Вопросы Министерства финансов Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.1998 № 1390 Қаулысымен. "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымы 1-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне төрт вице-министр, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ он жетi адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.02. N 161 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің қарауында қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (2-қосымша) ұйымдардың болатыны назарға алынсын.
Тармақ 5
5. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 сәуiрдегi N 674 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 398 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 866 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 874 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 19, 182-құжат); "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 қазандағы N 1466 қаулысының 7-тармағының 12-абзацы.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Қаржыминi) туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (Қаржыминi) туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы Мемлекеттiк қаржыларды тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету және тұрақты экономикалық өсуге жағдай жасау.
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қаржыларды басқару саласындағы орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрлiк өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлiктiң және оның аумақтық органдарының өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерiн Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, ұйымдары, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар атқаруға мiндеттi.
Тармақ 4
4. Министрлiк өзiнiң қарауында және ведомстволық бөлiмшелерiнде болатын мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету құқығын жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Министрлiк республикалық меншiктi пайдалану, иелену және билiк ету жөнiндегi уәкiлеттi органның функциясын жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Тармақ 7
7. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi мен бланкiлерi болады.
Тармақ 8
8. Министрлiктi және оның құрылымдық бөлiмшелерiн ұстау республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ ii. II. Басымдықтары
II. Басымдықтары
Тармақ 9
9. Министрлiк өзiнiң қызметiне мынадай басымдықтарды басшылыққа алады: салық салынатын базаны кеңейту, контрабандамен күрес жүргiзу әдiстерiн жақсарту жолымен мемлекеттiк кiрiстiң өсуiн қамтамасыз ету және салықтарды, алымдар мен кеден төлемдерiн төлеуден жалтаратын адамдарды анықтау; мемлекеттiк бюджеттi қалыптастыру мен атқару процесiн жетiлдiру, бюджеттiк бағдарламалау әдiстерiн енгiзу, мемлекеттiк бюджет пен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуiн жақсарту; мемлекеттiк қаражаттарды пайдаланудың мониторингi мен аудиттi жүйесiн құру және дамыту; мемлекеттiк меншiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру; тiкелей және кепiлдiк берiлген мемлекеттiк борышты басқару жүйесiн жетiлдiру.
Тармақ iii. III. Негiзгi мiндеттерi
III. Негiзгi мiндеттерi
Тармақ 10
10. Мемлекеттiк дамыту стратегиясын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, мемлекеттiң қысқа және орта мерзiмдi перспективаға арналған салық-бюджет және кеден саясатын әзiрлеу және оны жүзеге асыру.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, республикалық бюджет және мемлекеттiк топтастырылған балансының жобасын қалыптастыру.
Тармақ 13
13. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Ұлттық Банкiмен бiрлесе отырып, қаржылық және бюджеттiк жоспарлаудың, мемлекеттiк бюджеттi реттеу және атқарудың әдiстерiн жетiлдiру.
Тармақ 14
14. Мемлекеттiк қаржылық есеп берудiң нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру.
Тармақ 15
15. Республикалық меншiктi пайдалану, иелену және билiк ету бойынша уәкiлеттi органның функциясын жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттiк қаржы тәртiбiн сақтауына бақылау жасауды ұйымдастыру.
Тармақ 17
17. Сақтандыру қызметi саласында мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауды жүзеге асыру.
Тармақ 18
18. Мемлекеттiк қаражаттардың, мемлекеттiк сыртқы заемдар мен гранттардың, сондай-ақ мемлекет кепiлдiгi берiлген сыртқы заемдардың мақсатты және тиiмдi пайдаланудың мониторингi және оған бақылау жасау.
Тармақ 19
19. Бухгалтерлiк есеп пен аудит, қаржылық есеп беру және оның экономикалық барлық саласындағы үйлестiру методологиясын айқындау.
Тармақ 20
20. Алкогольдi өнiмдi өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау. 📌 Ескерту. Жаңа 20-тармақпен толықтырылды, 20-63-тармақтар тиiсiнше 21-64-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң 1998.01.27. N 39 қаулысымен
Тармақ iv. IV. Функциялары
IV. Функциялары
Тармақ 21
21. Мемлекеттiк қаржыларды басқару саласында мемлекеттiк саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу. 22. Мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, стратегиялық және индикативтiк жоспарларды әзiрлеуге қатысу. 23. Басқарудың тиiмдi ұйымдастырушылық нысандарын әзiрлеу және енгiзу. 24. Мемлекеттiк қаржы саласындағы заңдарды қолданудың практикасын талдау және қорытындылау, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, Министрлiктiң құзыретiне жататын заңдардың және нормативтiк, құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу. 25. Халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу. 26. Мемлекеттiк қаржыларды басқару мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру. V. Құқықтары 27. Мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан, заңды және жеке тұлғалардан заңдарда белгiленген тәртiппен ақпарат сұрау және алу. 28. Өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар мен нормативтiк құқықтық актiлер шығару.
Тармақ 29
29. Заңды және жеке тұлғалардың қаржы тәртiптерiн сақтауларын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тарту.
Тармақ 30
30. Республикалық меншiктегi мүлiктi иелену, пайдалану және билiк ету, өз құзыретiнiң шегiнде акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару.
Тармақ 31
31. Қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жағдайларда және тәртiппен лицензиялауды жүзеге асыру.
Тармақ 32
32. Мемлекеттiк кәсiпорын құрылтайшыларының және оларды басқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың функцияларын заңдарда белгiленген тәртiппен iске асыру, олардың жарғыларын бекiту, республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң оларға қатысты функцияларын жүзеге асыру.
Тармақ 33
33. Өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастыру.
Тармақ 34
34. Мемлекеттiк қаржылар мен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасау.
Тармақ 35
35. Бiрыңғай қазынашылық шоттың ағымдағы қалдықтарын тиiмдi орналастыру жолымен оларды басқару.
Тармақ vi. VI. Мiндеттерi
VI. Мiндеттерi
Тармақ 36
36. Мемлекеттiк қаржыларды басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының сақтауын қамтамасыз ету.
Тармақ 37
37. Мемлекеттiк қаржылардың пайдаланылуына талдау жасауды жүзеге асыру.
Тармақ 38
38. Мемлекеттiк қаржыларды пайдаланудың транспаренттiгiн қамтамасыз ету.
Тармақ 39
39. Мемлекеттiк бюджеттi жоспарлау мен атқаруды жетiлдiру жөнiнде шаралар әзiрлеу және жүзеге асыру.
Тармақ 40
40. Мемлекеттiк бюджеттiң және мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың аудит стандарттарын әзiрлеу.
Тармақ vii. VII. Жауапкершiлiгi
VII. Жауапкершiлiгi
Тармақ 41
41. Министрлiктiң стратегиялық жоспарын жүзеге асыруға. 42. Мемлекеттiк қаржы жүйесiнiң жай-күйi туралы ақпараттардың сенiмдiлiгiне.
Тармақ 43
43. Мемлекеттiк қаржылардың тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына.
Тармақ 44
44. Мемлекеттiк қаржыларды басқару саласында Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент және Үкiмет актiлерiнiң сақталуына.
Тармақ 45
45. Қаржы тәртiбiн сақтау саласында шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен тұрғындар арасындағы насихат және ағарту жұмыстарына.
Тармақ viii. VIII. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
VIII. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 46
46. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Министрлiктiң бiртұтас жүйесiн құрады.
Тармақ 47
47. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады. Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын үш орынбасары - вице-министрлерi, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады. Министрдiң Парламентпен байланыс жасау жөнiндегi хатшы вице-министрi болады.
Тармақ 48
48. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
Тармақ 49
49. Осы мақсаттар үшiн Министр: - өзiнiң орынбасарларының, Министрлiктiң департаментi директорларының және басқа да қызметкерлердiң мiндеттерi мен өкiлдiктердiң аясын айқындайды; - Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық органдар мен ұйымдарға бiлдiредi; - Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн Құрылымдар туралы ережелердi бекiтедi; - штат кестесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қызметкерлер саны және еңбекақы төлеу қоры шегiнде бекiтiледi. - өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды. 📌 Ескерту. 49-тармақтың 6-абзацы жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.02. N 161 қаулысымен.
Тармақ 50
50. Министрлiкте құрамында Министр, оның орынбасарлары, департаменттер мен комитеттердiң жекелеген басшылары болатын алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де тұлғалар кiре алады. Алқаның сандық құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Алқаның дербес құрамын Министр бекiтедi. Алқаның шешiмi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады. Алқа мүшелерiнiң дауыстары тең болған жағдайда шешiмдi алқаның төрағасы қабылдайды.
Тармақ 51
51. Мемлекеттiң қаржы саясатын жүргiзу жөнiндегi функцияларды iске асыру үшiн Министрлiктiң құрамына министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерiн, сондай-ақ жекелеген ғалымдар мен мамандарды енгiзе отырып, тұрақты жұмыс iстейтiн әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер мен уақытша жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
Тармақ 52
52. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 53
53. Министрлiктiң қабылдаған шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
Тармақ 54
54. Министр болмаған кезде Министрдiң бiрiншi орынбасары оны алмастырады, Министрлiк жанындағы комитеттердiң қызметiн үйлестiредi, өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
Тармақ 55
55. Министрлiктiң орталық аппараты департаменттер мен Министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдардан тұрады. Министрлiктiң құрамында заңды тұлға болып табылатын департаменттер және комитеттердiң құрылуы мүмкiн. Департаменттердiң (заңды тұлға құқығы бар) және комитеттердiң тiзбесiн Үкiмет бекiтедi. Мұндай департаменттер мен комитеттер құру туралы шешiмдi Үкiмет қабылдайды.
Тармақ 56
56. Департаменттi Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады. Заңды тұлға болып табылатын Департаменттiң директорын Министрдiң ұсынуымен Үкiмет қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Департамент директорының ұсынуымен Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады. Департамент және оның құрылымы туралы ереженi Департамент директорының ұсынуымен Министр бекiтедi. Заңды тұлға болып табылатын департаменттер туралы ереженi Үкiмет бекiтедi.
Тармақ 57
57. Департаменттiң директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуын, оның ол функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
Тармақ 58
58. Министрлiктiң жанындағы (iшiндегi) Комитет (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
Тармақ 59
59. Комитет Министрлiктiң құзыретi және өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде арнаулы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын дербес жүзеге асырады. Комитеттiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.
Тармақ 60
60. Комитет заңды тұлға болып табылады, банкте өзiнiң шоты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi болады.
Тармақ 61
61. Комитеттiң штат санын Үкiмет айқындайды.
Тармақ 62
62. Комитеттi Министрдiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының орынбасары болады.
Тармақ 63
63. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқаруды жүзеге асырады. Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
Тармақ 64
64. Комитеттiң төрағасы осы мақсаттарды: өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн айқындайды; Министр бекітетiн номенклатуралық қызмет лауазымдарына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; тәртiптiк шаралар қолданады; өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады; Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттi мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi; өзiнiң құзыретiне жататын басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Басқа 70. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ҚҰРЫЛЫМЫ Бюджеттiк департамент Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментi (заңды тұлға құқығында) Ақпарат жұмысын инспекторлық-ұйымдастыру департаментi Қаржы жүйесi кадрларын даярлау мен қайта даярлау және қызметкерлермен жұмыс iстеу департаментi Қазынашылық департаментi (заңды тұлға құқығында) Мемлекеттiк мүлiк пен жекешелендiру департаментi (заңды тұлға құқығында) Фискальдық саясат департаментi Заң қызметi департаментi Сақтандыруды қадағалау департаментi (заңды тұлға құқығында) Салық полициясы департаментi (заңды тұлға құқығында) Қаржы бақылау комитетi (заңды тұлға құқығында) Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) Салық комитетi (заңды тұлға құқығында) Кеден комитетi (заңды тұлға құқығында) Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департамент (заңды тұлға құқығында) Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) Алкоголь өнiмiн өндiруге және оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) 📌 Ескерту. Қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.01.27. N 39 қаулысымен.
Басқа 71. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың ТIЗБЕСI Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры Медетшi банкi "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" Мемлекеттiк қаржы институты Ақмола қаржы-экономикалық колледжi Рымбек Байсейiтов атындағы Семей қаржы- экономикалық колледжi Бас есептеу орталығы "Қаржы-қаражат" баспасы Қызмет ғимараттарын пайдалану және шаруашылық қызмет көрсету жөнiндегi басқарма Қаржы жүйесiнiң басшы қызметкерлерi мен мамандарының бiлiктiлiгiн арттырудың тұрақты жұмыс iстейтiн курстары 📌 Ескерту. Қосымшадан жол алынып тасталды - ҚРҮ-нің 1999.04.21. N 443 қаулысымен.