Об утверждении проекта (схемы) зонирования территории города Караганды и повышении ставок земельного налога Қолданыста
Басқа 0
Қарағанды қаласының жерлерін
аймақтарға бөлу жобасын (схемасын)
бекіту және жер салығының
мөлшерлемелерін арттыру туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасының
«Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 577, 581, 582-баптарына» сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қарағанды қаласының жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес арттырылсын.
Тармақ 3
3. Қарағанды қалалық мәслихатының «Салық салу мақсаттары үшін Қарағанды қаласының аумағын аймақтандыру схемасын бекіту туралы» 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 388 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5326 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім Қазақстан
Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі Салық кодексінің күшіне енуімен бір
мезгілде қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын
салық міндеттемелеріне қолданылады
Басқа 0. Қарағанды қаласының жерін
аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
23.11.2022ж.
VІІ шақырылған
Қарағанды қалалық
мәслихатының XXVIII
сессияның № 218 шешіміне
№ 1 қосымша
Қарағанды қаласының жерін
аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Басқа 1. Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелерінің арттыруы
23.11.2022ж.
VІІ шақырылған
Қарағанды қалалық
мәслихатының XXVIII
сессияның № 218 шешіміне
№ 2 қосымша
Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелерінің арттыруы
Аймақ нөмірлері
Жер салығының мөлшерлемелерінің арттыру пайызы
I
+50%
II
+45%
III
+20%