О внесении изменений и дополнения в некоторые приказы Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 661 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақ 1
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 13 тамыздағы № 441 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде № 24039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларында: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»; 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.»; 3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген құжаттардың тізбесін жолдайды.»; 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «4. Процестің сипатын, қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін қоса алғанда, мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі нысанында жазылған.»; 5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою үшін онда кемінде 3 (үш) жыл тұрғанын растау қажет.»; 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады.»; 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күні оны тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»; 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті «Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі» ақпараттық жүйесіне келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.»; 10-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.»; 11-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері 10 (он) жұмыс күні ішінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерге сәйкестігі тұрғысынан «Кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген қызметті алушының тұрақты тіркелуде болуын, санатқа тиесілігін растау, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін кірісінің болуын, меншік құқығында оған тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) бар-жоғын, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы соңғы бес жылдың iшiнде өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғанын тексереді. Мәліметтерді жаңарту, өзгерту немесе толықтыру үшін өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды негіздер туындаған не ұялы телефонға sms-хабарлама алған сәттен бастап береді.»; 12-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «2) не Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағына сәйкес жазылған негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауап, ол көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.»; 13-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын: «13. Мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім жайында, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстаным танытуына мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.» 13-1 тармақпен толықтырылып, мынадай редакцияда жазылсын: «13-1. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мемлекеттік корпорацияға, көрсетілетін қызметті берушіге, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына және Біріңғай байланыс-орталығына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.» 1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. «Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 26793 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: кіріспе жаңа редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 679)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидаларында: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Осы Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 679)-тармақшасына сәйкес әзірленді және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін Заңға сәйкес тұрғынжайға мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдер тағайындау және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.» 9-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының сәйкес санаттар бойынша тұрғынжайға мұқтаж адамның есепке қойылуын және тұрғынжайға мұқтаж адамның мәртебесін растауы: 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар; мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар; кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар. Тұрғын үйге мұқтаж есебінде ЖАО-да кезекте тұрғанын растау және «Отбасы банк» АҚ-та тиісті мәртебесінің болуы Кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электрондық базасымен интеграциялау арқылы айқындалады.».
Басқа 1. Өтініш
Тізбеге 1-қосымша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларға 1-қосымша Нысан Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің атауы ____________________________ азаматтан (ша) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) Өтініш Мені «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 75-бабының 1-тармағына сәйкес ___ бөлмелі мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй/жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу үшін мыналарға сәйкес есепке қоюды сұраймын:
Тармақша 1
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінің тізімі ____________________________________________________________________ (Заңның 74-бабының 2-тармағына сәйкес тізімнің атауы)
Тармақша 2
2) санаты _________________________________________________________________
Тармақша 3
3) отбасы құрамы: _________________________________________________________ (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) туыстық дәрежесі) ЖСН: ______________________________;
Тармақша 4
4) қосымша табысы туралы мәліметтер (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеушi отбасыларға жататын азаматтар үшін): ____________________________________________________; _______________________________________________________________________________ (еңбекақы (зейнеткерлік салық салынатындарды қоспағанда), әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын, кәсiпкерлiк және басқа да қызмет түрлерiнен түсетiн; балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi; жеке қосалқы шаруашылықтан – мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын, үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыстар, өзге де табыстар және жүгіну алдында соңғы он екі ай ішіндегі табыстың атауы мен сомасы);
Тармақша 5
5) отбасында жиырма екі аптадан асқан жүкті әйелдің болуы туралы мәліметтер, ЖСН: ________________________________________________________________________;
Тармақша 6
6) мүгедектігі бар бала туралы мәліметтер, ЖСН __________________________________;
Тармақша 7
7) мүгедектікігі бар адам, қарттық, жүрек-қан тамыр ауруларының және басқа ауыр науқастар туралы мәліметтер (қажеттісінің астын сызу), ЖСН: _________________________________________________________________________;
Тармақша 8
8) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедектігінің болуы туралы мәліметтер ЖСН: ________________________________________________________________________;
Тармақша 9
9) жұмыс орны туралы мәліметтер: __________________________________________________________ (бизнес сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлері және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттары бойынша азаматтардың тізімі үшін);
Тармақша 10
10) қорғаншы туралы мәліметтер: ___________________________________________________________ (ЖСН, шешімнің (қорғаншылық) нөмірі, қорғаншылыққа алған күні, шешім қабылдаған орган);
Тармақша 11
11) авариялық тұрғын үй туралы мәліметтер __________________________________________________ (жылжымайтын мүлік объектісінің түрі кадастрлық нөмірі, ел, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, корпус, пәтер);
Тармақша 12
12) тиісті ауданы (тиісті ауданнан кем), жиынтығы және қабаттылығы бойынша тұрғын үй бөлінген кезде келісімі не бас тартуы: келісемін не келіспеймін (қажеттісінің астын сызу);
Тармақша 13
13) ұялы телефон нөмірі: ___________________________________________________;
Тармақша 14
14) электрондық мекенжайы: ________________________________________________. Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйдің бар немесе жоқ екенін тексеруге қарсы емеспін. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін 20__ жылғы «__» _________.________________________________ (қолы) Қосымша: 1.________________________ 2.________________________ _________________________________
Басқа 2
Тізбеге 2-қосымша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қағидаларға 2-қосымша «Мем­ле­кет­тік тұр­ғын үй қо­ры­нан бе­рі­ле­тін тұр­ғын үй­ге неме­се же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғын үй­ге мұқ­таж аза­мат­тар­ды есеп­ке алу және ке­зек­ке қою, сон­дай-ақ жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың тұр­ғын үй бе­ру ту­ра­лы ше­шім қа­был­да­уы» мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі 1 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті об­лы­стар­дың, Аста­на, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның, аудан­дар­дың және об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың тұр­ғын үй қа­ты­на­ста­ры са­ла­сын­да функ­ци­я­лар­ды жү­зе­ге асы­ра­тын жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші) көр­се­те­ді 2 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тә­сіл­де­рі www. egov. kz «элек­трон­дық үкі­мет­тің» веб-пор­та­лы 3 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші «Ке­зек­те тұр­ған­дар­ды есеп­ке алу­дың бі­рың­ғай ұлт­тық жүй­е­сі» ақ­па­рат­тық жүй­е­сіне өті­ніш түс­кен сәт­тен ба­стап 15 (он бес) жұ­мыс кү­ні­нен ке­шік­тір­мей оны қа­рай­ды 4 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) 5 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сі ке­зек­тің рет­тік нө­мі­рін көр­се­те оты­рып, есеп­ке қою ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не ұя­лы те­ле­фон­ған sms-ха­бар­ла­ма не осы мем­ле­кет­тік қыз­ме­тін көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік кыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап. 6 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі Те­гін 7 Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат ны­сан­да­ры­ның жұ­мыс кесте­сі 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­дерiн қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бi­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, са­ғат 9.00-ден са­ғат 18.30-ге дей­iн, түс­кі үзiлi­сі са­ғат 13.00-тен 14.30-ге дей­ін; 2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі өті­ніш жа­са­ған кез­де, өті­ніш­тер­ді қа­был­да­уды және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін бе­ру­ді ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ра­ды). 8 Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі құ­жат­тар тіз­бе­сі 1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша ком­му­нал­дық тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй­ге мұқ­таж аза­мат­тар­ды есеп­ке қою ту­ра­лы өті­ніш; 2) әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың қыз­мет­кер­ле­рі және мем­ле­кет­тік сай­лан­ба­лы қыз­мет ат­қа­ра­тын адам­дар жұ­мыс ор­ны­нан анық­та­ма ұсы­на­ды; 3) мы­на­дай жағ­дай­лар­да: от­ба­сы тұ­ра­тын тұр­ғын үй бел­гі­лен­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар­ға сай кел­мей­тін бол­са, өті­ніш бе­ру­ші са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қыз­мет ұй­ы­мы жүр­гіз­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма нәти­же­ле­рі бой­ын­ша ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­у­ат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ның аумақ­тық бө­лім­ше­сі бер­ген са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық қо­ры­тын­ды­ның кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды; от­ба­сы тұ­рып жа­тқан тұр­ғын үй бел­гі­лен­ген тех­ни­ка­лық та­лап­тар­ға жа­у­ап бер­мей­тін бол­са, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы сәу­лет, қа­ла құ­ры­лы­сы және құ­ры­лыс қыз­ме­ті са­ла­сын­да­ғы ат­те­стат­тал­ған са­рап­шы­ның тех­ни­ка­лық қо­ры­тындыс­ы­ның (тұр­ғын үй­ді тех­ни­ка­лық тек­се­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша) кө­шір­ме­сін ұсы­на­ды; жап­сар­лас, оқ­ша­у­лан­ба­ған тұр­ғын үй-жай­лар­да екі және одан көп от­ба­сы тұ­рып жа­тқан жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы өзі тұ­ра­тын тұр­ғы­н­жай­дың тех­ни­ка­лық пас­пор­ты мен құқық бел­гі­лей­тін құ­жа­ты­ның кө­шір­ме­ле­рін қо­сым­ша ұсы­на­ды; от­ба­сы құ­ра­мын­да кей­бір со­зыл­ма­лы ау­ру­лар­дың ауыр түр­ле­рі­мен ауы­ра­тын на­у­қа­стар бар, бір үй-жай­да (пәтер­де) олар­мен бір­ге тұ­ру мүм­кін бол­ма­ған жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ти­іс­ті ау­ру тү­рін рас­тай­тын құ­жат­ты қо­сым­ша ұсы­на­ды. Ақ­па­рат­тық жүй­е­де де­ректер бол­ма­ған жағ­дай­да: ха­лық­тың әле­умет­тік жа­ғы­нан осал топ­та­ры­на жа­та­тын аза­мат­тар қо­сым­ша өті­ніш бе­ру­ші­нің (от­ба­сы­ның) ха­лық­тың әле­умет­тік жа­ғы­нан осал топ­та­ры­на жа­та­ты­нын рас­тай­тын құ­жат­ты, сон­дай-ақ от­ба­сы­ның әр­бір мү­ше­сіне (мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­ла­ры бар неме­се олар­ды тәр­би­е­леп отыр­ған от­ба­сы­лар­ды, же­тім ба­ла­лар­ды, ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ды, Ұлы Отан со­ғы­сы­ның қа­ты­су­шы­ла­рын қо­с­па­ған­да) соң­ғы он екі ай ішін­де та­бысы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ұсы­на­ды. Бас­қа адам­дар­ды өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ны­ған жағ­дай­да, олар­ды өті­ніш бе­ру­ші­нің от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мі­нің кө­шір­ме­ле­рі ұсы­ны­ла­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар­дың, неке­ге тұ­ру неме­се неке­ні бұ­зу ту­ра­лы, қай­тыс бо­лу ту­ра­лы, ба­ла­лар­дың ту­уы ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі­нің мә­лі­мет­те­рін, мен­шік құқы­ғын­да олар­ға ти­е­сі­лі тұр­ғын үй­дің (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша) бар-жо­ғы, от­ба­сы­ның бар­лық мү­ше­ле­рі­нің ме­кен­жайы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді, бас­қа адам­дар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның от­ба­сы мү­ше­ле­рі деп та­ну ту­ра­лы сот ше­ші­мін, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ші­лер­ге, бюд­жет­тік ұй­ым­дар­дың қыз­мет­кер­ле­ріне, ха­лық­тың әле­умет­тік жа­ғы­нан осал топ­та­ры­на жа­та­ты­нын рас­тай­тын құ­жат­тар­дың мә­лі­мет­тер­ді от­ба­сы­ның бар­лық мү­ше­ле­ріне көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден ала­ды. 9 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер 1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) анық еме­сті­гін анық­тау; 2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер­дің және мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі; 3) жал­ғыз тұр­ғы­н­жайы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген тәр­тіп­пен ава­ри­я­лық деп та­ны­л­ған аза­мат­тар­ға тұр­ғы­н­жайы ава­ри­я­лық деп та­ны­л­ған ел­ді ме­кен­нен тыс жер­де өті­ніш біл­дір­ген кез­де, сон­дай-ақ, егер аза­мат­тың соң­ғы бес жыл­дың iшiн­де өз тұр­ғын үй жағ­дай­ла­рын қа­са­қа­на на­шар­ла­туы сал­да­ры­нан мы­на­дай жол­дар­мен мұқ­таж­ға ай­нал­ға­ны: - тұр­ғын үй-жай­ын ауы­стыр­ға­ны; - оның Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бел­гiлi бiр ел­дi ме­кенiн­де ор­на­ла­суы­на қа­ра­ма­стан, өзiне мен­шiк құқы­ғы­мен ти­есiлi, тұ­ру үшiн жа­рам­ды тұр­ғын үй­дi, жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган тұр­ғын үй­дi са­тып ал­ған­нан бас­қа жағ­дай­лар­да, иелi­гi­нен шы­ға­руы; - тұр­ғын үй­дiң өз кiнәс­i­нен бұ­зы­луы неме­се бүлi­нуi; - тұр­ған кезiн­де оның мем­ле­кет­тiк тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғын үй неме­се же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғын үй­ге мұқ­таж бол­ма­ған кез­де тұр­ғын үй­i­нен ке­туi; - жұ­бай­ы­нан, кәме­лет­ке тол­ма­ған және ең­бек­ке жа­рам­сыз ба­ла­ла­ры­нан, сон­дай-ақ ең­бек­ке жа­рам­сыз ата-ана­ла­ры­нан бас­қа адам­дар­ды тұр­ғыз­ға­ны анық­тал­са, мем­ле­кет­тiк тұр­ғын үй қо­ры­нан тұр­ғы­н­жай неме­се же­ке тұр­ғын үй қо­ры­нан жер­гiлiк­тi ат­қа­ру­шы ор­ган жал­да­ған тұр­ғы­н­жай бе­ру үшiн есеп­ке қо­ю­дан бас тар­ты­ла­ды. 10 Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар 1. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. 2. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар. 3. Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу үшін элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді алу субъ­ек­ті­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на сәй­кес бір рет­тік па­роль­дер­ді пай­да­ла­на ала­ды.