Об утверждении правил выбора учебников и учебно-методических комплексов педагогами государственных организаций образования Қолданыста
Басқа 0
Мемлекеттік білім беру ұйымдары
педагогтерінің оқулықтар мен
оқу-әдістемелік кешендерді таңдау
қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрі
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 491 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 67) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйе (АЖ) – педагогтердің баламалы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (бұдан әрі – ОӘК), оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдауы туралы ақпаратты сақтауға, іздеуге және өңдеуге арналған мемлекеттік ақпараттық ресурс;
Тармақша 2
2) электрондық нысандағы оқулықтың және ОӘК-нің таныстырылымды (көрсетуге) нұсқасы – оқулықтың мұқабасы, шығару деректері, мазмұны және кемінде 30% оқу материалдары бар цифрлық көшірмесі.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдау тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдау тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдауы үшін баспалар жыл сайын «Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілген күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – РҒП БМСО) электрондық нысандағы оқулықтардың және ОӘК-нің таныстырылымды (көрсетуге) нұсқаларын ұсынады.
Тармақ 4
4. РҒП БМСО тізбе бекітілген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде педагогтердің зерделеуі үшін өзінің веб-ресурсында оқулықтардың таныстырылымға (көрсетуге) арналған электрондық нысандағы нұсқаларын орналастырады, сондай-ақ бекітілген оқулықтар мен ОӘК туралы мәліметтерді АЖ-ға енгізеді.
Тармақ 5
5. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары ағымдағы жылы наурыз және сәуір айлары аралығында баспалармен бірлесе отырып, педагогтерге, әдістемелік бірлестіктердің басшылары мен мектептердің қамқоршылық кеңес мүшелеріне, ата - аналар мен оқушыларға арналған «Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары» көрмесін (бұдан әрі – Көрме) ұйымдастырып, өткізеді. Көрмені өткізу кестесін РҒП БМСО жергілікті атқарушы органдармен және баспалармен келісе отырып әзірлейді.
Тармақ 6
6. Көрменің мақсаты педагогтер мен қоғамға жаңа оқу мектеп әдебиеттерімен, олардың ерекшеліктерімен және авторлық ұжымдармен танысуға мүмкіндік беру, білім беру ұйымдарының педагогтеріне оқулықтарды таңдауда алдын ала әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсету болып табылады.
Тармақ 7
7. Оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдау, оларды Тізбеге енгізгеннен кейін бір рет жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. 10 сәуірге дейінгі кезеңде білім беру ұйымдарының әдістемелік кеңестері әдістемелік бірлестіктер ұсынған оқулықтар мен ОӘК-ті талқылап, таңдалған оқулықтар мен ОӘК-пен қоса хаттама (еркін формада) құрастырады.
Тармақ 9
9. Белгілі бір пән бойынша оқулық болмаған жағдайды қоспағанда, ОӘК бөлек таңдалмайды. Білім беру ұйымының параллель сыныптарында бір пән бойынша бірдей оқулық пен ОӘК қолданылады.
Тармақ 10
10. 15 сәуірге дейін әдістемелік бірлестіктердің басшылары, сондай-ақ әдістемелік бірлестіктері жоқ ұйымдардың педагогтері АЖ-да оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды таңдау туралы белгі қояды және таңдалған оқулықтар мен ОӘК көрсетілген білім беру ұйымының әдістемелік кеңесінің хаттамасын (еркін формада) тіркейді.
Тармақ 11
11. Таңдалған оқулықтардың тізімі кейінгі жылдары сатып алуға негіз болып табылады.
Тармақ 12
12. Педагогтер таңдау жасағаннан кейін білім беру ұйымының кітапханашысы 25 сәуірге дейін АЖ-да білім беру ұйымының білім алушылар санына сәйкес қажетті оқулықтар мен ОӘК санын көрсетеді.
Тармақ 13
13. 1 мамырға дейін аудандық (қалалық) білім бөлімінің жауапты маманы алдағы оқу жылына оқулықтар мен ОӘК қажеттілігінің толықтығын тексереді және білім беру ұйымдарының бөлінісінде өтінімді келісіп, АЖ арқылы облыстың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармасына жолдайды.
Тармақ 14
14. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары білім алушылар контингенті мен қаржыландыру көлемін ескере отырып, оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды сатып алуға АЖ-ға қорытынды өтінімді қалыптастырады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік білім беру ұйымының кітапханашысы АЖ-да оқулықтар мен ОӘК алғаннан кейін келіп түскен оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің нақты саны мен атауын толтырады.
Тармақ 16
16. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары АЖ арқылы өтінімдер бойынша алынған және жеткізілген оқулықтар мен ОӘК-ге талдау жасайды.
Тармақ 17
17. АЖ-да қалыптастырылған өтінімдерде таңдалған оқулықтар (атауы, баспасы, авторлары) өзгертуге жатпайды.
Тармақ 18
18. РҒП БМСО білім беру ұйымдарының тапсырыс берілген және алынған оқулықтар мен ОӘК, оның ішінде электрондық нысандағы оқулықтарды сатып алуына АЖ арқылы мониторинг жүргізеді.
Тармақ 19
19. Білім беру ұйымдарына келіп түскен оқулықтар мен ОӘК-нің нақты таңдауына сәйкес келмейтіні анықталған кезде мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтері облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандық (қалалық) білім басқармаларына ескертулер, ұсыныстар және шағымдармен жүгіне алады.
Келіп түскен шағымдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаралады.