Об образовании Комиссии по охране историко-культурного наследия при акимате Акмолинской области Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысы әкімдігі жанында тарихи-мәдени мұраны қорғау женіндегі комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасының сәулет, қала кұрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарына сәйкес Ақмола облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның дербес құрамы облыстық мәслихаттың сессиянына бекіту енгізілсін (1 қосымша).
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия туралы қосымша беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімдігі жанында құрылған тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін жұмыс органы болып Ақмола облыстық мәдениет басқармасы белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Ақмола облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 6
Облыс әкімдігінің
07.10.2003 ж. № а-10/270
«Ақмола облысы әкімдігі жанындағы
тарихи-мәдени мұраны қорғау
жөніндегі комиссия құру туралы»
қаулысына қосымша 1
Ақмола облысы әкімдігі жанындағы
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі
Комиссияның дербес құрамы
Тармақ 1
1. Бекмағамбетов Ғалым Мәдешұлы - облыс әкімінің орынбасары, Комиссия Төрағасы.
Тармақ 2
2. Сейітжанова Нүрикамал Сейітжанқызы - облыстық мәдениет басқармасының бастығы, Комиссия Төрағасының орынбасары.
Тармақ 3
3. Бектасов Шағбан Темірболатұлы - «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МҚҚК бас маманы, Комиссия хатшысы.
Тармақ 4
4. Үрстембаев Марат Игимбайұлы - «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі орталық» МҚҚК директоры.
Тармақ 5
5. Көшкімбаев Айболат Қайырхлямұлы - «Фемида» институтының проректоры, т.ғ.к.
Тармақ 6
6. Жақыпова Серік Қуанқызы - облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.
Тармақ 7
7. Мусралимова Айна Ермекқызы - облыс әкімі аппаратының ішкі саясат, әлеуметтік сала бөлімі меңгерушісі.
Тармақ 8
8. Мадияров Нұрлан Әбдилрахманұлы - облыстық сәулет, құрылыс, тұрмыс үй-коммуналдық және шаруашылығы басқармасы.
Тармақ 9
9. Попов Юрий Григориевич - «Қазақстан Республикасының суретшілер Одағы» қоғамдық бірлестігі Көкшетау бөлімшесінің төрағасы.
Басқа 16
БЕКІТІЛДІ
Ақмола облысы әкімдігінің
2003 ж. 07 қазандағы № а-10/270
"Ақмола облысы әкімдігі жанынан
тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау
Комиссиясын құру туралы" қаулысымен
Ақмола облысы әкімдігі жанындағы
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі
Комиссия туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігі жанындағы тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан былай-Комиссия) Ақмола облысының тарихи және мәдени ескерткіштерін қорғау және күтімін жасау үшін қызмет жасайтын облыстық әкімдік жанындағы кеңес беру-ақылдасу органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Ата Заңына және Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы», «Мәдениет туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыстық қызмет туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа Заңдарына, Ақмола облысы өкілетті және атқарушы органдарының нормативтік-құкықтық актілеріне, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
2. Комиссияның міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 3
3. Комиссия облыстық жергілікті өкілетті және атқару органдардың қарауына ұсыныстар енгізеді:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра нысандарын айқындау, есепке алу, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану;
Тармақша 2
2) тарихи-мәдени құндылықтарға республикалық және жергілікті маңызды мәртебе беру;
Тармақша 3
3) табиғат апаты салдарынан объекті қираған немесе тарихи, ғылыми, көркемдік құндылығынан айырылған жағдайда тарихи және мәдениет есерткіштерін алып тастау, көшіру немесе қалпына кетіру;
Тармақша 4
4) барлық санаттағы ескерткіштердің сақталуына қауіп төндіретін қызметке тыйым салу;
Тармақша 5
5) республикалық және жергілікті маңызды тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен объектілерді шығару;
Тармақша 6
6) республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштерді есепке алу, сақтау және қалпына келтіру бойынша жұмыстарды облыстың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына енгізу жөніндегі шараларды әзірлеу;
Тармақша 7
7) тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылатын мемлекеттік меншіктегі ғимараттарды, құрылыстарды пайдалануға беру;
Тармақша 8
8) тиісті әкімшілік-аймақтық бірлік аймағында тиянақты жобалау, құрылыс жүргізу және өндеу жобаларын әзірлеген және бекіткен кезде барлық санаттағы тарихи және мәдениет ескерткіштерін зерттеу, сақтау, орындау бойынша шараларды іске асыруды қамтамысыз ету жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 9
9) тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау сақтау және пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдармаларды әзірлеу;
Тармақша 10
10) тарихи және мәдени ескерткіштер бойынша зерттеудің, жобалаудың және қалыпқа келтіру-сақтауға қою жұмыстарының кез-келген түрлерін жасау;
Тармақша 11
11) сәулеттік, қала кұрылысы және құрылыстық қызметке тыйым салынатын немесе шектелетін аяда ерекше реттеу шекарасын белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу жатады.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте және оның құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша:
Тармақша 1
1) қалада тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауға байланысты сұрақтар бойынша тиісті органдарға ұсыныс енгізуге;
Тармақша 2
2) тарихи, археологиялық, сәулеттік құрылыс және ескерткіштерді қайта қалпына келтіру және пайдалану үрдісінде ұйымдармен консультативтік жұмыс жүргізуге;
Тармақша 3
3) комиссия құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңды және жеке тұлғаларға қажетті акпарат беруге;
Тармақша 4
4) комиссия отырыстарында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану сұрақтары бойынша жергілікті органдар мен ұйымдардың жауапты өкілдерін, қаланың сараптау және жұмыс топтарының жетекшілерін тыңдауға құқылы.
Тарау 3. 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Комиссия отырысы қажет болған жағдайда өткізіледі және құқылы болып есептеледі, егер оған оның мүшелерінің жалпы санынан 2/3 катысса.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімдері ашық дауыспен қабылданады және қабылданған болып есептеледі, егер ол үшін көпшілік дауыс берілсе.
Тармақ 7
7. Дауыстар тең түскен кезде комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Комиссия мүшелері ерекше пікір айтуға құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Комиссия отырысының өткізілу қорытындысы бойынша мүшелері қол койған хаттама жасалады. Оған отырыста қаралған барлық кұжаттар немесе материалдар қосымша беріледі.
Тармақ 9
9. Комиссияның қызметін қамтамасыз ететін бойынша жұмыс органы Ақмола облыстық мәдениет басқармасы болып табылады.
Тармақ 10
10. Комиссия шешімдері ұсыныс ретінде қабылданады.