О переименовании улиц и переулка города Шемонаиха Шемонаихинского района Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц и переулка города Шемонаиха Шемонаихинского района Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының көшелері мен тұйық көшесін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 387
- Қабылданған күні
- 22.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2022 174388_603952.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22VS030774
- ЭКБ идентификаторы
- 174388
- Редакция идентификаторы
- 174388_603952
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:50
0 Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы
Шемонаиха қаласының көшелері мен тұйық көшесін
қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Шемонаиха қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласының келесі көшелері мен тұйық көшесі қайта аталсын:
Северная көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Кооперативная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
Фестивальная көшесін Сәкен Сейфуллин көшесіне;
Транспортная көшесін Ахмет Байтұрсынұлы көшесіне;
Дальняя көшесін Міржақып Дулатұлы көшесіне;
Тихий тұйық көшесін Мұхтар Әуезов тұйық көшесіне.