Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедектігі бар адамдар үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде 2023 жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қарашадағы
№294 қаулысына қосымша
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№
Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері
(%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
215
3%
6
2
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Темір жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
160
3%
4
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
131
3%
3
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Мыңшұңқыр жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
102
3%
3