Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы 2003 жылғы қыркүйектен қазан айына дейін Шығыс Қазақстан облысының аумағында жер қыртысының интенсивті сериялы тербелістері болды. "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996-жылғы 5-шілдедегі N 19-I Заңының 13,19-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 37-бабына сәйкес әкімшілік және тұрғын үйлерді, коммуналдық-энергетикалық жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі шараларды өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен, Риддер қалаларының, Глубокое, Жарма, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха аудандарының аумақтарында төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.