Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил представления производителями (импортерами), имеющие собственную систему сбора, транспортировки, подготовки к повторному использованию, сортировки, обработки, переработки, обезвреживания и (или) утилизации отходов, в качестве подтверждения исполнения обязательств по расширенным обязательствам производителей (импортеров) в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды документов, подтверждающих сбор, транспортировку, подготовку к повторному использованию, сортировку

Бұйрық · № 690 · қабылданған 09.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173607/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Правил представления производителями (импортерами), имеющие собственную систему сбора, транспортировки, подготовки к повторному использованию, сортировки, обработки, переработки, обезвреживания и (или) утилизации отходов, в качестве подтверждения исполнения обязательств по расширенным обязательствам производителей (импортеров) в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды документов, подтверждающих сбор, транспортировку, подготовку к повторному использованию, сортировку Қолданыста Бұйрық ·№ 690 ·09.11.2022
09.06.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил представления производителями (импортерами), имеющие собственную систему сбора, транспортировки, подготовки к повторному использованию, сортировки, обработки, переработки, обезвреживания и (или) утилизации отходов, в качестве подтверждения исполнения обязательств по расширенным обязательствам производителей (импортеров) в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды документов, подтверждающих сбор, транспортировку, подготовку к повторному использованию, сортировку

Қолданыста Бұйрық ·№ 690 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил представления производителями (импортерами), имеющие собственную систему сбора, транспортировки, подготовки к повторному использованию, сортировки, обработки, переработки, обезвреживания и (или) утилизации отходов, в качестве подтверждения исполнения обязательств по расширенным обязательствам производителей (импортеров) в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды документов, подтверждающих сбор, транспортировку, подготовку к повторному использованию, сортировку
Атауы (қаз.)
Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
690
Қабылданған күні
09.11.2022
Көрсетілген редакция
09.06.2025 173607_762497.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030485
ЭКБ идентификаторы
173607
Редакция идентификаторы
173607_762497
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:07

0 Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау

саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 392-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары бекітілсін.

2

2. «Қалдықтарды жинаудың, қайта өңдеудің және кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторына өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды растайтын құжаттарды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 бұйрықтың (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12580 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі

0 Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар
министрінің 2022 жылғы
9 қарашадағы № 690
бұйрығымен бекітілген
Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 392-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесі бар өндірушілер (импорттаушылар) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері жөніндегі міндеттемелердің орындалғанын растау ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды ұсыну тәртібін айқындайды.
Кодекстің 386-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген өндірушілер мен импорттаушылар өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін тек келесі тәсілдердің бірімен ғана орындайды:

1 1) қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесін қолдану;

2

2) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторымен қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт жасасу, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін іске асыру қағидаларына сәйкес өтінім беру және өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының банктік шотына кәдеге жарату төлемі түрінде ақша енгізу.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2

2) меншікті жүйе – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттерін жоғалтқаннан кейін түзілген қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру жолымен іске асыру тәсілі;

3 3) өндірушілер (импорттаушылар) – Кодекстің 386-бабының 1-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;

4

4) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды қамтамасыз ету бойынша өндірушілердің (импорттаушылардың) міндеттемелері;

5 5) өтініш беруші – осы Қағидаларда көзделген тәртіппен уәкілетті органға меншікті жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын растау туралы құжаттар қоса берілген өтінімді жіберген өндіруші (импорттаушы);

6

6) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы (бұдан әрі – Оператор) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыру мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған мемлекеттік кәсіпорын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

7 7) технологиялық регламент – қалдықтарды қайта өңдеу және (немесе) кәдеге жарату процесін, сондай-ақ қайта пайдалануға, сұрыптауға, өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға дайындық бойынша жүзеге асырылатын процестерді сипаттайтын кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаты.

Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Кодекске сәйкес қолданылады.

2 2-тарау. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін түзілген қалдықтардың жиналғанын, тасымалданғанын, қайта пайдалануға дайындалғанын, сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта өңделгенін, залалсыздандырылғанын және (немесе) кәдеге жаратылғанын растайтын құжаттарды меншікті жүйесі бар өндірушілердің (импорттаушылардың) ұсыну тәртібі

3

3. Өтініш беруші жартыжылдықта бір рет, бірақ есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің орындалуын меншікті жүйесін пайдалану жолымен растау үшін мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:

1 1) өндірушінің (импорттаушының) технологиялық регламенті;

2

2) қалдықтарды қайта өңдеуді және (немесе) кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін қажетті, сондай-ақ қайта пайдалануға, сұрыптауға, өңдеуге және залалсыздандыруға дайындық бойынша жүзеге асырылатын процестер болған кезде «Бастапқы есепке алу құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 562 бұйрығымен бекітілген нысанға сәйкес ресімделген өндірушінің (импорттаушының) ұзақ мерзімді активтерінің түгендеу тізімдемесі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 болып тіркелген) (бұдан әрі – Бұйрық);

3 3) қалдықтарды жинауды растайтын құжаттар:

қалдықтарды қабылдау-беру күні және қалдықтардың кіріске алынған массасы туралы ақпаратты қамтитын қалдықтарды қабылдау-беру актілері;
олар өлшенген таразы жабдығы туралы деректерді (өлшеу құралдарының атауы, түрі және сериялық нөмірі, шығарылған жылы) көрсете отырып, салыстырып тексерілген таразы жабдығында өлшеу нәтижелері туралы актілер;
есепті жартыжылдықта қолданыста болған «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген таразы жабдығын салыстырып тексеру сертификаттары;
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын адам жиналатын қалдықтарға қорлардың кіріс ордерлері (бұдан әрі – ҚКО) туралы қол қойған, кіріске алынған күні, ҚКО нөмірі және кіріске алынған қалдықтардың массасы туралы ақпаратты қамтитын жиынтық ақпарат;

4 4) қалдықтарды тасымалдауды растайтын құжаттар:

тауар-көлік жүкқұжаттары және (немесе) жол парақтары және (немесе) темір жол көлік жүкқұжаттары;
Қайта өңдеу объектілерінің аумағында қалдықтарды жинау пункттері болған жағдайда тасымалдауды растайтын құжаттар талап етілмейді.

5 5) қалдықтарды қайта өңдеуді растайтын құжаттар:

бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған, есептен шығару күні, акт нөмірі, есептен шығарылған қалдықтардың массасы және атауы туралы ақпаратты қамтитын, қорларды өндіріске есептен шығару актілері (талап-жүкқұжаттар) туралы жиынтық ақпарат;
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған, қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнімге ҚКО туралы, кіріске алу күні, ҚКО-лардың нөмірі, кіріске алынған дайын өнімнің және (немесе) қайта өңдеу нәтижесінде түзілген ілеспе қалдықтардың (компоненттердің) атауы мен массасы туралы ақпаратты қамтитын жиынтық ақпарат;
онда көрсетілген талаптар өндірілетін өнімге (тауарға)таратылған жағдайда, өндірілетін өнімнің ұлттық стандарттарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік есептің электрондық базасынан алынған тоннамен қалдықтар және дайын өнім бөлігінде есепті жартыжылдық материалдық ведомость;

6 6) өтінім беруші өндірушілер мыналарды қосымша ұсынады:

дайын өнімді (тауарларды)өткізуді растайтын құжаттар мен мәліметтерді;
бухгалтерлік есептің электрондық базасынан сатып алушылар және өткізілген өнімнің массасы туралы деректермен бірге дайын өнімді (тауарларды) тоннамен өлшегенде бірінші басшының (уәкілетті тұлғаның) немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған өткізу туралы есеп;
өткізілген дайын өнімге (тауарларға) электрондық шот-фактуралар;
есепті жартыжылдықта бірінші басшы (уәкілетті тұлға) немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған бухгалтерлік есептің электрондық базасынан алынған тоннамен өткізілген дайын өнім, сондай-ақ қалдықтарды қайта өңдеу нәтижесінде алынған дайын өнім бөлігіндегі материалдық ведомость.
Технологиялық регламентке сәйкес қалдықтарды басқару (қайта пайдалануға дайындау және (немесе) сұрыптау және (немесе) өңдеу және (немесе) залалсыздандыру және (немесе) кәдеге жарату) жөніндегі өзге де операцияларды жүзеге асыру кезінде осы тармақтың бірінші абзацында көзделген мерзімдерде осы тармақта көрсетілген құжаттармен еркін нысанда қалдықтардың массасын көрсете отырып, қалдықтарды басқару бойынша жүзеге асырылған операциялар туралы ақпарат беріледі.
Осы тармақта көрсетілген мерзімдерден кейін ұсынылған өтініштер мен құжаттар қарауға жатпайды.

4 4. Уәкілетті орган есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей:

1 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарына тиісті жартыжылдықта өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) Қазақстан Республикасының аумағына өтініш беруші импорттаған түрлері мен массасы туралы ақпарат беру туралы сұрау салуды;

2 2) өтініш берушінің құжаттарын Операторға жібереді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органға тиісті жартыжылдықта өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) Қазақстан Республикасының аумағына өтініш беруші импорттаған түрлері мен массасы туралы ақпаратты жібереді.

5

5. Уәкілетті орган өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын Қазақстан Республикасының аумағына өтініш беруші импорттаған өнімнің (тауарлардың) түрлері мен массасы туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан ақпарат алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Операторға жібереді.

6 6. Оператор уәкілетті органнан келіп түскен өтініш берушінің құжаттарын мынадай тәртіппен қарайды:

1 1) уәкілетті органнан құжаттарды алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығы мен оқылуын тексереді;

2 2) Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген қандай да бір құжаттар болмаса және (немесе) құжаттар оқылмайтын болса, Оператор өтініш берушіні ұсынылған құжаттардың толық жинақталмағандығы және (немесе) оқылмайтындығы туралы хабардар етеді;

3 3) өтініш беруші Оператордан хабарлама алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Операторға жетіспейтін және (немесе) оқылатын құжаттарды жібереді.

Өтініш беруші осы тармақта белгіленген мерзімдерде тиісті құжаттар топтамасын ұсынбаған кезде Оператор есепті жартыжылдықта меншікті жүйесін қолдану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі өтінішті қарауды тоқтатады және осы тармақта көрсетілген мерзімдер өткен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті есепті уәкілетті органға жібереді;

4

4) өтініш беруші тиісті құжаттар топтамасын 3) тармақшада белгіленген мерзімдер шегінде ұсынған кезде Оператор уәкілетті органнан осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан алынған ақпаратты алғаннан кейін келесі күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде меншік жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындау жөніндегі өтініш берушінің құжаттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 688 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30484 болып тіркелген) бекітілген Өндіруші немесе импорттаушы қолданатын қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың, қайта пайдалануға дайындаудың, сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің, залалсыздандырудың және (немесе) кәдеге жаратудың меншікті жүйесіне қойылатын талаптардың (бұдан әрі – Талаптар) 4-тармағының 6) тармақшасында көзделген шарттарға қол жеткізу бойынша есепті жартыжылдықта Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан алынған құжаттарды қарайды;

5 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарынан алынған құжаттарда импортталатын өнімнің (тауарлардың) массасы болмаған жағдайда Оператор өтініш берушіден мынадай құжаттардың көшірмелерін сұратады:

буып-түю парақтары және өнім паспорттары (бар болса);
халықаралық тасымалдауды растайтын өнімге (тауарларға) арналған халықаралық тауар-көлік жүкқұжаттарын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде көзделген, қоса алғанда, көлік жүкқұжаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің (тауарлардың) орнын ауыстыруын растайтын құжаттар;
шот-фактуралар не инвойстар (бар болса).
Оператор сұрау салған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Өтініш беруші Операторға осы тармақшада көзделген құжаттарды жібереді.
Өтініш беруші ұсынған құжаттар бойынша импортталған өнімнің (тауарлардың) массасын айқындау мүмкін болмаған немесе осы тармақта көзделген құжаттарды бермеген жағдайда Оператор импортталатын өнімнің (тауарлардың) массасын есептеуді «Кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 2 қарашадағы № 448 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25100 болып тіркелген) бекітілген Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тізбесінде көзделген өнім (тауарлар) бірліктері массасының және (немесе) өнім (тауарлар) қаптамасының орташа көрсеткіштерінің анықтамалығы бойынша жүргізеді.
Осы тармақшада көзделген құжаттарды ұсынған кезде Оператор 10 (он) жұмыс күні ішінде меншікті жүйесін пайдалану арқылы өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін орындауға өтініш берушінің құжаттарын қарайды.

6 6) өтініш беруші ұсынған құжаттардың Талаптарға сәйкестігін қарау қорытындылары бойынша Оператор осы тармақшада көрсетілген мерзімдер өткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға тиісті есеп жібереді.

7 7. Тыңдау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

8

8. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес Оператордан есепті алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осы есептің негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері бойынша не дәлелді бас тарту бойынша міндеттемелердің орындалуын растау жөніндегі қорытынды шешімді қалыптастырады және қорытынды шешіммен тиісті жауапты өтініш беруші мен Операторға жібереді.

9 9. Келіспеген жағдайда өтініш беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 13-тарауына сәйкес уәкілетті органның қорытынды шешіміне шағымдануға құқылы.

1 Өтініш

Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың,
қайта пайдалануға дайындаудың,
сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің,
залалсыздандырудың және (немесе)
Кәдеге жаратудың меншікті жүйесі
бар өндірушілер (импорттаушылар)
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті орган айқындаған тәртіпке
сәйкес өндірушілердің
(импорттаушылардың) кеңейтілген
міндеттемелері жөніндегі
міндеттемелердің орындалғанын
растау ретінде қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті органға
өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері
қолданылатын өнімнің (тауарлардың)
тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан
кейін түзілген қалдықтардың
жиналғанын, тасымалданғанын, қайта
пайдалануға дайындалғанын,
сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта
өңделгенін, залалсыздандырылғанын
және (немесе) кәдеге жаратылғанын
растайтын құжаттарды
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Өтініш
Ұй­ым­ның ата­уы
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Есеп­ті жар­ты­жыл­дық
Қал­дық­тар­ды жи­нау ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Қал­дық­тар­ды ата­уы
Есеп­ті жар­ты­жыл­дық­тың
ба­сын­да­ғы қал­дық­тар­дың қал­ды­ғы, тон­на
Есеп­ті жар­ты­жыл­дық­та
жи­нал­ды, тон­на
Есеп­ті жар­ты­жыл­дық со­ңын­да­ғы қал­дық­тар­дың қал­ды­ғы, тон­на
Есеп­ті жар­ты­жыл­дық­та қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
Қал­дық­тар­дың ата­уы
Қай­та өң­дел­ген қал­дық­тар­дың мөл­ше­рі, тон­на
Алын­ған дай­ын өнім­нің ата­уы
Дай­ын өнім­нің мас­са­сы, тон­на
Са­тыл­ды
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ау­ма­ғын­да, тон­на
Экс­порт, тон­на
Та­у­ар­лар­ды өнім­дер­ді өн­ді­ру және (неме­се) им­порт­тау жө­нін­де­гі мә­лі­мет­тер
Өнім­нің / та­у­ар­лар­дың ата­уы
Өн­ді­рі­л­ген (тон­на)
Им­порт­тал­ған (тон­на)
Өн­ді­ру­ші­лер­дің (им­порт­та­у­шы­лар­дың) ке­ңей­ті­л­ген мін­дет­те­ме­ле­рін орын­дау
Өн­ді­рі­л­ген өнім­нен са­тыл­ды (өн­ді­ру­ші­лер үшін) / им­порт­тал­ды (им­порт­та­у­шы­лар үшін) (тон­на­мен)
Қай­та өң­дел­ген (тон­на­мен)

2 Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органға Оператордың өтініш берушінің уәкілетті орган бекіткен талаптарына сәйкес қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, кәдеге жарату меншікті жүйесіне сәйкестігі туралы есебі

Қалдықтарды жинаудың, тасымалдаудың,
қайта пайдалануға дайындаудың,
сұрыптаудың, өңдеудің, қайта өңдеудің,
залалсыздандырудың және (немесе)
Кәдеге жаратудың меншікті жүйесі
бар өндірушілер (импорттаушылар)
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті орган айқындаған тәртіпке
сәйкес өндірушілердің
(импорттаушылардың) кеңейтілген
міндеттемелері жөніндегі
міндеттемелердің орындалғанын
растау ретінде қоршаған ортаны
қорғау саласындағы уәкілетті органға
өндірушілердің (импорттаушылардың)
кеңейтілген міндеттемелері
қолданылатын өнімнің (тауарлардың)
тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан
кейін түзілген қалдықтардың
жиналғанын, тасымалданғанын,
қайта пайдалануға дайындалғанын,
сұрыпталғанын, өңделгенін, қайта
өңделгенін, залалсыздандырылғанын
және (немесе) кәдеге жаратылғанын
растайтын құжаттарды
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өтініш беруші ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті органға Оператордың өтініш берушінің уәкілетті орган бекіткен талаптарына сәйкес қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта пайдалануға дайындау, сұрыптау, өңдеу, кәдеге жарату меншікті жүйесіне сәйкестігі туралы есебі
Ұй­ым­ның ата­уы
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
Есеп­ті жар­ты­жыл­дық
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің кі­ріс тап­сыр­ма­сы­ның нө­мі­рі
Қал­дық­тар­дың тү­рі
Мәр­те­бе­сі
Қа­ғи­да­лар­да көз­дел­ген құ­жат­тың ата­уы
Құ­жат­тар­дың бар-жоқ­тығы
Осы Қа­ғи­да­лар­ға, Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гі
1) өн­ді­ру­ші­нің (им­порт­та­у­шы­ның) тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мен­ті
2) қал­дық­тар­ды қай­та өң­де­уді және (неме­се) кә­де­ге жа­ра­ту­ды жү­зе­ге асы­ру үшін, сон­дай-ақ қай­та пай­да­ла­ну­ға, сұ­рып­та­у­ға, өң­де­у­ге және за­лал­сыздан­ды­ру­ға дай­ын­дық бой­ын­ша жү­зе­ге асы­ры­ла­тын про­це­стер болған кез­де «Ба­стап­қы есеп­ке алу құ­жат­та­ры­ның ны­сан­да­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2012 жы­л­ғы 20 жел­тоқ­сан­да­ғы № 562 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ны­сан­дар­ға сәй­кес ре­сім­дел­ген өн­ді­ру­ші­нің (им­порт­та­у­шы­ның) ұзақ мер­зім­ді ак­тив­те­рі­нің тү­ген­деу ті­зім­де­ме­сі
3) қал­дық­тар­ды жи­на­уды рас­тай­тын құ­жат­тар
қал­дық­тар­ды қа­был­дау-бе­ру ак­ті­ле­рі (же­ке тұ­лға­лар­дан кі­ріс­ке алу ак­ті­сі) құ­ра­мын­да қа­был­дау-бе­ру/кі­ріс­ке алу кү­ні, ак­ті­нің нө­мі­рі және қал­дық­тар­дың мас­са­сы ту­ра­лы ақ­па­рат бар
олар өл­шен­ген та­ра­зы жабды­ғы ту­ра­лы де­ректер­ді (өл­шеу құ­рал­да­ры­ның ата­уы, тү­рі және се­ри­я­лық нө­мі­рі, шы­ға­ры­л­ған жы­лы) көр­се­те оты­рып, са­лы­сты­рып тек­се­рі­л­ген та­ра­зы жабды­ғын­да өл­ше­не­ді өл­шеу нәти­же­ле­рі ту­ра­лы ак­ті­лер;
есеп­ті жар­ты­жыл­дық­та қол­да­ны­ста болған «Өл­шем бір­лі­гін қам­та­ма­сыз ету ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на сәй­кес бе­рі­л­ген та­ра­зы жабды­ғын са­лы­сты­рып тек­се­ру сер­ти­фи­кат­та­ры
бух­гал­тер­лік есеп­тің элек­трон­дық ба­за­сы­нан бі­рін­ші бас­шы (уәкі­лет­ті тұл­ға) неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын адам жи­на­ла­тын қал­дық­тар­ға қор­лар­дың кі­ріс ор­дер­ле­рі (бұ­дан әрі – ҚКО) ту­ра­лы қол қой­ған, кі­ріс­ке алын­ған кү­ні, ҚКО нө­мі­рі және кі­ріс­ке алын­ған қал­дық­тар­дың мас­са­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын жиын­тық ақ­па­рат
4) қал­дық­тар­ды та­сы­мал­да­уды рас­тай­тын құ­жат­тар
та­у­ар-кө­лік жүк­құ­жат­та­ры және (неме­се) жол па­рақ­та­ры және (неме­се) те­мір жол кө­лік жүк­құ­жат­та­ры, бөгде ұй­ым­дар­дың/жал­ға бе­ру қыз­мет­те­рін пай­да­ла­ну ту­ра­лы шар­ттар
5) қал­дық­тар­ды қай­та өң­де­уді рас­тай­тын құ­жат­тар
бух­гал­тер­лік есеп­тің элек­трон­дық ба­за­сы­нан бі­рін­ші бас­шы (уәкі­лет­ті тұл­ға) неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға қол қой­ған, есеп­тен шы­ға­ру кү­ні, акт нө­мі­рі, есеп­тен шы­ға­ры­л­ған қал­дық­тар­дың мас­са­сы және ата­уы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын, қор­лар­ды өн­ді­ріс­ке есеп­тен шы­ға­ру ак­ті­ле­рі (та­лап-жүк­құ­жат­тар) ту­ра­лы жиын­тық ақ­па­рат
бух­гал­тер­лік есеп­тің элек­трон­дық ба­за­сы­нан бі­рін­ші бас­шы (уәкі­лет­ті тұл­ға) неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу нәти­же­сін­де алын­ған дай­ын өнім­ге ҚКО ту­ра­лы қол қой­ған, кі­ріс­ке алу кү­ні, по­за­лар­дың нө­мі­рі, кі­ріс­ке алын­ған дай­ын өнім­нің және (неме­се) қай­та өң­деу нәти­же­сін­де тү­зі­л­ген іле­с­пе қал­дық­тар­дың (ком­по­нент­тер­дің) ата­уы мен мас­са­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қам­ти­тын жиын­тық ақ­па­рат
өн­ді­рі­ле­тін өнім­нің ұлт­тық стан­дарт­тар­ға сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тар, он­да көр­се­ті­л­ген та­лап­тар өн­ді­рі­ле­тін өнім­ге (та­у­ар­ға) та­ра­ты­л­ған жағ­дай­да
бі­рін­ші бас­шы (уәкі­лет­ті тұл­ға) неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға қол қой­ған бух­гал­тер­лік есеп­тің элек­трон­дық ба­за­сы­нан алын­ған тон­на­мен қал­дық­тар және дай­ын өнім бө­лі­гін­де есеп­ті жар­ты­жыл­дық ма­те­ри­ал­дық ве­до­мость;
6) Өн­ді­ру­ші­лер­дің өті­ніш бе­ру­ші­ле­рі үшін-өнім­нің (та­у­ар­лар­ды) өт­кі­зі­л­ген
рас­тай­тын құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер
бух­гал­тер­лік есеп­тің элек­трон­дық ба­за­сы­нан бі­рін­ші бас­шы­ның (уәкі­лет­ті тұл­ға­ның) неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға­ның қо­лы қой­ы­л­ған са­тып алушы­лар және өт­кі­зі­л­ген өнім­нің мас­са­сы ту­ра­лы де­ректер­мен бір­ге дай­ын өнім­ді (та­у­ар­лар­ды) тон­на­мен көр­се­ті­л­ген өт­кі­зу ту­ра­лы есеп
өт­кі­зі­л­ген дай­ын өнім­ге (та­у­ар­лар­ға) элек­трон­дық шот-фак­ту­ра­лар
бі­рін­ші бас­шы (уәкі­лет­ті тұл­ға) неме­се оны ал­ма­сты­ра­тын тұл­ға қол қой­ған бух­гал­тер­лік есеп­тің элек­трон­дық ба­за­сы­нан алын­ған тон­на­мен өт­кі­зі­л­ген дай­ын өнім бө­лі­гін­де сон­дай-ақ қал­дық­тар­ды қай­та өң­деу нәти­же­сін­де алын­ған дай­ын өнім есеп­ті жар­ты­жыл­дық ма­те­ри­ал­дық ве­до­мость.
7) қал­дық­тар­ды бас­қа­ру жө­нін­де­гі өзге де опе­ра­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ру ке­зін­де (қай­та пай­да­ла­ну­ға дай­ын­дау, сұ­рып­тау, өң­деу, за­лал­сыздан­ды­ру) тех­но­ло­ги­я­лық ре­гла­мент­ке сәй­кес ақ­па­рат
8) им­порт­тал­ған (өн­ді­рі­л­ген) өнім ту­ра­лы де­ректер (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­ган­да­ры­нан алын­ған де­ректер)
9) Қа­ғи­да­лар­дың 5) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес қо­сым­ша құ­жат­тар
10) өті­ніш бе­ру­ші қол­да­на­тын қал­дық­тар­ды жи­нау, та­сы­мал­дау, қай­та пай­да­ла­ну­ға дай­ын­дау, сұ­рып­тау, өң­деу, қай­та өң­деу, за­лал­сыздан­ды­ру және (неме­се) кә­де­ге жа­ра­ту жүй­е­сі­нің та­лап­тар мен қа­ғи­да­лар­ға сәй­кест­і­гі ту­ра­лы қо­ры­тын­ды.
Сәй­кес ке­ле­ді/Сәй­кес кел­мей­ді

Қолданыстағы