Об установлении карантина Күшін жойған
Басқа 0
Карантин белгілеу туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 02 қарашадағы № 06-05-02-16/468 және Қарқаралы ауданы прокурорының 2022 жылғы 27 қарашадағы №2-08-22-01401 заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Мартбек Мамыраев ауылдық округінің «Қоспақ» қыстағындағы «Свиридов» шаруа қожалығы аумағында ірі қара малдары арасынан қарасан ауруы анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
Тармақ 2
2. Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 2 қарашадағы № 8 «Карантин белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 173918 тіркелген, 2022 жылғы 22 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.