О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам добровольно и принудительно ликвидируемых банков, страховых (перестраховочных) организаций, добровольно и принудительно прекращающих деятельность филиалов банков-нерезидентов Республики Казахстан, филиалов страховых (перестраховочных) организаций-нерезидентов Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Банктерді реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттік Төрағасының м.а. 2022 жылғы 23 қарашадағы № 96 қаулысына қосымша Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
Тармақ 1
1.«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату ережесін және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы №77 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату ережесінде және мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптарда: 83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «83. Тарату комиссиясы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігі берген мүлікті бағалау туралы есеп болмаған кезде «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына  сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушыны (бұдан әрі - бағалаушы) тарта отырып, таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мүлкін бағалауды жүргізеді. Баланстық құнына қарамастан жылжымайтын мүлікті, бір бірлігі үшін 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткіштен артық баланстық құны бар жылжымалы мүлікті бағалау үшін бағалаушыны таңдау конкурс (тендер) өткізу арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша ең тиімді талаптар (көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу мөлшері, бағалау жүргізу мерзімдері, бағалаушының филиалдық желісінің болуы және өзге де талаптар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Конкурсты (тендерді) өткізу талаптарын тарату комиссиясының төрағасы айқындайды және олар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бағалануға жататын мүлкінің орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында немесе облыста, республикалық маңызы бар қалада, Қазақстан Республикасының астанасында таралатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Тарату комиссиясы 50 (елуден) 1000 (бір мың) айлық есептік көрсеткішке дейінгі баланстық құны бар жылжымалы мүліктің 1 (бір) бірлігін бағалау үшін бағалаушыны таңдауды баға ұсыныстарын сұрату арқылы жүзеге асырады. Баланстық құны 50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен кем жылжымалы мүлікті бағалау жүргізілмейді. Бағалау жүргізу конкурсына бір-біріне қатысты үлестес бағалаушылар қатыспайды. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған тұлғалар үлестес бағалаушылар болып табылады.»; 85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «85. Уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін орын алған, орындалуы және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құжаттамалық ресімделуі аралық тарату балансы бекітілгенге дейін аяқталмаған таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қатысуымен мәмілелер жасалмаған болып есептеледі.».
Тармақ 2
2.«Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 147 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9711 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігін (уақытша әкiмшісін) тағайындау және оның өкілеттіктері қағидаларында: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде ұйымның ағымдағы міндеттемелерін орындауымен байланысты мәмілелерді, уақытша әкімшіліктің шығыстар сметасын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымның мүлкімен мәмілелер жасасуға және орындауға, кредиторлық берешекті кез келген нысанда өтеуді қоса алғанда, ұйымның міндеттемелерін орындауына, қарсы біртекті талаптарды жүзеге асыруына жол берілмейді. Уақытша әкімшіліктің жұмыс істеу мерзімі ішінде мыналарға: «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заң) сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру объектісі болып табылатын депозит сомасын және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және депозиторға қатысты кредитор немесе кепілгер болатын банктің қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызуды жүзеге асыруға; мүлікті бағалау үшін «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалау қызметін жүзеге асыратын бағалаушымен (бұдан әрі – бағалаушы) жасалған шарт негізінде барлық мүлікті немесе оның бір бөлігін бағалау жүргізуге; Қағидалардың 51-тармағында көзделген талаптарға сәйкес 1 (бір) бірлік үшін бағалау құны 100 (бір жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі мүлікті өткізуге жол беріледі.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 17. Банктің уақытша әкімшілігі мынадай іс-қимылдарды орындайды: 1) Депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы заңның 13-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлардың тізілімін, сондай-ақ банкті барлық банк операцияларын жүргізуге берілген лицензиядан айыру күні қабылдау-өткізу актісі жасала отырып қағаз және электрондық тасымалдағыштарда жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік өтемақысының есебін жібереді; 2) тағайындалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде ұйымның шоттары ашылған шетелдік банктерге уәкілетті органның лицензиядан айыру және уақытша әкімшілікті тағайындау туралы шешімінің көшірмелерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес нотариалды куәландырылған, аударылған және апостильденген, қолтаңбалардың үлгілері бар құжаттарды жібереді; 3) лицензиядан айырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18303 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 9 қаулысымен бекітілген Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке, сондай-ақ соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша басқарушының) барлық банк операциялары мен өзге де операциялар жүргізуге арналған лицензиядан айырылған банктің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беруді жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен банктің активтерін және жеке және (немесе) заңды тұлғалардың алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігімен не толық көлемде басқа банкке (банктерге) бірмезгілде беру операциясын жүргізу туралы шешім қабылдайды; 5) банкке келiп түсетiн ақшаның, оның iшiнде қарыз алушылардың бұрын берiлген кредиттер бойынша қайтарғанын, қарыздар бойынша сыйақы мен өзге де кiрiстердi, сондай-ақ тұрақсыздық айыптарын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды, банктiң аванстық төлемдерiнiң қайтарылуын, сондай-ақ банкке меншiк құқығында тиесiлi бағалы қағаздарды өтеуден болған қаражатты қоса алғанда, бұрын жасалған мәмiлелерден болған кiрiстердiң есепке жазылуын бақылайды; 6) «Мерзiмiнде төленбеген төлем құжаттары» шоттары бойынша картотекадан төлем құжаттарын қайтарады; 7) банктің клиенттеріне банктің сейфтік ұяшықтарында орналастырылған мүліктерін қайтарады; 8) № 207 қағидаларда айқындалған тәртіппен банк клиенттерінің ағымдағы шоттарын жабады; 9) банктің банк шоттарын салыстырып тексереді, шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттардан ақшаны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттiк шоттарға аударады және шетелдік банктердегі және Қазақстан Республикасының банктеріндегі корреспонденттiк шоттарды жабады; 10) егер Қазақстан Республикасының банк заңнамасында және Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, ұйымда белгіленген тарифтер мен мөлшерлемелерге сәйкес ұйымның қызметі үшін ақы алады.»; 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «40. Ұйымның мүлкін және құжаттарын түгендеуді жүргізу үшін түгендеу комиссиясы құрылады, оған уақытша әкімшіліктің басшысы және мүшелері, бас бухгалтер және ұйымның қызметкерлері кіреді. Түгендеу комиссиясының құрамын уақытша әкімшіліктің басшысы бекітеді. Уақытша әкімшілік түгендеу басталған күннен бастап бір ай бойы түгендеуді жүргізуді. Түгендеуді жүргізу мерзімі жұмыстың сипаты мен көлемі ескеріле отырып, уәкілетті органның келісімімен ұзартылады. Түгендеу жүргізу кезінде уақытша әкімшілік сатуға жарамды мүлікті айқындайды.»; мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын: «5-1 тарау. Ұйымның мүлкін сату және активтеріне билік ету тәртібі» 46-1. Уақытша әкімшілік мүлікке жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша мүлікті қабылдап-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін барлық мүлікке бір мезгілде не оның бір бөлігіне бағалау жүргізу үшін бағалаушыны тартады. 46-2. Ұйымның барлық мүлкін не оның бір бөлігін, оның баланстық құнына қарамастан, бағалау үшін бағалаушыны таңдау бағалау компанияларының олардың қызметтеріне баға ұсыныстарын қарау арқылы жүзеге асырылады. Бағалау компанияларынан алынған баға ұсыныстарының нәтижелері бойынша неғұрлым тиімді шарттарды (көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу мөлшері, бағалау жүргізу мерзімдері, бағалаушыда филиалдық желінің болуы және өзге де шарттар) ұсынған бағалаушыға артықшылық беріледі. Баға ұсынысын беру шарттарын ұйымның уақытша әкімшілігінің басшысы айқындайды және ұйымның ресми интернет-ресурсында жарияланады. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына және «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабына сәйкес бір-біріне қатысты үлестес болып табылатын бағалаушылардан баға ұсыныстары қабылданбайды». 46-3. Уәкілетті орган лицензиядан айырғанға дейін орын алған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орындалуы және құжаттамалық ресімделуі ұйым лицензиядан айырылған күнге дейін аяқталмаған, лицензиядан айырылған ұйымның қатысуымен жасалған мәмілелер өтпеді деп есептеледі. 46-4. Ұйымның мүлкін сату кезінде уақытша әкімшілік мынадай шарттарға сүйенеді: 1) сатылатын мүлікке осы өңірдегі мүліктің ұқсас түрлеріне нарықтық бағадан кем емес баға белгілеу; 2) мүлікті ең жоғары баға бойынша сату; 3) мүлікті сатудан болатын шығындарды азайту. 46-5. Мүліктің 1 (бір) бірлігі үшін бағалау құны 100 (жүз) айлық есептік көрсеткішке дейінгі ұйымның мүлкі жария сауда-саттық өткізбей, бағалау құнынан төмен емес баға бойынша сатылады. Ұйымның жылжымалы мүлкін сату туралы ақпарат сату бағасын, оның техникалық сипаттамаларын (ол бар болса) көрсете отырып, ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.»; 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Уақытша әкiмшiлiк тарату комиссиясы тағайындалған күннен бастап өз өкiлеттiгiнен босайды және Банктер туралы заңда, Сақтандыру туралы заңда белгiленген мерзiмдерде және тәртiпте мүлiкті, мүлікті бағалау туралы есепті (ол бар болса) және құжаттарды (ұйымның бухгалтерлiк және өзге де құжаттамасын, мөрлерiн (бар болса), мөртабандарын, материалдық құндылықтарын және өзге де мүлкiн) тарату комиссиясының төрағасына табыстауды қамтамасыз етедi.».
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 01.04.2026 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Басқа 1
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 1-қосымша
Басқа 2
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Ерікті және мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне 2-қосымша