Об утверждении размеров выплат ежемесячного денежного содержания спортсменам, входящим в состав сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), их тренерам, а также спортсменам, выступающим в составах сборных команд Республики Казахстан (национальных сборных команд) по игровым видам спорта, их тренерам и руководителям клубных команд Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның облыс әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Жетісу облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 98 қаулысына қосымша Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері № Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі Төлемдерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) Спортшылар Жаттықтырушылар Клубтық командалардың жетекшілері 1-орын 2-орын 3-орын 1-орын 2-орын 3-орын 1-орын 2-орын 3-орын Олимпиадалық спорт түрлері 1 Жазғы және қысқы Олимпиада ойындары 200 150 100 80 50 20 - - - 2 Азия ойындары 120 100 80 50 30 10 - - - 3 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары 60 50 40 30 20 10 - - - 4 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 120 100 80 50 30 10 - - - 5 Жастар арасында Әлем чемпионаты 60 50 40 15 10 5 - - - 6 Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты 40 30 20 15 10 5 - - - 7 Ересектер арасында Азия чемпионаты 80 60 50 15 10 5 - - - 8 Жастар арасында Азия чемпионаты 50 40 30 15 10 5 - - - 9 Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасы 60 50 40 15 10 5 - - - 10 Жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 30 20 15 15 10 5 - - - Олимпиадалық емес спорт түрлері 1 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 70 60 50 15 10 5 - - - 2 Ересектер арасында Азия чемпионаты 50 40 30 15 10 5 - - - 3 Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 40 - - - - - - - - Ұлттық спорт түрлері 1 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 70 60 50 15 10 5 - - - 2 Көшпенділер ойындары 60 50 40 15 10 5 - - - 3 Ересектер арасында Азия чемпионаты 50 40 30 15 10 5 - - - 4 Жастар арасында Азия чемпионаты 40 30 20 15 10 5 - - - 5 Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты 30 20 15 5 - - - - - Паралимпиада және Сурдлимпиада спорт түрлері 1 Жазғы және қысқы Сурдлимпиада және Паралимпиада ойындары 200 150 100 80 50 20 - - - 2 Азия Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындары 120 100 80 50 30 10 - - - 3 Жасөспірімдер Олимпиада ойындары 60 50 40 30 20 10 - - - 4 Ересектер арасында Әлем чемпионаты 120 100 80 50 30 10 - - - 5 Жастар арасында Әлем чемпионаты 60 50 40 15 10 5 - - - 6 Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты 40 30 20 15 10 5 - - - 7 Ересектер арасында Азия чемпионаты 80 60 50 15 10 5 - - - 8 Жастар арасында Азия чемпионаты 50 40 30 15 10 5 - - - 9 Ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты, ересектер арасында Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, Қазақстан Республикасының Параолимпиада ойындары 60 50 40 5 - - - - -