Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары М.М. Кожухов тағайындалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.