О правилах использования резерва акимата района Күшін жойған
Басқа 0
Аудан әкімдігі резервін пайдалану ережесі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 қаңтардағы № 140-ІІ ЗРК және 2001 жылғы 06 желтоқсандағы № 216-ІІ Заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 01 сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» № 357-І Заңының 13-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі резервін пайдалану Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 25 наурыздағы «Айыртау ауданы әкімінің резерв қаражатын пайдалану тәртібі туралы» № 38 қаулысының күші жойылсын.
Басқа 3. Аудан әкімдігі резервін пайдалану Ережесі
«Аудан әкімдігі резервін пайдалану
Ережесі туралы» аудан әкімдігінің
2003 жылғы «7» қазандағы
№ 201 қаулысымен
бекітілді
Аудан әкімдігі резервін пайдалану Ережесі
Тармақ 1
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына Айыртау аудандық мәслихатының шешімімен бекітілген сомалар шегінде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің резерв қаражатын (әрі қарай - әкімдік резерві) бөлу және жұмсау механизмін айқындайды.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің резерві аудан бюджеті құрамында көзделмеген шығыстарды қаржыландыру үшін тиісті қаржы жылына Қазақстан Решубликасының «Бюджет жүйесі туралы» 1999 жылғы 01 сәуірдегі №357-1, «Қазақстан Республикасының «Бюджет жүйесі туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 15 қаңтардағы №140-ІІ, «Казақстан Республикасының «Бюджет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2001 жылғы 06 желтоқсандағы №261-ІІ Зандарының 13-бабына және Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 мамырдағы №51-ІІ ЗРК Заңымен енгізілген өзгерістер бар «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 05 шілдедегі Заңына сәйкес қалыптастырылады. Аудан әкімдігінің резервімен көзделеді:
аудан әкімдігінің қаулысымен айқындалған табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюга және өзге де күтілмеген шығыстарға арналған қаражат;
сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдар міндеттемелерін өтеуге арналған қаражат.
Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу үшін аудан әкімдігінің резерв құрамында қарастырылған қаражат толық көлемде пайдаланылған жағдайда, егер өтелмеген міндеттемелер болса, онда аудан әкімдігі жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен аудан әкімдігі резервінің көлемін ұлғайту туралы аудандық мәслихатқа ұсыныс енгізеді.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің қаулысымен жузеге асырылады, онда Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2002 жылдың 16 қазанында №2012 тіркелген Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрінің 2002 жылғы 23 қырқүйектегі №3 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес олардың мақсатты жұмсалу бағытты, алушысы, қаражат мелшері көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Аудан әкімдігі резервінің қаражаты мақсатты тағайындалады және қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысында көрсетілмеген мұқтаждықтарға пайдаланыла алмайды.
Аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің қаулысы қаржы жылы өткеннен кейін күшін жояды. Қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, сондай-ақ аудан әкімдігі резервінің мақсатты пайдаланылмаған қаражаты аудан бюджетіне қайтарылуга
жатады.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігімен төтенше жағдайларды жою жөніндегі ұзақ мерзімді іс-шараларды іске асыруға қажетті шығыстар көлемі облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармаға және облыстық қаржы департаментіне тиісті жылға бюджеттік өтінім құрамында ұсынылады және белгіленген тәртіпте қарастырылады.
Тармақ 6
6. Бюджеттің атқарылу процесінде тапшылықтың нақтыланган деңгейінің жоғарылауы немесе бюджетке тусетін кірістердің едәуір төмендеуі қалыптасқан жағдайда, белгіленген тәртіпте аудан әкімдігінің резерв шығыстары бойынша секвестрлеу енгізіледі.
Тарау 2. 2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға қаражат бөлу
Тармақ 7
7. Төтенше жағдайларды жою үшін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу мәселесін аудан әкімі аппаратының экономикалық талдау және қауырт жұмысы бөлімінің (төтенше жағдайлар жөніндегі) бас маманымен
ұсынған негіздеу материалдарымен бірге және аудандық қаржы басқармасымен келісілген қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі каулысының жобасы бойынша аудан әкімдігі қарастырады.
Тармақ 8
8. Төтенше жағдайларды жою үшін аудан әкімдігі резервінен қаражат мыналарға да бөлінеді:
- төтенше жағдайлардың туындау нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға материалдық көмек көрсетуге;
- зардап шеккен тұрғындар тұратын және тамақтанатын уақытша пункттер ашуға және ұстауға;
- шұғыл әрекет ету апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру бөлімшелерін техникалық құтқару құралдарымен, жабдықтармен, жарақтармен қосымша жабдықтауга;
- меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдарды тарта отырьш жүзеге асырылған құтқару және апаттық қалпына келтіруі жұмыстарын өткізуге арналған шығыстарды өтеуге;
- төтенше жағдайлар зонасын тасымалдармен, күштермен және құралдармен қамтамасыз ету бойынша шығындарды өтеуге;
- төтенше жағдайларды жоюға байланысты баска да іс- шараларға.
Тарау 3. 3. Сот шешімдері бойынша аудандық бюджет есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы болу
3. Сот шешімдері бойынша аудандық бюджет есебінен ұсталатын жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге қаржы болу
Тармақ 9
9. Сот шешімдері бойынша жергілікті аткарушы органдардың міндеттемелерін өтеуге аудан әкімдігі резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы заңмен белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қүқықтық сұрақтары жөніндегі кеңесшісімен дайындалады.
Тармақ 10
10. Сот шешімдері бойынша жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған және мекеме сметалары есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда аудан әкімдігінің резерві есебінен қамтамасыз етіледі.
Тарау 4. 4. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
4. Өзге де күтілмеген шығыстарға қаржы бөлу
Тармақ 11
11. Аудан әкімдігі резервінен өзге де күтілмеген мынадай: аудан бюджетін қалыптастыруда көзделмеген немесе ағымдағы жылы жеткіліксіз көлемде көзделген және ағымдағы қаржы жылында кідіріссіз шешімді талап ететін шығыстарды қаржыландыру жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Аудан әкімдігі резервінен өзге күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу үшін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері аудандық қаржы басқармасына тиісті негіздемелері және есептерімен бірге қаражат бөлу туралы өтініш ұсынады.
Тармақ 13
13. Аудандық қаржы басқармасы үсынылган өтініш: негізінде I әкімдігі резервінен қаражат бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін ігі туралы корытынды береді.
Тармақ 14
14. Аудаңдық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтініші бойынша оң қорытынды болған жағдайда, аудан әкімдігі резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы заңмен белгіленген тәртіпте осы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісімен дайындалады.
Тармақ 15
15. Аудан әкімінің оң қорытындысы болған жағдайда, аудан әкімдігі резервінен өзге де күтілмеген шығыстарға қаражат бөлу туралы аудан әкімдігі қаулысының жобасы мүдделі органмен немесе аудандық и қаржы басқармасымен әзірленеді.
Тарау 5. 5. Бақылау және есен беру
5. Бақылау және есен беру
Тармақ 16
16. Аудандық қаржы басқармасы тоқсан сайын аудан әкімдігі резервіндегі қаражат және оны пайдалану туралы мәліметтерді аудан әкімдігіне ұсынады.
Тармақ 17
17. Аудан әкімдігі резервінен қаражат алған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері аудандық қаржы басқармасына бөлінген қаражатты пайдалану, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есепті аудандық қаржы басқармасымен белгіленген тәртіпте
және мерзімде ұсынуға тиіс.
Тармақ 18
18. Аудан әкімдігі резервінің максатты пайдаланылуын бақылауды аудандық қаржы басқармасы, аудандық қазыналық бөлімі жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігінің резерві қаражатын пайдаланылуына бақылауды мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және бақылау жөніндегі департаменттің бас маманы жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Бөлінетін бюджеттік қаражатты мақсатты және тиімді пайдалану үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген тәртіпте алушыға жүктеледі.