Об установлении публичного сервитута на земельный участок Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 5 тамыздағы № 839 қорытындысы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 1010 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Светлана Владимировна Тарасоваға газ құбырының инженерлік желілерін салу үшін (құрылыс орнынан ортақ пайдалану аумағына ауыстыруға байланысты қолданыстағы газ құбырын қайта жаңарту үшін) Қостанай қаласы, Мәуленов көшесі, 33/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0082 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 2
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.