Об утверждении Правила оказания социальной помощи семьям (гражданам) на оплату содержания жилища и потребления коммунальных услуг Күшін жойған
Басқа 0
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-П «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде Таран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсету ережелері» бекітілсін.
Тармақ 2. Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық
қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
2. Таран аудандық мәслихатының 2002 жылғы 30 қарашадағы № 66 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үйді ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметін көрсетуге ақы төлеуге көмек көрсету тәртібі туралы» сессиясы шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Бекітілген
Таран аудандық мәслихатының
(үшінші шақырылған) бірінші
кезекті сессиясының 2003 жылғы
7 қазандағы № 7 шешімімен
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық
қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің
ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің осы Ережелері «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I Заңына сәйкес әзірленді.
Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге әлеуметтік көмек аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы арқылы (уәкілетті орган) төленетін тұрғын үй жәрдемақысы түрінде көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегі
2. Тұрғын үй көмегі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі Таран ауданының әкімшілік аумағында тұрғылықты тұратын және тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарынды шегінің үлесі отбасының жиынтық табысының 25 процент асатын, тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы (жалдаушысы) болып меншік табылатын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тармақ 2
2. Жеке меншігінде бір бірліктен астам тұрғын үйлері бар немесе тұрғын үйлерді жалға беретін отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін алуларына құқықтары болмайды.
Тармақ 3
3. Жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскери қызметін атқармайтын және жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда тіркелмеген еңбекке қабілетті тұлғалары бар отбасыларының тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ.
Дәлелсіз себептермен ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орындарына, оқуға немесе қайта оқытуға қатысуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыз, тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
Айрықшалықты құрайтындар:
Тармақша 1
1) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, сексен жастан асқан үлкен кісілерге, жеті жасқа дейінгі балаларға күтім көрсетуі жүзеге асыратын тұлғалар, жасы жетуге байланысты, мүгедекке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын тұлғалар;
Тармақша 2
2) стационарлық емдеуде ұзақ уақыт (бір айдан артық) емделіп жатқан тұлғалар.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін тағайындаудың шарттары
3. Тұрғын үй көмегін тағайындаудың шарттары
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегін алу үшін алаң нормасы есепке алынады:
Тармақша 1
1) жалғыз тұратын азаматтар үшін - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр;
Тармақша 2
2) жеке үйде тұратын, газ есептегіші бар, жалғыз тұратын азаматтар үшін - 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр;
Тармақша 3
3) екі адамнан тұратын отбасына 18 шаршы метр қосу 9 шаршы метр;
Тармақша 4
4) үш және одан артық адамнан тұратын отбасына 36 шаршы метр (18 шаршы метр қосу 18 шаршы метр).
Тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті пайдалануға төленетін ақы осы ережемен белгіленген мөлшерден асса, жалпы негізде жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Отбасының бір мүшесіне электр қуатының шығын мөлшері 45 киловатт.
Тармақ 6
6. Халықтың тұрмыстық мұқтаждығына пайдаланатын, газ плиталары болса, сұйытылған газдың шығын мөлшері отбасының бір мүшесіне 8,3 килограмм, бірақ үш және одан көп адамнан тұратын отбасы шығынының екі мөлшерінен аспауы керек, яғни - 8,3 килограмм қосу 8,3 килограмм.
Тармақ 7
7. Коммуналдық қызмет шығындарының мөлшері Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 16 ақпандағы № 31 «Есеп аспаптары жоқ тұтынушылар үшін, коммуналдық қызметтер шығысының мөлшерін бекіту туралы» шешімінің негізінде беріледі.
Тарау 4. 4. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын анықтау тәртібі
4. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысын анықтау тәртібі
8. Отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына белгіленген уақыт ішінде алу көздеріне қарамастан Қазақстан Республикасы және одан тыс жерлерден алынған табыстар, еңбек ақы түріндегі табысты; мүлік табысын, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақыларды, жәрдемақыларды, өтемақы мен әлеуметтік қолдаудың басқа түрлерін; балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға алынатын алименттерді, жарақат алуға немесе денсаулықтың басқаша зақымдалуына байланысты зиянды өтеу ретінде алынатын біржолғы соманы ақшалай және заттай тыс түріндегі табысты, жеке қосалқы шаруашылықтан (оның ішінде малдан, бау-бақшадан, үй жанындағы жерден) түскен табысты қоса алғандағы табыстар кіреді.
Тармақ 9
9. Тоқсан ішінде жеке қосалқы шаруашылықтан отбасының жиынтық табысына кіретін мөлшері отбасының екі еселеген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде алынады.
Тармақ 10
10. 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі табысы жоқ азаматтар үшін тұрғын үй көмегін есептегенде екі айлық есептік көрсеткіш қолданылсын.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй көмегін тағайындауға уәкілетті
органға азаматтардың өтінішін жасау тәртібі
5. Тұрғын үй көмегін тағайындауға уәкілетті
органға азаматтардың өтінішін жасау тәртібі
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер уәкілетті органға мына құжаттарды тапсыруға тиіс:
Тармақша 1
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірін, жеке куәліктің нөмірін, халық банкісіндегі шотының нөмірін көрсетіп, тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтінішті;
Тармақша 2
2) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін;
Тармақша 3
3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған тұлғаларға анықтаманы;
Тармақша 4
4) жұмыс істейтін азаматтар өткен тоқсандаѓы жалақы туралы анықтаманы;
Тармақша 5
5) алатын алимент мөлшерін растайтын мәліметтер (мәлімет болмаған жағдайда сот орындаушысынан анықтама) және басқа табыстар: зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, ұтыстар, өткен тоқсанға әлеуметтік көмек;
Тармақша 6
6) отбасы құрамы және тұратын жерінде тіркелген жер учаскесі және қосалқы шаруашылығы көрсетілген анықтаманы;
Тармақша 7
7) есептегіш құралдары бойынша коммуналдық қызметке төлеген ақы туралы кітапшалар, түбіртектерді коммуналдық қызметтердің пайдаланылатын қызметтерге алдыңғы тоқсанға есептеген ақылары туралы анықтаманы.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініштерін азаматтар тұратын жеріндегі уәкілетті органға береді.
Тармақ 13
13. Ағымдағы айға құжаттарды қабылдауы айдың жиырма төртінші жұлдызында аяқталады.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі
6. Тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегін есептегенде есепке өткен тоқсанның табыстары алынады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін алуға алғашқы рет өтініш жасаған азаматтарға, өтініш берген айдан тағайындалады.
Тармақ 16
16. Отбасының (азаматтың) тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметті пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарынды шегінің үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтері өзгерген жағдайда уәкілетті орган бұрынғы есептелген соманы қайта есептейді.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалдаушының (меншік иесінің) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін мөлшер шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетуге нақтылы төлейтін төлем мен осы мақсатқа отбасы шығынының ұйғарынды шегінің айырмасы ретінде есептеледі.
Тармақ 18
18. Тұрғын ұй көмегі тоқсанына бір рет, бірақ өтініш жасаған айдан бастап тағайындалады.
Тармақ 19
19. Тұрғын үйді сатқан жағдайда жәрдемақы мәміле жасалған айдан төленбейді.
Тармақ 20
20. Тұрғын үй көмегі тыйынсыз теңгемен төленеді.
Тармақ 21
21. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданған табыстар туралы ақпаратты қасақана бұрмаласа, көмек алу құқығынан бір жылға айырылады.
Тармақ 22
22. Заңсыз алынған тұрғын үй көмек сомасы заңнама белгілеген тәртіппен өндіріліп алынады.
Тарау 7. 7. Тұрғын үй көмегін төлеу тетігі
7. Тұрғын үй көмегін төлеу тетігі
Тармақ 23
23. Уәкілетті органы тұрғын үй көмегін есептеген жиынтық тізімдемесін аудандық қаржы басқармасына тапсырады.
Тармақ 24
24. Аудандық қаржы басқармасы есептелген тұрғын үй көмегі көрсетілген жиыртық тізімдемедегі сомаға уәкілетті органды қаржыландырады.
Тармақ 25
25. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегі сомасын жазбаша арыз бойынша өтініш берушінің халық банкіндегі жеке шотына немесе азаматтардың арызына сәйкес коммуналдық қызмет көрсетуді жеткізушілерге аударады, олар түскен соманы алушылардың жеке шотына түсіреді.
Тармақ 26
26. Аудандық қаржы басқармасы жылына кемінде бір рет алғашқы құжаттар бойынша бюджет қаражатының тұрғын үй көмегін дұрыс шығындалуын тексереді.
Тарау 8. 8. Ерекше шарттар
8. Ерекше шарттар
Қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселені, аудан әкімімен құрылған дауды немесе шиеленісті жағдайларды қарау жөніндегі комиссия қарайды.