Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и сроков организации наставничества для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел

Бұйрық · № 896 · қабылданған 14.11.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173781/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил и сроков организации наставничества для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел Қолданыста Бұйрық ·№ 896 ·14.11.2022
21.05.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил и сроков организации наставничества для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел

Қолданыста Бұйрық ·№ 896 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и сроков организации наставничества для лиц, впервые поступающих в органы внутренних дел
Атауы (қаз.)
Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
896
Қабылданған күні
14.11.2022
Көрсетілген редакция
21.05.2024 173781_702601.kaz
Соңғы өзгеріс
21.05.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200030549
ЭКБ идентификаторы
173781
Редакция идентификаторы
173781_702601
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:03

0 Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, білім беру ұйымдарының, дербес бөлімшелерінің және ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің бастықтары жеке құрамның осы Қағидаларды зерделеуін ұйымдастырсын және орындауға қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Идеологиялық және имидждік жұмыс департаменті (А.С. Махамбетова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) Осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері

Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
2022 жылғы 14 қарашадағы
№ 896 бұйрығына
қосымша
Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағида) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) тәлімгер – ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамға (бұдан әрі – ІІО-ға алғаш кіретін адам) бекітілетін және оның кәсіби бейімделуіне оған практикалық көмек көрсететін ІІО-ның қызметкері;

2 2) ІІО-ға алғаш кіретін адамдарды кәсіби бейімдеу – ІІО-ға алғаш кіретін адамның кәсіби дағдыларды игеруі, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке қосылуы, ІІО-ға қызметке бейімділікті қалыптастыру процесі.

2 2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері

3 3. Ішкі істер органдарына алғаш кіретін адамдарға ішкі істер органдарының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіледі.

Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына алғаш кіретін адамдарға қолданылмайды.

4 4. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен алты ай мерзімге жүргізіледі.

5 5. Қызметкерді тәлімгер ретінде бекіту үшін ІІО-ға алғаш кіретін адамның тікелей басшысының баянаты негіз болып табылады.

6 6. Бір тәлімгерге екіден артық емес ІІО-ға алғаш кіретін адам бекітіледі.

7 7. ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке басын зерделеу үшін тәлімгер осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша карточка ашады.

8 8. Тәлімгер бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ІІО-ға алғаш кіретін адамды тәлімгерлік кезеңінде бейімдеу жоспарын (бұдан әрі – Бейімдеу жоспары) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлейді, оны ІІО-ға алғаш кіретін адам қызмет ететін құрылымдық бөлімшенің басшысы бекітеді.

9 9. Тәлімгер:

1 1) ІІО-ға алғаш кіретін адамның бейімделу жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады;

2 2) ІІО-ға алғаш кіретін адамға таңдаған мамандығын меңгеруге көмек көрсетеді, оған функционалдық міндеттерін, оларды сапалы орындау тәсілдері мен әдістерін түсіндіреді, жіберілген қателіктерді бірлесіп талдайды және жояды;

3 3) жеке өзінің іс-әрекеті арқылы ІІО-ға алғаш кіретін адамның жағымды қасиеттерін, кәсіби дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді;

4 4) ІІО-ға алғаш кіретін адамды ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға, салауатты өмір салтын ұстануға, жалпы мәдени және кәсіби ой-өрісін дамытуға тартады, патриотизмге баулыды;

5 5) ІІО-ға алғаш кіретін адамның моральдық, іскерлік және кәсіби қасиеттерін, оның қызметке, ұжымға қатынасын зерделейді;

6 6) ІІО-ға алғаш кіретін адамның моральдық-психологиялық тұрақтылығын және жеке тәртіптілігін нығайтады, олардың тәртіп пен заңдылықты бұзуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды.

7 7) ІІО-на алғаш кірген адамдардың кәсіби қалыптасуына қосқан елеулі үлесі үшін тәлімгер «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 55-бабына сәйкес көтермеленеді.

10 10. ІІО-ға алғаш кіретін адам:

1 1) өзіне берілген тапсырмаларды, сондай-ақ бейімдеу жоспарында көзделген іс-шараларды сапалы және уақтылы орындайды;

2 2) тәртіпті, заңдылықты және нысанды киім киюді сақтайды;

3 3) ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;

4 4) тәлімгерден жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін қабылдайды;

5 5) әріптестерімен, азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынаста болады;

6 6) кәсіби деңгейін арттыру бойынша жұмыс істейді.

11 11. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін тәлімгер үш жұмыс күні ішінде ІІО басшысына ІІО-ға алғаш кіретін адамға пікір ұсынылады, онда Бейімдеу жоспарының орындалу нәтижелері, оның кәсіби білімінің, іскерлігі мен дағдыларының деңгейі, қызметтік міндеттерін өз бетінше орындау қабілеті көрсетіледі.

12 12. Тәлімгерлік аяқталғаннан кейін карточкалар кадр қызметінің номенклатуралық істерінде сақталады (сақтау мерзімі үш жыл), ал тәлімгердің пікірі мен Бейімдеу жоспары ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке ісіне тігіледі.

13 13. Тәлімгерді ауыстыру ІІО уәкілетті басшысының бұйрығымен мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1 1) ІІО-нан тәлімгерді жұмыстан шығару;

2 2) Тәртіптік жазамен атқарып отырған лауазымнан босату;

3 3) Тәлімгерді ІІО-ның басқа бөліністеріне немесе өзге де ведомстволарға ауыстыру (іссапарға жіберу);

4 4) Тәлімгерді қызмет ерекшеліктерінің өзгеруіне байланысты басқа лауазымға ауыстыру;

5 5) Елеулі теріс қылықтары үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жағдайда.

14 14. Тәлімгерлік қызметін ұйымдастыру ІІО кадр қызметіне жүктеледі, олар тәлімгерлікті ұйымдастырудың оң тәжірибесін зерделейді және жинақтайды, бұл жұмысты жетілдіру туралы ІІО басшысына ұсыныстар енгізеді.

15 15. Бөлініс бастығы ай сайын тәлімгердің қызметіне есептік бақылау жүргізеді:

1 1) ІІО-ға алғаш кіретін адамның қызмет барысындағы және тұрмыстық қатынастардың түрлі мәселелері бойынша тәлімгерді тыңдайды;

2 2) тәлімгерге оқытуды ұйымдастыруда, тәлімгерлік жұмыстың оң тәжірибесімен алмасуда және таратуда әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;

3 3) тәлімгер мен ІІО-ға алғаш кіретін адам арасындағы жанжалды жағдайларды, қызметтік жағдайды теріс пайдалану, қызметтік тәртіпті бұзу, қызметте, тұрмыста, қоғамдық орындарда лайықсыз мінез-құлық көрсету фактілерін қарайды.

1 ІІО-ҒА АЛҒАШ КІРЕТІН АДАМҒА АРНАЛҒАН КАРТОЧКА

Ішкі істер органдарына
алғаш рет қабылданған адамдар үшін
тәлімгерлікті ұйымдастыру
қағидалары мен мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан
ІІО-ҒА АЛҒАШ КІРЕТІН АДАМҒА
АРНАЛҒАН КАРТОЧКА
_______________________________________________________
лауазымы
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
_______________________________________________________
бөлініс
Тәлімгер туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_____________________________________________
Атағы__________________________________________________________________________
Лауазымы_______________________________________________________________________
Білімі___________________________________________________________________________
ІІО-да__________________________________________________________________________
Осы лауазымда___________________________________________________________________
ІІО-ға алғаш кіретін адам туралы ақпарат
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)____________________________________________
Лауазымы______________________________________________________________________
ІІО бастығының тәлімгерді бекіту туралы бұйрығы ___________ 20______ жылғы «_____»
__________ № ______
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуі __________________________________________________
________________________________________________________________________________
(қайда, қашан)
ІІО-ға алғаш кіретін адамды психологиялық тексеру нәтижелері __________________________
_________________________________________________________________________________
(ӘДК қорытындысы бойынша)
ІІО-ға алғаш кіретін адамның жеке басын зерделеу нәтижелері
Туған күні_________________________________________________________________________
Туған жері________________________________________________________________________
Ұлты_____________________________________________________________________________
Білімі (қай оқу орнын қашан бітірді, оқып жатыр)
_________________________________________________________________________________
ҚК қызметі _______________________________________________________________________
ІІО-ға қызметке кіру күні ___________________________________________________________
Қандай көтермелеулері бар және не үшін
_________________________________________________________________________________
Қандай жазалары бар және не үшін
________________________________________________________________________________
ІІО-ға кіргенге дейін қайда жұмыс істеді
________________________________________________________________________________
Қандай жазалары бар _____________________________________________________________
Тұрғылықты жері (мекенжайы, үй телефоны)__________________________________________
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайы
________________________________________________________________________________
Отбасы жағдайы (үйленген, бойдақ, ажырасқан)_______________________________________
Жақын туыстары (ТАӘ, (бар болған жағдайда), туған күні, мекенжайы, жұмыс немесе оқу
орны):
Әйелі (күйеуі)____________________________________________________________________
Балалары _______________________________________________________________________
Әкесі___________________________________________________________________________
Анасы__________________________________________________________________________
Ағасы__________________________________________________________________________
Әпке-қарындасы_________________________________________________________________
Отбасындағы қарым-қатынас
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жұмыстағы және тұрғылықты жердегі жақын достары
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қызығушылығы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке автокөліктің болуы (маркасы, мемлекеттік нөмірі)________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жеке меншігінде атыс қаруының болуы (қарудың түрі, нөмірі)__________________________
________________________________________________________________________________

2 ІІО-ға алғаш кіретін адамды тәлімгерлік кезеңінде бейімдеудің жоспары

Ішкі істер органдарына
алғаш рет қабылданған
адамдар үшін тәлімгерлікті
ұйымдастыру қағидалары
мен мерзімдеріне
2-қосымша
Нысан
«КЕЛІСІЛДІ»
ІІО бастығы (командирі)
__________________________
20 __ жылғы «____» _________
ІІО-ға алғаш кіретін адамды тәлімгерлік кезеңінде бейімдеудің
жоспары
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ____________________________________________
Құрылымдық бөлініс _____________________________________________________________
Лауазымы ______________________________________________________________________
Тәлімгерліктің басталу күні _______________________________________________________
Тәлімгерліктің аяқталу күні _______________________________________________________
Тәлімгердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы, атағы __________________
_______________________________________________________________________________

р/с
Іс-ша­ра­ның ата­уы
Жос­пар­лан­ған ке­зең
Орын­да­луы ту­ра­лы бел­гі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ескертпе: жоспарланған іс-шаралар ІІО-на алғаш кіретін адамды кәсіптік бейімдеуде практикалық көмек көрсетуге бағытталған.
Тәлімгер __________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, Т.А.Ә., (болған жағдайда), қолы)
Таныстым:
ІІО-ға алғаш кіретін адам _____________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., (болған жағдайда), қолы)
20 __ жылғы «_____» ___________

Қолданыстағы