнес-процестердің жоспарланған қаралуы жөніндегі ақпаратты «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында, ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 39
39. Жобалау командасы қалыптастырылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол әдістемеге сәйкес бизнес-процестердің нысаналы нұсқасын тұжырымдауға бағытталған іс-шаралардың график-жоспарын әзірлейді. График-жоспарда әр кезеңнің мерзімдері, аяқталу нысаны көрсетіледі және оны цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін мемлекеттік орган басшысының орынбасары бекітеді. Реинжинирингті жүргізу кезеңдері график-жоспарда белгіленген мерзімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 40
40. Мемлекеттік орган басшысының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары бекіткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде график-жоспарды бизнес-процесс иесінің өкілі жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Тармақ 41
41. Бекітілген график-жоспарға сәйкес жобалау командасының мүшелері бизнес-процестердің ағымдағы нұсқасын сипаттауды жүзеге асырады.
Тармақ 42
42. Бизнес-процестердің ағымдағы нұсқасының сипаттамасы мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) нормативтік құқықтық актілерді, стратегиялық жоспарлау құжаттарын, сондай-ақ бизнес-процестерді регламенттейтін және қозғайтын құжаттарды анықтау;
Тармақша 2
2) түйісу нүктелерін көрсете отырып, бизнес-процестердің барлық мүдделі қатысушыларын анықтау;
Тармақша 3
3) деректерді басқару талаптарына сәйкес бизнес-процестің әр кезеңіндегі деректер түрлерін сипаттау;
Тармақша 4
4) бизнес-процестердің ағымдағы нұсқасының проблемаларын анықтау;
Тармақша 5
5) мүдделі тұлғалармен сұхбат және клиент жолының картасын дайындау;
Тармақша 6
6) бизнес-процестердің ағымдағы нұсқасын сипаттау.
Тармақ 43
43. Бизнес-процестердің ағымдағы нұсқасын сипаттау кезеңінің нәтижелері негізінде жобалау командасы бизнес-процестердің нысаналы нұсқасын қалыптастыруды жүзеге асырады.
Тармақ 44
44. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің нысаналы нұсқасын қалыптастыру мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) бизнес-процестердің нысаналы және оңтайлы нұсқасының сипаттамасы;
Тармақша 2
2) ұсынылатын шешімдердің орындылығын негіздеу (ресурстық, қаржылық, шешім қабылдау матрицасы және т. б.);
Тармақша 3
3) цифрлық трансформациялау іс-шараларының, оның ішінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі іс-шараларды қамтитын жол карталарын әзірлеу.
Тармақ 45
45. Жобалау командасының жетекшісі бизнес-процестердің нысаналы нұсқасын мемлекеттік орган басшысының цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен вице-министрден төмен емес деңгейде келіседі. Мемлекеттік орган бизнес-процестердің нысаналы нұсқасын бекітуді офис басшысымен келіскеннен кейін жүзеге асырады. Бизнес-процестердің нысаналы нұсқасы бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдар оны «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында және өзінің интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 46
46. Мемлекеттік органдардың бизнес-процестерінің нысаналы нұсқасын іске асыру процесін цифрлық трансформациялау іс-шараларының жоспарына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдар (бизнес-процестердің иелері) жүзеге асырады.
Тармақ 47
47. Жүргізілген реинжиниринг ескеріле отырып, цифрлық трансформациялау іс-шараларының жоспарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкес көрсету (бұдан әрі – қызметті автоматтандыру) жүзеге асырылады. Егер «электрондық үкіметтің» архитектурасында қызметті көрсетілген автоматтандыру көзделмеген жағдайда сервистік интегратор оны өзектілендіруді және дамытуды «электрондық үкіметтің» архитектурасын қалыптастыру және іске асырылуын мониторингтеу қағидаларына, «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді. Сервистік интегратор бизнес-процестердің нысаналы нұсқасына сәйкес келетін «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін сенімді бағдарламалық қамтылым мен электрондық өнеркәсіп өнімдерінің тізіліміне алдын ала енгізу мақсатында әлеуетті өнім берушілерді жоспарланып отырған автоматтандыру туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді. Қызметті автоматтандыру «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жолымен немесе уәкілетті орган бекіткен «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» архитектурасына сәйкес ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы жүзеге асырылады. Қызметті автоматтандыру «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құру мен дамытудың басымдығын қамтамасыз етуді және құру мен дамытуды оператор жүзеге асыратын «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсетуді ескере отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Цифрлық трансформациялау іс-шараларының жоспарларына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жобалары цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
Тармақ 3. 3-параграф. Саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыруда деректерді пайдалану
3-параграф. Саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыруда деректерді пайдалану
Тармақ 49
49. Мемлекеттік органдардың және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау процесіне өзге де қатысушылардың деректерді пайдалануы деректерді басқару саласындағы уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 50
50. Саланы (аяны) цифрлық трансформациялаудың стратегиялық бағыттарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдар және мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау процесіне өзге де қатысушылар деректерді қолдануды және қайта пайдалануды (оның ішінде қажетті өзгерістерді ескере отырып), сондай-ақ түпкілікті пайдаланушылардың қажеттіліктеріне қарай деректерді жасаудың және пайдаланудың жаңа тәсілдерін қамтамасыз етеді, бұл ретте деректерді қайта жинауға жол берілмейді.
Тарау 5. 5-тарау. Мемлекеттік органды цифрлық трансформациялаудың жол карталарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
5-тарау. Мемлекеттік органды цифрлық трансформациялаудың жол карталарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Тармақ 51
51. Мемлекеттік органдарды цифрлық трансформациялаудың жол картасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) есепті кезеңде мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау құрылымына кіретін органдардың біреуінің қарауының және бағалауының нәтижелері бойынша;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органды цифрлық трансформациялаудың жол картасы шеңберінде пилоттық жобаларды жүзеге асыру қорытындылары бойынша;
Тармақша 3
3) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына өзгерістер енгізілуіне байланысты;
Тармақша 4
4) ағымдағы қызметтегі елеулі өзгерістер (қайта ұйымдастыру және т. б.);
Тармақша 5
5) тиісті мемлекеттік органның құзыретінен тыс мән-жайларға байланысты өзгерістер енгізу үшін нормативтік құқықтық актілерде көзделген негіздер туындаған кезде;
Тармақша 6
6) осы Қағидаларда көзделмеген жағдайларда – алдыңғы бекітілгенінен кейін 6 (алты) ай ішінде бір реттен асырмай.
Тармақ 52
52. Осы Қағидаларға сәйкес бекітілген цифрлық трансформациялаудың жол картасына өзгерістер енгізу оны әзірлеу, келісу және бекіту тәртібіне ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады. ________________________________