Об утверждении норм финансирования научных организаций, осуществляющих фундаментальные научные исследования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын бекіту туралы «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы « » № қаулысымен бекітілген Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары
Тармақ 1
1. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормалары археология, астрономия, астрофизика, атом энергиясы, шығыстану, өнер, тарих, мәдениет, әдебиет, математика және механика, білім, саясаттану, дінтану, әлеуметтану, философия, этнология, тіл білімі саласында іргелі зерттеулер жүргізетін және уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге енгізілген мемлекеттік ғылыми ұйымдар мен мемлекет жүз пайыз қатысатын ғылыми ұйымдар үшін көзделген. Қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, еңбекке ақы төлеуді, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге бес жылдан аспайтын мерзімге арналған шығыстарды қамтиды.
Тармақ 2
2. Ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеу;
Тармақша 2
2) байланыстың көрсетілетін қызметтеріне және әмбебап байланыстың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу;
Тармақша 3
3) көлік жалдау;
Тармақша 4
4) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алуға, өзге тауарларды сатып алуға шығындар, өзге де ағымдағы шығындар, көрсетілетін күзет қызметтеріне шығындар;
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеу;
Тармақша 6
6) өндірістік, әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналды, ұйымның балансында болмаған жағдайда іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін пайдаланылатын зертханаларды, өзге де үй-жайларды (виварий, қойма үй-жайлары, архив, кітапхана, одан әрі зерттеу жұмыстары үшін сақтау қоймасы) орналастыру үшін үй-жайларды жалдау. Шығыстары азаматтық заңнамамен реттелетін зертханалар үшін үй-жайларды және басқа үй-жайларды (виварий, қойма үй-жайлары, архив, кітапхана, одан әрі зерттеу жұмыстары үшін сақтау қоймасы) жалдаудан басқа бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:
Тармақша 1
1) басқару органдарының ғимараттары үшін бекітілген үлестік нормалар бойынша «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы» 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118;
Тармақша 2
2) «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларымен белгіленген нормативтерге ұқсас нормативтерге сәйкес айқындалады.
Тармақ 3
3. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеуді, оның ішінде өтемақы төлемдерін, басшыларының, мамандарының қосымша ақылары мен үстемеақыларын қамтиды. Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар үшін осы шығыстар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес айқындалады. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін еңбекке ақы төлеу шығыстары, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарына сәйкес меншікті кірістер есебінен ең төменгі төлемнен тыс № 1193 қаулыға сәйкес ең төменгі төлем мөлшерінде айқындалады. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекке ақы төлеуді, оның ішінде сауықтыруға арналған жәрдемақыны, қосымша ақылар мен үстемеақыларды қамтиды және бекітілген штат кестесіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ толық жұмыс күніне еңбек шарты болған жағдайда келісімдерге, еңбек шарттарына, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес айқындалады. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеу «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды есептеу және төлеу «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Әлеуметтік аударымдарды есептеу және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлеу «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 наурыздағы № 255 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Іргелі ғылыми зерттеуді жүзеге асыру үшін шығыстар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) қызметтік іссапарлар – іргелі ғылыми зерттеуді орындауға байланысты іссапарлар;
Тармақша 2
2) басқа да көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар – ұжымдық пайдаланудағы ғылыми зертханалардың, іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін қажетті өзге де зертханалардың, басқа да ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің көрсетілетін қызметтері, оның ішінде конференцияларға қатысу үшін ұйымдастыру жарналары;
Тармақша 3
3) материалдар сатып алу – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін шығын материалдарын сатып алу;
Тармақша 4
4) іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды сатып алу;
Тармақша 5
5) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау үшін жариялауға, патенттеуге және талдамалық материалдарды сатып алуға жұмсалатын шығыстар;
Тармақша 6
6) жабдықтар мен техникаларды жалдау – іргелі ғылыми зерттеулерді орындауда пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы жалдауға байланысты шығыстар;
Тармақша 7
7) жабдықтар мен техниканы пайдалану шығыстары – іргелі ғылыми зерттеулерді орындау пайдаланылатын жабдықтар мен техниканы пайдалануға байланысты, оның ішінде оларды іске қосу-баптауға және ұстауға байланысты шығыстар. Қызметтік іссапарлар бойынша шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде шет мемлекеттерге іссапарлар шығыстарын өтеу қағидаларына сәйкес айқындалады. Шығыстардың басқа түрлері растаушы құжаттар қоса берілген нақты шығындар бойынша қалыптастырылады. _______________________