О Регламенте Актюбинского областного маслихата Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облыстық мәслихатының Регламенті қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстық мәслихаттың 2003 жылғы 27 наурыздағы № 11 «Облыстық мәслихаттың Регламенті туралы» шешімінің күші жойылды деп табылсын.
Басқа 3
Облыстық мәслихаттың
2003 жылғы 15 қазандағы
№ 12 шешімімен БЕКІТІЛДІ
Ақтөбе облыстық мәслихатының РЕГЛАМЕНТІ
Бөлім 1. 1 бөлім
1 бөлім
Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Облыстық мәслихаттың Регламенті мәслихат сессиялары отырысын
өткізу тәртібі мен шарттарьін, оның органдарын қалыптастыруды және олардың қызметтерін ұйымдастыруды, сол сияқты «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес облыстық мәслихаттың депутаттары мен лауазымды тұлғаларының өкілеттігін жүзеге асыруды белгілейді.
Мәслихат Регламенті, оған өзгерістер мен толықтырулар сессияның жалпы отырыстарында депутаттардың жалпы санының басым көпшілігі дауысымен қабыданып, мәслихат шешімімен рәсімделеді.
Тармақ 2
2. Мәслихат сессиясының жалпы отырыстары ашық болып табылады.
Осы Регламентте қаралған жағдайда мәслихат жабық отырыс өткізуге
құқықты.
Тармақ 3
3. Мәслихат 31 депутаттан тұрады. Мәслихат депутатының өкілеттігі
облыстық сайлау комиссиясында мәслихат депутаты ретінде тіркелген
сәттен басталады.
Тармақ 4
4. Мәслихатта жұмыс мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Бөлім 2. 2 бөлім
2 бөлім
Мәслихаттың сессияларының жалпы отырыстарын өткізу тәртібі
1 тарау
Мәслихат сессиясының жалны отырысы
Тармақ 5
5. Мәслихат сессиясыньщ жалпы отырысын төраға шақырады.
Сессияны шақыру уақыты мен өткізілетін орны, сол сияқты қарауға ұсынылатын мәселелер туралы мәслихат хатшысы депутаттарға, тұрғындарға және әкімге сессияға дейін он күннен, ал кезектен тыс сессия өткізген жағдайда үш күннен кешіктірмей хабарлайды (Мәслихат хатшысы сессияның қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды депутаттарға және әкімге, сессияға кемінде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемінде үш күн қалғанда табыс етеді. Сессия отырысы жұмыс уақытында жүргізіледі.
Жалпы отырыстарда төрағалық етуші өз бастамасымен немесе қатысып
отырған депутаттар санының басым көпшілігінің ұсынысымен үзіліс жариялайды. Сессия отырыстарын өткізу күндерінде мәслихаттың жұмысшы
органдарының отырысын өткізуге жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Мәслихат сессиясының отырысы оған мәслихат депутаттарының жалпы санының үштен екісі қатысқанда заңды болып табылады.
Жалпы отырыстың заңдылығын анықтау үшін ол басталар алдында және сол сияқты үзілістен кейін депутаттарды тіркеу жүргізіледі. Сессияның ұзақтығын мәслихат анықтайды.
Тармақ 7
7. Мәслихат сессиясының жалпы отырысына төрағалық етуші:
Тармақша 1
1) сессияның жалпы отырысын ашып, жүргізеді және жабады;
Тармақша 2
2) жарыссөзде сөйлеу үшін жазылғандар туралы мәлімет жариялайды;
Тармақша 3
3) талқыланып отырғаң, мәселе бойынша сөйлеу үшін сөз береді;
Тармақша 4
4) сөз сөйлеуші регламентті бұрмалаған жағдайда оны ескертеді, ал ол
қайталанған жағдайда сөз сөйлеуден айырады;
Тармақша 5
5) үрдісті мәселе бойынша кезектен тыс сөз береді;
Тармақша 6
6) жалпы отырыста қаралған мәселелер бойынша шешім жобалаларын,
депутаттардың ұсыныстарын дауысқа салуды ұйымдастырады және дауыс
беру қорытындыларын құлақтандырады;
Тармақша 7
7) осы Регламентпен белгіленген жалпы отырыс тәртібін қамтамасыз
етеді.
Сессияның жалпы отырысында мәселелерді талқылау барысында
төрағалық етуші депутаттардың сөйлеген сөзіне баға беруге және жанама
сөйлеуге құқықсыз.
Тармақ 8
8. Жалпы отырыстың күн тәртібі оған қатысып отырған депутаттар
санының басым көпшілігінің ашық дауыс беруімен бекітіледі.
Тармақ 9
9. Сессияның жалпы отырысында баяндама жасауға 35-40 минут,
қосымша баяндама және ақпарат жасауға 15 минуттан, жарыссөзде сөз
сөйлеушілерге 10 минутқа дейін, кандидатураны талқылау барысында 3
минутқа дейін, үрдісті мәселелер бойынша сөз сөйлеу және анықтама мен
сұрақтарға 2 минутқа дейін уақыт беріледі. Сұрақтарға жауап беру үшін 10
минуттан көп емес. Жарыссөз тоқтатылғаннан кейін баяндамашы немесе
қосымша баяндамашы 5 минут көлемінде қорытынды сөз сөйлеуге құқықты.
Сөз сөйлеу мінберде немесе орнында жүргізіледі, сөз беру туралы
өтініш сессия төрағасының атына беріледі.
Сессияның жалпы отырысында ешкім де төрағалық етушінің рұқсатынсыз сөйлеуге құқығы жоқ.
Тармақ 10
10. Жалпы отырысқа қатысуы қажет деп шешілген мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды тұлғалары мәслихат сессиясының отырысына келуге және оның құзырына кіретін мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беруге міндетті.
Шақырылғандар мәслихат қызметіне араласуға құқығы жоқ, оның жұмысын мақұлдау немесе мақұлдамау көріністерінен қалыс қалуы, белгіленген тәртіпті сақтауы және төрағалық етушінің өкіміне бағынуы тиіс.
Мәслихат аппараты шақырылғандарды олардың отырыс залында
қатысу қажеттігі және қарауға жататын мәселелер туралы ертерек хабарлайды.
Сессияның отырыс залына шақырылғандарды жіберу тәртібін мәслихат сессиясының төрағасы анықтайды.
Тармақ 11
11. Сессия төрағасының немесе жалпы отырысқа қатысып отырған
депутаттардың үштен бірінің ұсынысымен қабылданған шешім бойынша
егер оған қатысып отырған депутаттар санының басым көпшілігі дауыс
берген болса мәслихат жабық отырыс өткізе алады.
Тармақ 12
12. Сессияның жалпы отырысы хатталады. Хаттамаға сессия төрағасы
мен мәслихат хатшысы қол қояды.
Тармақ 13
13. Сессияның жалпы отырысында сөз сөйлеуші депутаттық этика ережесін бұрмалауға, өз сөзінде мәслихат депутаттары мен басқа да тұлғалардың ар-ожданына және намысына тиетін балағат, сорақы сөздерді пайдалануға, кімнің болса да атына негізсіз айыптауға жол беруге, жалған ақпарат пайдалануға, заңсыз әрекеттерге шақыруға құқығы жоқ.
Осы талаптар бұрмаланған жағдайда төрағалық етуші сөз сөйлеушіні
ескертеді, ал бұрмалау қайталанған жағдайда оны сөз сөйлеуден айырады.
Депутатқа бөлінген уақытта төрағалық етуші оны сөз сөйлеуден мынадай жағдайда айыра алады:
Тармақша 1
1) сөз сөйлеу уақыты өткенде;
Тармақша 2
2) талқыланып отырған мәселе тақырыбынан ауытқығанда;
Тармақша 3
3) осы тармақтың бірінші бөлігінде қаралған талаптар бұрмаланғанда.
Тармақ 14. 2 тарау
14. Жарыссөз барысында төрағалық етуші талқыланып отырған мәселе
бойынша әртүрлі пікірлердің тууын қамтамасыз етеді. Жарыссөз жалпы отырысқа қатысып отырған депутаттардың басым көпшілігінің ашық дауыс
беру шешімімен тоқтатылады. Жарыссөзді тоқтату туралы мәселені қою
барысында төрағалық етуші мәслихат депутаттарына жарыссөзге жазылған
және сөз сөйлеген депутаттар саны туралы ақпарат беріп, кім сөз сөйлегісі
келетіндігін анықтайды, қатысып отырған депутаттардың басым көпшілігі
келіскен жағдайда оған сөз беріледі.
Жарыссөз тоқтатылуына байланысты сөз сөйлей алмаған депутаттар өз
сөздерінің жазылған мәтінін сессияның жалпы отырысының хаттамасына
қосуға құқықты.
2 тарау
Дауыс беру және шешім қабылдау тәртібі
Тармақ 15
15. Мәслихат облыстың барлық аумағында міндетті күші бар шешім
үлгісіндегі нормативтік актілер қабылдайды Жалпы отырысқа қатысушы
депутаттардың басым көпшілігінің ашық дауыс беруімен шешім қабылданады.
Дауыс беру үшін депутаттардың қажетті саны болмаған жағдайда төрағалық етуші кворумды қамтамасыз етуге міндетті.
Облыстық мәслихаттың шешімдері облыстық газеттерде толық мәтінде
немесе мазмұны жарияланады.
Тармақ 16
16. Мәслихаттың үрдісті мәселелер бойынша шешімі жалпы отырысқа
қатысушы депутаттардың басым көпшілігінің ашық дауысымен, арнайы
шешімсіз қабылданады және жалпы отырыстың стенограммасына түсіріледі.
Үрдісті мәселелерге мыналар жатады:
Тармақша 1
1) үзіліс, жалпы отырысты кейінге қалдыру туралы;
Тармақша 2
2) жалпы отырысты жүргізу туралы;
Тармақша 3
3) мәселелерді талқылау кезегі туралы;
Тармақша 4
4) жарыссөзді тоқтату туралы;
Тармақша 5
5) сөз сөйлеуді шектеу және уақытын созу туралы.
Бөлім 3. 3 тарау
3 тарау
Мәслихаттың жұмысшы органдары
Тармақ 17
17. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 1 тармағына сәйкес
мәслихат депутаттар қатарынан тұрақты комиссиялар құрады.
Тұрақты комиссиялар мәслихаттың жұмысшы органдары болып табылады және мәселелерді алдын ала қарап, дайындау, мәслихат сессиясының қарауына ұсынылған мәселелер бойынша қорытындылар жасау үшін құрылады. Тұрақты комиссиялар саны жетеуден аспауы тиіс.
Тармақ 18
18. Сандық құрамды жасақтау барысында депутаттардың сол немесе
басқа тұрақты комиссияларда жұмыс істеуге қалауы ескеріледі.
Тармақ 19
19. Тұрақты комиссияның төрағасы мәслихат сессиясының жалпы
мәжілісінде депутаттардың жалпы санының басым көпшілігінің ашық
дауысымен депутаттар қатарынан сайланады.
Тұрақты комиссия төрағасы лауазымына кандидатураны мәслихат
депутаттары ұсынады.
Тармақ 20
20. Тұрақты комиссия төрағасы:
Тармақша 1
1) комиссия жұмысына жетекшілік етеді;
Тармақша 2
2) комиссияның жұмыс жоспарын және отырыстың күн тәртібінің
жобасын жасайды;
Тармақша 3
3) комиссия жұмысына байланысты комиссия мүшелеріне тапсырмалар
береді.
Тармақ 21
21. Тұрақты комиссияның хатшысы комиссия отырысында комиссия
мүшелерінің басым көпшілігінің ашық дауысымен оның қатарынан
сайланады.
Комиссия хатшысы комиссия төрағасының орынбасары болмаған
жағдайда комиссия төрағасының тапсырмасымен комиссия отырысын
жүргізеді, комиссия депутаттарының арасында міндеттерді бөлуге сәйкес
комиссия қызметінің ішкі тәртібіндегі басқа мәселелерді шешеді және
комиссияда іс-қағаздарды жүргізуге жауапты. Комиссия төрағасымен бірге
талқыланып отырған мәселе бойынша комиссия қаулысының жобасын
дайындайды.
Тармақ 22
22. Тұрақты комиссияның отырысы оның мүшелерінің жалпы санының
жартысынан астамы болған жағдайда құқықты.
Тұрақты комиссия отырысы қажетіне қарай, бірақ тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия оның қызметіне қажетті құжаттар мен материалдарды сұратып алдыруға, сол сияқты өзінің отырысына лауазымды тұлғаларды шақыруға құқықты.
Комиссия қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігінің дауысымен қабылданады. «Иә» және «қарсы» дауыстары тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
Тұрақты комиссияның қаулысы мен хаттамасына оның төрағасы, ал бірнеше тұрақты комиссиядардың бірлескен отырысы өткізілген жағдайда тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.
Тармақ 23
23. Тұрақты комиссия өзінің бастамасымен немесе мәслихат шешімімен көпшілік тыңдау өткізе алады.
Көпшілік тыңдау тұрақты комиссиялардың қызметінің ұйымдастыру
үлгісін көрсетеді, мақсаты - оның құзырына кіретін маңызды мәселелерді
алдын ала талқылау болып табылады.
Көпшілік тыңдауды дайындау үшін уақытша комиссия құрылуы
мүмкін.
Көпшілік тыңдауға шақырылатындардың құрамын оны ұйымдастырушы тұрақты комиссиялар анықтайды.
Тұрақты комиссиялар бірлескен көпшілік тыңдауын өткізуі мүмкін.
Тармақ 24
24. Көпшілік тыңдауды тиісті комиссияның төрағасы жүргізеді.
Көпшілік тыңдау мәслихат сессиясының жалпы отырысы күндері
өткізілмейді.
Тармақ 25
25. Көпшілік тыңдауды төрағалық етуші қысқа сөзбен бастап, талқыланатын мәселенің мәні, маңызы, отырысты өткізу тәртібі, шақырылғандардың құрамы туралы хабарлайды.
Талқыланып отырған мәселе бойынша баяндама жасауға 20 минутқа
дейін уақыт беріліп, одан соң тыңдауға қатысып отырған депутаттар мен
шақырылғандар сөз сөйлейді.
Шақырылғандар төрағалық етушінің рұқсатымен ғана сөз сөйлейді.
Сөз сөйлеу уақыты 5-7 минуттан аспауы қажет.
Тармақ 26
26. Көпшілік тыңдауға шақырылғандардың баяндамасы мен сөйлеген
сөздерінен кейін депутаттардың, басқа да шақырылғандардың сұрақтары мен
оларға жауаптарға кезек беріледі.
Шақырылғандар тыңдау барысына араласуға, оларды қанағаттанбау
немесе мақұлдау көріністерімен үзуге құқықсыз.
Тармақ 27
27. Көпшілік тыңдау қорытындылары бойынша тыңдауға қатысушы
комиссия мүшелері-депутаттардың басым көпшілігінің мақұлдауымен
ұсыныстар қабылданады.
Көпшілік тыңдауларда қабылданған ұсыныстар орындаушылар есіне
жеткізіледі.
Тармақ 28
28. Көпшілік тыңдау ұсыныстары баспасөзде жариялануы мүмкін.
Тармақ 29
29. Мәслихат хатшысынан басқа облыстық мәслихат депутаттары
тұрақты комиссиялардың құрамына кіруге құқықты.
Тармақ 30. 4 тарау
30. Қажет болған жағдайда жаңа комиссиялар құрылып, таратылуы
және бұрын құрылғандары қайта ұйымдастырылуы мүмкін.
4 тарау
Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясын құру тәртібі және оның қызметі
Тармақ 31
31. Облыстық мәслихат өз өкілеттігі мерзімінде сессияда тексеру комиссиясын құрып, сайлайды.
Комиссия мәслихат алдында бағынышты және жылына кемінде бір рет
өзінің қызметі туралы оның алдында есеп береді.
Комиссия мүшелерінің санын мәслихат анықтайды. Комиссия
құрамына облыстық мәслихаттың депутаты емес тұлғалар да енгізілуі
мүмкін.
Тармақ 32
32. Тексеру комиссиясының төрағасын облыстық мәслихат сайлайды
және қызметін басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асырады.
Тармақ 33
33. Тексеру комиссиясының қызметі комиссияның әрбір мүшесінің
тексеру нәтижелеріне жеке жауапкершілігі, сол сияқты кең жариялылық пен
заңдылықты қатаң сақтау негізінде құрылады.
Тармақ 34
34. Тексеру облыстық мәслихаттың, не болмаса оның хатшысының,
тексеру комиссиясының шешімімен, сол сияқты мәслихатқа сайланған
депутаттардың кемінде үштен бірінің талабы бойынша жүргізілуі мүмкін.
Тексеру жылына кемінде бір рет өткізіледі.
Тармақ 35
35. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
Тармақша 1
1) мәслихат пен әкімге жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы
жергілікті атқарушы органның тиісті есебі бойынша қорытынды беріп, оны
кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;
Тармақша 2
2) мәслихат пен әкімге бақылау нәтижелері бойынша жергілікті
бюджеттің қаражатын нысаналы және тиімді пайдаланбау фактілері туралы,
сондай-ақ жергілікті бюджеттін аткарылуы жөніндегі жұмыстағы
кемшіліктер туралы хабарлап отырады;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттің атқарылуын әкім уәкілдік берген мемлекеттік
орган жүзеге асыратын бақылаудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар
береді;
Тармақша 4
4) Үкімет пен әкім уәкілдік берген мемлекеттік органдар табыс еткен
бақылау жүргізу актілеріне талдау жасайды;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттің қаражатын пайдалануды бақылау объектілері
лауазымды адамдардың әрекеттерінде қылмыс белгілері, Қазақстан
Республикасының Заңдарын өзге де бұзу фактілері анықталған жағдайда
бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына береді.
Тармақ 36
36. Мәслихаттың тексеру комиссиясы:
Тармақша 1
1) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
жергілікті бюджеттің аткарылуы туралы мәслихаттар шешімдерінің атқарылуын; жергілікті бюджеттен берілген қаражаттың, оның ішінде несиелердің нысаналы пайдаланылуын; мемлекеттік органдардың жергілікті бюджетке қаражаттың толық және уақытылы түсуін олардың қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің
қаржылық есептілігін бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) жергілікті бюджеттің қаражатын, оны ішінде мемлекеттік тапсырыс
бойынша алынған қаражатты пайдаланудың тиімділігін бақылауды жүзеге
асыруға;
Тармақша 4
4) өзі белгілеген мерзімде бақылау объектілерінен бақылау жүргізуге
байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша
және жазбаша түсініктемелер алуға;
Тармақша 5
5) жергілікті бюджеттің атқарылуына бақылау жүргізуге жергілікті
атқарушы органдардың тиісті мамандарын тартуға;
Тармақша 6. 5 тарау
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді
жүзеге асыруға;
құқықты.
5 тарау
Мәслихат депутаты
Тармақ 37
37. Мәслихат депутаты өзі құрамына сайланған мәслихаттың және оның органдарының жұмысына қатысуға міндетті.
Тармақ 38
38. Мәслихат депутаты:
Тармақша 1
1) мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы және мүшесі
болып сайлануға және сайлауға;
Тармақша 2
2) сессияның күн тәртібі, талқыланып отырған мәселелердің мәні және
қаралу тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертпелер айтуға;
Тармақша 3
3) мәслихат сайлайтын лауазымды тұлғалардың кандидатурасы бойынша өз пікірін айтуға;
Тармақша 4
4) мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларының отырыстарында карау үшін мәселелер ұсынуға;
Тармақша 5
5) мәслихат сессиясында лауазымды тұлғалардың есебі мен хабарламасын тыңдау туралы ұсыныс енгізуге;
Тармақша 6
6) баяндамашыға, сол сияқты сессия мәжілісіне төрағалық етушіге сұрақ қоюға, жарыссөзге қатысуға;
Тармақша 7
7) дауыс беру тәсілі бойынша өз ұсынысын негізге алып сөйлеуге, анықтама беруге;
Тармақша 8
8) мәслихат қабылдайтын шешімдердің жобаларына түзету енгізуге;
құқықты.
Тармақ 39
39. Депутат облыс әкіміне, орынбасарларына, облыстық департамент, басқарма, комитет, ұйым және мекемелердің басшыларына депутаттық сұрау
салуға құқықты. Құқық қорғау органдарының басшыларына арналған депутаттық сұрау қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыруға байланысты мәселелерге қатысты болуы мүмкін емес.
Тармақ 40
40. Депутаттық сұрау жазбаша түрде ұсынылуы мүмкін және мәслихат
сессиясының жалпы мәжілісінде жариялануға жатады.
Тармақ 41
41. Депутат өзі сөз арнап отырған лауазымды тұлғаны және күтілетін
жауап үлгісін (ауызша немесе жазбаша) сұрау да нақты көрсетуге міндетті.
Депутаттық сұрау сессияның жалпы отырысыда мынадай тәртіппен
қаралады:
Тармақша 1
1) депутаттың сұрау мен сөз сөйлеуіне - 5 минутқа дейін;
Тармақша 2
2) депутаттық сұрау арналған лауазымды тұлғаның жауабына - 10
минутқа дейін.
Сұрауға жауап бойынша жарыссөз жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 42
42. Депутаттық сұрауға жауап және оны талқылау қорытындылары
бойынша мәслихаттың шешімі қабылданады. Сұрау және оған жауап
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкін.
Тармақ 43
43. Мәслихат депутаттарының өкілеттігі мен олардың жауапкершілігі
заңмен айқындалады.
Бөлім 6. 6 тарау
6 тарау
Депутаттық бірлестіктер
Тармақ 44
44. Мәслихатта тиісті саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің мүддесін білдіретін, Заңда белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өкілдік етуге ұйымдастырылған депутаттар тобы депутаттық топ деп аталады. Депутат тек қана бір депутаттық топта болуға құқығы бар.
Тармақ 45
45. Депутаттық топ кемінде бес депутатты біріктіруі тиіс. Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат есссиясында жүргізіледі. Депутаттық топтардың
ішкі қызметін олардың өздері ұйымдастырады. Мәслихаттың белгіленген
тәртіппен тіркелмеген депутаттар бірлестігі депутаттық топ құқығын
пайдалана алмайды.
Тармақ 46
46. Депутаттық бірлестіктен мүшелері шыққан жағдайда оны тіркеу
барысындағы мүшелердің тиісті құрам саны азайғанда ол өз қызметін
тоқтатады.
Тармақ 47
Бөлім 7. 7 тарау
7 тарау
Мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы
48. Мәслихат сессиясының төрағасын оның депутаттары қатарынан
мәслихат сайлайды.
49. Мәслихат сессиясының төрағасы мәслихат депутаттарының жалпы
санының басым көпшілігінің дауысымен сайланады. Мәслихат сессиясының
төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады.
50. Мәслихат сессиясының төрағасы қызметін жұмысынан босатылмаған негізде жүзеге асырады.
51. Сессия төрағасы болмаған жағдайда оның өкілеттігін мәслихат
хатшысы жүзеге асырады.
52. Мәслихат хатшысы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды
тұлға болып табылады. Ол депутаттардың жалпы санының басым
көпшілігінің ашық немесе жабық дауысымен депутаттар қатарынан
сайланады.
53. Мәслихат сессиясының төрағасы мен хатшысының өкілеттіктері
заңмен айқындалады.
Бөлім 8. 8 тарау
8 тарау
Ұсыну және дауыс беру тәртібі
54. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураны мәслихат
депутаттары ұсынады.
55. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатқа мәслихат алдында сөз
сөйлеу құқығы беріледі. Сөз сөйлеу уақыты - 5 минутқа дейін.
Кандидаттың сөзінен кейін депутаттар оған сұрақ қоюға, кандидатура
жөнінде өз пікірлерін айтуға, ұсынылған кандидатураны «иә» немесе
«қарсы» дауыс беруге үгіттеуге құқықтары бар.
Депутаттардың сұрақтарына жауап беру үшін мәслихат хатшысы
лауазымына кандидатқа 10 минутқа дейін уақыт бөлінеді.
Кандидатураны талқылауға 15 минутка дейін уақыт беріледі.
56. Мәслихат хатшысы ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік дауысымен сайланады. Жасырын дауыс
беру болған жағдайда облыстық мәслихат хатшысы лауазымына ұсынылған
кандидатура жабық дауыс беру үшін бюллетеньге енгізіліп, төрағалық етуші
жариялайды.
Кандидатты жабық дауыс беру бюллетеніне қосу үшін мәслихат
депутаттарының жалпы санының басым көпшілігінің дауысымен мәслихат
шешімі қабылданады.
Тармақ 56-1
56-1. Облыстық мәслихат сайлау комиссияларын құру және сайлау тәртібін саяси партиялардың ұсыныстары бойынша жүзеге асырады. Облыстық
аумақтық, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттарын
сайлау жөніндегі округтік, облыстық мәслихаттың депутаттарын сайлау
жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлайды.
Мәслихаттың хатшысы депутаттардан және мәслихат аппаратынан
бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау комиссияларының құрылғандығы
туралы хабарлама жарияланғанға дейін кемінде үш күн қалғанда сайлау
комиссияларын құру жөніндегі Жұмыс тобын (бұдан былай - Жұмыс тобы)
құрады.
Тармақша 1
1) Мәслихаттың Жұмыс тобы саяси партиялардан және басқа қоғамдық
бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған
комиссиялардан құрылатын комиссияның құрамына кандидатуралар туралы
келіп түсетін ұсыныстарды жинаумен және өңдеумен айналысады.
Сайлау комиссияларының құрамын дайындау кезінде Жұмыс тобы
бірінші кезекте саяси партиялардан келіп түскен ұсыныстарды басшылыққа
алады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санына (жеті)
тең ұсыныстар түскен жағдайда Жұмыс тобы мәслихаттың отырысына осы
сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсынысын енгізеді. Егер дауыс
беру барысында мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын
білдіретін болса ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын
кандидатураға ауыстырылады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санынан
артық (жетіден артық) ұсыныс түскен кезде Жұмыс тобы мәслихат сессиясына
осы сайлау комиссиясын сайлау жөнінде рейтингтік дауыс беруді өткізуді
ұсынады.
Жұмыс тобы әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия
енгізгенін көрсете отырып, саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін
бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан
ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Бюллетеньде кандидатуралар тектерінің оң жағында депутаттар тек қана жеті шаршыда белгі
(қос қиғаш сызық, құсқанат) қоятын шаршылар белгіленеді.
Тармақша 2
2) Алғашқы жеті орынға неғұрлым көп дауыс жинаған саяси партиялардың өкілдері сайланған болып есептеледі.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссияларының мүшелерінің саны
бойынша (жетіден кем) ұсыныстар түскен кезде Жұмыс тобы жеткіліксіз
кандидатуралар бойынша бос орынға қоғамдық бірлестіктерден және жоғары
тұрған сайлау комиссияларынан ұсыныс енгізеді.
Тармақша 3
3) Дауыс берудің нәтижелерін сессия мәслихатында Есептеу комиссиясының төрағасы жариялайды. Сайлау комиссиясының төрағасын,
орынбасарын және хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының
ұйымдастырушылық отырысын депутаттардың неғүрлым көп дауысын алған
кандидатура жүргізеді.
Тармақша 4. 9 тарау
4) Депутаттардың тең дауысы болған жағдайда осы кандидатура
депутаттардың ашық дауысымен анықталады.
Облыстық аумақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары,
орынбасарлары, хатшылары олар құрылған күннен жеті күндік мерзімнен
кешіктірілмей өткізілетін отырыстарда сайланады.
Облыстық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау
комиссияларының құрамы мен өзгерістерді жариялайды. Жарияланатын
материалдардың көлемі басылымның бір санында оған қосымшасымен
орналастырылуы тиіс.
Сайлау комиссиясы мүшесінің мәртебесі заңнамалармен анықталады.
57. Жабық дауыс беруді жүргізу және оның нәтижелерін анықтау үшін
депутаттар қатарынан саны 5 адамнан Есеп комиссиясы сайланады. Есеп
комиссиясына сайланбалы орган құрамына немесе лауазымды тұлға орнына
кандидатурасы ұсынылған депутаттар кіргізілмейді. Есеп комиссиясы
сайланғаны туралы мәслихат шешім қабылдайды.
Есеп комиссиясы өз құрамынан комиссия төрағасын және хатшысын
сайлайды. Есеп комиссиясының шешімі комиссия мүшелерінің басым
көпшілігінің дауысымен қабылданады.
Дауыс беру уақыты мен орынын, оны өткізу тәртібін Есеп комиссиясы
белгілейді және Есеп комиссиясының төрағасы хабарлайды.
Әр депутатқа Есеп комиссиясының төрағасының қолы қойылған бір
бюллетень беріледі. Бюллетеннің жалпы саны мәслихат депутаттарының
тізімдік құрамы санынан аспауы тиіс.
Депутаттарға жабық дауыс беру бюллетені депутаттық куәлігін
көрсетуі арқылы беріледі.
Депутат бюллетенді жабық дауыс беру кабинасында өзі қарсы дауыс
беретін кандидаттың фамилиясын сызу жолымен толтырады.
Белгіленген үлгіден тыс, сол сияқты бір лауазымға екі не одан да көп
кандидатура қалдырылған бюллетеньдер жарақсыз болып есептеледі.
Бюллетенге қосымша жазылған фамилиялар дауыс санау барысында
есептелмейді.
Толтырылмаған және барлық кандидаттардың фамилиялары сызылған
бюллетеньдер жарақты деп танылады, бірақ дауыс санау барысында
есептелмейді.
Жабық дауыс беру қорытындылары туралы комиссия хаттама толтырып, оған Есеп комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Есеп комиссиясының баяндамасы бойынша мәслихат депутаттардың жалпы санының басым көпшілігінің ашық дауысымен Есеп комиссиясынын жабық
дауыс беру қорытындылары туралы хаттамасын бекітеді.
9 тарау
Облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарлары мен маңызды бағдарламаларын, бюджетті және олардыц орындалуы туралы есепті қарау
58. Облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарлары
мен маңызды бағдарламаларының жобаларын, бюджетті және олардың
орындалуы туралы есептерді, сол сияқты олар бойынша шешімдер
жобаларын облыс әкімі ол мәселелерді сессияда қарағанға дейін жиырма
күннен кешіктірмей облыстық мәслихатка мемлекеттік және орыс тілдерінде
ұсынады.
Аймақтық және салалық Бағдарламалар бойынша сессияларда облыс
әкімінің орынбасарлары, ал ерекше жағдайда басқарма бастықтары мен
департамент директорлары хабарлама жасайды.
Құжат жобаларын дайындау «Нормативтік құқықтық актілер туралы»
және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы
Заңдарының және осы Регламенттің талаптарын сақтай отырып мемлекеттік
тілде жүргізіледі.
Мәслихат аппараты зерделеу барысында немесе оның нәтижелері
бойынша жобаны мемлекеттік органға мынадай негізде кейін қайтаруға
құқықты:
1) жоғарғы органдардың құқықтық актілеріне оның сәйкессіздігі
анықталғанда;
2) жоба мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдерінде түпнұсқаға сай
болмауы анықталғанда;
3) заңнама және осы Регламенттің талаптарын бұрмалау анықталғанда.
Мәслихат хатшысы көрсетілген жобаларды алдын ала қарауға және
олар Жөнінде тұрақты комиссиялардың қорытындыларын дайындауға
жолдайды.
Тұрақты комиссиялар сессияға дейін он бес күннен кешіктірмей қаржы
және бюджет жөніндегі комиссияға осы жобалар бойынша өз ұсыныстары
мен ескертпелерін хабарлайды.
Қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссия басқа тұрақты
комиссиялардың ұсыныстары мен ескертпелерін жинақтап, атқарушыларға
қарауға және іске асыруға береді, комиссияның сессияға қосымша
баяндамасын дайындайды.
Сессия отырысында қарауға дайындалған мемлекеттік және орыс
тілдеріндегі материалдар отырысқа дейін 10 күнтізбелік күннен
кешіктірілмей облыстық мәслихат аппаратына ұсынылады. Аппарат
сессияның күн тәртібінің жобасын жасап, оны сессия төрағасы бекітеді.
Мәслихат хатшысы сессияға дейін бес күн бұрын күн тәртібін тиісті
материалдармен бірге депутаттарға, әкімге таратады.
10 тарау
Қорытынды ереже
59. Регламент қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Регламент
ережесін түсіндіруді және оның сақталуын бақылауды мәслихат жүргізеді.
60. Мәслихат Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар туралы
ұсыныстарды мәслихат хатшысы, комиссиялар, депутаттар және депутаттық
топтар енгізе алады.
61. Мәслихат қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдау
және басқа да қамтамасыз етуді мәслихат аппараты жүзеге асырады.
62. Аппарат қызметі мемлекеттік қызмет туралы нормативтік-
құқықтық актілерге, сол сиякты облыстық мәслихат аппараты туралы
Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
63. Мәслихат қызметінде жариялылықты қамтамасыз етуге
жәрдемдесу, мәслихат пен оның құрылымдарының бұқаралық ақпарат
құралдарымен байланысын жүзеге асыру мақсатында, сол сияқты баспасөзге,
теледидарға және радиоға ресми материалдар дайындау үшін мәслихаттың
баспасөз қызметі құрылады.