Об утверждении Инструкции о порядке списания имущества, закрепленного за коммунальными государственными предприятиями и государственными учреждениями области Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың мемлекеттік мекемелер мен коммуналдык мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүлектерді есептен шығару тәртібі туралы Нұсқауды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27 б. 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, (2003 жылы 11 наурыздағы т/н № 2197 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінді ақпараттық бюллетень» № 5-2003 жыл) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 1291 тіркелген «Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді есептен шығару тәртібі туралы Нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінін 2000 жылғы 1 қарашадағы № 470 бұйрыгына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 56 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2003 жылғы 16 шілдедегі №3-1/4143 хаты негіздерінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берілген мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді есептен шығару тәртібі туралы Нұсқау бекітілсін (әрі қарай Нұсқау). 2. Мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшылары Нұсқауды сақтуды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы Солтүстік Қазакстан облысы Әділет басқармасында оны тіркеуден өткізген күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 1
Облыс әкімінің 2003 жылғы « 06 » 10 № 178 қаулысымен бекітілді «Мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді есептен шығару тәртібі туралы Нұсқаулардьі бекіту туралы» Облыстың мёмлекеттік мекемелер мен коммуналдык мемлекеттік кәсіпорьіндарға бекітілген мүліктерді есептен шығару тәртібі туралы Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелеі
1. Жалпы ережелеі
Тармақ 1
1. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес азаматтык айналымнан алынған мүліктерден басқа, табиғи және моральдық тозып, табиғи күйреу мен апаттың нәтижесінде жарамсыз болып қалған мемлекеттік мемелер мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға бекітілген мүліктерді есептен шығару тәртібін анықтайды (ілгеріде үйымдармен).
Тармақ 2
2. Нұсқау негізгі қорға (активтерге) жататын облыстың мемлекеттік мекемелері мен коммуналдык мемлекеттік кәсіпорындар мүліктеріне таратылады.
Тармақ 3
3. Ұйым мүлкін есептен шығйруға қажетті құжаттарды ресімдеу осы Нұсқаудың 10,11,13 тармақтарында белгіленген талаптарын ескере отырып, осы Нұсқаудың 4 тармағына сәйкес құрылған Комиссия қортындысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Комиссия үйым басшысьның бұйрығымен құрылады. Комиссия құрамына міндетті тәртіпте мыналар енгізІледі:
Тармақша 1
1) үйым басшысының орынбасары (Комиссия төрағасы);
Тармақша 2
2) бас бухгалтер немесе оның орынбасары;
Тармақша 3
3) мүліктердің сақталуына жауапкершілік жүктелген тұлғалар. Мүліктердің жеке бір түрлерін есептен шығарарда Комиссия қүрамьша тиісті мамандарды (сарапшыларды) енгізеді.
Тарау 2. 2. Мүліктерді есептен шығару тәртібі
2. Мүліктерді есептен шығару тәртібі
Тармақ 5
5. Ұйымның балансынан табиғи және моральдық тозудан кейін, белгіленген мерзімге дейін қызмет еткен, табиғи күйреу мен апаттың нәтижесінен, қайта қалпына келтіру экономикалық мақсатты емес немесе мүмкін емес мүліктер есептен шығарылады.
Тармақ 6
6. Ұйымдардың мүліктерін есептен шығару мемлекеттік басқару :ары (мемлекеттік кәсіпорындар үшін) немесе жоғарғы органдардың :екеттік мекемелер үшін) келісімі бойынша, «Коммуналдық меншікті және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесінен жазбаша рұқсат алғаннан кейін, Комиссия үсынған акті негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Комиссия техникалық құжаттарды, сондай-ақ бухталтерлік есеп деректемелерін қолдана отырып, есептен шығаруға жататын мүлікті қарайды қайта қалпына келтіру мен одан әрі пайдалануға жарамсыз екендігін айқындайды, осы Нұсқаудың 5 т. көрсетілген есептен шығару себебін аңықтайды, есептен шығарылатын мүліктердің жеке торабын, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін айқындайды оларды бағалайды , уақытынан бұрын пайдаланудан шығарған кінәлі тұлғаны айқындайды және акті жасайды. Егер Комиссия қызметінен арнайы білім талап етілсе, оның құрамына тиісті мамандар (сарапшылар) енгізіледі. Есептен шығару актісі бекітілгенге дейін мүліктерді бөлуге және бөлшектеуге болмайды. Мүлікті жоюдан алынған барлық бөлшектер, тораптар, бөлшек қорлары, фиалдар және баска материалдық күндшіықтар (әрі қарай - материалдар) топқа бөлінеді: Бірінші топ - пайдаланатын баға бойынша бухгалтерлік есеп шотына ; сәйкес есепке алынатын тікелей бағыты бойынша оларды әрі қарай пайдалану жарамды материалдар. Екінші топ - қайталама (екінш кезектегі) шикізат терсек ретінде есепке алынатын (қара, түрлі-түсті және бағалы металл сүймені, ескі-қүсқы заттар, отын және т.б.) тікелей бағыты бойынша әрі қарай пайдалануға жарамсыз материалдар. Үшінші топ - әрі қарай пайдалануға жарамсыз материалдар. Бұл топтың материалдары акті жасалып жойылады.
Тармақ 8
8. Ұйымдардың мүлкін есептен шығару 3 данада белгіленген акті түрімен (ОС-3, ОС-З бюджет, ОС-4, 443, 444 түрлері) ресімделеді.
Тармақ 9
9. Комиссия құрған ұйымның мүлкін есептен шығару 3 дана актісі «мембасқару органына келісімге жіберіледі. Қолдаухатқа келесі құжаттар қоса зерілуі қажет:
Тармақша 1
1) комиссия қүру тураіы бүйрық;
Тармақша 2
2) Комиссияның хаттамасы;
Тармақша 3
3) күтпеген жағдайдар болса (апат, өрт және басқа), тиісті лауазымды тұлға құрған және бекіткен оқиға актілерінің көшірмесі.
Тармақша 4
4) күрделі техникаларды, автокөліктерді есептен шығарғанда - техникалық қарау актісі мен тиісті білікті маман қортындысы.
Тармақ 10
10. Мүлікті есептен шығару актісін келіскен жағдайда жоғарғы сал жақ та «Келісілді», мерзімі, мөрмен бекітілген мемлекеттік басқару органы ісының қолы бар белгілер қойылады. Актінің бір данасы мен қүжаттар пакеті тиісті мемлекеттік басқару органында қалады «Келісілді» деген белгісі бар актінің екі данасы ұйымға қайтарылады.
Тармақ 11
11. Келісілмеген жағдайда құжаттар пакеті мүлікті есептен шығаруды қабыл алмау негіздемесімен ұйымға қайтарылады.
Тармақ 12
12. Мүлікті есептен шығаруға жазбаша рұксатын алу үшін, ұйым коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жөніндегі Солтүстік Қазақстан облыстык департаментіне барады. Қолдаухаттпен келесі құжаттар берілуі қажет:
Тармақша 1
1) мембасқару органымен келісілген және үйым басшйсы бекіткен, комиссия койған мүлікті есептен шығару актісі
Тармақша 2
2) күрделі техниканы есептен шығаруға маманның қортындысы
Тармақша 3
3) облыс аудандары мен Петропавл қаласының коммуналдық меншігін басқару жөнінде өкілеттілігін жүзеге асыратын органның келісімі.
Тарау 3. 3. Қортынды ереже
3. Қортынды ереже
Тармақ 13
13. Мүлікті есептен шығару қолданыстағы тәртіпті бұзған жағдайда кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілік тартады. 14. Осы Нұсқауда реттелмеген мәселелер қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларына сай шешіледі