Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 " Жер кодексінің " 43 бабының, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Созақ аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрылсын.
Тармақ 2
2. Аудандық жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы және комиссия туралы ереже 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Аймұрзаевқа тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы аудандық баспасөз бетінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 5. Жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы
Созақ аудандық әкімиятының 2003 жылғы 31 қазандағы N 294 "Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы" қаулысына 1 қосымша Жер қатынастары жөніндегі комиссия құрамы Аймұрзаев Аманғали аудан әкімінің орынбасары, комиссия Түктібайұлы төрағасы Әшірбеков Айдар аудандық жер комитетінің меңгерушісі, Әкенұлы комиссия төрағасының орынбасары, (келісімі бойынша) Тастыбаев Қайрат аудандық мәслихат депутаты, аудандық Бекұлыұлы тексеру комиссиясының төрағасы (келісімі бойынша) Шарапов Дастан аудан әкімі аппаратының заң кеңесшісі Бақбергенұлы Сақтапбергенұлы аудандық жер инспекциясының Пәрдебек меңгерушісі Несіпбай Қыдырбек аудандық құрылыс, сәулет және Сайлаубайұлы көгалдандыру бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы Оразов Қалдыбек аудандық аумақты дамыту және кадрлық Әбілдәұлы жұмыс бөлімінің бас маманы
Басқа 6. Жер қатынастары жөніндегі комиссия туралы ереже
Созақ аудандық әкімиятының 2003 жылғы 31 қазандағы N 294 "Жер қатынастары жөніндегі комиссия құру туралы" қаулысына 2 қосымша Жер қатынастары жөніндегі комиссия туралы ереже
Тармақ 1
1. Жер қатынастары жөніндегі комиссия Созақ аудандық әкімиятының қаулысымен құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссия жұмысының құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Жер кодексі және басқа да Заңдары мен құқықтық кесімдері, сондай-ақ осы ереже болып табылады.
Тармақ 3
3. Комиссия аудандық өкілді органның депутаттарынан, жер ресурстарын басқару, сәулет және құрылыс жөніндегі аудандық атқарушы органдардың өкілдерінен және аудандық жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссия құрамына енгізілетін басқа да адамдардан тұрады.
Тармақ 4
4. Комиссия жер мәселесі бойынша азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарап, жер учаскелерін жеке меншік және (немесе) пайдалану құқығымен беру жөніндегі қорытынды береді.
Тармақ 5
5. Комиссия қорытындысына комиссия төрағасы қол қояды.