Об утверждении Правил формирования, ведения и содержания рабочих коллекций патогенных и промышленных микроорганизмов, используемых в области карантина растений Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту туралы «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Басқа 0. Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2022 жылғы 25 қарашадағы № 387 бұйрығымен бекітілген Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-2) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) микроорганизм штамы – белгілі бір биологиялық қасиеттері бар микроорганизм түрінің біртекті дақылы;
Тармақша 2
2) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекциясы (бұдан әрі – жұмыс коллекциясы) – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект ғылыми, өндірістік, диагностикалық және зерттеу мақсаттарында құратын патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдер штамдарының және (немесе) патогендер коллекциясы;
Тармақша 3
3) референттік (эталондық) штамм – таксономиялық қасиеттерді салыстыру мақсатында үлгі ретінде пайдаланылатын микроорганизм штамы;
Тармақша 4
4) табиғи штамм – адамдардан және табиғи орта компоненттерінен (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа) оқшауланған (бөліп шығарылған) микроорганизм штамы;
Тармақша 5
5) тест-штамм (бақылау) – зертханалық зерттеулердің сапасына бақылау жүргізу кезінде пайдаланылатын штамм (қоректік орталарды, препараттарды бақылау, зертханалық әдістердің дұрыстығын растау, стандарттауды талап ететін зерттеулер нәтижелерін түсіндіру);
Тармақша 6
6) штамм-имитатор – сыртқы және зертханаішілік сапаны бағалауды жүргізу кезінде оқыту үшін пайдаланылатын микроорганизмнің вируленттілігі әлсіреген микроорганизм штамы.
Тармақ 3
3. Жұмыс коллекцияларында мыналар бар:
Тармақша 1
1) референттік (эталондық) штамдар;
Тармақша 2
2) тест-штамдар (бақылау);
Тармақша 3
3) имитатор штамдар;
Тармақша 4
4) табиғи штамдар. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін субъектінің жұмыс коллекциясы патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына одан әрі сақтау үшін сәйкестендіру рәсімін жүргізу қажет болатын микроорганизмдердің штамдарын қосымша қамтиды.
Тармақ 4
4. Жұмыс коллекциясына орналастырылғанға дейін микроорганизм штамына жеке нөмір беріледі. Микроорганизм штамына берілген жеке нөмір оны беру кезінде өзгермейді және ол микроорганизм штамының паспортында, тіркеу және есепке алу журналдарында көрсетілген кезде есепке алынатын сәйкестендіру үшін қызмет етеді. Микроорганизм штамы жоғалған, жойылған және есептен шығарылған кезде оның жеке нөмірін басқа микроорганизмнің штамына беруге жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Жұмыс топтамасын пайдалану процесінде нәтижесінде төтенше жағдай туындауы мүмкін штаттан тыс жағдайларда (апат, зілзала, рұқсатсыз алып шығу, жоғалту, ұрлау) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект оқиға орнын қорғау, оқшаулау және салдарларын жою, іздестіруді ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау үшін ұлттық қауіпсіздік органдарын, ішкі істер органдарын, биологиялық қауіпсіздік саласындағы, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органдарды, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды дереу хабардар етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру тәртібі
2-тарау. Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру тәртібі
Тармақ 6
6. Жұмыс коллекциясына сәйкестендіру рәсімінсіз бактериялар мен төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар микроорганизмдерінің штамдары, оның ішінде ауыл шаруашылығы үшін ғылыми-практикалық маңызы бар және паспортында олардың толық қасиеттері айқындалған және мынадай санаттарға жіктелген адамдар, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпті болып табылмайтын генетикалық түрлендірілген микроорганизмдер штамы орналастырылады:
Тармақша 1
1) референттік (эталондық) штамдар;
Тармақша 2
2) тест-штамдар (бақылау);
Тармақша 3
3) имитатор-штамдар.
Тармақ 7
7. Табиғи штамдарды жұмыс коллекциясына орналастыру оларды сәйкестендіру мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген микроорганизм штамдарын сатып алу үшін осы микроорганизм штамдарын жеткізушімен олардың бар-жоғы, сатып алу және жеткізу шарттары туралы кейіннен шарт жасай отырып, келіссөздерді (хат алмасуды) жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Жұмыс топтамаларын қалыптастыру оның қасиеттері туралы толық мәліметтерді қамтитын микроорганизм штамының паспорты негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Жұмыс коллекцияларын құру кезінде мынадай талаптардың сақталуы қажет:
Тармақша 1
1) микроорганизм штамы тасымалдау кезінде тиісті температуралық режимді сақтай отырып (температуралық датчиктермен немесе басқа да құрылғылармен расталады) лиофилизацияланған, мұздатылған немесе культивацияланған күйде ұсынылады;
Тармақша 2
2) микроорганизм штамы бар ампулалар (флакондар), пробиркалар тұмшаланып тығындалады және микроорганизм штамының атауы, себу немесе кептіру күні бар заттаңбалармен жарақталады.
Тармақ 11
11. Жұмыс коллекцияларын қалыптастыру кезінде табиғи штамдар оларды жұмыс коллекциясына орналастырғанға дейін микроорганизм штамының бастапқы паспортында көзделген негізгі қасиеттерін тексеру рәсімінен өтеді.
Тармақ 12
12. Микроорганизм штамының паспортын, қаптаманың бүтіндігін, ыдыстардың қанағаттанарлық жай-күйін және олардың санының қоса берілген құжаттамаға сәйкестігін қоса алғанда, орналастырылатын микроорганизм штамына арналған құжаттама болған кезде, сатып алынған микроорганизм штамдары мен табиғи штамдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроорганизм штамдарын тіркеу журналында тіркеледі.
Тармақ 13
13. Жіберілетін микроорганизм штамының паспортын, қаптаманың бүтіндігін, ыдыстардың қанағаттанарлық жай-күйін және олардың санының қоса берілген құжаттамаға сәйкес еместігін қоса алғанда, құжаттама оған сәйкес келмеген кезде, алушы микроорганизм штамына қоса берілетін құжаттаманы тиісінше ресімдеу немесе микроорганизм штамын жою қажеттігі туралы шешім қабылдайды және жөнелтушінің мекенжайына тиісті хабарлама жібереді.
Тарау 3. 3-тарау. Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын күтіп-бағу тәртібі
3-тарау. Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын күтіп-бағу тәртібі
Тармақ 14
14. Жұмыс коллекциясына орналастырылған микроорганизм штамдарының сақталу мерзімдері:
Тармақша 1
1) ғылыми қызығушылық тудыратын микроорганизм штамдары үшін – оларды қосымша зерделеу үшін қажетті, бірақ орналастыру күнінен бастап 12 айдан аспайтын мерзімдерде;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген микроорганизм штамдары үшін – тиісті жұмыстарды жүргізу үшін қажетті мерзімдерде.
Тармақ 15
15. Табиғи штамдарды сәйкестендіру нәтижелері бойынша патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына сақтауға беру немесе жою жөнінде шешім қабылдайды. Сәйкестендіру қорытындылары бойынша белгіленген қосымша деректер микроорганизм штамының паспортына енгізіледі.
Тармақ 16
16. Жұмыс коллекциясына орналастырылған микроорганизмдер штамдарына патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін субъектінің жауапты қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау картасын толтырады және сақтаудың оңтайлы тәсілін таңдауды жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Микроорганизмдер штамдарын сақтау «Ықтимал қауіпті химиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-105 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24809 болып тіркелген) (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Микроорганизм штамын сақтауға жауапты адамдар күн сайын сақтау температурасын бақылайды.
Тармақ 19
19. Микроорганизм штамын сақтау паспортқа, сақтау картасына және қайта себу кестесіне сәйкес жүргізіледі, онда егістіктің кезеңділігі де көрсетіледі.
Тармақ 20
20. Жауапты мамандар сақтау картасы мен қайта себу кестесіне сәйкес жаңартылуы тиіс микроорганизм штамдарын анықтайды, олардың қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізеді.
Тармақ 21
21. Жаңарту жұмыстары жеке бокста жүргізіледі, онда зерттеу кезінде басқа патогенді микроорганизмдермен жұмыстар жүргізілмейді.
Тармақ 22
22. Микроорганизмдер штамдарын жаңартуға жауапты мамандар микроорганизмдер штамдарын алады, паспорттық және қолда бар құжаттық сипаттамалармен танысады.
Тармақ 23
23. Микроорганизмдердің штамдарын жаңартуға жауапты маман оның қозғалысын есепке алу жөніндегі құжаттаманы жүргізеді, себу мақсатында микроорганизмі бар ыдысты ашу немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актісін ресімдейді және жаңарту нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу хаттамасын жасайды.
Тармақ 24
24. Лиофилизацияланған (кептірілген) микроорганизмді ампулалар мен дәнекерленген пробиркалардан жасалған реактивациялау биологиялық қауіпсіздік шкафында жүргізіледі.
Тармақ 25
25. Микроорганизм штамдарының жұмыс коллекциясынан орын ауыстыруына мынадай жағдайларда жол беріледі:
Тармақша 1
1) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларына сақтауға немесе уақытша сақтауға жіберген кезде;
Тармақша 2
2) референс-зертханаларға беру кезінде.
Тармақ 26
26. Микроорганизмдер штамдарын жұмыс коллекциясынан беру патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің бірінші басшысының жазбаша рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Микроорганизмдердің штамдарын жұмыс коллекциясынан беру және тасымалдау Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект патогенді биологиялық агенттерді тасымалдауды жоспарлау кезінде авариялық жағдайдағы іс-қимыл жоспарын әзірлейді және үш жұмыс күні ішінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне авариялық жағдайдағы іс-қимыл жоспарының көшірмесін және қозғалыс маршруттарын қоса бере отырып, патогенді биологиялық агенттерді тасымалдау туралы хабарлайды.
Тармақ 28
28. Жұмыс коллекцияларындағы микроорганизмдердің штамдары:
Тармақша 1
1) олардың телнұсқалары патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекциясына сақтауға жіберілген;
Тармақша 2
2) оларды орындау үшін жұмыс коллекциясына орналастырылған микроорганизмдер штамдарымен жұмыстар аяқталған;
Тармақша 3
3) тазалық пен өміршеңдік талаптарына сәйкес келмеген;
Тармақша 4
4) осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген микроорганизмдер штамдарын сақтау мерзімдері өткен кезде жойылуы тиіс.
Тармақ 29
29. Микроорганизмдер штамдарын жою кезінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроорганизм штамын жою туралы акт жасалады. Тиісті өзгерістер есепке алу журналына енгізіледі.
Тарау 4. 4-тарау. Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын жүргізу тәртібі
4-тарау. Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын жүргізу тәртібі
Тармақ 30
30. Жұмыс коллекцияларында осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу журналында көрсетіле отырып, микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу тұрақты негізде жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Объективті есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін субъект жұмыс коллекциясына жылына кемінде бір рет микроорганизмдер штамдары туралы ақпаратты өзектендіруді қамтитын түгендеу жүргізеді.
Тармақ 32
32. Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъект тоқсан сайынғы негізде есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынады.
Тармақ 33
33. Тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 (жиырмасыншы) күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосы жаңартылған тізілімді уәкілетті органның www.gov.kz. ресми интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады
Басқа 1. Микроорганизмдердің штамдарын тіркеу журналы
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 1-қосымша Нысан Микроорганизмдердің штамдарын тіркеу журналы Рет­тік нө­мі­рі Ке­ліп түс­кен кү­ні Мик­ро­ор­га­низм шта­мы Да­қыл­мен ке­ліп түс­кен ыдыс­тар­дың (про­бир­ка­лар, ам­пу­ла­лар, са­уыт­тар) са­ны Да­қыл­ды ор­на­ла­сты­ру­ға жі­бер­ген ұй­ым, адам Ор­на­ла­сты­ру мақ­са­ты Қа­рап-тек­се­ру нәти­же­сі Ата­уы Же­ке нө­мі­рі Ата­уы, ла­у­а­зы­мы Іле­с­пе хат­тың кү­ні мен нө­мі­рі (бар бол­са) 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Басқа 2. Сақтау картасы
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 2-қосымша Нысан Сақтау картасы Микроорганизм штамының атауы _______________________________________ Микроорганизм штамының жеке нөмірі __________________________________ Микроорганизм штамын қоректік ортада сақтау: Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау Сақ­тау Ақ­па­рат кө­зі Ор­та, аэра­ция, се­бу әді­сі (штрих, шан­шу), жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луы­на се­беп бо­ла­тын жағ­дай­лар Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы Қай­та се­бу­дің ұсы­ны­ла­тын мер­зім­де­рі Өмір­шең­дік­ті сақ­та­удың ең көп ұз­ақ­тығы Сақ­тау ке­зін­де қа­си­ет­те­рі­нің өзге­руі Минералды майда сақтау: Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау Сақ­тау Ақ­па­рат кө­зі Ор­та, аэра­ция, се­бу әді­сі (штрих, шан­шу), жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луы­на се­беп бо­ла­тын жағ­дай­лар Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы Қай­та се­бу­дің ұсы­ны­ла­тын мер­зім­де­рі Өмір­шең­дік­ті сақ­та­удың ба­рын­ша көп ұз­ақ­тығы Сақ­тау ке­зін­де қа­си­ет­тер­дің өзге­руі Суда немесе сулы ерітінділерде сақтау: Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау Сақ­тау Ақ­па­рат кө­зі Ор­та, аэра­ция, се­бу әді­сі (штрих, шан­шу), жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луы­на се­беп бо­ла­тын жағ­дай­лар Су (ері­т­ін­ді) Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы Қай­та се­бу­дің ұсы­ны­ла­тын мер­зім­де­рі Өмір­шең­дік­ті сақ­та­удың ең көп ұз­ақ­тығы Сақ­тау ке­зін­де қа­си­ет­тер­дің өзге­руі Лиофилизацияланған (L-кептіру) күйде сақтау: Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау Лио­фи­ли­за­ция (L-кеп­ті­ру) Сақ­тау тем­пе­ра­ту­ра­сы Ор­та, тем­пе­ра­ту­ра, аэра­ция, жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луы­на се­беп бо­ла­тын жағ­дай­лар Қор­ғау ор­та­сы Жа­су­ша­лар кон­цен­тра­ци­я­сы Эк­ви­либ­ра­ция уа­қы­ты мен тем­пе­ра­ту­ра­сы Лио­фи­ли­за­ция ре­жи­мі (L-кеп­ті­ру) Қал­дық ылғал­ды­лық Төмен (Цельсий бойынша минус 20 градустан Цельсий бойынша 90 градусқа дейін) және өте төмен температурада (сұйық азот пен оның буларында) сақтау: Ал­дын ала куль­ти­ва­ци­я­лау Кон­сер­ва­ция Сақ­тау Ор­та, тем­пе­ра­ту­ра, аэра­ция, жа­сы (өсу фа­за­сы), ты­ны­штық­та­ғы жа­су­ша­лар­дың спо­ра­ла­ры­ның пай­да бо­луы­на се­беп бо­ла­тын жағ­дай­лар Кон­сер­ва­ци­я­ла­у­ға ар­нал­ған ма­те­ри­ал: сус­пен­зия агар бл­ок­та­ры Крио­про­тек­тор Жа­су­ша­лар­дың кон­цен­тра­ци­я­сы Эк­ви­либ­ра­ция уа­қы­ты мен тем­пе­ра­ту­ра­сы Кон­сер­ва­ция ре­жи­мі
Басқа 3. Себу немесе жою мақсатында микроорганизмі бар ыдысты ашу актісі
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 3-қосымша Нысан Себу немесе жою мақсатында микроорганизмі бар ыдысты ашу актісі 20 ___ жылғы__________ №_____ Біз, төменде қол қоюшылар, ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (рұқсат берушінің лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________________________________ рұқсатына сәйкес (рұқсаттың нөмірі мен күні) микроорганизмі бар __________________________________________ ыдысты ____________________________________________________________________ (сыйымдылықтың атауы және саны) ____________________________________________________________________ (микроорганизм штамы түрінің атауы және жеке нөмірі, микроорганизм штамының саны) ___________________________________________________ мақсатында аштық. (микроорганизмдерді себу немесе оны жою) Патогенді микрорганизмнің қалдықтары бар ыдыс (тар) ____________________ (күні) автоклавтау________________________ немесе ___________________________ (автоклавтау режимі) ____________________________________________________________________ (дезинфекциялық ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, залалсыздандыру уақыты) батыру арқылы залалсыздандырылды. Ыдысты(тарды) ашу күні ______________________________________________ Жасағандар: _________________________________________ ________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) _________________________________________ ________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Басқа 4. Зерттеу хаттамасы
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және (немесе) өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 4-қосымша Нысан Зерттеу хаттамасы 20 __ жылғы «___» ____ бастап 20 __ жылғы «___» __________ дейін Зерттеу мақсаты ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Материалдар мен жабдықтар ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Зерттеу әдістері ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Зерттеу нәтижелері ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қорытынды ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Орындаушылар: ______________________________ __________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Орындаушылар: _______________________________ __________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Күні:
Басқа 5. Микроорганизм штамын жою туралы акт 20 ___ жылғы _____________ №___
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын микроорганизмдердің патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдерінің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 5-қосымша Нысан Микроорганизм штамын жою туралы акт 20 ___ жылғы _____________ №___ Біз, төменде қол қоюшылар, _______________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (рұқсат берген адамның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ____________________________________________________ рұқсатына сәйкес (рұқсат нөмірі мен күні) ____________________________________________________________________ (түр атауы, штамм нөмірі, объектілер саны) ____________________________________________________________________ патогенді автоклавтау ___________________________________________немесе (автоклавтау режимі) ____________________________________________________________________ (дезинфекциялық ерітіндінің атауы, оның концентрациясы, залалсыздандыру уақыты) батыру арқылы, кейіннен міндетті түрде термиялық жолмен жою (кәдеге жаратумен) _____________________________________________________ арқылы жойдық. (термиялық жоюдың (кәдеге жаратудың) күні мен режимі) Құрастырушылар: _________________________________ ______________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) _________________________________ ______________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы) Күні:
Басқа 6. Микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу журналы
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын микроорганизмдердің патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 6-қосымша Нысан Микроорганизмдер штамдарының қозғалысын есепке алу журналы Басталуы 20 ____ жылғы «____» ____________ Аяқталуы 20 ____ жылғы «____» ____________ Рет­тік нө­мі­рі Ке­ліп түс­кен кү­ні Ла­тын тран­скрип­ци­я­сын­да­ғы штамм ата­уы Штам­ның же­ке нө­мі­рі Бө­лі­ну кө­зі Бө­лін­ген кү­ні Бө­лін­ген ор­ны Зерт­теу жүр­гіз­ген адам­ның ла­у­а­зы­мы, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са), те­гі Штам­ды жі­бер­ген ұй­ым­ның/құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы Штам­да­ры бар сый­ым­ды­лық­тар са­ны Штам­ды сақ­тау ту­ра­лы, бе­ру неме­се жою ту­ра­лы бел­гі Сақ­тау, бе­ру неме­се жою ба­стал­ған күн Ес­кер­ту 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
Басқа 7. Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан
Өсімдіктер карантині саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекциларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларына 7-қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдердің штамдары туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган). Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.gov.kz. интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер Нысан индексі: № 1-рм нысаны Кезеңділігі: біржолғы/ тоқсан сайын Есепті кезең: 20__ жылғы_____ / 20___ жылғы ______ тоқсан Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: референттік ұйымдар, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: аумақтық бөлімшелерге – жұмыс коллекциясын қалыптастырған немесе жаңартқан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде; уәкілетті органға – тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей. Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі Жинау әдісі: электрондық түрде (бизнес-серіктестер тізілімінде техникалық іркіліс болған жағдайда жинау қағаз түрінде жүзеге асырылады) Рет­тік нө­мір Ре­фе­рент­тік ұй­ым­ның ата­уы ЖСН/ БСН Мик­ро­ор­га­низм шта­мы­ның ата­уы Сый­ым­ды­лық­тар са­ны Сақ­тау ме­кен­жайы Ті­зі­лім­ге ен­гі­зі­л­ген кү­ні Ес­керт­пе 1 2 3 4 5 6 7 8 Атауы __________________________________________________ Мекенжайы _____________________________________________________ Телефон _______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы __________________________________ Орындаушы: __________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам ____________________________ ____________________________________________________________________ (қолы/электрондық цифрлық қолтаңбасы) (аты, әкесінің аты (бар болса) тегі) Ескертпе: Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген. Күні 20__жылғы «___» _________
Басқа 7.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 1-рм нысаны, кезеңділігі: біржолғы/тоқсан сайын)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизмдер штамдары туралы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған мәліметтер» нысанға қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: № 1-рм нысаны, кезеңділігі: біржолғы/тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған «Микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларының тізіліміне енгізуге арналған мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің референттік ұйымдары мен аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) толтырады.
Тармақ 3
3. Нысанға орындаушы және референттік ұйымның басшысы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
Тармақ 4
4. Нысанды: референттік ұйымдар – аумақтық бөлімшелерге микроорганизмдердің жұмыс коллекциясын қалыптастырған немесе жаңартқан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде; аумақтық бөлімшелер – уәкілетті органға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15 (он бесінші) күнінен кешіктірмей береді.
Тармақ 5
5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 2-бағанында референттік ұйымның атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 3-бағанында ұйымның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 4-бағанында жұмыс коллекциясында орналастырылған микроорганизм штамының атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 5-бағанында штамдары бар сыйымдылықтардың саны көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 6-бағанында коллекцияны сақтау мекенжайы көрсетіледі (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың атауы көрсетіледі).
Тармақ 11
11. Нысанның 7-бағанында жұмыс коллекциясының немесе штамның тізілімге енгізілген күні көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 8-бағанында ескертпе (қосымша ақпарат, мысалы: сақтау тәсілі, шарттары, деректерді жаңарту күні және басқалары) көрсетіледі.