О государственном мониторинге собственности в отраслях экономики, имеющих стратегическое значение Қолданыста
Басқа 0
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы
Осы Заң экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ оны жүргізудің негіздері мен талаптарын айқындайды.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) басқару тиімділігі - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті басқару мақсаттары мен нәтижелері арасындағы арақатынасты сипаттайтын көрсеткіштер;
Тармақша 2
2) меншікті басқару - меншікті иелену, пайдалану және оған билік ету өкілеттіктерін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) меншіктің мемлекеттік мониторингі - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік объектілерінің меншік құрылымы мен басқару тиімділігінің жай-күйін бақылау, ақпарат жинау, талдау, бағалау және болжау;
Тармақша 4
4) мониторинг объектілері - жеке тұлғаларды қоспағанда, өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүргізілетін заңды тұлғалар және олардың аффилиирленген тұлғалары, мемлекеттік немесе жеке меншік мүлкінің барлық түрлері;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган - берілген өкілеттіктер шегінде меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) ұйымды басқару - ұйым қызметінің мақсаттарын қалыптастыру мен оларға қол жеткізу үшін қажетті шаралар кешені;
Тармақша 7
7) экономикалық қауіпсіздік - Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы мен экономикалық тәуелсіздігіне қатер төндіретін ішкі және сыртқы жағдайлардан, процестер мен факторлардан оның ұлттық экономикасы қорғалуының жай-күйі;
Тармақша 8
8) экономиканың стратегиялық маңызы бар салалары - отын-энергетикалық пайдалы қазбаларды (көмірді, мұнайды, газды, уранды және металл кендерін) өндіру және қайта өңдеу, машина жасау, ғарыш қызметі, агроөнеркәсіптік кешен, су шаруашылығы, химия өнеркәсібі, көлік пен байланыс, электр энергиясын өндіру мен бөлу, сондай-ақ әскери-өнеркәсіптік мақсаттағы өнімдерді өндіретін салалар;
Тармақша 9
9) экономикалық тиімділік - жұмсалған ресурстарға қатысты алынған нәтиженің арақатынасымен сипатталатын экономикалық қызметтің бағалау көрсеткіштері.
Бап 2
2-бап. Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы заңдары
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Бап 3
3-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің принциптері
Мыналар:
Тармақша 1
1) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
Тармақша 2
2) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу кезінде ғылымилық, кешенділік, дәйектілік, жүйелілік, объективтілік, анықтық және қолжетімділік меншіктің мемлекеттік мониторингінің принциптері болып табылады.
Бап 4
4-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Меншіктің мемлекеттік мониторингі меншік қатынастарын реформалаудың бірыңғай мемлекеттік саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.
Тармақ 2
2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мақсаты Қазақстан Республикасының тиімді экономикалық дамуы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) мониторинг объектілерін басқарудың тиімділігін арттыру;
Тармақша 2
2) мемлекеттің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау, ұлттық экономикаға инвестициялардың құйылуына ықпал ету;
Тармақша 3
3) елдің ресурстық-энергетикалық негізін сақтау;
Тармақша 4
4) меншіктің мемлекеттік мониторингі деректері негізінде экономикалық болжамдардың анықтығын, экономикалық саясаттың ғылыми негіздемесін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) әлеуметтік-экономикалық саясаттың міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған макроэкономикалық, салалық және өңірлік жоспарлауды ақпараттық қамтамасыз ету;
Тармақша 6
6) меншіктің мемлекеттік мониторингі деректерін экономикалық болжамдардың анықтығын, әлеуметтік-экономикалық саясатты ғылыми негіздеуді қамтамасыз ету үшін пайдалану;
Тармақша 7
7) мемлекеттік органдармен жасалған шарттардың міндеттемелері мен талаптарының орындалуын талдау;
Тармақша 8
8) мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін оқиғалардың алдын алу меншіктің мемлекеттік мониторингінің міндеттері болып табылады.
Бап 5
5-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингіне қатысушылар
Мыналар:
Тармақша 1
1) уәкілетті орган;
Тармақша 2
2) орталық және жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 3
3) меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар жеке немесе заңды тұлғалар;
Тармақша 4
4) мониторингті жүргізуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік орган тартатын консалтингтік қызметтерді көрсету саласында маманданған заңды тұлғалар, тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар меншіктің мемлекеттік мониторингіне қатысушылар болып табылады.
Бап 5-1
5-1-бап. Объектілерді экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесіне енгізу критерийлері
Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесіне енгізілуге жататын объектілер экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларына жатуға және мынадай критерийлердің біріне сәйкес келуге тиіс:
қалыптастырылуы мен бекітілуі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес көзделген объектілер тізбесінде бар болуы;
ұлттық холдингтерге және (немесе) ұлттық компанияларға тиесілі болуы.
Тарау 2. 2-тарау. Меншіктің мемлекеттік мониторингі
2-тарау. Меншіктің мемлекеттік мониторингі
Бап 6
6-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мазмұны мен мәні
Тармақ 1
1. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің мазмұнын:
Тармақша 1
1) мониторинг объектілерін басқарудың жай-күйі мен тиімділігін қадағалау;
Тармақша 2
2) мониторинг нысанасы бойынша ақпаратты жинау және жүйелі талдау;
Тармақша 3
3) мониторинг объектілерін тікелей зерттеу;
Тармақша 4
4) объектілердің қаржылық, экономикалық, құқықтық, технологиялық, өндірістік-техникалық, экологиялық жай-күйін талдау;
Тармақша 5
5) мониторинг объектілерін басқару тиімділігін бағалау және мониторинг объектілері қызметінің сала, өңір және тұтас алғанда республика экономикасының дамуына әсерін болжау;
Тармақша 6
6) жекелеген мониторинг объектілерінің қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу құрайды.
Тармақ 2
2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасына:
Тармақша 1
1) өндірістің серпіні мен құрылымы;
Тармақша 2
2) мониторинг объектілерінің қаржылық және экономикалық жай-күйі;
Тармақша 3
3) мониторинг объектілерінің негізгі құралдарының жай-күйі, өндіріске озық технологияларды енгізу;
Тармақша 4
4) инвестициялық қызмет;
Тармақша 5
5) экологиялық талаптарды сақтау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
Тармақша 6
6) еңбек ресурстарын пайдалану;
Тармақша 7
7) мониторинг объектілерінің мәртебесі мен жұмыс істеуіне қатысты құқықтық мәселелер жатады.
Бап 7
7-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Меншіктің мемлекеттік мониторингі:
мониторинг объектілеріне - әрі кеткенде үш жылда бір рет, ал мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларда қажетінше, бірақ әрі кеткенде жылына бір рет базалық кешенді зерттеулер өткізу;
мониторинг объектілерінің қызметі бойынша қажетінше, бірақ әрі кеткенде жылына бір рет мерзімдік жедел ақпарат жинау арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мониторинг объектілерінің базалық кешендік зерттеулері тікелей зерттеу арқылы жүзеге асырылады және:
Тармақша 1
1) мониторинг объектілері қызметінің өндірістік-техникалық, технологиялық, инвестициялық, қаржылық-экономикалық, экологиялық, және құқықтық параметрлері жөніндегі ақпаратты жинауды және жүйелі талдауды;
Тармақша 2
2) мониторинг объектілерін басқару тиімділігінің жай-күйін бағалауды, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіретін келеңсіз процестердің алдын алу және оны еңсеру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатымен жағдайдың өзгеруін болжауды;
Тармақша 3
3) техниканы дамыту болашағына сараптамалық бағалауды және ғылыми-техникалық прогресс жетістігін қолдануды;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдарды мониторинг объектілерінің жай-күйі, оларды дамыту тенденциялары мен болжамдары туралы қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді қамтиды.
Тармақ 3
3. Ақпаратты кезеңдік жедел жинау кешенді жүйелі зерттеулер арасындағы кезеңдерде объектілердің қызметі жөніндегі мониторингтің негізгі деректерін ағымдағы жаңартуға арналған.
Тармақ 4
4. Мониторинг объектілерін зерттеу меншіктің мемлекеттік мониторинг нысанасына жататын барлық не жекелеген мәселелер бойынша жүргізілуі мүмкін.
Бап 8
8-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің түрлері
Меншіктің мемлекеттік мониторингінің түрлері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншік нысандарының мониторингі.
Меншік нысандарының мониторингі экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы жеке меншіктің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігінің және шетел азаматтары мен/немесе/ заңды тұлғалары, ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғалары меншігінің арақатынасын айқындауға бағытталған;
Тармақша 2
2) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі.
Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің меншік құқығының субъектісі ретіндегі құқықтарын пайдалануға негізделген және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы мемлекеттік сектордың жұмыс істеу тиімділігін арттыруға бағытталған;
Тармақша 3
3) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы жеке меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі.
Жеке меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өнеркәсіптік әлеуетті сақтау мен нығайту, өндіргіш күштерді дамыту мақсатында жүзеге асырылады.
Бап 9
9-бап. Мемлекеттік және жеке меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік меншік объектілерін басқару тиімділігінің мониторингі:
Тармақша 1
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге;
Тармақша 2
2) мемлекеттік меншік болып табылатын, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы, жалға берілген мүліктің барлық түрлеріне қатысты жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Жеке меншік объектілерді басқару тиімділігінің мониторингі экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының кәсіпорындарына қатысты жүзеге асырылады.
Бап 10
10-бап. Шетелдік кәсіпорындар мен шет ел қатысатын кәсіпорындарға қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында шетелдік кәсіпорындар мен шет ел қатысатын кәсіпорындарға қатысты жеке меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі меншік объектілеріне қатысты нақ сол талаптармен және сол тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарымен шетелдік инвесторларға берілген кепілдіктерді сақтау қамтамасыз етіледі.
Бап 11
11-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру кезіндегі кепілдіктер
Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру кезінде:
Меншікке қол сұғылмауға;
Оралымды басқаруға және өндірістік-шаруашылық қызметке араласпауға;
Мониторинг объектілерінің ағымдағы қызметінің бұзылуына жол бермеуге;
Мемлекеттік құпияға жатқызылған және/немесе/ заңмен қорғалатын құпияның нысанасы болып табылатын және зерттеу барысында мәлім болған деректердің құпиялылығын сақтауға;
Қазақстан Республикасының заң актілерімен берілген басқа да кепілдіктер мен құқықтардың сақталуына кепілдік беріледі.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті
3-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті
Бап 12
12-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуге уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның ұсынысы бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен түзету кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;
Тармақша 4
4) мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық, қаржылық және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін сақтауға және арттыруға бағытталған өзге де шараларды пайдаланады;
Тармақша 5
5) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында мемлекеттік меншік құрылымын оңтайландыру үшін меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;
Тармақша 6
6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Бап 13
13-бап. Уәкілетті органның меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы, өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілердің тізбесін жасайды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне енгізеді;
Тармақша 1-1
1-1) мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың ұсынымдары бойынша экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілері тізбесін өзгерту және (немесе) толықтыру жөнінде үш жылда кемінде бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 2
2) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективті талдау үшін қажетті ақпаратты сұратады және алады;
Тармақша 3
3) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерістерді талдау және өндіргіш күштердің дамуын болжау мақсатында негізгі өндірістік-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектілерін қадағалайды;
Тармақша 4
4) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншік нысандарының құрылымын оңтайландыруға қажеттілікті анықтайды;
Тармақша 5
5) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 7
Тармақша 8
8) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы бойынша ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асыра отырып, мониторинг объектілерінің жүйелік зерттеулерін өткізуді ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) өңірлердегі және тұтас алғанда республикадағы әлеуметтік-экономикалық дамуға қолайсыз әсер ететін факторларды анықтау мақсатында меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасы жөніндегі ақпаратты талдауды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) экономика саласында келеңсіз процестердің алдын алу және жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етеді;
Тармақша 11
11) меншіктің мемлекеттік мониторингі жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік бюджеттік қаржы бөлу көлемін негіздейді;
Тармақша 12
12) мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингі нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшін Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының өкілдерін тартуға құқылы;
Тармақша 12-1
12-1) Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес цифрлық жүйелерді қолдана отырып электрондық қызметтер көрсетеді;
Тармақша 13
13) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектілерінен меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мониторинг объектілерін зерттеу, ақпарат жинау және талдау, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін тәуелсіз сарапшылар мен консультанттарды таратады;
Тармақша 15
15) зерттеу жүргізу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшін ұсынылуға тиіс ақпараттар тізбесін көрсете отырып, мониторинг объектісінің басшыларын зерттеу жүргізілетіні туралы хабардар етеді;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарға меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері бойынша, оның ішінде стратегиялық объектілерді иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) билік етуді жүзеге асырудың заңдылығы мен орындылығы бойынша қорытылған талдамалық жазбалар, даму болжамдарын, ұсыныстар мен ұсынымдары табыс етеді;
Тармақша 17
17) меншігінде немесе басқаруында осы объектілер бар тұлғаларды мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелерімен таныстырады;
Тармақша 18
18) қажет болған жағдайда орталық атқарушы органдармен және меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалармен бірлесіп кәсіпорындармен экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар әзірлейді;
Тармақша 19
19) меншіктің мемлекеттік мониторингінің бірыңғай республикалық деректер қорын жүргізеді;
Тармақша 20
20) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бап 14
14-бап. Жергілікті өкілді органдардың меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті
Жергілікті өкілді органдар:
Тармақша 1
1) меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректері негізінде уәкілетті органмен бірлесіп тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікті дамытуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдары әзірлеуге қатысады;
Тармақша 2
2) аумақтың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын бекіту кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингі деректерін пайдалануға құқылы.
Бап 15
15-бап. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы құзыреті
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға меншіктің мемлекеттік мониторингінің жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты береді;
Тармақша 2
2) уәкілетті органның бастамасы бойынша мониторинг объектілерін тікелей зерттеуге, меншіктің мемлекеттік мониторингінің нысанасына қатысты ақпаратты жинауға және талдауға қатысу үшін өкілдер жібереді;
Тармақша 3
3) өз функцияларын жүзеге асыру кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады;
Тармақша 4
4) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбелерін қалыптастыруға, өзгертуге және (немесе) толықтыруға қатысады;
Тармақша 5
5) меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу мен түзету жөнінде, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншік нысандарының құрылымын оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуді ұйымдастыру
4-тарау. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізуді ұйымдастыру
Бап 16
16-бап. Тәуелсіз сарапшылар мен консультанттардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жекелеген жұмыс түрлерін орындау үшін тартылатын тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар зерттеу, консультациялар беру, құқықтық, қаржы-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, өндірістік-техникалық және технологиялық талдау саласында қорытындылар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратын, тиісті білімі мен тәжірибесі бар жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Тармақ 2
2. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар:
Тармақша 1
1) мониторинг объектісі туралы қажетті ақпарат алуға;
Тармақша 2
2) мониторинг жоспары мен бағдарламасына сәйкес мониторинг объектісін тікелей зерттеуге;
Тармақша 3
3) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттамаға қол жеткізуге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшылар мен консультанттар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңдарының талаптарын сақтауға;
Тармақша 2
2) кешенді, объективті және сапалы талдау жүргізуге, дәлелді есеп пен қорытынды әзірлеуге;
Тармақша 3
3) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асырған кезде мәлім болған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
Тармақша 4
4) өздеріне берілген құжаттар мен материалдардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Шарт талаптарында тәуелсіз сарапшылар мен консультанттардың өзге де құқықтары мен міндеттері көзделуі мүмкін.
Бап 17
17-бап. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Мониторинг объектілері болып табылатын не меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектісі болып табылатын мүлік бар шаруашылық жүргізуші субъектілердің:
Тармақша 1
1) мониторинг объектілерін зерттеу нәтижелері бойынша есептер мен қорытындылардың алдын алу және түпкілікті жасалған тұжырымдамаларымен танысуға;
Тармақша 2
2) мониторинг объектілеріне қатысты жазбаша немесе ауызша түсіндірмелер, ескертпелер мен ұсыныстар беруге;
Тармақша 3
3) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен уәкілетті органның, тәуелсіз сарапшылар мен консультанттардың іс-әрекетіне шағым беруге құқығы бар.
Тармақ 2
2. Мониторинг объектілері болып табылатын не меншігінде немесе басқаруында мониторинг объектісі болып табылатын мүлік бар шаруашылық жүргізуші субъектілер:
Тармақша 1
1) уәкілетті органға қажетті ақпаратты беруге;
Тармақша 2
2) меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын тұлғаларға мониторинг объектілеріне жіберілуін қамтамасыз етуге және осы тұлғалардың іс-әрекетіне кедергі жасамауға міндетті.
Бап 18. 18-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің
цифрлық дерекқоры
18-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің
цифрлық дерекқоры
Тармақ 1
1. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің цифрлық дерекқоры мониторинг объектілері туралы қысқаша құқықтық, техникалық және экономикалық ақпаратты қамтиды. Оны жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Жеке және заңды тұлғалар туралы тіркелімдер мен цифрлық дерекқорларды жасайтын және жүргізетін мемлекеттік органдар мен ұйымдар меншіктің мемлекеттік мониторингінің цифрлық дерекқорын қалыптастыру және жаңарту үшін қажетті ақпаратты уәкілетті органға өтеусіз негізде береді.
Тармақ 3
3. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің ақпаратына қолжетімділік уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
Бап 19
19-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдалану
Тармақ 1
1. Мемлекеттік органдар:
экономиканың мемлекеттік секторын тікелей басқаруды;
меншік қатынастарын мемлекеттік реттеуді;
мемлекеттік экономикалық болжамдауды және бағдарламалауды;
өнеркәсіптік саясатты;
инвестициялық, құрылымдық, институционалдық, салық, ақша-кредит, баға саясатын және мемлекеттік экономикалық саясаттың басқа да элементтерін;
табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалануды мемлекеттік реттеуді;
сыртқы экономикалық қызметті реттеуді;
мемлекеттің экономикалық, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу мен жүзеге асыру кезінде меншіктің мемлекеттік мониторингінің деректерін пайдаланады.
Тармақ 2
2. Меншіктің мемлекеттік мониторингінің нәтижелері уәкілетті органның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ меншігінде не басқаруында мониторинг объектілері бар тұлғалардың жекелеген мониторинг объектілері және (немесе) экономика салалары қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірлескен бағдарламалар мен шараларды әзірлеу үшін негіз бола алады.
Бап 20
20-бап. Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру
Меншіктің мемлекеттік мониторингін жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес қаржыландырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Қорытынды ережелер
5-тарау. Қорытынды ережелер
Бап 21
21-бап. Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы заңдарын бұзуға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Бап 22
22-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.