Об утверждении Правил использования средств резерва акимата Аулиекольского района Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әулиекөл ауданы әкімиятының резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 357-1 « Бюджет жүйесі туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі № 1408 «Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Әулиекөл ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Әулиекөл ауданы әкімиятының резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелері бекітілсін (қосымша).
Басқа 2. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелері
Әулиекөл ауданының әкімиятының 2003 жылғы 2 қазандағы № 131 қаулысына қосымша Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережелері Осы Ережелер Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражатын бөлу мен пайдаланудың тәртібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелерде келесі түсініктер қолданылады: Әулиекөл ауданының әкімияты резерві - тиісті қаржы жылына аудандық шығыстарды қаржыландыру үшін Әулиекөл ауданының әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат; болжанбаған шығыстар - үстіміздегі қаржы жылына аудандық бюджетті құрау уақытында алдын-ала жоспарлау мүмкіндігі болмаған және үстіміздегі қаржы жылында кейінге қалдырылмайтын қаржыландыруды талап ететін шығыстар; Әулиекөл ауданы әкімиятының ауданының әкімияты резерві құрамындағы қаражат - Әулиекөл ауданының әкімияты резерві құрамында қарастырылған және соттардың шешімдері бойынша Әулиекөл ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдарының міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджет бағдарламалардың әкімдерімен бөлінетін қаражат.
Тармақ 2
2. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір уақытты сипаттағы болжанбаған шығыстарға келесі іс-шаралар жатады:
Тармақша 1
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға кіреді: төтенше жағдай туындау нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету; зардап шеккендер тұратын және тамақтанатын уақытша орындарын өрістету және ұстау; апатты-құтқару және апатты-қайта құру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен және саймандармен қосымша жабдықтау; төтенше жағдайлар аумағына көш пен құрал-жабдықтарды жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) соттардың шешімдері бойынша Әулиекөл ауданы әкімиятының міндеттемелерін өтеу.
Тарау 2. 2. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
2. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражатын бөлу және пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен, қаражатты бөлуді алушы бөлінетін қаражаттың көлемі қаражаттың көлемі және оларды пайдалану мақсаты, сондай-ақ қаражатты қайтару негізінде бөлу жағдайында оларды ұсыну және қайтару мерзімінің шарттары көрсетілген Әулиекөл ауданы әкімиятының қаулысы негізінде заңнамамен белгіленген тәртіпте бұл мақсаттарға қаржыландыру ашу әдісімен тиісті қаржы жылына аудандық бюджет шығыстарымен несиелеу құрамында бекітілген мөлшерлер шамасында Әулиекөл ауданының қаржы басқармасы жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражаты қатаң мақсатта белгіленген және осы ережелермен және резервтен қаражат бөлу туралы Әулиекөл ауданы әкімінің қаулысында қарастырылмаған қажеттіліктерге пайдаланылмайды.
Тармақ 5
5. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Әулиекөл ауданы әкімиятының қаулысын әзірлеуде келесі шарттар ескеріледі:
Тармақша 1
1) үстіміздегі қаржы жылына арналған аудандық бюджетте ассигнованиелер жоқтығы;
Тармақша 2
2) Әулиекөл ауданының әкімияты резерві қаражатының қажеттілігі үстіміздегі қаржы жылында туды және олардағы қажеттілік соттардың шешімдері бойынша Әулиекөл ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларынан басқа алушының бұрынғы міндеттемелеріне байланысты емес.
Тармақ 6
6. Әулиекөл ауданы әкімиятының Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы қаулысы Әулиекөл ауданы әкімиятының тиісті қаулылары негізінде 1 жыл өткенге күші жойылады.
Тарау 3. 3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы өтінішті Әулиекөл ауданы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия қарастырады.
Тармақ 8
8. Негіздейтін материалдарды ұсыну тәртібі және олардың тізбесін төтенше жағдайлар жөніндегі Әулиекөл аудандық комиссия белгілейді.
Тармақ 9
9. Аумақтық және ғаламдық масштабтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, қажет болғанда төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссия заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша Әулиекөл ауданы әкімиятының қарауына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу туралы қаулы жобасын енгізеді.
Тармақ 10
10. Жергілікті масштабтағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдардың резерві есебінен қаржыландырылады.
Тарау 4. 4. Соттардың шешімдері бойынша Әулиекөл ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
4. Соттардың шешімдері бойынша Әулиекөл ауданы әкімиятының және жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаражат бөлу
Тармақ 11
11. Соттардың шешімдері бойынша Әулиекөл ауданы әкімиятының және атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу, сот атқару құжаттары бар болған жағдайда, Әулиекөл ауданының әкімияты резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 12
12. Әулиекөл ауданы әкімиятының міндеттемелерін өтеуге Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Әулиекөл ауданы әкімінің қаулы жобасын аудандық қаржы басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша әзірлейді.
Тармақ 13
13. Жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен қаражат бөлу туралы Әулиекөл ауданы әкімиятының қаулы жобасын жергілікті атқарушы орган заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша әзірлейді.
Тарау 5. 5. Бақылау және есеп беру
5. Бақылау және есеп беру
Тармақ 14
14. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен бөлінген қаражатты алушылар Әулиекөл ауданының қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
Тармақ 15
15. Аудандық қаржы басқармасы ай сайын Әулиекөл ауданының әкіміне Әулиекөл ауданының әкімияты резервінің қаражаттың пайдаланылуын және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
Тармақ 16
16. Қазақстан Республика Заңнамамен көзделген, Әулиекөл ауданның әкiмияты резервiнен бөлiнген қаражаттың мақсаты емес пайдаланылуына жауапкершiлiгiн алушы тәртiбiнде алады.
Тармақ 17
17. Әулиекөл ауданының әкімияты резервінен бөлінген қаражаттың мақсаты пайдаланылуына бақылау жасауды аудандық қаржы басқармасы жүзеге асырады.