Об изменении и установлении границ (черты) населенного пункта города Щучинск Бурабайского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бурабай ауданы Щучинск қаласы елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 31-баптарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бурабай ауданы Щучинск қаласының шекарасына (шегіне) Бурабай ауданының 257,96 гектар босалқы жерін қосу арқылы шекарасы (шегі) өзгертіліп, шекарасының (шегінің) жалпы көлемі 10661,4 гектар болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.