О нормативе отчисления и распределения части чистого дохода на местный бюджет районных государственных предприятий Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативі туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР Заңының 140 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 31,37-баптарына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Сауран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасын нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ораластыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Қаулының орындалуын бақылау Сауран ауданы әкімінің орынбасары Е. Жанғазиевке жүктелсін.
Басқа 7. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативтері
Сауран әкімдігінің
__ _______2022 жылғы
№______ қаулысына
Қосымша
Аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару және бөлу нормативтері
Тармақ 1
1. Аудандық мемлекеттік кәсіпорындар үшін - таза кірісітің 45 пайызы мөлшерінде.
Тармақ 2
2. Коммуналық мемлекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бөлігі ксіпорынның дамуына жұмсалады.