Об образовании бюджетной комиссии Мендыкаринского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Меңдіқара ауданының бюджеттік комиссиясын құру туралы «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының негізінде және «Бюджет жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-4-баптарына сәйкес алдағы қаржы жылына аудан бюджетінің жобасын және үш жылдық кезеңге аудан бюджетінің болжамын әзірлеу үшін Меңдіқара ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Меңдіқара ауданының бюджеттік комиссиясы құрылсын.
Тармақ 2
2. Бюджеттік комиссияның жұмысы туралы ереже бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. «Меңдіқара ауданының бюджеттік комиссиясын құру туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде 2002 жылғы 15 сәуірде № 1370 болып тіркелді, «Меңдіқара үні» аудандық газетте 2002 жылғы 21 маусымда жарияланды), Меңдіқара ауданы әкімиятының 2002 жылғы 12 наурыздағы № 104 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 4. Меңдіқара ауданының бюджеттік комиссиясының құрамы
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімиятының 2003 жылғы 2 қазандағы № 230 қаулысына 1-қосымша Меңдіқара ауданының бюджеттік комиссиясының құрамы Соқытбаев Мейрам Аманжолұлы - аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы; Сейілқанов Нұрбол Айтуарұлы - Меңдіқара аудандық қаржы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша); Васильчук Раиса Назиповна - Меңдіқара аудандық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, комиссия хатшысы (келісім бойынша); Шевченко Андрей Борисович - Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының экономика, шағын және орта бизнес бөлімінің бастығы; Ізімова Ырысқаным Шарапиқызым - Меңдіқара аудандық мәслихаттың ревизиялық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша); Галушкина Нина Васильевна - Қазақстан Республикасы ҚМ қазынашылық комитеті Меңдіқара аудандық бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Плотникова Светлана Геннадьевна - Меңдіқара аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы (келісім бойынша); Абдуллин Ержан Батыржанұлы - Меңдіқара ауданының инфрақұрылым және құрылыс басқармасының бастығы (келісім бойынша); Молдашев Марат Сұлтанұлы - бюджет және экономика жөніндегі Меңдіқара аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша); Садуақасова Лидия Танашқызы - Меңдіқара аудандық білім бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша); Түркібаева Гүлнар Серікқызы - Меңдіқара ауданы әкімі аппаратының заң кеңесшісі; Көлбеков Сапабек Кенжетайұлы - Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (келісім бойынша).
Басқа 5. Бюджеттік комиссияның жұмысы туралы Ереже
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімиятының 2003 жылғы 2 қазандағы № 230 қаулысына 2-қосымша Бюджеттік комиссияның жұмысы туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже тұрақты негізде қолданып жүрген аудандық бюджеттік комиссияның қызметін реттейді (одан әрі Комиссия).
Тармақ 2
2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Конституция, Қазақстан Республикасының заңнамасы және басқа да нормативтік құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.
Тарау 2. 2. Комиссияның мақсаты
2. Комиссияның мақсаты
Тармақ 3
3. Комиссия қызметінің негізгі мақсаты тиісті қаржы жылына ауданның бюджет жобасын уақытында және сапалы әзірлеуін қамтамасыз ету мен ауданның бюджетін нақтылау және орындау бойынша ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның міндеттері және функциялары
3. Комиссияның міндеттері және функциялары
Тармақ 4
4. Комиссияның негізгі міндеттері болып саналады: орта мерзімді кезеңге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары негізінде үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің негізгі болжамды көрсеткіштерін анықтау; тиісті қаржы жылына ауданның бюджет жобасының көрсеткіштерін қарау және белгілеу; тиісті кезеңге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аудандық бағдарламалардың, тиісті қаржы жылына ауданның бюджет жобасының, алдағы үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттің негізгі болжамды көрсеткіштерінің сәйкестігін белгілеу; тиісті қаржы жылына ауданның бюджетін нақтылау бойынша ұсыныстарды әзірлеу; аудандық бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысы мониторингының нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Тармақ 5
5. Комиссия өзіне жүктелген міндеттермен сәйкес келесі функцияларды іске асырады:
Тармақша 1
1) комиссияның жұмыс органы дайындаған материалдарды қарайды және анықтайды: алдағы үш жылдық кезеңге аудан бюджетінің болжамды көрсеткіштерін; аудан бюджетіне түсімдерді; тиісті қаржы жылының аяғына ауданның жергілікті атқарушы органының берешегінің лимитін; жергілікті атқарушы органның берешегін өтеу мен қызмет көрсету шығыстарының көлемін; тиісті қаржы жылы басында қалыптасқан жағдай бойынша, аудандық бюджеттік бағдарламалар бойынша, аудандық бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелердің несие қарыздарын жоспарланған қаржы жылында өтеу мөлшерін; Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 18-2 бабымен бекітілген басқа көрсеткіштері;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджеттік бағдарламалары әкімгерлерінің бюджеттік тапсырыстары бойынша Комиссияның ж±мыс органының қорытындыларын қарайды және олар бойынша шешімдер шығарады;
Тармақша 3
3) алдағы қаржы жылына аудандық бюджет жобасын қарайды және анықтайды;
Тармақша 4
4) аудандық бағдарламалардың жобаларын қарайды және қаржыландыру мерзімі мен түпнұсқа кесіндісінде бағдарламалық шаралар бойынша қаржыландыру мөлшері жөнінде қорытындылар береді, сондай-ақ бұрын бекітілген бағдарламаларға қажетті өзгерістер туралы қорытындылар береді;
Тармақша 5
5) қарайды және мыналар бойынша ұсыныстар әзірлейді: алдағы қаржы жылына аудандық бюджетті нақтылау, бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру нәтижелері туралы қаржы департаментінің ақпарат негізінде бюджеттік бағдарламаларын әрі қарай іске асыру ;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа функцияларды іске асырады.
Тарау 4. 4. Комиссияның құқықтары
4. Комиссияның құқықтары
Тармақ 6
6. Өзінің міндеттеріне сәйкес комиссияның мынадай құқылары бар:
Тармақша 1
1) атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара қимыл жасауға, сондай-ақ комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
Тармақша 2
2) өзінің құзырына енгізілген сұрақтар бойынша шешімдер қабылдауға және ұсыныстар жасауға;
Тармақша 3
3) белгіленген заң тәртібімен комиссияның міндеттерін іске асыру үшін мемлекеттік және басқа ұйымдардан қажетті материалдар сұрауға және алуға;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілістеріне бірінші басшыларды, я болмаса, олар жоқта-комиссияның міндеттерін іске асыруға байланысты мәселелер жөнінде мемлекеттік органның және ұйымдардың бірінші басшысының міндетін атқарушы тұлғаларды шақыруға және тыңдауға.
Тарау 5. 5. Комиссия қызметі және қалыптастыру тәртібі
5. Комиссия қызметі және қалыптастыру тәртібі
Тармақ 7
7. Орынбасардың ұсынысы бойынша комиссия құрамын әкім белгілейді.
Тармақ 8
8. Комиссияның органдары:
Тармақша 1
1) Комиссияның жұмыс органы;
Тармақша 2
2) Комиссия төрағасы;
Тармақша 3
3) Комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақша 4
4) Комиссия хатшысы.
Тармақ 9
9. Комиссия мәжілістерінің аралық кезеңінде оның қызметінің ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
Тармақ 10
10. Комиссия төрағасы оның жұмысына басшылық жасайды, комиссияның мәжілісінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссияның жүзеге асыратын қызметіне жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.
Тармақ 11
11. Комиссияның хатшысы комиссия мәжілісінің күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
Тармақ 12
12. Жұмыстың жоспар-кестесі Комиссиямен белгіленеді, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеудің Ережесімен белгіленген, жергілікті бюджет жобасын әзірлеу кезінде, комиссияның жоспар кестесі анықталады.
Тармақ 13
13. Комиссия мүшелерінің мәжілістеріне басқа тұлғалардың қатысуларына ұз өкілеттіктерін беруге құқылары жоқ.
Тармақ 14
14. Комиссияның шешімдері ашық дауыс берумен, сондай-ақ комиссия мүшелерінен жаппай сұрау алу жолымен қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілсе, қабылданған болып саналады. Комиссияның мүшелері шешім қабылданған кезде тең дауысқа ие болады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
Тармақ 15
15. Әр мәселе бойынша дауыс беру жиынтығы көрсетіліп комиссия мәжілісінде қаралған мәселелердің қорытындылары тиісті хаттамаларға енгізіледі және комиссия төрағасы белгіленген жағдайда мәжіліске қатысқан комиссия мүшелері қолдарын қояды. Комиссия қабылдаған шешім хаттамамен ресімделеді, оған комиссияның төрағасы мен хатшысы қолдарын қояды. Комиссияның мүшелері қабылдаған шешімге келіспеген жағдайда, өздерінің ерекше пікірлерін жазбаша түрде баяндауға құқығы бар, яғни ол мәжілістің хаттамасына жазылуы тиіс.
Тармақ 16
16. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатымен қабылданған комиссия шешімдері барлық мемлекеттік органдармен көрсетілген мерзімде міндетті қарауға және орындауға жатады.
Тармақ 17
17. Комиссияның жұмыс органының функциялары Меңдіқара аудандық қаржы басқармасына жүктеледі.
Тармақ 18
18. Жұмыс органының функциялары болып саналады: Комиссия белгілеген мерзімге және күн тәртібіне сәйкес мәжілістерге, материалдарды дайындау, оларды комиссия мүшелеріне, аудандық бюджет бағдарламаларының әкімгеріне және аудандық атқарушы органына жөнелту; Комиссия мәжілістерінің хаттамаларын, сондай-ақ нормативтік құқықтық кесімдері мен осы Ережеден шығатын басқа функцияларды дайындау.
Тарау 6. 6. Комиссияның қызметінің тоқтатылуы
6. Комиссияның қызметінің тоқтатылуы
Тармақ 19
19. Комиссияның жұмысын тоқтату туралы аудан әкімиятының қабылдаған қаулысы комиссияның қызметін тоқтату болады.
Тармақ 20
20. Комиссияның қызметін тоқтату үшін, осы Ереженің 19-тармағында көрсетілген жағдайлар басталған кезде аудан әкіміне істелінген жұмыс туралы есеп-хат жіберіледі.