Об утверждении Правил по аккредитации организаций по оказанию консалтинговых услуг в области аккредитации Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсететін ұйымдарды тіркеу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы Индустрия және сауда министрлігінің 2007 жылғы 4 қазандағы N 292 бұйрығымен. Үзінді: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) ...
Тармақша 2
2) "Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсететін ұйымдарды тіркеу жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті төрағасының 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2562 тіркелген, 2004 жылғы 16 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінің N 9 жарияланған);
Тармақша 3
3) ...
Тармақ 3
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. ______________________________ "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тіркеу жүйесін дамыту мақсатында, Бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсететін ұйымдарды тіркеу жөніндегі Ережелер бекітілсін.
Тармақ 2
2. Пресс-хатшы (Қажахметова Ж.С.) осы Ережелердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 10. Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелер
"Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті Төрағасының 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 бұйрығымен бекітілді Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелер
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы ережелер "Сертификаттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйым (бұдан әрі - ұйым) - стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітілген тәртіпте тіркелген сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеуге дайындау бойынша жұмыстар жүргізетін заңды тұлға.
Тармақ 3
3. Ұйым тәуелсіздігі және қажетті құзыреті бар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің, Тіркеу жүйесінің (бұдан әрі - ҚР МСЖ, ТЖ) ережелерін мойындайтын заңды тұлғалар болуы мүмкін.
Тармақ 4
4. ҚР МСЖ, ТЖ-де өтінішкер-ұйымдарды тіркеуге дайындау жөніндегі тәуелсіз сараптық бағалау жүргізуге құқықтық өкілеттікті ұйым - өтінушілерді және тіркеу Аттестатын беру туралы шешім негізінде уәкілетті орган береді. Ұйым филиалдары мен өкілдіктері ҚР МСЖ, ТЖ белгілеген тәртіпте тіркеледі.
Тармақ 5
5. Ұйым осы ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуы, және ұйымның тіркеу саласына сәйкес өтінішкерлерге қызмет көрсетуді қамтамасыз етуі тиіс. Ұйымның негізгі мәселелері, оның қызметтері, құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі, ұйымдастыру құрылымы және тараптық ұйымдармен өзара іс-қимылы ұйым туралы ережеде көрсетілуі тиіс. Ұйым негізге алып әрекеттенетін процедуралар қызмет көрсету жағдайында кемсітушілік немесе мәселелерді жығыс бірден шешу мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
Тармақ 6
6. Ұйым өтінішкерлердің сұрауы бойынша:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттары мен әділет органдарында мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігін;
Тармақша 2
2) ұйымдастыру құрылымын;
Тармақша 3
3) ұйымның тіркелгенін растайтын құжаттамасын;
Тармақша 4
4) тіркеуге дайындау тәртібі туралы ақпаратты;
Тармақша 5
5) көрсетілетін қызметтерінің бағаларын ұсынады.
Тармақ 2. 2. Ұйымды тіркеу тәртібі
2. Ұйымды тіркеу тәртібі
Тармақ 7
7. Ұйымды тіркеу мынадай кезеңдерді қарастырады:
Тармақша 1
1) өтінілген құжаттарды қарау, қабылдау;
Тармақша 2
2) өтінілген құжаттарды сараптау;
Тармақша 3
3) өтінішкер-ұйымдарды зерттеу;
Тармақша 4
4) зерттеу материалдарын қарау;
Тармақша 5
5) ұйымды тіркеу;
Тармақша 6
6) тіркеу туралы құжаттарды ресімдеу және беру.
Тармақ 8
8. Өтінілген құжаттарды қарау, қабылдау және сараптау. Ұйым ретінде тіркелуге үміткер мекеме уәкілетті органға өтінім (1 қосымша нысаны бойынша) жібереді.
Тармақ 9
9. Өтініммен бірге мыналар түптелген екі құжаттар жинағы қоса жіберіледі: Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі орган туралы ереже (2 қосымша); Сапа жөнінде ұсыныстар; Мамандар туралы мәліметтер (3 қосымша); Ұйымның әрекет бағыты бойынша мамандардың жоғарғы техникалық біліктілігін растайтын құжаттар көшірмелері; Ұйымның сапа жүйесіне жауаптыларда, құрылымдық бөлімшелер басшыларында және тәуелсіз сараптық бағалау бойынша жұмыстарды іске асыратын мамандарда тіркеу немесе сапа жүйелері жөніндегі сарапшы-аудитор атағының барлығын растайтын құжаттар көшірмелері; Ұйымның заңды мәртебесін белгілейтін құжаттар көшірмелері; Тіркеудің өтінілген саласы (4 қосымша). Өтінілген құжаттарды тіркегеннен кейін уәкілетті орган бір ай ішінде оларда қажетті ақпараттың дұрыс баяндалуын және толықтығын белгілеу, қолданылатын терминдер мен Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарының және заңдарға, нормативтік, құқықтық актілерге және нормативтік құжаттарға сәйкестігін бекіту мақсатымен өтінілген құжаттарға сараптау жүргізуді ұйымдастырады.
Тармақ 10
10. Өтінішкер-ұйымды зерттеу:
Тармақша 1
1) Өтінішкер-ұйымды зерттеу үшін уәкілетті орган комиссия құрамын қалыптастырады.
Тармақша 2
2) Зерттеу кезінде өтінішкер-мекеменің нақты күйі осы ереже талаптарына және ұсынылған құжаттарға сәйкестігі, өтінілген салада қызмет көрсету қабілеті белгіленеді.
Тармақша 3
3) Зерттеу нәтижесі бойынша комиссия мүшелерімен қол қойылған, белгіленген нысанды (5 қосымшасы) акт құрастырылады және өтінішкер-мекеменің басшысына танысу үшін ұсынылады.
Тармақша 4
4) Зерттеудің теріс нәтижесі жағдайларында, осы ережеде белгіленген тәртіпте, зерттеу актісінде ескерілген кемшіліктерді жойғаннан кейін тиісті түзету шараларын жүргізсе, өтінішкер-мекемеге тіркелуге қайта өтінім беруге құқық беріледі.
Тармақша 5
5) Зерттеудің оң нәтижелері жағдайында өтінілген құжаттар және сараптық тұжырымдамамен бірге зерттеу актісі уәкілетті органның тіркеу комиссиясына жіберіледі.
Тармақ 11
11. Өтінішкер-ұйымның зерттеу материалдарын қарау, тіркеу құжаттарын ресімдеу және беру:
Тармақша 1
1) Уәкілетті органның тіркеу жөніндегі комиссиясы тіркеуге ұсынылған құжаттарды, зерттеу материалдарын қарайды және шешім қабылдайды.
Тармақша 2
2) Комиссияның оң шешімі негізінде уәкілетті орган белгіленген үлгідегі Тіркеу аттестатын ресімдейді (6 қосымшасы).
Тармақша 3
3) Тіркеу аттестаты күшінің мерзімі оны мемлекеттік тізілімге тіркеген күннен үш жылдан көп емес мерзімде белгіленеді.
Тармақша 4
4) Тіркелген Тіркеу аттестаты және олардың қосымшасы тіркелген ұйымға жіберіледі.
Тармақ 12
12. Ұйым өзінің заңды мәртебесін, мекен-жайын, атауын немесе ұйымдастыру құрылымын өзгерткен жағдайда, бір ай мерзім ішінде уәкілетті органға Тіркеу аттестатын қайта ресімдеу туралы шешім қабылдау немесе кезексіз тіркеу процедурасын жүргізу үшін хабарлайды.
Тармақ 13
13. Тіркеу аттестаты күшінің мерзімі біткенге дейін 3 ай бұрын ұйым кезекті тіркеу жүргізуге көкейтесті етілген құжаттар жинағымен уәкілетті органға өтінім береді. Кезекті тіркеуді осы ережелерде белгіленгендей Қазақстан Республикасының МСЖ, ТЖ талаптарына кезекті мерзімге құқықтық өкілетілігін растау мақсатымен белгіленген тәртіпте жүргізеді.
Тармақ 3. 3. Шағымдар
3. Шағымдар
Тармақ 14
14. Өтінішкер уәкілетті органмен қабылданған шешімдерге наразылық білдіре алады. Бұл үшін ол уәкілетті органның шағыну комиссиясына жазбаша түрде, қабылданған шешім туралы хабарлама алғаннан кейін бір айдан кем емес мерзімде шағым беруі тиіс. Шағым беру себептерін толық баяндау керек.
Тармақ 15
15. Уәкілетті орган қабылдаған шешім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес соттық тәртіпте шағынылады.
Басқа 49. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН
Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелерге 1 Қосымша 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 Тіркеуге өтінім нысаны ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН Өтінім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде, Тіркеу жүйесінде тіркеу саласындағы консалтингілік қызмет көрсететін орган ретінде тіркеуге өтінеміз ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ұйым атауы Ұйым ережелерде белгіленгендей, тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдарға қойылатын барлық талаптарына сәйкесетінін растаймыз. Қосымша - атап өтілген құжаттар жинағы 2-данада: 1) тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым туралы ереже; 2) тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым мамандары туралы мәліметтер; 3) сапа жөніндегі басшылық; 4) ұйымның заңды мәртебесін белгілейтін құжаттар көшірмесі; 5) тіркеудің өтінілген саласы. Ұйым басшысы   _____________________   ____________________ қолы                 аты-жөні, тегі Бас бухгалтер  _____________________   ____________________ қолы                 аты-жөні, тегі 200   ж. "____"____________
Басқа 50. Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым туралы ереже нысаны
Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелерге 2 Қосымша 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым туралы ереже нысаны
Басқа 51. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі, Тіркеу жүйесі
Бекітемін Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым басшысы ______ ________________ қолы   аты-жөні, тегі 200 ж. "___"___________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі, Тіркеу жүйесі ТІРКЕУ САЛАСЫНДА КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ _____________________________________________________________ ұйым атауы 1. Жалпы ережелер Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым (бұдан әрі ұйым)___________________________________________________ ұйым атауы, заңды мәртебесі, мекен-жайы ___________________________________________________________________ ұйымды тіркеген орган атауы ___________________________________________________________тіркелді тіркеу аттестатының тіркеу нөмірі және күні стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органға бағынады 2. Ұйымды _________________________________________ басқарады лауазымы 3. Ұйым өз қызметінде __________________________________________________ басшылыққа алады негізгі директивті құжаттар атап өтілсін 4. Ұйым жұмысшыларын жұмысқа қабылдау және босату, лауазымдық жалақыларын ____________________________________________ белгілейді лауазымы 5. Ұйым жұмысшылары арасындағы міндеттерді тарату және лауазымдық нұсқауларды бекітуді _________________________ жүргізеді лауазымы 6. Ұйым жұмыстарды шарттық негізінде жүзеге асырады. 2. Негізгі міндеттер мен қызметтер 1. Міндеттері: 1) тіркеу саласына сәйкес сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру және көрсету; 2) тіркеу мәселелері жөнінде стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісім бойынша басқа елдердің уәкілетті органдарымен өзара іс-қимыл жасау. 2. Қызметтері: 1) сертификаттау жөніндегі органдарға және сынақ зертханаларына (орталықтарына) тәуелсіз сараптық бағалау жүргізу, барлық меншік нысандарының заңды тұлғаларына тіркеуге өтінім материалдарын дайындауда әдістемелік және практикалық көмек көрсету; 2) сертификаттау жөніндегі органдармен дайындалған құжаттар жобасына сараптау жүргізу, сондай-ақ, егер олар заңдардың немесе негізге алынатын Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе ҚР МСЖ, ТЖ негізгі НҚ талаптарына қайшы келетін болса, күші бар нормативтік құжаттарды (бұдан әрі - НҚ) қайта қарау және жою жөнінде уәкілетті органға ұсыныстарды дайындау. 3) ҚР МСЖ, ТЖ жетілдіруге және дамытуға бағытталған НҚ әзірлеу жұмыстарын жүргізу; 4) тіркеу, сертификаттау және өнімдерді сынау саласында ұйымдастыру-әдістемелік және нормативтік құжаттар жобасын әзірлеуге қатысу; 5) ҚР МСЖ, ТЖ ұйымдастыру-әдістемелік және нормативтік құжаттарын енгізу жөнінде қызығушылық танытқан шаруашылық субъектілеріне (кеңес, семинар ж.б. жолымен) әдістемелік және практикалық көмек көрсету. 3. Ұйымдастыру құрылымы 1. Ұйымның ұйымдастыру құрылымына: 1) үйлестіру кеңесі; 2) тіркеуге дайындау жөніндегі бөлімшелер; 3) көмекші қызметтерді қосады. Ұйымдастыру-құрылымдық сұлба қосымшада берілген. 2. Үйлестіру кеңесін тіркеу саласына сәйкес барлық жұмыстарды орындауға және тіркеу нәтижесіне тікелей мүдделі тұлғаларына, сарапшы-аудиторларға бейтарап жақтардың ықпал жасамауға жауапты ұйым басшысы басқарады. Үйлестіру кеңесінің әрекеті үйлестіру кеңесі туралы Ережемен реттеледі. 3. Үйлестіру кеңесі мынадай қызметтерді жүзеге асырады: 1) ұйым саясатын қалыптастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; 2) ұйымның қызмет саласын кеңейту жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді; 3) ұйым жұмыстарын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді; 4) белгіленген талаптарға сәйкестігін белгілеу мақсатымен ұйым қызметіне ішкі тексерулерді жүргізеді. 4. Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру 1. Ұйым: 1) тіркеу кезінде анықталған және осы Ережемен белгіленген қызметтер шегінде жұмыстарды жүргізуге; 2) ҚР МСЖ, ТЖ НҚ әзірлеу және жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды енгізуі; 3) өз өкілеттілігі шегінде заңды және жеке тұлғалармен шарт жасауы; 4) өзінің құзыреттілігі шегінде кәсіпорындар мен ұйымдардан келісім-шарттық міндеттерін орындау үшін қажетті материалдарды сұрастыруы; 5) қажет болса, шарт негізінде кәсіпорындар, мекемелер мамандарын, ҚР МСЖ сарапшы-аудиторларды жұмыстарды жүргізуге қатысуға тартуы; 6) тіркеу мәселелері бойынша шетелдердің мемлекеттік органдарымен және үкіметке жатпайтын мекемелерімен ынтымақтастықты жүзеге асыруы керек. 2. Ұйым: 1) ұйымның заңды мәртебесін белгілейтін құжаттамасына ие болуы керек; 2) тіркеу жүйесінің НҚ әзірлеу және оларды халықаралық талаптармен сәйкестендіру жолымен тіркеу саласында бірегей ғылыми-техникалық саясатты нысандауға қатысуы керек; 3) құжаттарды сараптау нәтижесінің өтінішкер зерттеулерінде және олардың нәтижесі бойынша тұжырымдардың сенімділігін және дұрыстығын қамтамасыз етуі керек; 4) Қазақстан Республикасының заңдар талаптарын, уәкілетті орган шешімі және осы Ереже талаптарын орындауы керек; 5) уәкілетті органға құрылымдық және сапалық өзгерістері және де заңды мекен-жайы және төлеме реквизиттері туралы дер кезінде хабарлай алады; 6) өзінің іс-әрекетіне инспекциялық бақылау жүргізу үшін қажетті жағдайлар тудыра алады; 7) өтінішкердің коммерциялық құпиясын құратын ақпарат құпиялылығын қамтамасыз етуі керек; 8) үнемі (жылында 1 реттен кем емес) өз қызметінің ішкі аудитін жүргізуге; 9) уәкілетті органға өзінің іс-әрекеті бойынша қалыптасқан тәртіпте есепті уақтылы беріп отыруы керек; 10) Тіркеу аттестаты тоқтатылған немесе жойылған жағдайда тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау сол сәтте тоқтатуға міндетті. 5. Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымның жауапкершілігі 1. Ұйым: 1) тіркеу саласын бұзғанына; 2) өтінішкердің тәуелсіз сараптау бағалау нәтижелеріне сенімсізділігіне; 3) заңды және жеке тұлғалармен жасалған шарттарды бұзғанына жауап береді. 2. Ұйымға осы ережемен жүктелген мәселелердің, қызметтердің және міндеттердің дер кезінде және сапалы орындалуына, және де берілген құқықтардың пайдаланылмағанына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұйым басшысы жауапты. 3. Ұйым қызметкерлерінің біліктілігіне қойылатын талаптар, жауапкершілік, міндеттер, құқықтық өкілеттіктер дәрежесі бекітілген лауазымдық нұсқауларымен белгіленеді. 6. Тараптық кәсіпорындармен өзара іс қимыл Ұйым өзара байланыс жасайтын кәсіпорында, сондай-ақ осы байланыстардың процедуралары мен қызметтері кестеде келтірілген: ___________________________________________________________________ Кәсіпорынның атауы  | Кәсіпорын орындайтын  | өзара әрекет түрі мен мекен-жайы    | процедура, қызметтер  | анықталатын құжат |                       | (хаттама, шарт, |                       | келісім және т.б.) ___________________________________________________________________ 1                      2                     3 ___________________________________________________________________ Ескерту: 1. Ұйым ережелері тіркеу саласын есепке алып осы Ереже негізінде әзірленеді. 2. Ұйым құрылымында филиалдар, өкілдіктер болса осы Ереже мәтініне олардың мәселелері, қызметтері, құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі кіреді.
Басқа 52. Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым мамандары туралы МӘЛІМЕТТЕР
Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелерге 3 Қосымша 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 Мамандар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйым мамандары туралы МӘЛІМЕТТЕР ________________________________________________________________ ұйым атауы ___________________________________________________________________ Аты-жөні,|Дипломы|Атқаратын|Аттестат. |Қызмет|Біліктілігін арттыру тегі     |бойынша|қызметі  |талған    |саласы|туралы мәліметтер |білімі,|         |күні,     |      |_____________________ |маманы |         |сарапшы-  |      |Курстардың | құжат N |       |         |аудитордың|      | мамандан. | |       |         |cертификат|      |  дырылуы  | |       |         |    N     |      |           | ___________________________________________________________________ 1        2        3         4        5         6         7 ___________________________________________________________________ Ескерту:  Кезектілік тәртібінде аталып өтіледі: - сарапшы-аудиторлар; - мамандар; - шарт бойынша тартылатын сарапшы-аудиторлар. Өтінішкер-ұйым басшысы        _______________  ______________________ қолы           аты, жөні-тегі МО
Басқа 53
Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелерге 4 Қосымша 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 Тіркеу аттестатына берілетін қосымшалар нысаны
Басқа 54. Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымды тіркеу саласы
Бекітемін Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның басшысы ______ ___________________ қолы     аты, жөні-тегі 200 ж. "___"______________ Тіркеу аттестатына берілетін қосымшалар 200 ж. ___ ________  N____ Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымды тіркеу саласы ________________________________________________________________ ұйым атауы, мекен-жайы ___________________________________________________________________ Объектінің | Көрсетілетін |  Объектіге  |     Қызмет көрсету атауы    |  қызметтер   |  қойылатын  |   процесіне қойылатын |    атауы     | талаптарды  | талаптарды белгілейтін |              | белгілейтін |    нормативтік құжат |              | нормативтік | |              |    құжат    | ___________________________________________________________________ 1             2             3                 4 ___________________________________________________________________ Өтінішкер-ұйым басшысы        _________  ________________________ қолы         аты, жөні-тегі Ескерту:  Осы қосымшаның әр беті уәкілетті органның мөртаңбасымен расталады.
Басқа 55. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі, Тіркеу жүйесі
Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелерге 5 Қосымша 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 Зерттеу актісінің нысаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі, Тіркеу жүйесі Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымды зерттеу АКТІСІ __________________________________________________________________ ұйым атауы 200 жылдың "___"__________ 200 жылдың "___"__________ дейінгі кезеңде___________________________________________________негізінде тексеру жүргізу туралы құжат нөмірі атауы, нөмірі және күні комиссия құрамында: _________________________________________ аты-жөні, тегі, лауазымы және жұмыс орны _____________________________________________________________ өтінішкер-мекеменің атауы тіркеуге дайындығын белгілеу мақсатымен зерттеу жүргізді 1. Белгіленді: 1.1 Заңды мәртебесі мен ұйымдастыру құрылымы _____________________________________________________________ 1.2 Нормативтік құжаттар қоры _____________________________________________________________ 1.3 Қызметкер _____________________________________________________________ 1.4 Сапа жүйесі _____________________________________________________________ 1.5 Жұмыстарды және жұмыс құжаттарын тіркеуді жүргізу 2. Қорытынды _________________________________________________ 3. Ұсыныстар _________________________________________________ Акт ______ бетте, 3 данада құрастырылды және: 1-сі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органға 2-ші өтінішкер-ұйымға 3-сі іс құжаттарына жіберілді Комисия төрағасы ______________________________________ қолы Комиссия мүшелері______________________________________ қолы Актімен таныстым және бір данасын алдым ________________   ___________________   ___________________ басшы лауазымы         жеке қолы           аты-жөні, тегі Ескерту:  1 тармақта әр тармақша бойынша белгіленген талаптарды сақтау туралы мәліметтер баяндалады.
Басқа 56. Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган ___________________________________________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі, Тіркеу жүйесі
Тіркеу саласында консалтингілік қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдарды тіркеу бойынша Ережелерге 6 Қосымша 2003 жылғы 31 қазандағы N 373 Тіркеу аттестаты нысаны Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган ___________________________________________ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесі, Тіркеу жүйесі Тіркеу саласында консалтингілік қызмет көрсету жөніндегі ұйымды тіркеу АТТЕСТАТЫ
Басқа 57
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік Тізілімінде тіркелген 200 ж. "___"_________ N___ 200 ж. "___"______. дейін күшінде СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛЕТТІ ОРГАН ___________________________________________________ ұйым атауы, мекен-жайы ТІРКЕУ САЛАСЫНДА КОНСАЛТИНГІЛІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЙЫМДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СЕРТИФИКАТТАУ ЖҮЙЕСІ, ТІРКЕУ ЖҮЙЕСІ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІН ЖӘНЕ ТІРКЕУ САЛАСЫНА СӘЙКЕС ЖҮЙЕДЕ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНА ТІРКЕЛГЕНІН КУӘЛАНДЫРАДЫ Тіркеу саласы осы аттестатқа қоса берілетін қосымшамен анықталған _______парақта(тарда) Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган басшысы             _____________    __________________ қолы           аты-жөні, тегі