Об утверждении Положения о районной комиссии по борьбе с наркоманией и наркобизнесом Күшін жойған
Басқа 0
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия туралы Ережені бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 Жарлығымен бекітілген 2001-2005 жылдарға нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес Стратегиясына сәйкес аудан әкімдігі Қаулы етеді:
Тармақ 1
Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандык комиссия туралы қоса берілген Ереже бекітілсін.
Басқа 2. Жамбыл ауданында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның ЕРЕЖЕСІ
Аудан әкімдігінің 2003 жылдың
3 қарашасындағы нашақорлық және
есірткі бизнесіне қарсы күрес
жөніндегі аудандық комиссияның
Ережесін бекіту туралы
№ 226 Қаулысымен
Бекітілген
Жамбыл ауданында нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссияның ЕРЕЖЕСІ
Тармақ 3
Комиссияның қызметтегі негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында нашакорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Стратегиясын, Мемлекеттік, аймақтык және аудандық Бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссия мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметтерінде мемлекеттік саясаттың нашақорлық және есірткі бизнесімен күрес жөніндегі саласының жүзеге асуын бағыттап үйлестіретін консультативті- кеңес беруші орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өз қызметін Конституцияға, кәзіргі заңдарға, 2001-2005 жылдарға арналған нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық және аудандық Бағдарламаларға сәйкес жүргізеді.
Тармақ 3
3. Комиссия өз құзырының мәселелері бойынша қорытынды береді, комиссияның ресімделген хаттамаларына сәйкес ұсынымдар жасайды.
Тармақ 4
4. Комиссияның қызметін материалды-техникалық және қаржымен қамтамасыз ету жергілікті бюджеттің қаржысының есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Комиссияның құрамы аудан әкімінің орынбасары-төрағадан, төрағаның орынбасарынан, хатшы және комиссия мүшелерінен түрады. Ішкі істер бөлімінің, білім және денсаулық сақтау, кеден бекетінің, ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері комиссияның мүшесі болып табылады.
Комиссия мүшелігіне басқа да лауазымды қызметкерлер, азаматтар және коғамдык өкілдері бола алады.
Тарау 2. 2. Комиссияны ұйымдастыру
2. Комиссияны ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссияның дербес құрамы аудан әкімінің ұсынысы бойынша аудандық мәслихаттың шешімімен бекітіледі.
Тармақ 2
2. Комиссияның жұмысы алқалы және жариялы болуы қажет.
Тармақ 3
3. Комиссия өз жұмысын Ережеде көрсетілген тапсырмаларды және міндеттерін, нашакорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық бағдарламада каралған шаралардың тізімін негізге ала отырып мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметтерімен үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Комиссия кезекті өз отырыстарын тоқсанына бір рет жүргізеді. Кезектен тыс отырыс әкімнің, комиссияның төрагасының немесе комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан көбінің бастамасы бойынша шақырылады.
Тармақ 5
5. Комиссия төрағасы:
комиссия қызметінің ұйымдастырылуын камтамасыз етеді және қызметіне жетекшілік жасайды, шешім қабылдайды, комиссия мүшелерінің және мемлекеттік органдардын, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды қызметкерлеріне міндетті түрде орындалуы үшін нұсқау береді;
комиссияның құзырына енетін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа органдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекет жасайды.
комиссияның қызметіне есеп береді;
осы Ережені жетілдіру жөнінде аймақтық комиссияға ұсыныс енгізеді;
осы Ережеде қаралған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
Комиссия мүшелері:
комиссиянын құзырына қатысты мәселелерді қарағанда кеңес беру дауысына құқылы;
комиссия төрағасының тапсырмаларын орындауға міндетті;
комиссия төрағасының рұқсатымен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды қызметкерлерінен нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Стратегиясын, Мемлекеттік Бағдарламасын, аймақтық және аудандық Бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінен қажетті мәліметтерді талап етуге құқылы.
төрағаның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің кеңестеріне және отырыстарына қатысу.
Тарау 3. 3. Негізгі міндеттері мен қызметтері
3. Негізгі міндеттері мен қызметтері
Тармақ 1
1. Комиссия
Тармақша 1
1) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық Бағдарламаны әкімге әзірлеп және мәслихатқа кезекті бекіту үшін ұсынады;
Тармақша 2
2) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аудандық Бағдарламаның тиісті түрде жөне уақытында орындалуын, сонымен қатар аудан аумағында жалпы мемлекеттік Стратегияда және Мемлекеттік Бағдарламада қаралған шаралардың жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Тармақша 3
3) есірткілік заттар мен психотропты заттарды аудан аумағында заңсыз таратуға байланысты қылмыстың жағдайына, динамикасына, құрылымына және деңгейіне сараптама жүргізеді және есірткіге қарсы саясатты жетілдіру бойынша, соның ішінде есірткі құралдары мен психотропты заттарды зиян келтіре пайдалануды азайтуға байланысты ұсыныстар енгізеді.
Тармақша 4
4) комиссия өз құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен өзара әрекет жасайды;
Тармақ 2
2. Комиссия
Тармақша 1
1) оз құзыры шегінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды кызметкерлерінен нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінен қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға құқылы.
Тармақша 2
2) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресу саясатын жүзеге асыруға қатысушы мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің қызметін ұйымдастыруды жетілдіру женінен ұсыныс енгізеді;
Тармақша 3
3) әкімнің және мәслихат сессиясының қарауына нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында аса көкейкесті мәселелерді қарауға ұсынады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің лауазымды қызметкерлерінің баяндамалары және есеп берулері тындалады;
Тармақша 5
5) нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі аймақтық комиссияға нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында мемлекеттік саясатты жетілдіру жайлы ұсыныс жасайды;
Тармақ 3
3. Комиссия:
Тармақша 1
1) аудандағы есірткі жағдайы және оны жақсарту шаралары, комиссияның қызметі жайлы әкімнің және мәслихаттың алдында есеп беруге;
Тармақша 2
2) жоғарғы органға оз қызметтері және Стратегияны, Мемлекеттік, аймактық және аудандық Бағдарламаларды орындау жөнінен нысандар бойынша жоғарғы органдардың бекіткен мерзімінде тұрақты түрде ақпарат беруге міндетті.