Об утверждении Порядка пользования участками лесного фонда Республики Казахстан в научно-исследовательских целях Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн бекiту туралы Ескерту Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.25. N 1317 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925-XII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану Тәртiбi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Басқа 2. Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану Тәртiбi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 желтоқсандағы N 1235 қаулысымен Бекiтiлген Қазақстан Республикасының орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану Тәртiбi Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Бұл Тәртiп Қазақстан Республикасының Орман кодексiне сәйкес жасалған және орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды реттейдi.
Тармақ 2
2. Бұл Тәртiп Қазақстан Республикасының барлық ормандарында қолданылады және орман қоры учаскелерiн жоғарыда аталған мақсатқа беру мен пайдалануды жүзеге асыратын өкiлдi және атқарушы өкiмет органдарына орман пайдаланушылар мен орман қоры иелерiне мiндеттi болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Тәртiпке сәйкес жүзеге асырылатын орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға орманның табиғаты мен компоненттерiн танып-бiлу үшiн орман қоры аумағында кешендi және мамандандырылған (орман шаруашылық, ботаникалық, топырақ, зоологиялық, орман патологиялық және басқа) ғылыми-эксперименттiк зерттеулер жүргiзу, солардың негiзiнде, жаңа техника жасауды қоса алғанда, орман және аңшылық ресурстарды қорғау, сақтау, ұлғайта өсiру мен ұтымды пайдалану жөнiндегi тәсiлдердi, әдiстер мен технологиялық процестердi әзiрлеу, сондай-ақ орман қоры шегiнде орналасқан басқа да табиғат және табиғатқа жатпайтын объектiлердi зерделеу жатады. Орман пайдаланудың бұл санатына тәжiрибелiк-өндiрiстiк тексеру жүргiзу, орман шаруашылық өндiрiсiне ғылыми және конструкторлық әзiрлемелердi енгiзу, сондай-ақ жобалау-iздестiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман қоры аумағында орындалатын ғылыми-зерттеулер қосылады.
Тармақ 4
4. Орман қорын ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланушылар Қазақстан Республикасының тиiстi заңды ұйымдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасымен, оның мемлекеттiк және ғылыми ұйымдарымен жасалған шарт бойынша немесе Қазақстан жүзеге асыруға қатысатын халықаралық бағдарламалар бойынша зерттеулердi орындайтын халықаралық және шетелдiк ұйымдар мен мекемелерi болуы мүмкiн.
Тармақ 5
5. Орман биоценоздарындағы өсiмдiктер мен жануарларды интродукция бойынша ғылыми зерттеулердiң бағдарламалары және олардың нәтижелерiн ормандардың флорасы мен фаунасын молайту практикасында жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясы мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясымен келiсiлуге тиiс.
Тармақ 6
6. Ғылыми-зерттеулер мақсаттары, мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаждар үшiн пайдалануға берiлген орман қоры учаскелерiн қайтарып алу Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 28 және 29 баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысымен бекiтiлген Ерекше бағалы жерлердiң, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер тұрған, мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаждар үшiн алып қоюға жатпайтын жерлердiң тiзбесiн ескере отырып жүргiзiледi.
Тармақ 7. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына беру мен пайдалану тәртiбi
7. Осы Тәртiптiң орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi қамтамасыз етедi. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарына беру мен пайдалану тәртiбi
Тармақ 8
8. Орман қоры учаскелерi ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн:
Тармақша а
а) жалға алу шарттары негiзiнде пайдалануға;
Тармақша ә
ә) орман иесiнен қайтарып алусыз пайдалануға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 9
9. Орман қоры учаскелерiн жалға алу шарттары негiзiнде ғылыми-зерттеу мақсаттары үшiн пайдалануға беру Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 34-бабына сәйкес жүргiзiледi. Мұндай жағдайда орманды пайдалану өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты саланы ғылыми-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi нақты мiндеттердiң шешiлуiн көздеуге тиiс.
Тармақ 10
10. Орман қоры учаскелерiн орман иесiнен қайтарып алусыз ғылыми-зерттеу мақсаттарына пайдалану ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының көшiрмесi қоса тiркелген дәлелдi өтiнiм негiзiнде орман шаруашылығы органдарының рұқсатымен орман қорының бүкiл аумағында жүзеге асырылуы мүмкiн. Ғылыми-зерттеулердiң түрлерi (тұрақты, далалық, маршрутты), ерекшелiгi (орман шаруашылық, ботаникалық, топырақ және басқа), басталуы мен аяқталу мерзiмi, маршруттары, тәжiрибелiк объектiлердiң iргесi қаланатын жерлер мен олардың көлемi және аталған жұмыстарды жүргiзудiң басқа шарттары ғылыми мекеменiң немесе оның тапсыруы бойынша ғылыми экспедицияның, отрядтың, топтың орман иесiмен жасаған келiсiммен анықталады. Орман шаруашылық кәсiпорындарымен (бiрлестiктерiмен) жасалған шарт бойынша ғылыми-зерттеулердi орындау кезiнде аталған жайлар тиiстi шартта көрсетiлуге тиiс. Судың жәй-күйiне әсер ететiн су қорғау аймақтары мен тiлкемдерде ағаш кесу және басқа тәжiрибелiк жұмыстар табиғат қорғау мемлекеттiк органдарының, орман шаруашылығы мен су ресурстары басқармаларының, жергiлiктi атқарушы органдардың келiсуi бойынша жүргiзiледi. Жануарлар мен өсiмдiктердiң бағалы түрлерi мекендеген жерлерде мұндай жұмыстарды орындау да табиғат қорғау органдарымен келiсiлуге тиiс. Ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк жұмыстарды жүргiзу үшiн орман ресурстарын қайтарып алу арнайы рұқсат беретiн құжаттар: орман қоры учаскелерiнiң иелерi, ал фауна бойынша - жануарлар дүниесiн қорғау, балық шаруашылығы су тоғандарында балық қорын қорғау және табиғат пайдалануды бақылау жөнiндегi бас басқармалар беретiн лицензиялар, ағаш кесу билеттерi, ордерлер, орман билетi негiзiнде жүргiзiледi. Орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану кезiнде орман иесiнiң жерiнен алынған орман өнiмi (сүрек, жемiс пен тұқым, қалемше, екпе, көшет, тағамдық, дәрi-дәрмектiк және техникалық шикiзат), ғылыми зерттеулердi орындау үшiн қажеттiсiнен басқа бөлiгi, орман иесiнiң меншiгi болып табылады. Оның тiзбесi мен көлемi бағдарлама мен зерттеулер әдiстемесiне қарай белгiленiп, келiсiмде немесе шартта көрсетiледi.
Тармақ 11
11. Ғылыми және тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзу үшiн берiлген орман қоры учаскелерiнде орман пайдаланудың басқа түрлерi шектелуi немесе оларға толық тыйым салынуы мүмкiн. Бұл шектеулердi арнайы пайдалану режимi, шектеулердiң түрлерi мен мерзiмдерi белгiленетiн орман қоры учаскелерiнiң тiзбесi мен көлемiн көрсете отырып, орман иелерi ғылыми және тәжiрибелiк зерттеулер жүргiзетiн адамдардың ұсыныстары негiзiнде анықтайды.
Тармақ 12
12. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында, әсiресе тәжiрибелiк жұмыстар жүргiзген кезде пайдалану орманның экологиялық жүйелерiне және солардың компоненттерiне зиян келтiрмейтiндей, сирек кездесетiн және жойыла бастаған өсiмдiктер мен жануарлар түрлерi мекендеген ортаның жойылуына немесе нашарлауына жол берiлмейтiндей етiп жүзеге асырылуға тиiс.
Тармақ 13
13. Ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгiн және олардың нәтижелерi орман шаруашылығында iске асырылуын жеделдету мақсатында тәжiрибе-өндiрiстiк орман шаруашылық кәсiпорындары ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұндай жұмыстар жоғары оқу орындарының студенттерiн оқыту процесiн қамтамасыз ету үшiн құрылатын оқу-өндiрiстiк кәсiпорындарда да орындалуы мүмкiн. Осындай кәсiпорындарды ұйымдастыруды ғылыми және оқу мекемелерiнiң ұсыныстарын ескере  отырып, мемлекеттiк орман шаруашылығы басқару органы жүзеге  асырады.
Тармақ 14. Орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға иелену құқығын тоқтату үшiн, сондай-ақ оның пайдаланылуын өзгерту және бас тарту үшiн негiздер
14. Қорықтардың, ұлттық парктер мен заказниктердiң, сондай-ақ тәжiрибелiк және оқу-өндiрiстiк кәсiпорындардың орман қоры учаскелерiн пайдалану тәртiбi олар туралы ережемен және осы Тәртiппен анықталады. Орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануға иелену құқығын тоқтату үшiн, сондай-ақ оның пайдаланылуын өзгерту және бас тарту үшiн негiздер
Тармақ 15
15. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану:
Тармақша а
а) аталған пайдаланудан ерiктi түрде бас тартқан;
Тармақша ә
ә) пайдалану мерзiмi өткен;
Тармақша б
б) орман қорының жерлерi мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаждар үшiн қайтарып алынған;
Тармақша в
в) мекеме немесе аталған пайдалану түрiнiң субъектiсi таратылған;
Тармақша г
г) орман пайдаланудың белгiленген тәртiбi мен ережелерi бұзылған;
Тармақша д
д) орманды ұтымсыз пайдалану салдарынан оның экологиялық жүйесi нашарлауына, экологиялық функцияларынан айырылуына, топырақ эрозиясының өршуiне жол берiлген;
Тармақша е
е) рұқсат беру құжаттарында көзделген мiндеттердi орман пайдаланушылар орындамаған;
Тармақша ж
ж) орман қоры учаскелерi нысаналы мақсатына пайдаланылмаған;
Тармақша з
з) орманды пайдаланғаны үшiн ақы белгiленген мерзiмдерде енгiзiлмеген жағдайда тоқтатылады.
Тармақ 16
16. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану шарттарын өзгертуге:
Тармақша а
а) табиғи зiлзала салдарынан олардың жәй-күйi белгiленген бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеулердi жалғастыра беруге мүмкiн болмайтындай өзгерген;
Тармақша ә
ә) ормандардың қорғаныш санатын өзгерту және оның құрамына ұлттық парктердi, қорықтар мен заказниктердi қосу нәтижесiнде орман қорының учаскелерiн пайдалануды жүзеге асыруға қойылатын талаптар және оның тәртiбi өзгерген, егер бұрынғы пайдалану шарттары ерекше қорғалатын аумақтар мәртебесiне сәйкес келмейтiн болса;
Тармақша б
б) мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаждар үшiн орман қорының жерлерi iшiнара қайтарып алынған кезде жол берiледi.
Тармақ 17
17. Пайдаланудың сол түрiне қойылатын талаптарға сәйкес оны жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы дәлелдер келтiрмеген жағдайда орман қоры учаскелерiн пайдалануға беруден бас тартылуы мүмкiн.
Тармақ 18
18. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында  пайдалану құқығын тоқтату рұқсат ету құжаттарын берген органдардың оларды жою жолымен ресiмделедi.
Тармақ 19. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану ақысы
19. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсатында  пайдалануға беруден бас тарту және пайдалану құқығын тоқтату туралы шешiмге сотқа беру тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану ақысы
Тармақ 20. Орман қоры учаскелерiн иеленушiлердiң және оларды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
20. Орман қорының учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану ақысы Қазақстан Республикасының Орман кодексiне және "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 20-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.15. N 431 қаулысымен . Орман қоры учаскелерiн иеленушiлердiң және оларды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 21
21. Ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалануды ұйымдастыру кезiнде орман қоры учаскелерi иелерiнiң:
Тармақша а
а) осы Тәртiптiң 4-тармағына сәйкес рұқсат ету құжаттарын бере отырып, орманды ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану құқығын беруге;
Тармақша ә
ә) орман пайдаланудың басқа түрлерiн, сондай-ақ ғылыми және тәжiрибелiк зерттеулерге тартылған орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылық шараларын (орманды сақтау мен қорғаудан басқа) жүргiзудi шектеуге және оларды тоқтата тұруға;
Тармақша б
б) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде орман, жер, су және басқа заңдардың, орманды пайдалану нормаларының, ережелерiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша в
в) орман немесе басқа заңдар және осы Ереже бұзылған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi тоқтата тұруға және тиiстi рұқсат беру құжаттарының күшiн жоюға;
Тармақша г
г) пайдаланушылардың ғылыми және тәжiрибелiк зерттеулердi жүргiзу барысында орман заңын бұзып орман шаруашылығына келтiрген зиянға өтем жасау туралы оларға белгiленген тәртiппен талап қоюға;
Тармақша д
д) орман иесiнiң жерлерiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзушi адамдардан зерттеу нәтижелерi жөнiнде ақпарат алуға құқығы бар.
Тармақ 22
22. Орман қоры учаскелерi ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн оның иелерi:
Тармақша а
а) тиiстi рұқсат ету құжаттарын табыс ете отырып орман қоры учаскелерiн аталған пайдалану түрi үшiн беруге;
Тармақша ә
ә) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзуге қажеттi орман орналастыру, есептiк және басқа материалдар мен құжаттарды танысу үшiн беруге;
Тармақша б
б) актi бойынша берiлген кәсiпорындардың, ғылыми және тәжiрибелiк объектiлердiң толық, ал қажет болғанда ұдайы аман сақталуын қамтамасыз етуге; орман аумағында оларды құрған немесе бөлген ғылыми (оқу) мекемелерiнiң келiсiмiнсiз бұларда нендей бiр шаруашылық шаралардың жүргiзiлуiне жол бермеуге мiндеттi.
Тармақ 23
23. Орман қоры учаскелерiн ғылыми мақсаттарда пайдаланушылардың:
Тармақша а
а) рұқсат беру құжаттарында көрсетiлген мерзiмдер мен көлем шегiнде орманды ғылыми мақсаттарға пайдалануға;
Тармақша ә
ә) өздерiнiң заңды мүдделерi бұзылған жағдайда оларды сотқа беру тәртiбiмен қорғауға;
Тармақша б
б) ғылыми-зерттеу мақсаттарында орманды пайдалануда негiзсiз келтiрiлген зиянның өтемiн жасатуға құқығы бар.
Тармақ 24
24. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдаланушылар:
Тармақша а
а) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының орман, жер, су және басқа заңдары мен осы Тәртiптi қатаң түрде басшылыққа алуға;
Тармақша ә
ә) өрт қауiпсiздiгi ережелерiн, өсiп тұрған ағашты босату тәртiбiн, орманды пайдалану мен орманда болуды реттейтiн басқа да нормативтiк құжаттарды, сондай-ақ орманды, табиғат қорғауды басқару мемлекеттiк органдары лауазымды адамдарының нұсқауларын сақтауға;
Тармақша б
б) ғылыми және тәжiрибелiк жұмыстарды жүргiзу кезiнде бүлдiрiлген орман қоры учаскелерiн өз қаржысы есебiнен оларды өз мақсатында пайдалануға жарамды күйге келтiруге;
Тармақша в
в) орман қоры учаскелерiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн оларды куәландыру үшiн орман иелерiне табыс етуге, сондай-ақ сақтауға жататын ғылыми және тәжiрибелiк объектiлердi актi бойынша өткiзуге;
Тармақша л
л) лицензияда, штатта, ағаш кесу билетiнде және басқа рұқсат беру құжаттарында белгiленген шарттарды орындауға;
Тармақша д. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
д) ғылыми зерттеулердiң нәтижелерi және оларды орман иелерiнiң практикалық қызметiнде пайдаланудың орынды болатыны, бүлiнген жерлердi қалпына келтiру жөнiнде қолданылған шаралар, тасымалдауға жататын сүректер үйiлген орындар жайында хабарлауға мiндеттi. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 25
25. Орман қоры учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттарында пайдалану тәртiбiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тараптар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауап бередi.