О Совете социальной профилактики правонарушений Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-11 Заңының 31 бабының 1 тармағы 3 тармақшасына сәйкес және құқық бұзу мен қоғамға қарсы көріністер мәселесіне мүдделі мемлекеттік органдар мен мекемелердің өзара іс әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ етеді:
Тармақ 1
1. Аудан әкімдігі жанында құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесі құрылсын (бұдан әрі - Қеңес).
Тармақ 2
2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауданның ауылдық округ әкімдері жергілікті жерде сондай Кеңес құрсын.
Тармақ 4
4. Белгіленген заңнамалар тәртібімен Кеңестің арнайы құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітуге берілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Павлодар облысы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен уақыттан бастап екі жұма ішінде ресми түрде жариялансын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.В. Вострейкоға жүктелсін.
Басқа 7. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
2003 жылғы 20 қазандағы «Құқық бұзудың алдын алу әлеуметтік Кеңесі туралы» № 261/10 қаулысымен бекітілген Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер.
1. Жалпы ережелер.
Тармақ 1
1. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесі (бұдан әрі Кеңес) құқық бұзудың және қоғамға қарсы көріністер мәселесіне мүдделі мемлекеттік органдармен мекемелердің өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында құрылатын консультативтік-кеңес органы.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы, және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен осы қағида Кеңес іс-әрекетінің құқықтық негізі болып табылады.
Тармақ 3
3. Кеңес өз іс – әрекетінде аудан әкімдігіне есеп беруге міндетті.
Тарау 2. 2. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесінің құрылуы мен құрылымы
2. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесінің құрылуы мен құрылымы
Тармақ 4
4. Аудандық Кеңестің құрылуы туралы шешімді сәйкес жергілікті атқарушы орган - әкімдік қабылдайды.
Тармақ 5
5. Кеңеске төраға басшылық жасайды – аудан әкімінің орынбасары. Төрағаның орынбасары ішкі істер органы бастығының орынбасары болады.
Тармақ 6
6. Кеңестің тұрақты мүшелері – білім, денсаулық, ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушілері, қоғамдық бірлестіктердің және діни конфессиялардың өкілдері, сондай-ақ аудандық әскери комиссариаттың қызметкерлері.
Тармақ 7
7. Ауылдық округтер деңгейінде құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңес төрағасының міндетін сәйкес округтің әкімі атқарады, ал тұрақты мүшелері ішкі істер органының, (учаскелік полиция инспекторы), білім (жалпы білім беру мекемелерінің, бастауыш және орталау мектептің директорлары), денсаулық сақтау (учаскелік дәрігер), еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдері. Ауылдық округтерде Кеңесті құру жөніндегі шешімді аудандық әкімдік қабылдайды.
Тарау 3. 3. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңестің мақсаты мен міндеті
3. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңестің мақсаты мен міндеті
Тармақ 8
8. Кеңестің негізгі мақсаты болып табылады:
Тармақша 1
1) құқық бұзудың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің іс-әрекетін үйлестіру;
Тармақша 2
2) бас бостандығынан айыру органдарынан, арнаулы емдеу – алдын алу және оқу-тәрбие мекемелерінен босағандарды, тұрғын орнын жоғалтқан адамдардың әлеуметтік бейімделуі жөніндегі мүдделі органдардың өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
Тармақша 3
3) құқық бұзудың және қоғамға қарсы көріністердің алдын алудағы құқық тәртібінің жағдайы қабылданған шараларды, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарды жүргізуге бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыру;
Тармақша 4
4) қылмыстың алдын алу, құқық бұзу және құқық тәртібін бекіту мәселелері жөнінде қоғамдық және діни бірлестіктер, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың өзара іс-әрекеттері.
Тарау 4. 4. Құқық бұзушылардың алдын алу әлеуметтік Кеңесінің құзырлығы
4. Құқық бұзушылардың алдын алу әлеуметтік Кеңесінің құзырлығы
Тармақ 9
9. Ауданның Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңесінің құзырлығына жататындар:
Тармақша 1
1) Маскүнемдіктің және алкоголизмнің, нашақорлықпен токсикоманияның құқық бұзудағы алдын алу аймақтық бағдарламасының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
Тармақша 2
2) жұмысқа және тұрмыстық орналасу жөнінде мүдделі органдар мен мекемелердің шаралар қабылдаудағы өзара іс-әрекеттерін ұйымдастыру, бас бостандығынан айыру мекелерінен, арнаулы емдеу алдын алу мекемелерінен және оқу – тәрбие мекемелерінен босағандар, тұрақты мекенінен, жұмыстан айырылғандар, туыстық және әлеуметтік байланыстардағы азаматтардың басқадай мәселелерін шешуде көмек көрсету, сондай-ақ алкоголизм мен, нашақорлықпен токсикоманиямен ауратындардың дәрігерлік – әлеуметтік бейімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) алкоголизммен, нашақорлықпен және токсаманиямен ауыратын адамдарға дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлік шаралар қолдану мәселесі жөнінде денсаулық сақтау органына өтініштер беру;
Тармақша 4
4) тұрғындардың құқықтық сауатын көтеру және салауатты өмір салтын, алкоголизмнің, нашақорлықтың және токсикоманияның теріс зардабының әсері жөнінде үгіт насихат жұмыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) құқық бұзудағы мен қоғамға қарсы көріністердің алдын алуға қатысатын әлеуметтік инфрақұрлым мекемелеріне іс жүзінде және әдістемелік көмек көрсету;
Тармақша 6
6) ішкі істер органдарында, денсаулық, білім және тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарында сәйкес есепте тұрғындармен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Тармақ 10
10. Ауылдық округтердегі құқық бұзудың әлеуметтік алдын лау Кеңесінің құзырына жататындар:
Тармақша 1
1) ішкі істер, денсаулық сақтау, білім, тұрғындарды әлеуметтік қорғау органдарында сәйкес есепте тұрған адамдарға қатысатын жеке алдын алу жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 2
2) құқық және бостандықты қорғау жөнінде шаралар қабылдау, азаматтардың өтініштерін, шағымдары мен ұсыныстарын қарау;
Тармақша 3
3) алкоголизммен, нашақорлықпен және токсикоманиямен ауыратындарға дәрігерлік сипатта мәжбүрлік шаралар қолдану мәселелері жөнінде денсаулық сақтау органдарына өтініштер беру;
Тармақша 4
4) әкімшілік құқық бұзуға жатпайтын, бірақ моральдық және адамгершілік нормаларға сай келмейтін жағымсыз әрекеттер туралы істерді қарау.
Тарау 5. 5. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңестің жұмысын
5. Құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңестің жұмысын
Тармақ 11
11. Кеңес өзінің әрекетін сәйкес деңгейдегі әкім бекіткен, жыл сайынғы жоспар негізінде жүргізеді, жұмыс мәжілісі түрінде қаралатын мәселелерге байланысты ұйымдар және қоғамға қарсы көріністердің алдын алудағы прокуратура қызметкерлері, мекемелер мен ұйымдар басшылары, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысады. Ауданның құқық бұзудың әлеуметтік алдын алу Кеңес мәжілісі айына бір рет жүргізіледі. Қажет болған жағдайда әкімінің, төрағаның немесе мүшелердің елу процентінен артық бастамасымен кезектен тыс мәжіліс өткізіледі.
Тармақ 12
12. Кеңес хатшысы мәжілістің жүргізілуін қамтамасыз етеді, әкімінің, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және қоғамдық құрылымдардың ұсыныстары негізінде қаралатын мәселелер тізбесін құрады, хаттама жүргізеді, қабылданатын шешімдердің орындау барысы туралы есеп дайындайды, Кеңестің әрбір мәжіліс қорытынды бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 13
13. Атқарушы органдар және бөлім құрылымдары үшін қажет боған жағдайда азаматтардың бостандығы мен міндеттерінің құқығына қатысты немесе жалпы міндеттік маңызы бар шешім қабылдайды, Кеңес нормативті құқықтық актілерді жасайды., белгіленген заңнамалар тәртібімен аудан әкімімен бекітіліп және ресми жарияланып, аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 14
14. Белгіленген заңнама тәртібімен Кеңес актісінің іс-әрекеті тоқталады немесе жойылады.