О комплексе мер по обеспечению устойчивой работы объектов жизнеобеспечения в зимних условиях и готовности дорожных служб к зимнему содержанию дорог Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені және жол қызметтерінің жолдарды қыста ұстауға әзірлігі туралы Облыс халқының тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты әрекет етуін, 2003-2004 жылдардың қысқы кезеңінде облыс жолдарында көліктің үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996-жылғы 5-шілдедегі N 19-I Заңының 13- бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 23-қаңтардағы N 148-II Заңының 27-бабы 1- тармағы 12- тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2003-2004 жылдардың қысқы кезеңінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты әрекет етуіне, жолдарды жүретіндей жағдайда ұстауға және жолдарда зардап шеккендерді көшіруге жауапкершілік қалалар мен аудандардың әкімдеріне жүктелсін.
Тармақ 2
2. Облыстық автомобиль жолдары басқармасы, облыстық ішкі істер Бас басқармасының жол полициясы басқармасы қалалардың, аудандардың аумағындағы автомобиль жолдарында жол қозғалысы қауіпсіздігіне және жүрген кезде адамдардың өміріне қауіп төндіретін жолдарда көлік құралдарының қозғалысын шектеу немесе тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда дереу жергілікті атқарушы органдарға және төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармаға хабарласын.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкімдері:
Тармақша 1
1) халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін және өшірілуі адамдардың өліміне, апатқа, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін үзіліссіз қуатпен жабдықтау объектілерінің тұрақты әрекет етуін қамтамасыз етсін. Халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің барлық объектілеріне және үзіліссіз қуатпен жабдықтау объектілеріне апаттық броньдар және банктердің, Қазынашылықтың немесе қаржы бөлімдерінің электр қуатын пайдаланған кезде апаттық бронь актілері және ақы төлеу жөніндегі кепілдіктері болсын;
Тармақша 2
2) 2003 жылғы 20 желтоқсаннан бастап қалалардың, аудандардың әкімдері аппараттарының жауапты лауазымды адамдарының тәулік бойғы кезекшілігін ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) күн сайын таңертеңгі сағат 9-ға дейін облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің, үзіліссіз қуатпен жабдықтау объектілерінің жұмысы, қала, аудан аумағындағы жолдардың жағдайы туралы, ал тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысы, үзіліссіз қуатпен жабдықтау және жолдардың жағдайы нашарлағанда - дереу мәліметтер берсін;
Тармақша 4
4) төтенше жағдай жарияланған жағдайда жолдарды тазалауға меншік нысандарына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің қар тазалайтын техникасы тартылсын, бұл техниканы пайдаланумен байланысты шығыстар, қалалық және аудандық бюджеттерде жолдарды ұстауға бөлінетін қаражаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға көзделген қаражаттар есебінен жабылсын;
Тармақша 5
5) жылытылатын "Кунг" орнатылған өту қабілеті жоғары 2 бірлік техникасы бар көшіру-көлік топтары құрылсын, жолдарда зардап шеккендерді олардың өз қаражаттары есебінен орналастыру, жылыту және тамақпен қамтамасыз ету, ал ерекше жағдайларда төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жергілікті бюджеттерде көзделген қаражаттар есебінен тәулігіне бір зардап шегушіге 0,5 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде 2 рет тамақпен қамтамасыз ету орындарын анықтасын;
Тармақша 6
6) қалалық және аудандық бюджеттерде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға көзделген қаржылардың есебінен жанар-жағармай материалдарының қоры жасалсын: қысқы дизель отыны (-350 ) - 10 тонна, автомобиль бензині - 15 тонна, мотор майы - 1 тонна.
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облыстық автомобиль жолдары басқармасының бастығы (М.Т Мыңбаев), Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы (Н.Т.Уранхаев) қысқы кезеңде облыстың автомобиль жолдарын тиісінше ұстауды қамтамасыз етсін, бұл үшін 2003 жылғы 10 желтоқсанға дейін:
Тармақша 1
1) құламалар мен жол жиектерін өсімдіктерден тазалап, қауіпті учаскелерде ескертпе сырықтар мен қажетті жол белгілерін орнатсын;
Тармақша 2
2) жол ұйымдарын жанар-жағармай материалдарымен толық көлемде қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) себетін материалды жолдардың қауіпті учаскелеріне жеткізсін;
Тармақша 4
4) жол ұйымдарын шарттар бойынша уақытында қаржыландыруды жүзеге асырсын;
Тармақша 5
5) қар тазалағыш техниканың резервтегі жинақы жасақтарын құрсын.
Тармақ 5
5. Шығыс Қазақстан облыстық энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік басқармасының бастығы (Н.Т.Уранхаев) халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін және өшірілуі адамдардың өліміне, апатқа, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін үзіліссіз қуатпен жабдықтау объектілерінің тұрақты әрекет етуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Көкпекті және Күршім аудандарының әкімдері Казнаковка паром өткелінің жұмысы тоқтаған соң мұз өткелі жасалғанша Бұқтырма су қоймасы арқылы техниканың, ат көлігінің және халықтың қозғалысына тыйым салатын уақытша тәулік бойы постылар орнатсын.
Тармақ 7
7. Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы мемлекеттік қызмет Бас басқармасының бастығы (В.П.Коншу):
Тармақша 1
1) зардап шеккендерді, науқастарды көшіру және азық түлік жеткізу үшін ақаусыз тікұшақтар, 2 бірлік ауыр шынжыр табанды тартқыш-22 тұрақты әзірлікте ұстасын;
Тармақша 2
2) жанар-жағармай материалдарының қоры болсын.
Тармақ 8
8. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (Г.В.Темный) тіршілікті қамтамасыз ету, үзіліссіз қуатпен жабдықтау объектілерінің жұмысы және облыс жолдарының жағдайы туралы ақпаратты күнделікті жинап, қорытуды қамтамасыз етсін. Қорытылған ақпарат күн сайын облыс әкімінің аппаратына берілсін, ал төтенше жағдайлар пайда болған кезде ақпарат дереу берілуге тиіс.
Тармақ 9
9. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (Г.В.Темный), Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы мемлекеттік қызмет Бас басқармасының бастығы (В.П.Коншу):
Тармақша 1
1) қолда бар техникадан қар тазалайтын техниканың мына мөлшердегі жинақы жасағын құрсын: бульдозер - 1 бірлік, БАТ-М жол салғышы - 1 бірлік, шнекоротор - 1 бірлік, трейлер - 1 бірлік, тартқыш - 1 бірлік және оларды ақаусыз жағдайда ұстасын;
Тармақша 2
2) өту қабілеті жоғары техникада басқарудың жылжымалы пункттерінің 4 бірлік мөлшеріндегі резерві болсын;
Тармақша 3
3) жасақтың жолдарды тазалауға шығуы облыс әкімінің өкімімен жүргізілсін.
Тармақ 10
10. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы (Г.В.Темный) қысқы кезеңде төтенше жағдайлар пайда болу қаупі туғанда халықты құлақтандырудың жүйесін нақтыласын.
Тармақ 11
11. "Облыс жолдарында қолайсыз ауа - райы жағдайлары мен төтенше ахуалдар болған уақытта Ішкі істер бас басқармасы, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы бөлімшелерінің жеке құрамы және жол ұйымдарының іс-қимыл жоспары" бекітілсін (қоса беріліп отыр).
Тармақ 12
12. "Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін объектілердің тұрақты әрекет етуі және облыстың автомобиль жолдарын 2002-2003 жылдардың қысқы кезеңінде ұстау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2002 жылғы 6 желтоқсандағы N 302 қаулысы (тіркеу N 1020 12. 12.2002.) күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.
Тармақ 14
14. Осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 31. Облыс жолдарында қолайсыз ауа-райы жағдайлары мен төтенше ахуалдар болған уақытта Ішкі істер бас басқармасы, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бөлімшелерінің жеке құрамы және жол ұйымдарының іс-қимыл
Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2003 жылғы 24 қазандағы N 226 қаулысына қосымша Облыс жолдарында қолайсыз ауа-райы жағдайлары мен төтенше ахуалдар болған уақытта Ішкі істер бас басқармасы, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бөлімшелерінің жеке құрамы және жол ұйымдарының іс-қимыл ЖОСПАРЫ
Тармақ 1. 1. МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР
1. МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР Қолайсыз ауа райы жағдайларында және төтенше ахуалдар болғанда облыс жолдарында көліктің үзіліссіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету. Қар алып қалуы мен көшкін түсуінің салдарын уақытылы жою, облыс жолдарына қызмет көрсететін шаруашылық жүргізуші субъектілермен бірлескен іс-қимылды қамтамасыз ету.
Тармақ 2. 2. АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ МЕН БЕРУ ТӘРТІБІ
2. АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ МЕН БЕРУ ТӘРТІБІ Автомобиль жолдарының учаскелеріне жауаптылар жол жағдайлары туралы ақпаратты жинау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды көлік құралдарының жүргізушілерінен сұрау және тікелей зерттеу жолымен қамтамасыз етеді. Алынған ақпараттың негізінде ішкі істер аумақтық бөлімінің басшысы немесе жол полициясы бөлімшесінің бастығы аумақтық жол органдарымен бірлесе отырып бекітілген жол учаскесінде қозғалысты шектеу немесе тыйым салу туралы шешім қабылдап, дереу 42-60-05 телефонымен жол полициясы Басқармасының кезекшілік бөліміне және 26-28-08 телефоны бойынша "Қазавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының диспетчеріне хабарлайды. Қауіпсіз қозғалысқа кедергі жасайтын себептерді жою жөнінен қажетті шараларды қолданады. Қозғалысты ашу учаскедегі жол жағдайы жөніндегі нақты ақпарат алынған кезде аталған инстанцияларға хабарлай отырып жүргізіледі. Жол полициясы бойынша кезекші автомобиль жолында қозғалысты шектеу немесе тыйым салу туралы хабарды алғанда ішкі істер басқармасына, төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың жедел кезекшісіне хабарлайды және орналастыруға сәйкес постылардың қойылуын бақылайды. Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың жедел кезекшісі автомобиль жолдарында ауа райы жағдайлары және стихиялы апаттардың салдарын жою үшін қар тазалағыш және басқа техниканы жұмылдыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3. 3. ПОСТЫЛАР МЕН МАРШРУТТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ
3. ПОСТЫЛАР МЕН МАРШРУТТАРДЫҢ ОРНАЛАСУЫ
Тармақша 1
1) "Өскемен - Тарғын - Самар" автомобиль жолы, "Бозанбай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бастығы Е.С.Қанапиянов қызмет көрсететін 13-80-шақырымдар, жұмыс телефоны 8-2338-2-19-72). Қолда 5 бірлік ақаусыз қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - Тарғын селосы, жауапты Ўлан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі К.С.Құмарғажин. N 2 пост - "Самар" бақылау пункті, жауапты Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімі Самар полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры К.К. Сұраужанов.
Тармақша 2
2) "Өскемен - Сажаевка -Зырян" автомобиль жолы, ДЭУ-31 (бастығы Г.М.Романюк, тел. 23-06-83) қызмет көрсететін 0-ден 97-шақырымға дейінгі участок. Қолда 5 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - Степное селосы, жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Р.У.Халиков. N 2 пост - "Осинов асуы", жауапты Зырян аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.К.Уәлиев.
Тармақша 3
3) "Омск - Майқапшағай" автомобиль жолы, ДЭУ-25 (бастығы Т.С.Бергенев, жұмыс телефоны 8-322-2-62-15-26, үйінікі 45-83-80, мастер В.А. Касатчиков, Үлкен Владимировка селосы, жұмыс телефоны 9-12-95, үйінікі 9-15-36) қызмет көрсететін 587-ден 733- шақырымға дейінгі участок. Қолда 5 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - Семей қаласынан Павлодарға қарай шығаберіс, жауапты жол полициясы жеке ротасының командирі полиция майоры В.А.Попов. Семей қаласындағы ДЭУ-26 (бастығы Г.Т. Рахимбаев, жұмыс телефоны 8-3222-45-61-20, үйінікі 67-06-04) қызмет көрсететін 756-дан 860- шақырымға дейінгі участок. Қолда 4 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. Георгиевка селосындағы ДЭУ-28 (бастығы И.Ж.Атабаев, жұмыс телефоны 8-247-6-12-07, үйінікі 6-18-03) қызмет көрсететін 860-тан 966- шақырымға дейінгі участок. Қолда 5 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 2 пост - Георгиевка селосы, жауапты Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.В.Каймак. Көкпекті селосындаы ДЭУ-29 (бастығы К.Нұрғалиев, жұмыс телефоны 8-32-235-2-18-96, үйінікі 2-10-49) қызмет көрсететін 966-дан 1087 шақырымға дейінгі участок. Қолда 7 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 3 посты - Көкпекті селосы, жауапты Көкпекті аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі С.А.Құрымбаев.
Тармақша 4
4) "Алматы - Өскемен" автомобиль жолы, Үржар селосындағы ДЭУ-24 (бастығы О.М.Цемкин, телефоны 8-322-30-2-24-66), Таскескен селосы (мастер М.А.Әбдірахманов, жұмыс телефоны 8-322-30-2-17-32) қызмет көрсететін 615-тен 722- шақырымға дейінгі участок. Қолда 5 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. Аягөз қаласындағы ДЭУ-27 (бастығы Р.Ф.Манафов, жұмыс телефоны 8-322 -37-20-61-27, үйінікі 44-93) қызмет көрсететін 722-ден 768- шақырымға дейінгі участок. Қолда 6 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. ДЭУ-71 (бастығы Н.С.Жұмәділов, жұмыс телефоны 8-322-37-2-22-81, үйінікі 2-64-15) қызмет көрсететін 778-ден 863-шақырымға дейінгі участок. Георгиевка селосындағы ДЭУ-28 (бастығы И.Ж.Атабаев, жұмыс телефоны 8-247-6-12-07, үйінікі 6-18-03) қызмет көрсететін 863-тен 1019 - шақырымға дейінгі участок. Қолда 5 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. Өскемендегі ДЭУ-30 (бастығы З.А.Катпенов, жұмыс телефоны 20-77-26, үйінікі 22-29-96), қызмет көрсететін 1019-дан 1079 - шақырымға дейінгі участок. Қолда 8 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - Таскескен селосы, жауапты Үржар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Г.Б.Джумагулов. N 2 пост - жол полициясының "Аягөз" тұрақты бақылау пункті, жауапты Аягөз аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі М.Ш.Түспеков. N 1 пост - Георгиевка селосы, жауапты Жарма аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі А.В.Каймак. N 1 пост - Молодежный селосы, жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Р.У. Халиков.
Тармақша 5
5) "Семей - Новоалтайск" автомобиль жолы, Семей қаласындағы ДЭУ-25 (бастығы Т.С.Бергенев, жұмыс телефоны 8-322-2-62-15-26, үйінікі 45-83-80). Қолда 4 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - Семейден Бородулихаға шығаберіс, жауапты жол полициясы жеке ротасының командирі полиция майоры В.А.Попов.
Тармақша 6
6) "Өскемен - Риддер" автомобиль жолы, ДЭУ-30 (бастығы З.А.Катпенов, жұмыс телефоны 20-77-26, үйінікі 22-29-96) қызмет көрсететін 0-ден 105- шақырымға дейінгі участок. Қолда 8 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - "Защита", жауапты жол полициясы жеке батальонының командирі полиция подполковнигі Р.У.Халиков. N 2 пост - Риддер қаласынан шығаберіс, жауапты Риддер аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.В.Храпов.
Тармақша 7
7) "Өскемен - Предгорное - Шемонаиха" автомобиль жолы, ДЭУ-31 (бастығы Г.М.Романюк, тел. 23-06-83) қызмет көрсететін 0-ден 52-шақырымға дейінгі участок. Қолда 6 бірлік ақаусыз қар тазалайтын техникасы бар. Шемонаиха жол пайдалану пункті ( шебері В.А.Иванов, жұмыс телефоны 8-232-2-10-08) қызмет көрсететін 52-ден 102-шақырымға қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - жол полициясының "Шемонаиха" тұрақты бақылау пункті, жауапты Шемонаиха аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы полиция подполковнигі С.Х. Кайпеков.
Тармақша 8
8) "Өскемен - Таврия - Семей" автомобиль жолы, 0-ден 45-шақырымға дейінгі, 45-тен 119-шақырымға дейінгі участок (бастығы З.А.Катпенов, жұмыс телефоны 20-77-26, үйінікі 22-29-96). Қолда 4 бірлік қар тазалайтын техникасы бар. N 1 пост - Таврия селосы, жауапты Ўлан аудандық ішкі істер бөлімі Таврия полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры А.К.Ахметжанов. Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы