Об образовании комиссии по делам семьи и женщин при акиме города Күшін жойған
Басқа 0
Қала әкімі жанында отбасы және әйелдер ісі жөніндегі қалалық комиссия құру туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 31-бабы негізінде, "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 4176 Жарлығына сәйкес, "Облыстық отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия құру туралы" Батыс Қазақстан облысы әкімінің 1999 жылғы 27 қаңтардағы N 13 шешімін орындауда, отбасы мен әйелдерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету, әйелдердің әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудегі ролін арттыру мақсатында Орал қаласының әкімдігі Қаулы Етеді:
Тармақ 1
1. Кеңесші орган ретінде қала әкімі жанында келесі құрамда отбасы және әйелдер ісі жөніндегі қалалық комиссия құрылсын:
Елена Ивановна Тарасенко - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Әлия Хайрушқызы Жамбаева - әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрайымының орынбасары
Қашура Мұхтарқызы Әжғұлова - облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары
Татьяна Николаевна Азовская - қалалық "Пульс города" газетінің бас редакторы
Татьяна Николаевна Быковская - орталық қалалық кітапхана жүйесінің меңгерушісі, хатшы
Екатерина Дмитриевна Балгабаева - "Үміт" Орал өңірі әйелдер одағының атқарушы директоры
Ақырыс Алқамқызы Есеналиева - "Жайық үні" газетінің бас редакторы
Шалқыма Хайруллақызы Құрманалина - Ж.Досмухамедов атындағы Орал педагогикалық колледжінің директоры
Людмила Михайловна Корина - "Казахстанская правда" газетінің жеке тілшісі
Зинат Мұқанқызы Мусина - Халықаралық бизнес орталығының директоры
Валентина Павловна Михно - "Отделстрой" ЖШС-нің директоры
Виталий Вячеславович Мазуренко - қалалық туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі
Әлия Болатқызы Райымқұлова - қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі
Дайыр Қадырұлы Сапаров - қалалық білім басқармасының бастығы
Надежда Ивановна Польчик - қала әкімі аппараты ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы, хатшысы.
Тармақ 2
2. Бұдан бұрын, 2002 жылғы 1 тамызда қабылданған "Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі қалалық комиссия құру туралы" N 511 қаулысы бұзылсын.
Тармақ 3
3. Қала әкімі жанындағы отбасы және әйелдер ісі жөніндегі қалалық комиссия жөніндегі ереже бекітілсін (N 1 қосымша).
Тармақ 4
4. Осы қаулы қалалық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е. И. Тарасенкоға жүктелсін.
Басқа 6. Қала әкімі жанындағы отбасы және
әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Қала әкімінің
2003 жылғы 24 сәуірдегі
N 318 қаулысына
N 1 қосымша
Қала әкімі жанындағы отбасы және
әйелдер ісі жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қала әкiмi жанындағы кеңесші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия қызметiнің негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері,басқа да нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау ii. II. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
II. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
Тармақ 1
1. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстанның 2003 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асыру аясында аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды айқындау және ұсыныстар дайындау;
Тармақша 2
2) отбасын, әйелдер мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, психологиялық және заңгерлік қолдаудың кешенді жүйесін дайындауға қолдау көрсету;
Тармақша 3
3) халықтың денсаулығы мен өзін-өзі өсіру үдерісін, отбастары өмірінің әлеуметтiк және экономикалық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерді кешенді талдау;
Тармақша 4
4) әйелдер мен балалардың денсаулығын жақсартуға бағытталған ведомствоаралық медициналық бағдарламаларды дайындауға қатысу;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер жөніндегі ұсыныстарын қарау және қала әкіміне ұсыныстар дайындау;
Тармақша 6
6) "Қазақстан-2030" Стратегиясын ескере отырып, отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалары мен бағдарламаларын дайындауға қатысу;
Тармақша 7
7) отбасы, әйелдер мен балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған актілерінің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;
Тармақша 8
8) отбасы, әйелдер және балалардың қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі нақты орнын анықтау мақсатында ғылыми зерттеулерді өткізуге, ақпараттық негізді қалыптастыруға қолдау көрсету;
Тармақша 9
9) отбасы, әйелдер мен балалардың жағдайының аспектілері жөнінде толық хабарландыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынас;
Тармақша 10
10) отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты азаматтардың жүгінулерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарландыруларын қарау;
Тармақша 11
11) отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен қарым-қатынас, конференцияларға, кеңестер мен семинарларға қатысу.
Тарау iii. III. Комиссияның өкілеттігi
III. Комиссияның өкілеттігi
Тармақ 1
1. Комиссия өзінің өкілеттігі шеңберінде:
Тармақша 1
1) мәжілістерінде қала әкіміне тікелей бағынысты мемлекеттік органдардың басшыларын тыңдауға;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан, қажетті құжаттарды, деректемелер мен ақпаратты сұратуға;
Тармақша 3
3) тиісті мемлекеттік органдардың басшыларынан отбасы, әйелдер мен балаларға қатысты заңдарды бұзу деректері бойынша тексеру және қызметтік тергеу өткізуді талап етуге;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілістерін, бағдарламасы мен тексерістер өткізу үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде беделді және кәсіби дайындықтан өткен қоғам өкілдерін тарту;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерге отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша статистикалық, талдау, әдістемелік және басқа да ақпараттық деректемелерді жіберуді талап етуге құқылы.
Тармақ 2
2. Азаматтардың жүгінулерін және бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарларды қараудың қорытындылары бойынша шешім қабылдау үшін Комиссия тиісті мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғаның қарауына деректемелерді жолдауы мүмкін.
Тарау iv. IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
IV. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссия төраға, орынбасар және мүшелерден құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия мәжілістері қажеттілігіне қарай, бірақ кем дегенде тоқсанына бір рет өткізіледі.
Тармақ 3
3. Комиссияның шешімдері хаттамамен рәсімделеді.
Тармақ 4
4. Комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) әкімнің қарауына Комиссияның жеке құрамы бойынша ұсыныс енгізеді;
Тармақша 2
2) Комиссия қызметін ұйымдастырып, бақылайды;
Тармақша 3
3) Комиссияның күн тәртібін белгілейді;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілістерін шақырып, оларға төрағалық етеді. Комиссия төрағасы болмай қалғанда, оның тапсырмасымен мәжіліске оның орынбасары немесе комиссия мүшелерінің бірі төраға болады;
Тармақша 5
5) Комиссия мүшелерінің қатарынан Комиссия мәжілісінде қаралатын нақты мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
Тармақша 6
6) Қала әкімінің актілері мен тапсырмаларында қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады
Тармақ 5
5. Жалпы мүшелер санының кемінде жартысы қатысқан жағдайда ғана Комиссия мәжілісі шешім қабылдауға құқылы болып танылады.
Тармақ 6
6. Комиссия шешімдері мәжіліске қатысып отырған мүшелер санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыс саны тең түскенде, төрағаның дауысы шешуші болып танылады.