Вопросы Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi
"Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын орындау үшiн, көлiк-коммуникация кешенiн басқаруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң құрылымы 1-қосымшаға сәйкес, сондай-ақ алқаның сандық
құрамы - 15 адам болып бекiтiлсiн.
📌 ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.02.02. N 64 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.07. N 1249 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi оларға қатысты мемлекеттiк басқарудың уәкiлеттi органы
болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi
бекiтiлсiн (2-қосымша).
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса берiлiп отырған
тiзбеге сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын
(3-қосымша).
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi (Көлiккомминi) туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 қарашадағы
N 1641 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi (Көлiккомминi) туралы
ЕРЕЖЕ
Тармақ i
Тарау i. I. Миссиясы
I. Миссиясы
Экономика мен қоғамның көлiкке және ақпаратқа деген ұлғайып келе жатқан қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға жағдай жасау.
Тармақ ii
Тарау ii. II. Жалпы ережелер
II. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) мемлекет мүддесiн бiлдiруге, өз құзыретiнiң шегiнде көлiк-коммуникация кешенiнiң кәсiпорындары, ұйымдары және шаруашылық субъектiлерi акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену мен пайдалану жөнiндегi құқықтарды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенi Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, көлiк және көлiк-экспедиция қызметiн, көлiк құралдарын пайдалануды, жөндеудi және техникалық қызмет көрсетудi, байланыс қызметiн көрсетудi, құрылысты, әуе жайларды байланыс құралдары мен ақпараттық жүйелерi, автомобиль жолдарын, су, әуе және темiр жол қатынасы жолдары мен олардағы ғимараттарды салуды, пайдалану мен ұстауды, ғылыми зерттеулер жүргiзудi және көлiктiк-коммуникациялық кешен үшiн кадрлар даярлауды сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету мен бақылауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардан тұрады.
📌 ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.07. N 1249 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Министрлiк өз қызметiнде Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
Тармақ 4
4. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банк мекемелерiнде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, сондай-ақ тиiстi бланкiлерi мен мөртаңбалары болады.
Тармақ iii
Тарау iii. III. Басымдықтары
III. Басымдықтары
Тармақ 5
5. Көлiк-коммуникация жүйелерiн, әсiресе, тауарлар мен қызмет көрсетулердi экспорттау үшiн қажеттi жүйелердi жаңарту мен дамыту.
Тармақ 6
6. Тасымалдаудың алдыңғы қатарлы технологияларын, оның iшiнде көлiктiң барлық түрлерiнiң технологиялық бiрлiгiн қамтамасыз ететiн тасымалдау технологияларын енгiзу, жылжымалы құрамды сапалы түрде жаңарту.
Тармақ 7
7. Институттық өзгертулер жасау арқылы саланы басқарудың тиiмдi жүйесiн қамтамасыз ету, бiлiктiлiгi жоғары кадрларды тарту, жеке ғылыми зерттеу базасын құру.
Тармақ 8
8. Ауылдық жерлердегi тұрғындардың ең аз әлеуметтiк игiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында ауылдың жол және коммуникация инфрақұрылымын дамыту.
Тарау iv
IY. Мiндеттерi, функциялары және құқықтары
Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiн мемлекеттiк реттеу;
көлiк пен байланыс қызметiн көрсету нарығын қалыптастыруға қатысу, кәсiпкерлiкке, шағын және орта бизнеске мемлекеттiк қолдау көрсету;
көлiк-коммуникация кешенiнде мемлекеттiк экономикалық және қаржы саясатын және институттық реформаларды жүргiзу;
көлiк пен байланыс саласында заңдардың, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалану кезiнде қозғалыс және экология қауiпсiздiгi жөнiндегi заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.
Министрлiктiң негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
көлiктiк-коммуникациялық кешендi дамытудың стратегиялық жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
көлiк-коммуникация кешенiнiң, шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк үлестерiне, пайларына және акцияларының пакеттерiне иелiк ету және оларды пайдалану жөнiндегi функцияларды жүзеге асыру;
көлiк және коммуникациялар саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
барлық көлiк түрлерi, жол шаруашылығы, коммуникациялар, почта байланысы саласында, сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметi саласында заңдардың орындалуына бақылау жасау;
ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және жобалау жұмыстарына, сондай-ақ көлiк пен байланыс саласының кадрларын оқытуға, даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру.
📌 ЕСКЕРТУ. IY-тарау өзгердi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.07.
N 1249 қаулысымен.
Тармақ 9
9. Министрлiктiң жүктелген мiндеттерге сәйкес:
көлiк-коммуникация кешенiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға (лицензияларды, сертификаттарды әзiрлеу, беру және олардың пайдаланылуына бақылау жасау, сондай-ақ нормалар, нормативтер, стандарттар белгiлеу) және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi санкцияларды қолдануға;
көлiк-коммуникация кешенiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң мемлекеттiк үлестерiне, пайларына және акцияларының пакеттерiне иелiк етуге және оларды пайдалануға;
көлiк-коммуникация кешенiнiң мемлекеттiк кәсiпорындарының, мекемелерiнiң және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң бiрiншi басшыларымен қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келiсiм-шарттар жасасуға;
оларда көлiк-коммуникация кешенiнiң мемлекеттiк үлестерiне, пайлары мен акциялар пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығы бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi ашуға және құруға;
өз құзыретiнiң шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы
органдардың орындауы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға құқығы бар;
халықаралық ұйымдарда және халықаралық кездесулер өткiзу кезiнде
көлiктiк-коммуникациялық кешеннiң мүдделерiн бiлдiруге;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша халықаралық
келiсiмдердi дайындауды және жасасуды жүзеге асыруға.
📌 ЕСКЕРТУ. 9-тармақ абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.07.
N 1249 қаулысымен.
Тармақ v
Тарау v. V. Жауапкершiлiгi
V. Жауапкершiлiгi
Тармақ 10
10. Министрлiк осы Ережеде көзделген мiндеттердiң,
функциялардың және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құқықтарды
қолданудың тиiстi түрде орындалуы үшiн жауапты болады.
Тармақ vi
Тарау vi. VI. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
VI. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Министрлiктi Министр басқарады.
Тармақ 12
12. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Министрдiң оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлер) болады.
📌 ЕСКЕРТУ. 12-тармақтың екiншi сөйлемi жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң
1998.02.02. N 64 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.07. N 1249
қаулысымен.
Тармақ 13
13. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған
басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы
үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 14
14. Министр осы мақсатта:
өз орынбасарлары (вице-министрлер), Министрлiктiң
агенттiктерi, департаменттерi директорларының өкiлеттiктер шеңберiн
айқындайды;
Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және
қызметтен босатады;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық
органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
Министрлiктiң департаменттерi туралы ережелердi бекiтедi;
Министрлiктiң басқа мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды.
📌 ЕСКЕРТУ. 14-тармақтың 2-абзацындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң
1998.02.02. N 64 қаулысымен.
Тармақ 15
15. Министрлiкте Министрден, оның орынбасарларынан
(вице-министрлерiнен) және комитеттер, агенттiктер мен департаменттер
басшыларынан тұратын алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де адамдар
кiре алады.
Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi.
Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.
📌 ЕСКЕРТУ. 15-тармақта сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1998.02.02.
N 64 қаулысымен.
Тармақ 16
16. Министрлiк өз құзыретiнiң шегiнде орталық және жергiлiктi
атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
Министрлiк қабылдаған шешiмдер, Министрлiк бұйрығымен
ресiмделедi.
Тармақ 17
17. Министрдiң нұсқауы бойынша, ол болмаған жағдайда оның
орынбасарларының бiреуi орнын ауыстырады.
📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.02.02. N 64
қаулысымен.
Тармақ 18
18. Министрлiк оның қызметiн қамтамасыз ететiн департаменттерден, агенттiктерден, комитеттерден және құрылымдардан тұрады. Министрлiктiң жанынан (Министрлiкте) заңды тұлға болып табылатын департаменттер, агенттiктер, комитеттер құрылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар болып табылатын департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 19
19. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Заңды тұлға болып табылатын департаменттердiң, агенттiктердiң директорларын, комитеттердiң төрағаларын Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Заңды тұлға болып табылатын департаменттердiң, агенттiктердiң директорларының, комитеттер төрағаларының орынбасары болады, оны департамент, агенттiк директорларының, комитеттер төрағаларының ұсынуы бойынша Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Департамент туралы ереженi және оның құрылымын Департамент
директорының ұсынуы бойынша Министр бекiтедi. Заңды тұлғалар болып
табылатын агенттiктер, департаменттер, комитеттер туралы ереженi
Үкiмет бекiтедi.
Тармақ 21
21. Департаменттердiң, агенттiктердiң директорлары, комитет
төрағалары департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң жұмысын
ұйымдастырады және оларға басшылықты жүзеге асырады, департаменттерге,
агенттiктерге, комитеттерге жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның
өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 22
22. Департаменттердiң, агенттiктердiң, комитеттердiң штат санын
Министр белгiлейдi.
Басқа 39. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 11 қарашадағы
N 1641 қаулысына
1-қосымша
📌 ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.12.07.
N 1249 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Темiр жол көлiгi департаментi
Автомобиль жолдары департаментi
Автомобиль және су көлiгi департаментi
Азаматтық авиация департаментi
Ақпараттық жүйелер департаментi
Экономикалық реттеу және мемлекеттiк тапсырыс департаментi
Көлiк-коммуникациялық кешендi үйлестiру департаментi(жинақтық)
Әкiмшiлiк департаментi
Көлiктiк бақылау комитетi(заңды тұлға құқығында)
Басқа 40. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi оларға қатысты мемлекеттiк басқарудың
уәкiлеттi органы болып табылатын мемлекеттiк
кәсiпорындар мен мекемелердiң
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 11 қарашадағы
N 1641 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi оларға қатысты мемлекеттiк басқарудың
уәкiлеттi органы болып табылатын мемлекеттiк
кәсiпорындар мен мекемелердiң
ТIЗБЕСI
Автокөлiк
Республикалық мемлекеттiк автокөлiк кәсiпорны еншiлес
кәсiпорындарымен бiрге
Байланыс және телекоммуникациялар
Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорны еншiлес
кәсiпорындарымен бiрге
Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң жанындағы Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi
Республикалық арнайы байланыс торабы
"Промсвязь" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
Автомобиль жолдары
"Қазақ автомобиль жолдары" республикалық мемлекеттiк
қазыналық кәсiпорны
Авиация
"Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
"Қазаэрожоба" қазақ мемлекеттiк азаматтық авиация
жобалау-iздестiру ғылыми-зерттеу институты - республикалық
мемлекеттiк кәсiпорны
"Мемавиарегистр" мемлекеттiк мекемесi
Темiр жол көлiгi
"Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк автокөлiк
кәсiпорны еншiлес кәсiпорындарымен бiрге
Су көлiгi
Шығыс Қазақстан су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны
(Өскемен)
Павлодар су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны
Семей су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны
Атырау су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны
Орал су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны
Iле су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны (Қапшағай
қаласы)
Балқаш су жолдары республикалық қазыналық кәсiпорны
"Ақтау теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
Мекемелер
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң Мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық-тұсаукесер
орталығы
📌 ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.09. N 1266
қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.23. N 1322
қаулысымен.
Басқа 41. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 11 қарашадағы
N 1641 қаулысына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 19 шiлдедегi N 804 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 29, 334-құжат).
"Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 қаулысы.
"Көлiк және коммуникациялар мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 желтоқсандағы N 1409 қаулысының 1-қосымшасының 2 және 3 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 47, 522-құжат).
"Қызылорда облысының аумағында әскери үлгiдегi автокөлiк колоннасын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 27 сәуiрдегi N 563 қаулысының 2-тармағы.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 маусымдағы N 836 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулердiң 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 265-құжат).
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 1685 қаулысы.