Об утверждении Правил лицензирования трансфер-агентской деятельности на рынке ценных бумаг Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті мемлекеттік реттеу мақсатында, " Бағалы қағаздар рыногы туралы " және " Лицензиялау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға жіберсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Басқа 8. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау Ережесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау Ережесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) беру шарттарын және тәртібін белгілейді. Лицензияны қолдану трансфер-агент және оның Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті (бұдан әрі - трансфер-агенттік қызмет) жүзеге асыруға қатысатын филиалдарының тізіміне енгізілген филиалдары орналасқан елді мекендердің аумағымен шектеледі.
Тармақ 1
1. Лицензия беру шарттары және тәртібі
Тармақ 1
1. Өтініш беруші лицензия алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) бюджетке лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 4
4) статистикалық карточканың көшірмесі;
Тармақша 5
5) барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен (осындайлар бар болса) бірге жарғының нотариат растаған көшірмесі;
Тармақша 6
6) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың тізімі (осындайлар бар болса) және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат растаған көшірмелері;
Тармақша 7
7) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) аты-жөнін, азаматтығын және басқа заңды тұлғаларда атқаратын лауазымдарын көрсете отырып өтініш берушінің директорлар кеңесінің және атқарушы органының құрамына сайланған (тағайындалған) тұлғалар туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) басшы қызметкерлер лауазымына кандидаттардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен келісу рәсімінен өтуге арналған құжаттары;
Тармақша 10
10) қызметкерлердің аты-жөні, олардың атқаратын қызметтері көрсетілген штаттық кестенің көшірмесі;
Тармақша 11
11) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру жүктелетін құрылымдық бөлімше туралы ереже, сондай-ақ осы бөлімшенің осы Ереженің 2-тармағының талаптарына сәйкес бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат құқығымен екінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленген қызметкерлері туралы мәліметтер;
Тармақша 12
12) осы Ереженің 3-тармағының талаптарын сақтауды растайтын құжаттар, сондай-ақ байланыс желілерінің, компьютерлік желілердің және бағдарламалық өнімдер көздерінің сипаттамасын қоса отырып трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруды технологиялық қамтамасыз ету туралы, бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құрал-жабдықтарды пайдалану шарттары туралы мәліметтер;
Тармақша 13
13) тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі мөлшері 50.000 есе айлық есептік көрсеткішті құрайтын жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар;
Тармақша 14
14) тиісті қаржы жылына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген ең төменгі мөлшері 50.000 есе айлық есептік көрсеткішті құрайтын меншікті капиталдың лицензия алу үшін өтініш берілген тоқсаннан кейінгі соңғы тоқсан соңындағы жағдай бойынша өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлға) және оның бас бухгалтері қол қойған есебі;
Тармақша 15
15) негізінде осы тармақтың 14) тармақшасына сәйкес ұсынылған меншікті капиталдың есебі жасалған, өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлға) және оның бас бухгалтері қол қойған бухгалтерлік баланс;
Тармақша 16
16) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру шарттарын және тәртібін белгілейтін, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған және өтініш берушінің органы оның жарғысында белгіленген құзыретіне сәйкес бекіткен ішкі құжаттарды (бұдан әрі - регламент) екі данамен;
Тармақша 17
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құжаттар.
Тармақ 2
2. Өтініш берушінің және оның трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдарының мынадай қызметкерлері бағалы қағаздармен мәмілелерді орындау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды орындауға рұқсат құқығымен екінші санаттағы біліктілік куәліктерін иеленуі тиіс:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысы (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлға) немесе оның регламентке сәйкес трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыратын орынбасары;
Тармақша 2
2) өтініш беруші филиалының басшысы (банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылмайтын ұйымдар үшін);
Тармақша 3
3) өтініш берушінің, оның ішінде филиалдарының трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде құжаттарды (ақпаратты) қабылдауды және өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты орындайтын қызметкерлері.
Тармақ 3
3. Өтініш берушінің және оның трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдарының бағдарламалық-техникалық құрал-жабдықтары:
Тармақша 1
1) электрондық байланыс құралдары арқылы қабылданған құжаттар мазмұнының өзгермеуін;
Тармақша 2
2) құжаттарды қабылдау және өткізу кезінде олардың мазмұнын болуы мүмкін өзгерістерден қорғалуын;
Тармақша 3
3) Х-25, ТСР/ІР үлгідегі деректер пакеттерінің коммутация хаттамасын және тәулігіне кемінде бір мегабайт өткізу мүмкіндігі бар байланысы арналарын пайдалана отырып құжаттардың мазмұнын электрондық байланыс құралдарымен он екі сағат ішінде Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларына және облыс орталықтарына жіберуді;
Тармақша 4
4) электр қуаттау көзі ажыратылып қалған жағдайда бағдарламалық-техникалық құрал-жабдықтар жұмысының әдеттегі режимде қалыпты аяқталуын, сондай-ақ жіберілетін құжаттар мазмұнының сақтауын қамтамасыз ететін үздіксіз және/немесе дербес электр қуаттау көздерінің болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 4
4. Осы Ереженің 1-тармағында аталған, бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және өтінушінің мөрімен соңғы парақтың сыртқы жағында тігістің түйінінде желімделген, тігілген парақтардың саны көрсетілген жапсырма қағаздың үстіне жартылай қойылып расталып ұсынылады.
Тармақ 5
5. Құжаттардың ұсынылған көшірмелерінің шынайылығы өтініш берушінің осындай құжаттарға қол қою құқығын иеленген лауазымды тұлғаларының қолдарымен және өтініш беруші мөрінің таңбасымен расталады.
Тармақ 6
6. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарды бағалы қағаздар рыногын реттеуді және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - лицензиар) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген мерзімдерде қарайды.
Тармақ 7
7. Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасы заңдарының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген кезде өтініш берушіге лицензия беріледі.
Тармақ 8
8. Лицензия өтініш берушінің алқалы атқарушы органның басшысына (атқарушы органның функциясын жеке дара орындайтын тұлғаға) не сенімхат негізінде оның өкіліне беріледі. Өтініш берушіге өтініш берген кезде лицензиармен келісілген регламенттің бір данасы қайтарылады.
Тармақ 9
9. Лицензиар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негізде бойынша лицензия беруден бас тартады.
Тармақ 10
10. Лицензия алған заңды тұлға (бұдан әрі - лицензиат) негізінде лицензия берілген құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап он күн ішінде ұсынады.
Тармақ 11
11. Лицензиар Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негізде бойынша лицензияны қолдануды тоқтата тұрады және оны қайтарып алады.
Тармақ 12
12. Лицензиат уәкілетті органның лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы хабарламасын алғаннан кейін лицензиаттың трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ. Лицензиат уәкілетті органның лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы хабарламасын алған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға мүмкіндігі жоқ екендігі туралы өзінің клиенттеріне жазбаша хабар жібереді және бас офисінде және филиалдарында тиісті хабарландыру орналастырады.
Тармақ 2. 2. Есепке алу және бақылау
2. Есепке алу және бақылау
Тармақ 13
13. Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ осы Ереженің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады. Лицензиат өзі қызмет еткен бүкіл кезең ішінде осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 14
14. Лицензиар лицензиаттың біліктілік талаптарын және белгіленген ережелерді сақтауын тексеруді Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
Тармақ 3. 3. Қорытынды ережелер
3. Қорытынды ережелер
Тармақ 15
15. Лицензиардың лицензия беруден бас тарту туралы шешімі жөнінде сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 16
16. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Басқа 52. ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ (заңды тұлғалар үшін)
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 қыркүйектегі N 350 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногындағы трансфер-агенттік қызметті лицензиялау ережесіне қосымша ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ (заңды тұлғалар үшін) ___________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы) 1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (акционері) ______________________ ___________________________________________________________________ (толық атауы) Орналасқан жері ___________________________________________________ ___________________________________________________________________ (почталық индексі, мекен-жайы) Байланыс деректемелері ____________________________________________ ___________________________________________________________________ (телефон және факс нөмірлері, бар болса электрондық почта адресі) Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер _______________ ___________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берген) Қазақстан Республикасының резиденті/резидент емесі ________________ Негізгі қызмет түрі _______________________________________________ ___________________________________________________________________ 2. Өтініш берушінің орналастырылған акцияларының жалпы санына проценттік арақатыспен өтініш берушінің құрылтайшыға (акционерге) тиесілі акцияларының саны _________________________________________ 3. Заңды тұлғалардың толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне құрылтайшы (қатысушы, акционер) ретінде қатысуы туралы мәліметтер: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 4. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) дауыс беретін акцияларының он және одан көп (халықтық акционерлік қоғамда - бес және одан көп) процентін иеленген не өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) жарғылық капиталында бес және одан көп процент қатысу үлесі бар өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) құрылтайшы- лары туралы мәліметтер: ___________________________________________________________________ Атауы/   |  Орналасқан жері/  |  Дауыс беретін  | Негізгі аты-жөні |  тұрғылықты жері   |  акциялардың %  | қызмет түрі |    (Қазақстан      |  не жарғылық    | |  Республикасының   |  капиталындағы  | |    резиденті/      |      үлесі      | |  резидент емесі)   |                 | ___________________________________________________________________ 5. Ұйымдардың толық атауларын, орналасқан жерін көрсете отырып, өтініш берушінің құрылтайшысы (акционері) қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы мәліметтер ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 6. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасы- ның заңдарына сәйкес осындай болып табылатын басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 7. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) басшысы туралы мәліметтер: ___________________________________________________________________ (аты-жөні) ҚҰРЫЛТАЙШЫНЫҢ (АКЦИОНЕРДІҢ) САУАЛНАМАСЫ (жеке тұлғалар үшін) ___________________________________________________________________ (өтініш берушінің толық атауы) 1. Өтініш берушінің құрылтайшысы (акционері) ______________________ (аты-жөні) Туған күні және жылы ______________________________________________ Азаматтығы ________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері _______________________ ___________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы және берілген күні, кім берген) Тұрғылықты жері ___________________________________________________ ___________________________________________________________________ (почталық индексі, мекен-жайы) Байланыс деректемелері ____________________________________________ ___________________________________________________________________ (телефон, электрондық почтасының адресі) Жұмыс орны (мекен-жайын көрсетіп), лауазымы _______________________ ___________________________________________________________________ 2. Өтініш берушінің орналастырылған акцияларының жалпы санына проценттік арақатыспен өтініш берушінің құрылтайшыға (акционерге) тиесілі акцияларының саны _________________________________________ 3. Заңды тұлғалардың толық атауларын және орналасқан жерін көрсете отырып өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) өзге заңды тұлғаларды құруға және қызметіне құрылтайшы (қатысушы, акционер) ретінде қатысуы туралы мәліметтер: ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ 4. Өтініш беруші құрылтайшысының (акционерінің) осы сауалнаманың 3-5-тармақтарына сәйкес көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасы- ның заңдарына сәйкес осындай болып табылатын басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәліметтер ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________